Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 Қаулысы
(2014.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1819 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темір жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2013.29.04. № 411 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
8) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн;
ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1305 қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.12. № 1819 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 24 қарашадағы
№ 1232 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және коммуникация саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті;
3) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті;
6) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің миссиясы көлік-коммуникация кешенін дамыту мақсатында көлік және коммуникация саласындағы тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастыру және жүргізу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Министрліктің міндеттері:
1) көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) көлік және коммуникация саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) көлік және оның өміршеңдік циклі процестерінің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) көлік және коммуникация саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
5) гендерлік теңдік қағидаттарын сақтау;
6) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.18.10. № 1114 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 369 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
16. Министрліктің функциялары.
Орталық аппараттың функциялары:
1) инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
2) мемлекеттің және халықтың тасымалдарға деген мұқтаждығына болжамдар әзірлеу;
3) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
4) келісімдер мен шарттар жасау құқығымен көлік және коммуникация саласындағы мемлекетаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республиканың мүдделерін білдіру;
5) көлік және коммуникация саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауды жүзеге асыру;
6) экономиканың және республика халқының тасымалдауларға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына және олармен байланысты қызметтерге қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
7) Қазақстан Республикасында көлік және коммуникация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, көлік және коммуникация саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысу;
8) көлік және коммуникация саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
9) тікелей аралас тасымалдар туралы қағидаларды бекіту;
10) автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз), нөмірлі омырау белгілерінің, қызметтік куәліктің үлгілерін бекіту;
11) Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын әзірлеу;
12) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес бекіту;
13) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын әзірлеу;
14) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбелерін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу;
15) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін дайындау;
17) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;
18) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
19) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) қолда бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшін техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібін белгілеу;
21) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асыру;
22) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің тізбесін бекіту;
23) жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк багажын және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
24) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу тәртібін әзірлеу;
25) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын айқындау;
26) темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзет алып жүруге тиіс жүктердің тізбесін бекіту;
27) темір жол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгісімен марапаттау тәртібін бекіту;
28) экспедиторлар қызметін ұсыну тәртібін айқындау;
29) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметінің тәртібін айқындау;
30) локомотивтік тартқыш қызметін ұсыну тәртібін айқындау;
31) Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
32) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекіту;
33) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша кірме жолдар көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекіту;
34) Кірме жолдарды пайдалану қағидаларын бекіту;
35) Күзет аймағындағы жерлердің көлемдерін, пайдалану режимін белгілеу жөніндегі және темір жол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану қағидаларын бекіту;
36) Тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
37) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісім бойынша теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін айқындау;
38) пойыздардың жүруіне тікелей байланысты темір жол көлігі жұмысшыларының кәсіби даярлығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды айқындау;
39) жолаушылар пойыздарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;
40) лауазымдар (кәсіптер) тізбесін, лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби даярлық деңгейін, лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарын айқындау тәртібін белгілеу;
41) тасымалдаушының және Ұлттық инфрақұрылым операторының қарамағындағы әскерилендірілген күзетке жататын темір жол көлігі объектілерінің тізбесін әзірлеу;
42) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар қорының тізбесін айқындау;
43) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның және ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша әуе трассаларының және жергілікті әуе желілерінің тізбесін бекіту;
44) азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін әзірлеу;
45) Азаматтық авиацияның авиация персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру қағидаларын бекіту;
46) Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидаларын бекіту;
47) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі бойынша бағдарламаны әзірлеу;
48) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту;
49) Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуемен тасымалдауларды жүзеге асыруға арналған халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлуді конкурстық негізде жүргізу;
50) Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
51) аэронавигациялық ақпарат құжаттарын бекіту;
52) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту;
53) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық персоналды кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту;
54) әуежайлар және аэронавигация салаларында қызмет көрсететін субъектілер персоналы санының үлгі нормативтерін бекіту;
55) әуежайды пайдаланушының бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге біліктілік талаптарын бекіту;
56) әуежайлар және аэронавигация салаларында қызмет көрсететін субъектілердің шикізат пен материалдар шығындарының, техникалық шығындарының үлгі нормаларын бекіту;
57) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
58) Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларын бекіту;
59) Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын бекіту;
60) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша халықаралық ұшуларға қызмет көрсетуге рұқсат берілген әуежайдың пайдаланушысына қатысты уақытша басқаруды енгізу және уақытша әкімшілікті қалыптастыру;
61) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбелерін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
62) азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркелетін танылым және қосымша белгілерін салу қағидаларын және көрсетілген белгілердің сипаттамасын бекіту;
63) шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты ұшуларының кестелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
64) Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындық қағидаларын бекіту;
65) субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде Ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу нұсқаулығын бекіту;
66) азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту;
67) әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсаттамалардың түрлері мен нысандарын бекіту;
68) Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту;
69) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
70) теңіз портының капитанын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату;
71) Мемлекеттік кеме тізілімінің, Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінің және кеме кітабының нысандарын бекіту;
72) лоцмандық қызмет туралы ережені бекіту;
73) ішкі су жолдары учаскелерінің, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің үлгілері мен көлемдерінің тізбесін бекіту;
74) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды әзірлеу;
75) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру тәртібін бекіту;
76) ішкі су жолдары мен шлюздердің кеме жүретін жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету;
77) Ішкі су жолдарындағы кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болатын көліктік оқиғаларды тергеу, сыныптау және есепке алу қағидаларын әзірлеу;
78) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру және кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешім қабылдау;
79) кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін әзірлеу;
80) суға кеткен мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
81) кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларын бекіту;
82) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кеме экипажының құрамына кіруі мүмкін болатын шарттарды әзірлеу;
83) Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
84) сатылатын жүктерді есепке алу және олар үшін есеп айырысу тәртібін әзірлеу;
85) Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидаларын әзірлеу;
86) Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидаларын әзірлеу;
87) нысанды киім (погонсыз) берілетін теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілерін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру тәртібін бекіту;
88) кеме атауын беру тәртібін белгілеу;
89) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
90) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту;
91) Кемелермен болған апаттық жағдайларды тергеу қағидаларын әзірлеу;
92) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын белгілеу;
93) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудің әрекет ету мерзімін белгілеу туралы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде шешімдер қабылдау;
94) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды куәландыру тәртібін бекіту;
95) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
96) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
97) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
98) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
99) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
100) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
101) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
102) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
103) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
104) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
105) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
106) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
107) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
108) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
109) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
110) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
111) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
112) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
113) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
114) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
115) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
116) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
117) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
118) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
119) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
120) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
121) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
122) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
123) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
124) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
125) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жарты жылдық тексеру жоспарларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асыру;
126) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
127) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
128) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
129) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
130) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
131) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
132) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
133) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)