12) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асырады;
13) тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда
14) тауарлардың өзара алмастырылу, оларды сатып алуға қолжетімділік критерийлерін, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелерін, қаржы ұйымдарына қатысты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді;
15) тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындайды;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөніндегі әдістемені бекітеді;
17) нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді;
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) осы Заңда көзделген өкілеттігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді сұратады және алады;
19) нарық субъектілеріне:
осы Заңды бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
осы Заңға қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;
20) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған осы Заңға қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;
21) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды қолданады;
22) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;
25) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жібереді;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) жүргiзілетiн бәсекелестiк саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етедi, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және монополияға қарсы органның интернет-ресурсында монополияға қарсы органның қызметi туралы мәлiметтердi орналастырады;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды
26-2) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға бағаның сараптамасын жүргізеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
40-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды
40-1-бап. Тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тiзiлiмдi бекiту және оған өзгерiстер енгiзу монополияға қарсы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
2. Тiзiлiм монополияға қарсы орган белгiлеген нысан бойынша бекiтiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Монополияға қарсы орган нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан шығару) туралы шешiм қабылдаған жағдайда, осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiне монополияға қарсы орган нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан шығару) туралы шешiм қабылдаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмнен үзінді көшiрме жiберіледi.
4. Тұлғалар тобы тiзiлiмге бiртұтас нарық субъектiсi ретiнде енгiзiледi және бұл ретте тұлғалар тобына кiретiн, тиiстi тауар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсетiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан шығару монополияға қарсы орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
41-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары
Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқарған кезде, оның ішінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қараған, монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы істерді тергеп-тексерген, экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырған және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындаған кезде, өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімін көрсеткен кезде:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге;
2) мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан ақпарат, оның ішінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.
43-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтау жөніндегі міндеті
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын ақпарат жария етілуге жатпайды.
2. Монополияға қарсы органның қызметкерлері коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын ақпаратты жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
3. Монополияға қарсы органның не оның лауазымды адамдарының коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын ақпараттарды жария етуі нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
43-1-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
7-тарау. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және басқа мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы
44-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 44-1-баппен толықтырылды
44-1-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы
1. Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк шеңберiнде Кеден одағы елдерiнiң монополияға қарсы органдары өзара іс-қимылды, оның ішінде хабарламалар, ақпарат беру туралы сұраулар жіберу, консультациялар жүргiзу, тергеулер жөнiнде хабардар ету жолымен жүзеге асырады.
2. Монополияға қарсы орган халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде өзге мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына сұрау салулар жіберуге және сұрау салулар бойынша ақпарат беруге құқылы.
45-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен мынадай нысандарда өзара іс-қимылды жүзеге асырады:
1) құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды;
2) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерін береді;
3) құқық қорғау органдарының сауал салуы бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;
4) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сауал салуы бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі іс жүргізу әрекеттері мен іс-шараларына қатысуы үшін сарапшылар ретінде жібереді.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз өкілеттігі шегінде монополияға қарсы органмен мынадай нысандарда өзара іс-қимылды жүзеге асырады:
1) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласында анықталған құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;
2) монополияға қарсы органның және оның аумақтық органдарының сауал салуы мен өтініштері бойынша:
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін құқыққа қайшы іс-әрекеттердің жолын кесу үшін қызметкерлерін жібереді;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен монополияға қарсы органның жазбаша сауал салуына сәйкес Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылардың тұрған жерін анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін монополияға қарсы органға жеткізу жөнінде шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен монополияға қарсы орган табыс ететін қылмыстық жаза қолданылатын белгілері бар бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттердің материалдары бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдайды, ол туралы монополияға қарсы органға хабарлайды;
монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың дәлелдемелерін табуға және бекітуге практикалық көмек көрсетеді.
4-БӨЛІМ. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
8-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
46-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган:
1) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;
2) экономикалық шоғырлануға бақылау;
3) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметтеріне мониторинг жүргізеді.
47-бап. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
1. Тауар нарықтарына талдау жүргізудің мақсаты бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу үшін бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау болып табылады.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Тауар нарығын талдау статистикалық ақпарат және мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын есептіліктің өзге де нысандары негізінде, сондай-ақ осы баптың 10-тармағына сәйкес ұсынылатын ақпарат негізінде жүргізіледі.
3. Тауар нарығының шекаралары, егер тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарды осы аумақтың шегінен тыс жерлерден сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа себептер бойынша орынсыз болса, тұтынушының оларды сатып алатын аумағын айқындайды.
4. Тауар нарықтарының шекаралары тауарларды сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып, мынадай:
1) осы аумақта тауар сатып алу мүмкіндігінің;
2) көлік шығындарының тауар құнына қатысты алғанда негізділігі мен өзін-өзі ақтайтындығының;
3) тауарды тасымалдау кезінде оның сапасы, сенімділігі мен басқа да тұтынушылық қасиеттері сақталуының;
4) тауарларды сатып алуға-сатуға, әкелуге және әкетуге шектеулер (тыйым салу) болмауының;
5) өз шегінде тауарлардың сатылуы, берілуі жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестікке тең жағдайлар болуының критерийлері бойынша айқындалады.
5. Тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындауды монополияға қарсы орган:
1) тауарлар нарықтарына талдау жасау кезінде;
2) тізілімді қалыптастыру және жүргізу кезінде;
3) жеке тұлғаның, нарық субъектісінің және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктерінің, сондай-ақ мемлекеттік органның дәлелді өтініші болған жағдайда;
4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактілері анықталған кезде жүзеге асырады.
6. Тауар нарығының көлемі тауардың немесе өзара алмастырылатын тауарлардың әкеліну және әкетілу көлемдері ескеріле отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың шекаралары шегінде өткізуінің заттай көрсеткіштердегі немесе құн көрсеткіштеріндегі сомасы ретінде айқындалады.
Нарық субъектісі өз өнімінің бір бөлігін өз мұқтажына пайдаланған жағдайда, өткізу көлеміне тауар нарығындағы өткізу көлемі ғана қосылады.
7. Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегінде өткізу көлемінің тиісті тауар нарығының жалпы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.
8. Нарық субъектілерінің үлесін айқындау өнім беру көлемінің үлесі өнім берудің жалпы көлемінде сексен бес проценттен асатын субъектілердің ақпараты болған кезде мүмкін болады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Тауарлардың өзара алмастырылу және оларды сатып алуға қолжетімділік, тауар нарығы шекаралары, оны талдау және бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау критерийлерін айқындау әдістемелерін - тауардың ерекшелігін және Қазақстан Республикасының экономиканың тиісті саласын реттейтін заңнамасын ескере отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша, ал қаржы ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша монополияға қарсы орган бекітеді.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, салық және кеден органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті дәйекті құжаттарды, жазбаша және ауызша түсіндірмелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты монополияға қарсы органның талап етуі бойынша беруге міндетті.
48-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі
1. Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметі мониторингінің мақсаты, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланумен байланысты бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу болып табылады.
2. Тізілімге енгізілген нарық субъектілері монополияға қарсы органға:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша қаржылық есептілікті - ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін, екінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша қаржылық есептілікті - келесі жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде;
2) өзінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) он және одан да көп процентін сату немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы тоқсан сайынғы ақпаратты - есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейінгі мерзімде;
3) өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы, монополияға қарсы орган белгілейтін нысан бойынша тоқсан сайынғы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейінгі мерзімде беруге міндетті.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49-бап. Экономикалық шоғырлануға мемлекеттiк бақылау
1. Үстем немесе монополиялық жағдайдың пайда болуын немесе күшеюiн және (немесе) бәсекелестiктi шектеудi болғызбау мақсатында монополияға қарсы орган осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi (iс-әрекеттерді) жүзеге асыруға монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiн алу түрiнде не оның осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы хабарламасы арқылы экономикалық шоғырлануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
2. Экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген не жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтінішхатпен жүгiнедi немесе монополияға қарсы органды осы Заңда көзделген тәртiппен жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабардар етедi.
3. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген нарық субъектілері алдын ала келісім алу үшін монополияға қарсы органға өтінішхатпен осы Заңда көзделген тәртіппен жүгінуге құқылы.
4. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданылып жүргiзiлетін жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтінішхат конкурс рәсiмi басталғанға дейiн де, одан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.
5. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тiркеушi орган нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi монополияға қарсы органның келiсiмiмен жүзеге асырады.
6. Монополияға қарсы органның келiсiмiнсiз жасалып, нарық субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекелестiктi шектеуге әкеп соққан экономикалық шоғырлануды сот монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Осы бапты бұза отырып жүзеге асырылған нарық субъектiсiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен заңсыз деп танылуы мүмкiн және олардың күшi жойылады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-бап. Экономикалық шоғырлану
1. Мыналар:
1) нарық субъектiсiн бiрiгу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiне, пайларына) иелiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес немесе одан да аз пайызына иелiк етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес пайызынан астамына иелiк ету құқығына ие болады;
3) егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) нысанасы болып табылатын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе басқаға беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiне меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы;
4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне оның орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды сатып алуы;
5) бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.
2. Мыналар:
1) егер бұл сатып алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында аталған ұйымның нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беруге қатыспауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектiсiнiң акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, пайларын) қаржылық ұйымдардың сатып алуы, сондай-ақ бұл сатып алу немесе алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген қаржылық ұйымдар мұндай мүлікті өз мақсаттары үшін табыс табу мақсатында пайдаланбауы (қолданбауы) шартымен жүзеге асырылатын болса, борышкердің міндеттемесін толығымен немесе бір бөлігінде тоқтату мақсатында нарықтың басқа субъектісінің мүлкін, негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін қаржылық ұйымдардың сатып алуы немесе меншігіне алуы;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау;
3) осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыру, егер мұндай мәмiлелер бiр тұлғалар тобының iшiнде жасалса, экономикалық шоғырлану деп танылмайды.
3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң дауыс беру құқығындағы акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтінішхат (хабарлама) берiлген күнi белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асатын немесе мәмiлеге қатысушы тұлғалардың бiрi тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатын жағдайларда, монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi не осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы оның хабарламасы талап етiледi.