3) Орталықтан және Қордан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
4) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны мен сомасы туралы деректер жинауды ұйымдастыру;
5) Орталықтан және Қордан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде түсініктемелер беру;
6) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін Орталықтан және Қордан төленетін зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдерін айқындау;
7) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін Қор қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті мәліметтерді алу;
8) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
10) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;
11) үш адамнан бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болған кезде - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді;
12) басшы қызметкерлер мен жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды оқытуға және олардың білімін тексеруге қатысу;
13) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
15-1) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс беруші, қызметкер мен мемлекеттік еңбек инспекторы арасындағы келіспеушіліктерді қарау;
16) көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асыру;
17) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-1) еңбекші көшіп-қонушылардың және этностық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
17-2) оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарау;
18) «Мүгедек адамдардың орталықтандырылған дерекқоры», «Еңбекті қорғау» ААЖ дерекқорларын қалыптастыру, сондай-ақ «Е-собес», «Әлеуметтік көмек: АӘЖ, МБЖ», «Шетелдік жұмыс күші», «Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту» ААЖ сүйемелдеу;
19) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
20) мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесіне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;
21) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және олардың іске асырылуын бақылау;
22) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
22-1) еңбек қатынастарын реттеу және халықтың көші-қон саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
22-2) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және қызметін тексеруді жүзеге асыру;
22-3) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпарат сұратуды жүзеге асыру;
22-4) үш адамнан бес адамға дейін қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссиялар құру;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылау;
23-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келісу;
24) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, зейнетақы төлемдерінің; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; арнаулы мемлекеттік жәрдемақының; мемлекеттік арнайы жәрдемақының; бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақылардың; саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін біржолғы ақшалай төлемнің; жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай төлемінің; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өміріне немесе денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Орталықтан берілетін ай сайынғы төлемнің; Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;
25) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді және Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;
26) өз құзыреті шегінде Қордың қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инспекциялау;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Министрліктің құқықтары:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Министрліктің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
2) ведомстволардың, олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
3) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікте басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
19. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Министрдің өкілеттігі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
4) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
7) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
8) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;
9) еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласында кадрларға деген қажеттілікті айқындайды;
10) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
12) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық естуді түзеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы.
6. «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» акционерлік қоғамы.
7. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы.
8. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
1. | Ақмола облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Көкшетау қаласы. |
2. | Ақтөбе облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Ақтөбе қаласы. |
3. | Алматы облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Алматы қаласы. |
4. | Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Атырау қаласы. |
5. | Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Өскемен қаласы. |
6. | Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті | Тараз қаласы. |
7. | Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Орал қаласы. |
8. | Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қарағанды қаласы. |
9. | Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қызылорда қаласы. |
10. | Қостанай облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қостанай қаласы. |
11. | Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Ақтау қаласы. |
12. | Павлодар облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Павлодар қаласы. |
13. | Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Петропавл қаласы. |
14. | Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Шымкент қаласы. |
15. | Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Астана қаласы. |
16. | Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Алматы қаласы. |
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 528 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесі.
2. ҚР Үкіметінің 2013.27.11. № 1259 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2013.27.11. № 1259 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2013.27.11. № 1259 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2013.27.11. № 1259 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдар тiзбесi ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 231 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1132 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Ақмола облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Көкшетау қаласы. |
2. Ақтөбе облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Ақтөбе қаласы |
3. Алматы облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Алматы қаласы. |
4. Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Атырау қаласы. |
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Өскемен қаласы |
6. Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті | Тараз қаласы |
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Орал қаласы. |
8. Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қарағанды қаласы. |
9. Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қызылорда қаласы. |
10. Қостанай облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қостанай қаласы |
11. Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Ақтау қаласы. |
12. Павлодар облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Павлодар қаласы |
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Петропавл қаласы. |
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Шымкент қаласы. |
15. Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Астана қаласы. |
16. Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Алматы қаласы. |
ҚР Үкіметінің 2007.29.09. № 859 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)
Тізбе. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 21 шiлдедегі № 1020 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 319-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шілдедегi № 983 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 340-құжат).
3. «Протездік-ортопедиялық саланы одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 5 қыркүйектегi № 1146 қаулысы 6-тармағының 2) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөніндегі комитетін тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы № 662 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 195-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қызметіне байланысты жекелеген мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 20, 215-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 42, 448-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттiгiнің кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 98 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 4, 54-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 сәуірдегі № 379 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 16, 202-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 тамыздағы № 854 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 30, 401-құжат).