Президенттің Күзет қызметі қызметкерлерінің санын осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде Президенттің Күзет қызметінің бастығы белгілейді.
ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен; 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлері
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде қызметте тұрған адамдар Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері болып табылады.
Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері Президенттің Күзет қызметі кадрларында немесе қолданыстағы резервте тұрады.
Қызметкерлерді қолданыстағы резервке алу және олардың қызмет өткеру тәртібін Президенттің Күзет қызметінің бастығы белгілейді.
Президенттің Күзет қызметі күзететін күзетілетін адамдардың, объектілер мен көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда олардың келісімімен белгіленген тәртіппен штаттағы лауазымдарды атқара тұру үшін Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте қалдырыла отырып, іссапарға жіберілуі мүмкін.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16-бап. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жұмыскерлері
Президенттің Күзет қызметі жұмыскерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 17-бап өзгерді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде билік өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлеріне оның жеке басы мен өкiлеттiктерін растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің қызметтік әрекеттеріне тура және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де араласуына құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің заңды талаптарын азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
Қызметкерлердің, Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау, олардың қызметтік мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерін қорлау, оларға қатысты қарсылық көрсету, қатер төндіру немесе күш көрсету, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкіне қол сұғу, олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына кедергі жасайтын басқа да әрекеттер, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкері заңды басшылыққа алуға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметiнің қызметкерлері, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өзге ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгерді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi қызметкерлерінің қызметтік мiндеттерi мен құқықтары
1. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлері:
1) алдарына қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шешуге;
2) кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене күші дайындығының, арнайы және жауынгерлік даярлықтың қажеттi деңгейiн сақтап тұруға мiндеттi.
2. Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде қолданыстағы заңнамада көзделген шектерде және тәртiппен:
1) күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
2) қылмыстарды, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) қажет болған кезде азаматтар мен лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
4) құқық бұзған немесе қылмыстар жасаған жағдайда азаматтарды ұстауға, iшкi iстер органдарына, өзге де құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметтік үй-жайларына әкелуге;
5) ұйымдарға, ал шұғыл жағдайларда азаматтарға да тиесілі байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
6) қылмыстарды болғызбау, қылмыстар жасаған немесе олардың жасалуына күдiкті адамдарды қудалаумен ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдем қажет адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiне тиесілі көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
7) егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге нақты қатер төндiруі мүмкін болса, күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстардың жолын кесу кезiнде, сондай-ақ осындай қылмыс жасаудағы күдiктілерді қудалау кезінде азаматтарға тиесілі тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнен басқа) аумақтары мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
8) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-iздестiру iс-қимылдарын жасауға;
9) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды жерлердiң жекелеген учаскелері мен объектiлерге жiбермеуге, олардың жерлердiң нақты учаскелерінде немесе объектiлерде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн міндеттеуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi қызметкерлерінiң дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерін олардың қызметтік мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшін тартуға тыйым салынады.
19.06.97 ж. № 134-I; 10.10.01 ж. № 247-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
19-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу кепiлдiктерi
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ жеке қарап-тексеруге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын қызметтік көлiк құралдарын қарап-тексеруге жол берiлмейдi.
Президенттің Күзет қызметі қызметкерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ Президенттің Күзет қызметі қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеліп, кейiннен залал келтірген адамнан толық көлемде өндiрiлiп алынады. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6 тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің
Күзет қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметін қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7 тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 23-бап өзгерді
23-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің жұмысына бақылау жасау
Президенттiң Күзет қызметiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының Президентi бақылайды, ол тексерушi органдарды тағайындайды, олардың мақсатын, мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды, бақылау нысандары мен оларды жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.
Президенттiң Күзет қызметi мен оның жұмысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Президентiне табыс етiледi.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгерді (бұр.ред.қара)
24-бап. Прокурорлық қадағалау
Президенттiң Күзет қызметiнiң жұмысында Қазақстан Республикасы заңдарының қолданылуын қадағалауды бас прокурор мен ол арнайы уәкiлдiк берген прокурорлар жүзеге асырады.
25-бап. ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен алып тасталды
Қазақстан Республикасының