2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларын өндіру;
3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды, жерасты жағдайларында жұмыстарды жүргізу болып табылады.
71-бап. Қауіпті өндірістік объектілер
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қауіпті өндірістік объектілерге осы Заңның 70-бабында белгіленген белгілері бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына сәйкес солай деп сәйкестендірілетін кәсіпорындар, өндірістік бөлімшелер және осы кәсіпорындардың басқа да объектілері жатады.
2. Қауіпті өндірістік объектілерге мынадай қауіпті техникалық құрылғылар да:
1) жылу желілерін қоспағанда, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.
72-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау
1. Заңды тұлғалар:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
4) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу;
5) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу құқығына аттестатталуға жатады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау үшін заңды тұлға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға:
1) өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) ұйымның мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білуіне тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанында мәліметтерді ұсынады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау туралы құжаттарды қарауды, олар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда тіркелген күннен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi орган қарау қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі - аттестат) беру немесе аттестатты беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
5. Аттестат немесе аттестат беруден дәлелді бас тарту өтініш берушіге шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі.
6. Аттестатты беруден мынадай себептер бойынша:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмағанда;
2) өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде бас тартылуы мүмкін.
Заңды тұлға көрсетілген себептерді жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
Аттестат бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады, қорғанышы мен нөмірі болады.
Аттестат жалғыз данада беріледі, оны басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Жоғалған, бүлінген аттестаттар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйым (бұдан әрі - аттестатталған ұйым) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш (аттестаттың жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аттестаттың телнұсқасын беруді жүргізеді.
Аттестатталған ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзып, оның ішінде осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарда анық емес ақпарат бере отырып қызметін жүзеге асырған жағдайда, аталған ұйым Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылмаған жағдайда, аттестаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Аттестаттың қолданылуы:
1) аттестатталған ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтініммен өтініш ұсынған;
2) оның қолданылу мерзімі өткен;
3) заңды тұлға таратылған;
4) аттестаттан айырған жағдайларда тоқтатылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Аттестатталған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады және (немесе) ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берілген және өз қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.
73-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына:
1) осы Заңның 71-бабының 2-тармағында көрсетілген қауіпті техникалық құрылғылар;
2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарын қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;
3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;
4) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттары, технологиялық құрылыстары;
5) аттестат алу кезінде мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне заңды тұлғалар жатады.
2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын өтініш беруші ұйымға тәуелді емес аттестатталған ұйымдар өтініш беруші ұйымның қаражаты есебiнен жүргiзедi.
3. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргізудің нәтижесi сараптама қорытындысы болып табылады.
74-бап. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды, оның ішінде шетелде шығарылғандарын қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен электрондық құжат нысанындағы өтінішті және қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін береді.
Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға:
1) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен өтінішті;
2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын береді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар, қауіпті техникалық құрылғылар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде оларды қолдануға рұқсат береді.
3. Техникалық құрылғылардың құрамына кіретін тораптарды, детальдарды, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға рұқсат беру талап етілмейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Пайдалану процесінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде, оларды қолдануға берілген рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қайтарып алады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы ақпарат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75-бап. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру
1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды, оның ішінде шетелде шығарылғандарын ұдайы қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға тәжірибелік партияны қабылдау сынақтары актісін және аттестатталған ұйымның сараптама қорытындысының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді.
2. Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына өтініш берушінің, аттестатталған ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның өкiлдерi енгізілуге тиiс.
3. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi орган мыналарды:
1) жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне бақылау сынақтарын;
2) өндiрiстiк жағдайларда қабылдау сынақтарын қамтитын сынақтар кешенiн жүргiзгеннен кейiн бередi.
4. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
76-бап. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауға қауіпті өндірістік объектілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін қауіпті өндірістік объектілер жатады.
2. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi - декларация) жобаланатын және жұмыс істеп тұрған қауіпті өндірістік объектілер үшін әзірленеді.
3. Декларация әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым декларация әзірлеу құқығын беретін аттестат болған кезде дербес не декларация әзірлеу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
4. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi.
Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы декларацияның уақтылы ұсынылуына, онда қамтылған мәлiметтердiң толықтығына және анықтығына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Декларацияны әзірлеу құқығын беретін аттестатталған ұйымда декларация сараптама жасалуға жатады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Декларацияға тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға электрондық құжаттар нысанында өтініш пен декларацияны сараптама қорытындысының сканерленген көшірмесімен бірге береді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларация өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда электрондық құжат нысанында сақталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қауiптi өндірістік объектiнi өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Тіркелген декларациялардың тізбесі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
9. Қауіпті өндірістік объектіні жаңғырту немесе қайта бейіндеу жағдайларын қоса алғанда, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда, декларация өзгертілуге жатады.
Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта сараптама жүргізілуге және тіркелуге жатады.
77-бап. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.
2. Өтініште есепке қою немесе есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру негіздері көрсетіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беріліп, өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қойған, есептен шығарған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналында және қауіпті техникалық құрылғының паспортында тиісті жазба жасалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін жергілікті атқарушы орган айқындайды.
78-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу
1. Екі және одан көп облыстардың шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ стратегиялық объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келісіледі.
Өзге де қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келісіледі.
2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы жобалау құжаттамасын келісу үшін:
1) жобалау құжаттамасын келісуге жіберу туралы өтінішті;
2) жобалау құжаттамасының көшірмесін;
3) жобалау құжаттамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының түпнұсқасын ұсынады.
3. Жобалау құжаттамасына келісу туралы оң шешім немесе оны келісуден дәлелді бас тарту құжаттар толық көлемде берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
4. Жобалау құжаттамасына өзгерістер енгізілген кезде қайталама келісуді жүргізу міндетті.
79-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау
1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз ету қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарға тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз ету осы ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
Даярлау, қайта даярлау оқытуды жүргізу және білімін кейіннен тексеру (емтихандар) арқылы жүзеге асырылады.
2. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерiн оқыту және білімін тексеру (емтихандар) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында жүргізіледі.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына аттестатталған ұйымдар оқытуды жүргізу үшін оқу жоспарын және жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына оқыту бағдарламасын әзірлейді, бұларды өздерінің басшысы бекітеді.
4. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа кіретін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер:
1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты лауазымды адамдар, сондай-ақ олардағы жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер - он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;
2) техникалық басшылар, мамандар және инженерлік-техникалық жұмыскерлер - қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.
5. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытылып, мынадай жағдайларда:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері қолданысқа енгізілген кезде немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде;
2) егер жаңа міндеттер басшыдан немесе маманнан қауіпсіздік бойынша қосымша білімді талап ететін болса, лауазымға тағайындалған кезде немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде;
4) жаңа жабдықты пайдалануға берген немесе жаңа технологиялық процестерді енгізген кезде;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жеткілікті түрде білмейтінін анықтаған кезде олардың талабы бойынша қайта даярлануға жатады.
6. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерiнің білімін тексеруді (емтихандарды) ұйымдастыруды және өткізуді өздерінің басшылары бекітілген графиктерге сәйкес қамтамасыз етеді. Білімі тексерілуге жататын адамдар графикпен танысуға тиіс.
7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйымдардың, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерінің білімін тексеруді жүргізу үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым немесе оқу ұйымы басшысының бұйрығымен (өкімімен) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады, оларды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның оқу орталығының немесе оқу ұйымының басшысы немесе басшының орынбасары басқарады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
Өзге де заңды тұлғалардың басшылары және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарының төрағалық етуімен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің комиссиясына үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
9. Құрамы үш адамнан кем емтихан комиссиясының білімді тексеруіне жол берілмейді.
10. Емтихан билеттерін және (немесе) тестілеудің электрондық бағдарламаларын оқу ұйымдары әзірлейді және оны өздерінің басшылары бекітеді.
11. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамалармен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамалары білімді кезекті тексергенге дейін сақталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қолын қойған, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлiк беріледi.
13. Куәлiк онда көрсетiлген мерзiмдер кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.
14. Емтихан тапсырмаған адамдар бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде білімін қайта тексеруден өтеді.
15. Емтиханды тапсырмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
16. Мерзiмi өткен куәлiгі бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.
17. Оқытуды ұйымдастыру жөніндегі, оның ішінде емтихан комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарға, қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдарға, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдарға жүктеледі.