4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, салық қызметінің органдары не заңмен бұған уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мемлекетке заңсыз алынған мүлікті қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын төлеу бойынша міндеттері туындаған кезден бастап бір айдан кешіктірмей заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу туралы қуыныммен сотқа жүгінеді.
2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану және актiлер мен iс-әрекеттердiң күшiн жою
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан мәмiлелердi сот заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп таниды. Тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған актiлердiң, iс-әрекеттердiң күшiн жояды.
4-тарау. Қорытынды ережелер
20-бап. Қолданылып жүрген заңдарды қолдану
Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде оған сәйкес келтiруге тиiс.
Қазақстан Республикасының