2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның 12-бабының 2) - 8) тармақшаларында көрсетілген субъектілер қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын соларды иемденуге лицензиялары бар субъектілерге бере алады.
24-бап. Қаруды марапаттап беру
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қару марапаттық қару болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер үкіметтерінің басшылары мен мүшелерінің марапаттау құжаттары негізінде марапаттық қару алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган береді.
Түйдектете атуға мүмкіндік беретін, сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, сондай-ақ осы Заңмен Қазақстан Республикасы аумағында айналымға тыйым салынған қару марапаттық қаруға жатпайды.
2. Марапаттық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда аталған қару ішкі істер органына өткізіледі.
3. Марапаттық қару ішкі істер органдары қаруды тиісінше қайта тіркеп, қайта жасағаннан кейін сақтау үшін мұражайларға берілуі мүмкін.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
1. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган беретін лицензия, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
3. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңның талаптары ескеріле отырып, iшкi iстер органдары қорытындыларының негізінде жүргізіледі.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Шетелдіктердің азаматтық қару мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағында иемденіп алуы, Қазақстан Республикасына әкелуі және Қазақстан Республикасынан әкетуі
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен кемінде бір жыл мерзімге тіркелген шетелдіктердің Қазақстан Республикасында газ пистолеттері мен револьверлерін өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдіктер қару жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық тозаңдатқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды рұқсат алмай-ақ иемденеді.
2. Қазақстан Республикасының аумағында туристік жолдамалармен, жеке және қызметтік істермен келген, Қазақстан Республикасы аумағында тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктердің азаматтық қаруды өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасынан оны иемденіп алған күннен бастап жеті күн ішінде әкететін жағдайда жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасында тіркелген елшіліктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлеріне азаматтық қаруды мемлекетаралық шарттарда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша әкелуге, иемденіп алуға және әкетуге рұқсат етіледі. Бұл орайда қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органда аталған қару міндетті түрде тіркелуге тиіс.
4. Шетелдіктер аңшылыққа арналған келiсiмшарт немесе спорттық іс-шараларға қатысу үшін шақырту болған кезде және қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негізінде азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкеле алады. Әкелiнген қару келiсiмшартта немесе шақыртуда белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасынан әкетілуге тиiс.
5. Қазақстан Республикасына шақырту бойынша немесе өздерiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындауға байланысты келетiн шетелдiк құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтер және әскерилендiрiлген ұйымдар қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуi, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуі Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тиiстi органдар басшыларының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қару Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.
7. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасынан қару мен оның патрондарын әкету мерзімдерін бұзуы мәселе заңда белгіленген тәртіппен шешілгенге дейін оны алып қоюға әкеп соғады.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды берілгені үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шетелдіктердің өздері әкелген азаматтық қаруды сыйға тарту немесе сату құқығы сақталады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою
1. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын алған заңды және жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат етіледі.
2. Заңды және жеке тұлғаларға өздері тауып алған немесе оларға Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып, иесі болып табылмайтын адамдар берген атыс қаруын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Мұндай қару дереу ішкі істер органдарына тапсырылуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қаруды коллекциялауға және экспонаттауға ішкі істер органдарынан тиісті лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар.
4. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою тәртiбiн қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
6-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ішкі істер органдарының қару айналымы саласындағы өкілеттігі
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қару айналымы саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі қару айналымы саласында:
1) қару мен оның патрондарының айналым тәртібін белгілейді;
2) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау тәртібін белгілейді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының Мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін белгілейді;
5) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру тәртібін белгілейді;
6) қаруды иеленушілер мен пайдаланушыларды бастапқы даярлау ісін ұйымдастыру тәртібін белгілейді;
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін бекітеді.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру тәртібін белгілейді;
12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құзыреті
1. Қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасаудың бірыңғай ережелерін әзірлейді, қаруды абайлап ұстау ережелерін білетіндігіне тексеру жүргізетін ұйымдар үшін бағдарламалар дайындайды;
2) азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді
3) мыналарға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекцияға жинау, экспонаттау құқығына;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану, иемденіп алу құқығына;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына беру үшін мемлекеттік органдарға қызметтік қаруды сатып алу (алу) құқығына, сондай-ақ аталған адамдардың қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру құқығына рұқсаттар береді;
4) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар бередi;
4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар береді;
5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының Мемлекеттік кадастрын әзірлейді және бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін әзірлейді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылау жасауды жүзеге асыратын аумақтық және көліктегі ішкі істер органдарының өкілеттігі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының қару айналымын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау
Қазақстан Республикасы аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдардың қару-жарағындағы қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды аталған органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырады.
Азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының:
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1) қаруды ол әзірленген, өндірілген, жөнделген, сатылған, коллекцияланған, экспонатталған, сақталған, пайдаланылған және жойылған жерде тексеруді жүргізуге;
2) осы Заң күшіне енгізілгенге дейін иемденіп алынған және заңды негіздерде иеленушілердің қолындағы қаруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған қаруды белгіленген тәртіппен тегін алып қоюға және жоюға;
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
3) заңды және жеке тұлғалардан азаматтық және қызметтік қарудың және оның патрондарының айналымымен байланысты құжаттар табыс етуді талап етуге;
4) белгіленген ережелердің бұзылуы анықталған жағдайда осы тәртіп бұзушылықты жою туралы заңды және жеке тұлғалар орындау үшін міндетті нұсқамалар беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқығы бар.
31-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын қадағалау
Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі осы Заңның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын жоғары деңгейде қадағалауды Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары жүзеге асырады.
32-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдардың бұзылғаны үшін жауапкершілік
Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңдардың бұзылғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
33-бап. Нормативтік құқықтық актілерді осы Заңға сәйкес келтіру
Осы Заң күшіне енгізілген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және ол күшіне енгізілген күннен бастап үш ай ішінде соған сәйкес келтірілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының