8) күзет қызметі субъектілерінен олардың «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпарат сұратады;
9) ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады;
10) қамаудағылар мен сотталғандарды айдауылдау мен күзетуді бақылауды жүзеге асырады;
11) қорғалуы халықаралық шарттарға сәйкес мемлекетке жүктелген объектілердің күзетілуін қамтамасыз етеді;
12) режимдік және ерекше күзетілетін объектілердің күзетілуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға;
заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар;
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге;
заңды тұлғаларға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкес келуіне;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге арналған қорытындылар;
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
заңды тұлғаларға:
жарылғыш материалдар сатып алуға, сақтауға;
азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды сақтауға;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау және алып жүруге, тасымалдауға;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар беруді;
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
15) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-қимыл қызметті жүзеге асырады;
16) қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;
17) белгіленген тәртіппен көлік құралдарына ілесіп жүруді жүзеге асырады;
18) жүргізушілер куәліктерін беруді, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды, көлік құралдарын сенімхат бойынша пайдаланатын адамдарды тіркеуді жүзеге асырады;
19) жол қозқғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ұйымдастыруға қатысады;
20) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, тұрғын үй кешендерін және жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жаңа көлік құралдары үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысады;
21) жол қозғалысын реттеуді қамтамасыз етеді;
22) мүгедектерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;
23) жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады және оны орындау үшін міндетті түрде нұсқамалар береді;
24) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
25) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша білім беру процесі уақытында көлік жүргізуге оқыту шеберлерінің тізілімін жүргізеді;
26) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;
27) жол қозғалысы және оны қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелер құрады және пайдаланады;
28) халықты құқықтық тәрбиелеу жөніндегі шараларды іске асырады, құқықтық тәртіп пен ішкі істер органдары қызметінің жай-күйі туралы қоғамдық пікірді зерделейді;
29) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, педагогтарды, тәрбиешілерді, оқытуды, тәрбиелеуді және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге де мекеменің басқа да қызметкерлерін анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады;
30) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды белгіленген тәртіппен қарайды және оларға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
31) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеуге жәрдемдеседі;
32) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
33) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат іс-әрекеттері, оған итермелейтін себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;
34) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседі;
35) қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін қорғауды, олардағы жедел жағдайды бақылауды, қызметшілердің, күдіктілердің, сезіктілердің және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, оларды айдап жүруді жүзеге асырады;
36) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы арыздарын қарауды, оларды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асырады;
37) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етеді;
38) қызметі есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасау саласындағы жұмысқа байланысты мамандарды, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынатын адамдарды профилактикалауды, емдеуді, әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және үйлестіреді;
39) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді жүзеге асырады, оларды ұстауға және арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді;
40) уәкілетті органдармен бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына әрі теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты және стратегияны іске асырады;
41) өз құзыреті шегінде қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
42) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
43) ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асырады;
44) заңнамада белгіленген тәртіппен қылмыс жасаған адамдарды ұстау бойынша жедел-іздестіру және қоршамалы іс-шаралар, операциялар жүргізеді, сондай-ақ оларды өзге де құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының жүргізуіне және жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді;
45) қылмыстарды ашу және қылмыскерлер мен олардың байланыстарын айқындау үшін ақпараттық-талдау жүйесін пайдаланады;
46) борышкерлерді қылмыс жасаған, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаларын өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды және өзге де адамдарды іздестіруді, танылмаған мәйіттерді сәйкестендіруді жүзеге асырады;
47) арнаулы құқық қорғау және мемлекеттік органдарымен бірлесіп, терроризм актілерінің жолын кесу, кепілдегі адамдарды босату және жарғыш құрылғыларды залалсыздандыру бойынша терроризмге қарсы және арнайы операцияларға қатысады;
48) қылмыс жасағаны немесе күдіктілігі бойынша ұсталғандар мен тұтқындалғандарды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады;
49) шет мемлекеттермен экстрадицияланғандарды және сотталғандарды қабылдау-тапсыруды ұйымдастырады;
50) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресудің халықаралық тәжірибесін талдайды мен қорытындылайды, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын, осы саладағы заңнаманың қолданылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
51) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасау шараларын бақылауды жүзеге асырады;
52) іс жүзіндегілермен салыстырғанда аса тиімді, қауіпсіздігі төмен, есірткілік әсері әлсіз есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу және енгізу процесін бақылайды;
53) жаппай тәртіпсіздіктердің, оның ішінде түзеу мекемелерінде жолын кесуге қатысады;
54) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
55) ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде режимдік талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
56) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды. Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
57) сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
58) соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың орналасуын ұйымдастырады;
59) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі сауалдарын орындайды;
60) жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуге құқығы бар ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметкерлерін бақылауды жүзеге асырады;
61) жедел-іздестіру іс-шаралары мен арнайы операциялардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
62) әскери-тергеу органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
63) әскери қылмыс жасаған адамдарды іздестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
64) әскери қылмыстар жөніндегі жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады және әскери қызметшілер жасаған ішкі істер органдарының тергеу реттілігіне жататын қылмыстарды тергейді;
65) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;
66) заңнамамен бекітілген жағдайларда кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін анықтайды, есепке алуын жүргізеді және оларға қатысты жеке профилактика шараларын жүргізеді;
67) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;
68) азаматтар мен лауазымды адамдар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін белгіленген Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету, болу және ол арқылы транзиттік өту ережелерін олардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
69) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судья талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
70) сотталғандарға түзету ықпалын, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастырады;
71) сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырады;
72) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
73) күдіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстауды жүзеге асырады;
74) сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсіби оқуын ұйымдастырады;
75) қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне тартады;
76) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, рақымшылық және кешірім жасау актілерін орындауды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және сотталғандарды түзеудің нәтижелерін бекіту жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
77) құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
78) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жасақталуын жоспарлайды және ұйымдастырады;
79) төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың салдарын жою үшін, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, қақтығыс аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын тарту туралы шешімдерді орындайды;
80) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы кадрларын іріктеу, бөлу, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шартты негізде басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында оқыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
81) медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өңірлік қолбасшылықтарды құрылымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және әскери-оқу орындарының орналасқан жерлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асырады;
82) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады;
83) ведомстволық жедел есепке алуды қалыптастыруды, жүргізуді жүзеге асырады;
84) қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
85) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
19. Ішкі істер министрін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20. Ішкі істер министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
21. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өкілеттіктері:
1) ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
4) өз орынбасарларының, сондай-ақ комитет төрағаларының және Министрліктің өзге де құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктер шеңберін айқындайды, жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
5) Министрліктің атынан ішкі істер органдары орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, өз құзыреті шегінде - өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;
6) ішкі істер органдары қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағайындайды, тәртіптік жазаға тартады және қызметтен босатады;
7) азаматтарды Министрліктің кадрына қабылдайды, оларға алғашқы және кезекті полиция (әділет) полковнигіне дейінгі арнаулы атақтарды қоса алғанда, сондай-ақ полковникке дейінгі әскери атақтарды қоса алғанда Министрліктің әскери қызметшілеріне береді;
8) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсыныстар енгізеді;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге, әскери қызметшілерге және жұмыскерлерге тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады, өзәнің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелері;
10) өз құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін, Министрліктің ведомстволарын, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұймдарын құрады және таратады, құрады, қайта құрады;
11) Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіреді;
12) лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын, конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, қызметке кірер алдындағы конкурс пен тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін бекітеді;
13) республикалық бюджеттен бөлінген қаржы шегінде ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледі;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ол болмаған кезде ішкі істер министрінің өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Ішкі істер министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Министрліктің мүлігі
23. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлігі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Мемлекеттік кәсіпорындар
1. «Алатау» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Акционерлік қоғамдар
1. «Қазақстан» санаторийі» акционерлік қоғамы.
2. «Арқа» санаторийі» акционерлік қоғамы.
3. «Арман» санаторийі» акционерлік қоғамы.
4. «Күзет» мамандандырылған күзет бөлімшесі» акционерлік қоғамы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының медиа орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігi
2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
1. Түзеу мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Түзеу мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Түзеу мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы
мемлекеттік мекемелер аумақтық органдардың және оның ведомстволарының
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
1. Астана қаласының Ішкі істер департаменті.
2. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті.
3. Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті.
4. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті.
5. Алматы облысының Ішкі істер департаменті.
6. Атырау облысының Ішкі істер департаменті.
7. Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті.
8. Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті.
9. Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті.
10. Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті.
11. Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті.
12. Қостанай облысының Ішкі істер департаменті.
13. Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті.
14. Павлодар облысының Ішкі істер департаменті.
15. Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті.
16. Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті.
17. Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Алматы» ауданының Ішкі істер басқармасы.
18. Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Сарыарқа» ауданының Ішкі істер басқармасы.
19. Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Есіл» ауданының Ішкі істер басқармасы.
20. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Көкшетау қаласының Ішкі істер басқармасы.
21. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногор қаласының Ішкі істер басқармасы.
22. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Ақкөл ауданының ішкі істер бөлімі.
23. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Аршалы ауданының ішкі істер бөлімі.
24. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Астрахан ауданының ішкі істер бөлімі.
25. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі.
26. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Бұланды ауданының ішкі істер бөлімі.
27. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі.
28. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі.
29. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі.
30. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Есіл ауданының ішкі істер бөлімі.
31. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі.
32. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімі.
33. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Зеренді ауданының ішкі істер бөлімі.
34. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Қорғалжын ауданының ішкі істер бөлімі.
35. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімі.
36. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Целиноград ауданының ішкі істер бөлімі.