ҚР 2005.16.06. № 59-111 Заңымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау баждарын енгізу туралы қаулысының негізінде кеден органдары оларды ісі қаралған, әкелінген тауардың бәрінен өндіріп алады. Қорғау баждары кеден баждарына, салықтарға және басқа да бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдерге қарамастан өндiрiп алынады және бюджетке есептелуге жатады.
ҚР 2005.16.06. № 59-111 Заңымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
2. Квота түрінде қорғау шараларын қолданған кезде импорттық квотаның жылдық көлемі, елеулі залалды болғызбау немесе жою үшін өзге шешім қабылдаудың қажеттігі дәлелденген жағдайларды қоспағанда, импорттың көлемін осының алдындағы кезеңдегі оның орташа көлеміне тең деңгейден төмен қысқартпауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорғау шарасы ретінде енгізілген импорттық квотаның жылдық көлемінің шегінде жекелеген мемлекеттер үшін импорттық квоталар белгілей алады.
Импорттық квота тауар берушi елдер арасында бөлiнетiн жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі консультациялар жүргiзу арқылы Қазақстан Республикасының аумағына осы тауарды жеткiзiп беруге мүдделiлігі бар тауар берушi елдермен импорт квотасының үлесiн бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізудi қамтамасыз ете алады.
Мұндай уағдаластыққа қол жеткізу мүмкiн болмаған кезде Қазақстан Республикасының Yкіметі импорттық квотаны тауар импортының жалпы саны немесе құны негiзiнде бұдан бұрынғы кезеңдегi тауар импортына сәйкес келетін үйлесiмде тауар берушi елдер арасында бөледi. Бұл ретте осы тауарларды жеткiзіп беруге ықпал ете алған немесе ықпал ете алатын кез келген факторлар ескеріледi.
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі импорттық квотаны жекелеген шет мемлекеттерден (шет мемлекеттер одағынан) импорт өсімінің абсолютті және салыстырмалы түрдегі көрсеткіштерін ескере отырып, жекелеген тауар беруші елдер арасында бөлуі мүмкін.
24-бап. Қорғау шараларының қолданылу мерзімі
1. Қорғау шараларының қолданылу мерзімі елеулі залалды болғызбау немесе жою отандық тауар өндірушілердің бәсеке жағдайларына бейімделуі үшін қажетті кезеңге белгіленеді. Бұл кезең, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт жылдан аспауға тиіс.
1999.20.07. № 443-1 ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді
2. Қорғау шараларының қолданылу мерзімін осы қорғау шарасы елеулі залалды болғызбау немесе жою үшін қажет болып қала берген жағдайда уәкілетті органның өтінімі негізінде немесе өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі ұзартуы мүмкін.
3. Қорғау шарасын қолданудың жалпы кезеңі кез келген уақытша шараны қолдану кезеңін, бастапқы қолдану және оны кез келген ұзарту кезеңін қоса алғанда, сегіз жылдан аспауға тиіс.
4. Егер қолданылатын шаралардың өзін ақтамайтындығы анықталса, уәкілетті органның өтініші бойынша олардың күші жойылуға не олардың мөлшері өзгертілуге тиіс.
25-бап. Қорғау шараларын қайта қолдану
1. Қорғау шаралары өздеріне қатысты қорғау шаралары қолданылған тауарларға олардың қолданылу мерзіміне тең мерзім өткен соң ғана қайта қолданылуы мүмкін. Бұл орайда қолданбаудың ең аз мерзімі екі жылдан кем болмауға тиіс.
ҚР 2005.16.06. № 59-111 Заңымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
2. Қорғау шаралары тауарға, егер олардың бастапқы қолданылу мерзімі 180 күн болса және одан кем болса, мынадай шарттар сақталғанда:
1) қорғау шаралары енгізілген кезден бастап кемінде бір жыл өткен;
2) мұндай қорғау шаралары қорғау шараларын енгізудің соңғы күнінің тікелей алдындағы бес жылда екі реттен артық қолданылмаған жағдайда қайта қолданылуы мүмкін.
1999.20.07. № 443-1 ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын қолдану туралы қаулысын жариялау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын енгізу туралы қаулысы ресми басылымдарда жарияланады. Жарияланымда сондай-ақ мүдделі тұлғалардың дәлелдерін немесе талаптарын қабылдау немесе қабылдамаудың себептері мен негіздемелері болуы тиіс.
1999.20.07. № 443-1 ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Шешімдерге шағымдану тәртібі
Мүдделі тұлғалар қорғау шараларын қолдану жөніндегі істі қарау кезеңінде қабылданған уәкілетті органның шешімі мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот арқылы шағымдануға құқылы.
1999.20.07. № 443-1 ҚР Заңымен 28-баппен толықтырылды
28-бап. Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев