2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы Тыйым салынған аймақтар мен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын (бұдан әрі - Тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары) бекітеді;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды
26-2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе аппараттары қызметкерлерінің қызметі мен қызмет өткеру жағдайларын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 26-3) тармақшамен толықтырылды
26-3) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
27) Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президенттің актілерiмен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ
АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары
Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегiнде:
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) аумақтық қорғаныс іс-шараларына саланың жұмылдыру даярлығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілердi, қорғаныс мұқтажы үшін қажетті өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөніндегі қуаттарды жасауға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдырылатын резервтердiң жинақталуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етедi;
3) соғыс уақытында саланың тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады, оны соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс режимiне көшiру жоспарларын әзiрлейді;
4) ел аумағын жедел жабдықтау жөнiндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
5) азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастырып, жүргiзедi және ведомстволық бағынысты ұйымдардың оларды орындауын қамтамасыз етеді;
6) республика халқын қорғанысқа даярлауға қатысады, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары
Жергілiкті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
1) аумақты жедел жабдықтау iс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;
2) қорғаныс мақсатында көлiк және басқа да техникалық құралдардың есебiн жүргізудi және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етедi;
3) халықты және аумақты қорғанысқа даярлауға қатысады, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстарға және олардың тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерге қажеттіліктерiн Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;
4) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында әскери міндеттілерге бронь белгілеуді жүзеге асырады;
6) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі іс-шараларды жоспарлауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
7) өзiнiң қорғаныс саласындағы қызметін әскери басқару органдарымен үйлестіреді және келiседi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) келісім-шарт негізiнде epікті түрде әскери қызметке баруға;
2) қорғанысты нығайтуға жәрдемдесетін ұйымдардың қызметіне қатысуға құқылы.
SUB1002002. Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) әскери мiндеттілiкті орындауға;
2) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі iс-шараларға қатысуға;
3) жұмылдыру кезеңінде және соғыс жағдайында өздерінiң меншігіндегі мүлікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оның құнын кейiннен мемлекеттің тең бағада өтеуімен беруге міндетті.
11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары
Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөніндегі iс-шараларды орындауға қатысады;
2) мемлекеттiң жұмылдыру жоспарында көзделген iс-шараларды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы мiндеттерiн басымдық тәртібімен орындайды;
4) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі мүлiкті қорғаныс мұқтажы үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілеген тәртiппен оның құнын кейiннен мемлекеттің өтеуiмен бередi;
5) өз қызметкерлерінің әскери мiндетін орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
4-тарау. ҚОРҒАНЫСТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз етудің мақсаттары мен мiндеттері
1. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарды бөліп отыру, Қазақстан Республикасының қорғанысын кепiлдi қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде оларды қару-жарақпен, әскери және арнаулы техникамен жарақтандыру болып табылады.
SUB1202002. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз етудiң негізгі мiндеттерi:
1) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттіліктерiн қанағаттандыру;
2) қару-жарақ пен әскери техниканы өндiрудi, жөндеудi және жаңғыртуды жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық және өндiрiстік базаны жетілдiру;
3) экономиканың жұмылдыру даярлығы мен елдің халқын жұмылдыруға даярлаудың тиiмдi жүйелерiн құру;
4) әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерiн және әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейiн арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген кепілдiктерiн iске асыру;
5) өзара тиiмдi халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
13-бап. Қорғанысты қаржыландыру
1. Қорғанысты қаржыландыру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттiлiктерiн кепілдi қанағаттандыруға бағытталады.
SUB1302002. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ қорғанысқа арналған шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және осы Заңның 24-бабында көзделген өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.
SUB1303003. Шет мемлекеттермен бiрлесіп пайдаланылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери объектілердi және қару-жарақ қысқартуды бақылау мен инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізiледi.
SUB1304004. Бюджет қаражатының қорғанысқа арналған шығыстары бөлiгiнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қару-жарақ пен әскери техниканы қоса алғанда, өндiрiстік-техникалық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеуге, өндiруге, жеткiзуге және қамтамасыз етуге арналған қорғаныс тапсырысына және халықаралық келісімдерге сәйкес басымдық тәртібiмен жүзеге асырылады.
SUB1402002. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру тәртібі, оны материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету және сатып алу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері
Қарулы Күштер мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.
15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне орай пайдалану
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Пайдаланылмайтын әскери мүлiкті қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығында бекітіліп берiлген және қорғаныс мұқтажын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлiк иеліктен шығаруға жатпайды.
SUB1502002. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бейбiт уақытта пайдаланбайтын қорғаныс объектiлерi бюджет қаражаты есебiнен консервациялануға тиiс немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүліктік жалға (жалгерлiкке берiлуi), сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізiнде басқа мемлекеттердің ұйымдарына берiлуi мүмкін.
SUB1503003. Пайдаланылмайтын әскери мүлiк Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен iске асырылуы мүмкін.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Әскери қарсы барлау органдары орналасқан қорғаныс объектілерін күзету мен күтіп-ұстауды аталған объектілер жедел басқаруында болатын Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға осы мақсаттар үшін бөлінетін бюджет қаражаты есебінен олар жүзеге асырады.
4-тармақ 2003 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енді
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен:
1) соғыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарамсыз күйге түскен немесе Қарулы Күштердiң жеке құрамының өмiрiне қатер төнген кезде жоғалған әскери мүлікті есептен шығарады;
2) өздерiнiң жедел басқаруындағы әскери мүлiктің есебін жүргізедi.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлiктi қорғаныс мұқтажы үшiн беру
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн берiлген жер учаскелерi олардың иелiгiнде және пайдалануында болады.
2. Жер учаскесін қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару және меншік иелері мен жер пайдаланушыларға олардың құнын өтеу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қорғаныс мұқтажы үшiн ғимараттар, құрылыстар, объектiлер мен басқа да мүлiк берiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оларды керi қайтарып алу жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Қорғаныс мұқтажы үшін мүлікті реквизициялау соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайда және тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Мүлiктi иеленуге және пайдалануға беру тәртібі, сондай-ақ басқа мемлекеттер әскери құралымдарының жердi уақытша өтеулі пайдалану (жалға алу) тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
17-бап. Ғылыми-зерттеу қызметi және кадрлар даярлау
1. Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу ұйымдары қорғаныс қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында қару-жарақ пен әскери техниканың, әскери мақсаттағы өнiмдердiң жаңа түрлерiн жасау үшін iргелi және қолданбалы зерттеулердi, перспективалық ғылыми-техникалық және технологиялық әзiрлемелерді жүзеге асырады.
SUB1702002. Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың қорғаныс сипатындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындауға экономикалық мүдделi болуын арттыру үшiн қаржы-экономикалық реттеуіштер мен тетiктер жүйелерiн енгізу арқылы оларды мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.
SUB1703003. Әскери кадрларды даярлау және қайта даярлау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білiм беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізiнде шетелдерде жүзеге асырылады.
5-тарау. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАР
18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қаруланып қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілердi күзетуге және қорғауға, әуе кеңiстігін күзетуге, заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күресуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттерді орындауға арналған.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президентiнің шешімдері негізінде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу, Мемлекеттік шекараны күзетуді күшейту және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн тартылуы мүмкiн.
SUB1803003. Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнен туындайтын міндеттердi орындау үшін Қарулы Күштердi қолдану Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда келісілген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
SUB1804004. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi құрамының бiр бөлiгі Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен қарулы күштерге кiруi немесе бiрiккен қолбасшылықта болуы мүмкiн.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Қарулы Күштерінiң жалпы құрамы
Қарулы Күштер: әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, әскерлер тектерін, арнаулы әскерлердi, тылды, әскери-оқу орындарын, әскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды.
Жұмылдыру жарияланған жағдайда Қарулы Күштердiң құрамына Iшкi iстер министрлігінiң ішкі әскерлерi, Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдерi, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс құралымдары және арнаулы құралымдар кiредi.
20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау
1. Қарулы Күштердің жеке құрамына әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдары кiредi.
SUB2002002. Қарулы Күштер:
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) азаматтарды әскери қызметке шақыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес олардың әскери қызметке ерікті түрде келуi арқылы әскери қызметшiлерден;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес азаматтық персоналмен жасақталады.
SUB2003003. Қарулы Күштердi жұмылдыруды өрістету үшін мемлекетте әскери оқып үйретілген резерв запасы құрылады.
21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару
1. Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы жүзеге асырады.
SUB2102002. Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы) соғыс уақытында Қарулы Күштерге басшылық жасайтын жоғары әскери-саяси орган болып табылады.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қарулы Күштердi бейбiт уақытта басқаруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi жүзеге асырады.
22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функциялары
1. Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердi әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Қорғаныс министрлiгі:
1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) Әскери доктринаны, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен дамуының тұжырымдамасын әзiрлейдi;
3) Қарулы Күштердiң түрлерiн, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі бекіткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлігі және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің, штат санының лимитi шегінде Қорғаныс Министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат санын белгілейдi;
4) мемлекетте бiрыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізедi;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;
6) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерi мен арнаулы әскерлердiң жедел мақсаттары мен мiндеттерiн, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып қолданылуын айқындайды;
7) қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу, тәжiрибелік-конструкторлық және басқа жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;
8) Қарулы Күштердегі әскерлердi инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да бiлiм беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;
10) әскери қызметке шақырылуға дейiнгi және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестіредi;
11) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
13) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртiбінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерi мен азаматтық персоналды әлеуметтiк және құқықтық кепілдiктермен қамтамасыз етедi;
14) өз құзыретi шегінде қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi жөнiнде нормативтік құқықтық актілер шығарады және олардың орындалуын бақылайды;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) өндірістің барлық кезеңдерінде меншік нысанына қарамастан, орындаушы кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері орналастыратын мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасына бақылауды жүзеге асырады;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) өз құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылайды.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5) тармақшалармен толықтырылды
16-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірыңғай мемлекеттік кадрлар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
16-2) пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдау (жалға беру) тәртібіне сәйкес пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік етеді;
16-3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;
16-4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағы мен әскери техникасы кадастрын бекітеді;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 16-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-5) әскери мақсаттағы ғарыш техникасы мен технологияларын жасау саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы:
1) Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнделікті қызметін жедел-стратегиялық жоспарлауды, оларды қолдануды және басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) Қарулы Күштер құрылысы мен дамуының және әскерлердi жұмылдыруды өрiстетудің жоспарларын әзiрлейдi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар құрылысының жоспарларын әзiрлеудi үйлестiредi, олардың орындалуын бақылайды;
3) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Қарулы Күштердi қолдану жоспарын әзірлейдi, Қарулы Күштердi жұмылдыру жоспарын әзiрлеуге қатысады;
4) Қарулы Күштердi жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстап тұру жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен өзара iс-қимылын ұйымдастырып, жүзеге асырады, сондай-ақ қорғаныс мүдделерiне орай ел аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау ережелерін әзірлейді;
7) экономиканың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдырушылық даярлығын ұйымдастыруға қатысады;
8) аумақтық қорғаныс жоспарларын әзiрлеудi үйлестіредi, аумақтық қорғаныс мiндеттерiн орындауға қатысатын күштер мен құралдардың қолданылуын ұйымдастырады;