5) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына немесе тарихи-мәдени мұра объектіні қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
6) тарихи-мәдени сараптама негізінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалатындығын жариялау туралы ұсыныстар енгізеді;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда; 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялар береді;
5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) мемлекет меншігі болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру жөнінде шешім қабылдайды;
7) тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережелерін бекітеді;
8) тарих және мәдениет ескерткіштері бар қалалар мен басқа елді мекендерді жоспарлау, салу және реконструкциялау жобаларын келіседі;
9) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
10) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануды және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады.
12) жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерін орнатуды бақылауды жүзеге асырады.
13) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың тәртібін және пайдалану режимін әзірлейді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 14) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
20-бап. 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және олардың күтіп-ұсталу тәртібін;
2) тарих және мәдениет жаңа ескерткіштерінің орнатылуын;
3) лицензиаттың берілген лицензия шарттарын сақтауын;
4) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтиды.
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды;
2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды қамтиды.
4. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тексерулер нысанында жүзеге асырады.
5. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 05.10.95 ж. № 2488 Жарлығымен 21-бап өзгертілді
21-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау
және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы
Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау мен танымал етуге қатысады, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына жәрдемдеседі.
Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оларға қамқоршылық жұмыстарын белгілеуге құқылы.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
23-бап. 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
24-бап. 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алу
25-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
26-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ескерткiштер санаттарына жатқызу
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн есепке алуды және қорғауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында ескерткiштер мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енген халықаралық маңызы бар тарихи, ғылыми, сәулеттiк, көркемдiк, мемориалдық тұрғыдан құнды тарих және мәдениет ескерткiштерi;
2) бүкiл елiмiздiң тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi;
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн бекіту тәртібі
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енгізу үшiн ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынады.
Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін тiзiмiн уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін тiзiмiн уәкілетті органның келiсуiмен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Уәкілетті органның арнаулы комиссиясын құрудың тәртібі және оның құрамы
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыны әзiрлеу үшiн уәкілетті орган арнайы комиссия құрады, оның құрамына ғалымдар, мамандар, мәдениет пен өнер қайраткерлерi, шығармашылық одақтар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енеді.
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану тәртібі
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану
Тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан халықтарының рухани және дәстүрлерін түлету және дамыту мақсатында, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсатта пайдаланылады.
Қалалар мен басқа да елдi мекендердiң тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану режимi тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану ережелерiне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтетiн оларды қорғау аймағы жобаларында айқындалады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға берудің тәртібі мен шарттары
Тарих және мәдениет ескерткіштерін жеке және заңды тұлғаларға ғылыми, мәдени-ағарту, туристік және өзге де мақсаттар үшін пайдалануға беру осы Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері осы Заңға сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі.
Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
31-бап. 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді
32-бап. Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығынан айыру
Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланып отырған жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерін сипаты мен мақсатына сәйкес пайдалану жөніндегі міндеттерін бұзып, соның салдарынан тарих және мәдениет ескерткішіне жойылу немесе бүліну қатері төнген жағдайда, олар пайдалану құқығынан айрылады.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн оның санатына қарай пайдалану құқығынан айыру, егер тарих және мәдениет ескерткiшiн қорғау міндеттемесінде өзгеше көзделмесе, тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiк иесiнiң немесе уәкілетті органның, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының өтiнiшi негiзiнде соттың шешiмiмен ғана жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-бап. Пайдалануға берілген жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалар өздеріне пайдалануға берілген жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары
1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарына:
1) ғылыми зерттеу - тарих және мәдениет ескерткішін сақтау жөнінде жобалау-сметалық құжаттама жасау және қажетті жұмыстар жүргізу мақсатында оның сапасын және сақталу деңгейін зерделеуге, бағалауға бағытталған іс-шаралар кешені;
2) консервациялау - тарих және мәдениет ескерткішін одан әрі бұзылудан сақтайтын және ескерткіштің тарихи қалыптасқан келбетін өзгертпей оның конструкциялық бөліктері мен сәндік элементтерін бекітуді және қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. Ескерткіштің бүтін сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралардан тұратын аварияға қарсы жұмыстар да консервациялауға жатады;
3) реставрациялау - тарих және мәдениет ескерткішін құндылығы жоқ және ескерткіштің келбетін бұзатын қабаттардан тазарту жолымен оның тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуы мен ашылуын, ғылыми негізделген деректер арқылы ғимараттың, ансамбльдің, кешеннің жоғалған элементтерінің орнын толтыруды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
4) қайтадан жасау - жеткілікті ғылыми деректері мен тарих және мәдениет ескерткішінің айрықша тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы болған кезде жоғалған тарих және мәдениет ескерткішін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
5) жөндеу - тарих және мәдениет ескерткішінің техникалық жай-күйін оның келбетін өзгертпей, кезеңдік жұмыстар жүргізу жолымен күтіп-ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені;
6) бейімдеу - тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, көркемдік құндылығына және сақталуына нұқсан келтірмей, оның қазіргі заманға сай пайдаланылуы үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.
2. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары - уәкілетті органның бақылауымен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бақылауымен жүзеге асырылады.
3. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары бюджет қаражаты, инвестициялар тарту есебінен, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
35-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштері бар қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлаудың, салудың және қайта салудың жобаларын уәкілетті органмен келісу
Қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлаудың, салудың және қайта салудың жобалары, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жерді пайдалану карталары уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.
2. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) бекітеді және олар тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған объектілердің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.
3. Уәкілетті орган көзделген аймақтардың шегінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-бап. Тарихи-мәдени қорықтарды қорғау
Айрықша тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени қазына болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері ансамбльдері мен кешендері, аумақтар тарихи-мәдени қорықтар деп жариялануы мүмкін, оларды қорғау олар туралы арнаулы Ережелер негізінде жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салу
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салынады.
Тарих және мәдениет ескерткішінің жетпіс процентінен астамы бұзылған не оның тарихи-мәдени құндылығы жоғалған, не орнын ауыстыру оның сақталу жағдайын жақсартатын болған жағдайда:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен;
2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісе отырып тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде ғана олардың орнын ауыстыруға және өзгертуге жол беріледі.
2. Мұндай шешім алған жеке және заңды тұлғалар ескерткіштің орнын ауыстыруды немесе оларды өзгертуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткішін ғылыми зерделеу және тіркеу бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті.
3. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығыстар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе оларды өзгертуге шешім алған жеке және заңды тұлғалардың есебінен жүргізіледі.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Аумақты игеру кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету
1. Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.
2. Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
3. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40-бап өзгертілді
40-бап. Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізу
Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар болған жағдайда ғана жол беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензияны облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша уәкілетті орган береді.
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңды ұйымдары мен нақты адамдарының Қазақстан аумағында жүргізген археологиялық зерттеулері нәтижесінде алынған барлық материалдар мен табылған заттар ғылыми тіркеліп, өңделгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. Олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетілуіне тыйым салынады.
41-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін әкелу және әкету
Ескерткіштерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және оларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
8-тарау. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі
заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік және олардың орындалуын бақылау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 42-бап өзгертілді
42-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерді қорғау туралы заңдарының бұзылуына кінәлілігі әрекетінен немесе әрекетсіздігінен көрінген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тарих және мәдениет ескерткiшiне немесе оның қорғау аймағына зиян келтiрген жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiруге, ал бұл мүмкiн болмаған кезде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi. Тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiру тарихи-мәдени мұра объектілерді қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның бақылауымен жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 43-бап жаңа редакцияда
43-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылау
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды:
1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары;
2) уәкілетті орган жүзеге асырады.
9-тарау. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының