3. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
1) геодезиялық пункттердiң бүлiнген немесе жойылған барлық жағдайлары туралы уәкiлеттi органға хабарлауға;
2) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық пункттерге кiруге (жақындап баруға) мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
4. Геодезиялық, нивелирлiк пункттердi жою немесе бүлдiру Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
5. Геодезиялық пункттердi қорғау туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
17-бап. Геодезия және картография саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы геодезия және картография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту ниетiн негiзге ала отырып жүзеге асырады.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының атынан халықаралық ұйымдарда өз құзыретi шегiнде өкiлдiк етедi.
18-бап. Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының