19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1) көше-жол желісі - қызыл сызықтармен шектелген және көлік құралдарының, велосипедтер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне, инженерлік коммуникациялар салуды және төсеуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумақтары қатынас жолдарының құрамдас бөлігі ретінде олардың көлік, велосипед және жаяу жүргіншілер байланыстарын қамтамасыз етуге арналған, елді мекендер аумақтарының бір бөлігі болып табылатын көлік инфрақұрылымының объектісі. Көшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, өтпелер, жағалаулар, алаңдар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары көше-жол желісінің негізгі элементтері болып табылады;»;
мынадай мазмұндағы 19-2) тармақшамен толықтырылсын:
«19-2) күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория. Күзетілетін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) қала құрылысы қызметi (бұдан әрi - қала құрылысы) - қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын, қала құрылысын жоспарлауда аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастырудағы және дамытудағы, оларды аумақтық көліктік жоспарлаудағы және жол жүрісін ұйымдастырудағы, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындаудағы, қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлаудағы қызмет;»;
2) 3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттiк мүдделердi - тұтастай алғанда, өңірлерді, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, аумақтық көліктік жоспарлауды және жол жүрісін ұйымдастыруды, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлiк және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегі қоғам мүдделерiн;»;
3) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс кызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету шарттарына негізделуге тиіс.
Осы талаптарды орындау жөніндегі шаралар аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі жобалау құжаттамасында көрсетілуге тиіс.
2. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiндегi жобалардың бөлiмдерi (бөлiктерi) енгiзiледi.
Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiндегi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасының талаптарын (шарттарын, шектеулерiн) орындау жобаларды iске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
3. Елді мекендер мен аумақтар аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі кешенді жобалау құжаттамасымен қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Елді мекендерде жол-көлік оқиғалары және жолдар мен көшелердің өткізу қабілеті мониторингінің нәтижелері мемлекеттік қала құрылысының кадастрында базалық деңгейде көрсетіледі.
5. Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі жобалардың бөлімдерінде (бөліктерінде) құжаттардың мынадай түрлері қамтылады:
1) кешенді схемалардың, бас жоспарлардың көліктік бөлімдерін әзірлеу үшін негіздейтін материалдар (жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі тұжырымдамалық ұсыныстар, кешенді көліктік схемалар, зерттеулер мен болжамдар) - көлік жүйелерінің жұмысын, жол-көлік оқиғаларының ошақтары мен себептерін зерттеуді, бұрын әзірленген жобалық шешімдерді күтілетін авариялық деңгейі бойынша бағалауды орындайды, көлік жүктемесін қайта бөлу, көше-жол желісін қайта сыныптау, көше-жол желісінің жаңа учаскелерін салу, жол жүрісін шектеу есебінен жол-көлік оқиғаларын азайту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) кешенді көлік схемасы - жеке және қоғамдық көлік арасындағы көлік жұмысының көлемдерін бөлуді орындайды, көше-жол желілерін және қоғамдық көлік желілерін, көшеден тыс жылдамдық қозғалысының желілерін дамыту бойынша кешенді шешімдер ұсынады;
3) көше-жол желісінің бас схемасы - аумақтық жоспарлау құжаттарына (аумақтық жоспарлау схемаларына және бас жоспарларға) сәйкес тиімді әрі қауіпсіз көше-жол желісін дамыту міндеттерін іске асырудың қаржылық-экономикалық аспектілерін белгілейді;
4) көше-жол желісін ұйымдастыру жобасы - магистральдық көше-жол желісінің берілген құрылымын іске асырады, жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету шартымен көшелердің, жолдар мен тораптық элементтердің, көлденең және бойлық қималардың, тораптардағы жол жүрісі схемаларының орналасатын жерлерін айқындайды. Көшелер мен жолдарды орналастыру үшін қажетті аумақтарды айқындайды;
5) жолдарды жоспарлау жобасы - жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, бөлінген жерлердің (қызыл сызықтардың), резервке қалдырылған аумақтардың шегінде көшелер мен жолдардың негізгі элементтерінің орналасатын жерлерін айқындайды;
6) жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасы - көше-жол желісін ұйымдастырудың қабылданған жобасы мен көшелерді жоспарлаудың қабылданған жобалары шеңберінде жол жүрісін ұйымдастыру жүйесін қоғамдық көліктің жол жүрісімен өзара байланыстыра отырып, айқындайды.
6. Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру үш сатыда жүзеге асырылады:
бірінші сатыда ағымдағы көлік жағдайына зерттеулер жүргізіледі, көлік жағдайының ұзақ мерзімді перспективаға арналған өзгеру болжамдары орындалады, аумақтың көлік тірегін дамыту мүмкіндіктеріне баға беріледі және бірінші кезегін бөліп көрсете отырып, ұзақ мерзімді перспективаға арналған жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі тұжырымдамалық ұсыныстар қалыптастырылады. Бір жүз мыңнан астам тұрғыны бар қалалар, көлік жағдайы күрделі басқа да қалалар үшін кешенді көлік схемалары әзірленеді;
екінші сатыда зерттеу нәтижелері, тұжырымдамалық ұсыныстар және кешенді көлік схемалары негіздейтін материалдар ретінде ресімделеді және Қазақстан Республикасының және жекелеген өңірлердің (облыстың немесе оның қандай да бір бөлігінің) аумағын аумақтық жоспарлау схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу шеңберінде қаралады. Аумақтық жоспарлау схемаларының және бас жоспарлардың басқа да материалдарымен өзара байланыстырылған жол жүрісін ұйымдастырудың бас схемалары көрсетілген құжаттарды әзірлеудің нәтижесі болып табылады;
үшінші сатыда жол жүрісін ұйымдастыру бас схемаларының негізінде жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемалары әзірленеді.
7. Көше-жол желісін ұйымдастыру жобасы бас жоспар (аумақтық жоспарлау құжаты), жолдарды жоспарлау жобасы мен жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасы арасындағы өзара байланыстырушы буын болып табылады.
8. Жолдарды жоспарлау жобасы жекелеген тораптарда жол жүрісін ұйымдастыру жобасын әзірлеуге негіз болып табылады.
9. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау мынадай:
жол жүрісі қарқындылығының ұлғаю перспективасын ескере отырып, жолдардың қажетті өткізу қабілетін;
жолдарды интеллектуалды көлік жүйелерімен;
қоғамдық көліктің кедергісіз әрі қауіпсіз жүруін, оның ішінде оларға жүру үшін жекелеген жолақтарды бөлу арқылы;
велосипедтердің кедергісіз әрі қауіпсіз жүруін, оның ішінде оларға жекелеген велосипед жүретін жолақтарды не велосипед жолдарын бөлу арқылы;
жолдарды трасса бойындағы медициналық-құтқару пункттерімен жарақтандыруды;
жаяу жүргіншілер өткелдерімен қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай болуға тиіс.»;
4) 42-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы:
1) стратегиялық және экономикалық жоспарлаудың ережелеріне сәйкес өндiргiш күштердi жайғастыру мен орналастырудың негiзгi қағидаттарын;
2) табиғатты ұтымды пайдаланудың және шаруашылық қызметтiң, республикалық маңызы бар өндiрiстiк, көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың негiзгi ережелерін;
3) өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи-мәдени мұра объектiлерi және (немесе) қорғалатын ландшафттық объектiлерi бар аумақтарды сақтау жөнiндегi негiзгi шараларды;
4) табиғи және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердiң немесе қысылтаяң табиғи-климаттық жағдайлардың әсерiне ұшыраған ерекше қорғалатын аумақтарды, пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру үшiн пайдалану немесе пайдалануды шектеу түрлерiн;
5) аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды қамтиды.»;
5) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзiрленедi, екi және одан көп облыстың (не олардың бөлiктерiнiң), сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің шекараларын есепке алмай, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аудандардың аумақтарындағы өзара келiсiлген (шоғарландырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн қызмет етедi және:
1) жоспарланатын аумақты аймақтарға бөлудi;
2) аумақты қала құрылысына игеру мен дамытуды;
3) өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндiргiш күштердi, өндiрiстiк, көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру мен орналастыру жүйесiн кешендi дамыту жөнiндегi шараларды;
4) табиғатты ұтымды пайдалану, ресурстармен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды;
5) аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі шараларды айқындайды.»;
6) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кешендi схемаларда осы өңірдегі елдi мекендердiң, қала маңы аймақтарының шекараларын белгiлеу, резервтiк аумақтарды қоса алғанда, аумақты кешендi дамыту үшiн ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар қамтылуға тиiс.»;
7) 47-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көліктік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;»;
8) 49-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тұрғын аймақ көлік құралдарына арналған тұрақтармен және орынтұрақтармен, пәтерлердің санына сәйкес қажетті орынтұрақ алаңымен, балалар және спорт алаңдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.».
8. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 4-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның келісуімен облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде жол беріледі.»;
2) 9-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудің жерлерi жол органдарының немесе концессионерлердiң иелiгiнде және пайдалануында болады әрі автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана арналады.
2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекара, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бекеттерді қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.»;
3) 14-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль жолдарын дамыту ісін жоспарлауды мемлекеттік органдар, шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдарын басқарушылар бекітілген республикалық және өңірлік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Елді мекендердің көше-жол желісін дамыту ісін жоспарлауды тиісті жергілікті атқарушы органдар көлік құралдарының тұрақтары мен орынтұрақтарын ұйымдастыру үшін міндетті түрде жер бөле отырып, жүзеге асырады.»;
«4. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық құжаттама - белгіленген тәртіппен мемлекеттік, оның ішінде экологиялык сараптамадан, ал қазіргі бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ведомстволық сараптамадан өтуге тиіс.»;
4) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жол органы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей зілзалалар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіштік қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жол жүрiсiн шектеуге немесе тоқтатуға, автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауға құқығы бар.»;
5) 20-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жол органының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның немесе оның бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінен автомобиль жолдары бойындағы жол жүрiсiн тоқтатудың немесе шектеудің себептері туралы түсіндірме алуға;».
9. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автомобиль көлігін және қалалық рельстік көлікті пайдалануға қатысты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелеріне;»;
2) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көлік құралын басқаратын, жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыратын адам тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін өзімен бірге алып жүруге және оны Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілеттік берілген адамдарға тексеру үшін көрсетуге міндетті.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде автомобиль көлігі құралын басқаратын, жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыратын адамнан тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін көрсетуді талап етуге міндетті.»;
3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл
1. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері жолаушылар автомобиль көлігіндегі көлік оқиғасына қатысушыларға сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттардың бір-бір данасын, оның ішінде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрісі қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшірмесін тегін береді.
2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар жолаушылар көлігіндегі оқиға және оның салдары туралы қолындағы ақпаратты сақтандырушы өтініш жасаған кезде оған бұл ақпаратты тегін беруге міндетті.
3. Жолаушыларды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушының жәбірленушілерге немесе олардың мұрагерлеріне сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға мүмкіндігі болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері тиісті сақтандырушыға осы көлік оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады.
Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы кез келген басқа адамның да хабарлауға құқығы бар.»;
4) 13-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру жағдайы және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелеріне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;».
10. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құкықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 5-бапта:
1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдері, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк пен олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;»;
«3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз бетінше жүргізіліп әкелінетін, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі көлік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруіне немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты тіркеуден шығарған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспайды.»;
2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу және жол жүрісі қағидаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.»;
3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлiк құралын басқаратын адам көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисiн өзiмен бiрге алып жүруге және оны Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес уәкiлеттік берілген жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне және көліктік бақылау органдарының лауазымды адамдарына тексеру үшiн көрсетуге мiндеттi.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде көлiк құралын басқаратын адамнан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисiн көрсетуді талап етуге мiндеттi.»;
4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл
1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкiлдерiне, сондай-ақ сұрау салуы бойынша сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру омбудсманына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлiк оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрiсi қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн бередi.
2. ішкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көлiк оқиғасы және оның салдары туралы қолдағы ақпаратты сақтандырушы, сақтандыру омбудсманы және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры өтiнiш жасаған кезде оларға осы ақпаратты жазбаша нысанда, мөрмен куәландырып, тегiн беруге мiндеттi.
3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнің көлік оқиғасының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыға осы көлiк оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады.»;
5) 10-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын оларды міндетті техникалық қарап тексеру өткізілетін жерлерде және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның тіркеу бөлімшелерінде жасасуға тыйым салынады.»;
6) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап он екi ай мерзiмге жасасылады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығы пайда болған кезден бастап, бiрақ осы көлiк құралы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркелген (қайта тiркелген) кезден бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасасылуға тиiс.»;
7) 16-баптың 2-тармағының 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көлiк оқиғасын жасаған кезде жәбiрленушілерге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;»;
«6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдар мен ұйымдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;».
11. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
«31) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы - жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координатын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы шұғыл қимылдайтын жедел қызметтермен екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы.»;