5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың қызметкерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның қызметкерлерiн электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жіберуге міндетті.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен алып татсалды (бұр.ред.қара)
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар тұтынған электр энергиясы үшін төлемақыны тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтермен төлеуге міндетті.»;
5-тарау. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық
жүйесіндегі авариялық бұзылыстар кезінде электр энергетикасы объектілерін басқару
20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар
1. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жүйелiк аварияларды жою үшiн жүйелiк оператор меншiк нысанына қарамастан кез келген энергия өндiрушi ұйымдардың резервтiк қуаттарын және тұтынушылардың автономиялық қоректену көздерiн тартады.
3. Авариялық бұзылыстарды жою үшiн қуат жетiспеген кезде жүйелiк оператордың су электр станцияларының авариялық резервiн пайдалану үшiн гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекітілген кестелерiне жедел өзгерістер енгізуге құқығы бар.
4. Электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы өтей алмайтын теңгерiмсiздiк туындаған кезде жүйелiк оператордың Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр тогының нормативтiк жиiлiгiн ұстап тұру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.
21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау
1. Жүйелiк авария туындаған кезде тұтынушыларды энергиямен жабдықтау электрмен үздiксiз жабдықтауды қажет ететiн, қызметiнiң тоқтатылуы адамдар өмiрiне қатер төндiретiн, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға әкеп соқтыратын шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары үшiн технологиялық себептерге орай электр қуатын авариялық бронь мөлшерiнде берудi қамтамасыз ететiн, энергия берушi ұйымдар әзiрлейтiн схемалар бойынша жүзеге асырылады.
2. Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртібі мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелерге авариялық бронь мемлекеттік мекемелердiң электр энергиясын тұтыну жөніндегі шығыстарына көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi банктiк кепiлдiгi болған жағдайда берiледi.
22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету
1. Электр энергетикасының неғұрлым маңызды объектiлерiн күзетудi арнаулы әскерилендiрiлген күзет қызметтерi немесе Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң бөлiмшелерi жүзеге асырады. Мұндай объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдардың электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру мен берудiң бiртұтас технологиялық процесiне қатысатын мүлкi бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Электр энергетикасының объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенiмдi басқаруға беру уәкiлеттi орган мен табиғи монополия салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды алдын ала хабардар етiп және олармен келiсе отырып жүзеге асырылады.
23-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жауапты болады.
6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
1) 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабының 2-тармағы мен 14-бабының 4-тармағын;
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-бабының 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында және 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген нормалар 2007 жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.
3. «Электр энергетикасы туралы» 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 729-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
25-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. Энергия берушi ұйымдар электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтi энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтен бөлудi 2004 жылғы 1 қазанға дейiн жүзеге асырсын.
2. Өңірлік электр желісі компаниялары электр энергиясын беру жөніндегі қызметті энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтен бөлуді энергиямен жабдықтаушы ұйымдар құру жолымен 2004 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырсын.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Энергия өндіруші ұйымдар 2009 жылғы 1 мамырдан бастап осы Заңда белгіленген тәртіппен келісімдер жасассын.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында көзделген тыйым салу электр энергиясын оны орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын көлемде беретін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға сатқан жағдайларға 2009 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылмайды.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады)
5. Осы Заңның 12-1-бабының 3-1-тармағында көзделген тәртіппен келісім жасасу бойынша шаралар қабылдамаған және уәкілетті органмен келісім жасаспаған энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын амортизация мен пайдаға кеткен шығындарды есепке алмай, электр энергиясын өндіруге кеткен шығыннан аспайтын бағамен өткізеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |