2. Тексеру жүргізу кезінде қажетті құжаттардың болуы және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі айқындалады.
3. Автомобиль көлігіндегі кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүргізу кезінде өз құзыреті шегінде тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары:
1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсіру тетіктерінің, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтік үй-жайдың (меншікті жөндеу және өндірістік базасы жоқ және басқа кәсіпорындармен тиісті жұмыс түрлерін орындауға шарт жасасқан кәсіпорындар бұған жатпайды) болуы мен олардың жай-күйін, сондай-ақ автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектілерінің экологиялық талаптар мен жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың нормаларын сақтауын;
2) автокөлік құралдарының техникалық пайдаланылуының белгіленген талаптарға сәйкестігін;
3) автокөлік құралдарын рейс алдында техникалық байқауды және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық байқауды жүргізуге арналған қызметтер мен білікті қызметкерлердің не мұндай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың болуын және олардың сәйкестігін;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру немесе автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерін көрсету кезінде Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын;
4-1) тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының жүріп өтуінің белгіленген талаптарының орындалуын және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін параметрлерге сәйкес болуын;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде, жолаушылардың, багаж бен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану жөніндегі қағида талаптарының орындалуын;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын;
9) автокөлік құралдарын жолаушыларды және тамақ өнімдерін, сондай-ақ тасымалдау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы талап етілетін жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберу туралы аталған мемлекеттік органдардың қорытындысы болуы жөніндегі талаптардың орындалуын;
10) бақылау-өткізу пункттерінде қажетті құжаттама мен аспаптардың болуын;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидалары талаптарының орындалуын;
13) жүктерді тиеу және түсіру пункттеріне қатысты Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын тексереді.
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-7-бап өзгертілді
19-7-бап. Көліктік бақылауды жүзеге асыру кезіндегi уәкілетті органның құзыретi
Уәкілетті органның лауазымды адамдары мынадай бақылау функцияларын жүзеге асырады:
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) автомобиль көлiгі саласында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) тасымалдаушылардың Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын бақылау, автобус салондарында жүк тасымалдауға жол бермеу;
5) тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды сақтауын бақылау;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерін сақтауын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттері тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасын сақтауын бақылау;
8) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттері тасымалдаушыларының автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбегі мен тынығуы режимін сақтауын бақылау;
9) автокөлік құралдары жабдығының автокөлік құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы тұрғысынан халықаралық шарттар талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған жанармай бактарының жасаушы заводтың талаптарына сәйкестігін бақылау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған рұқсат беру құжаттарының болуын тексеру, жүру маршруты мен кестесінің сақталуын, сондай-ақ жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдау кезінде жолаушылар тізімінің болуын бақылау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;
11) шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша каботаждық тасымалды жүзеге асыруын айқындау және оның жолын кесу;
12) шетелдік көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кіруі фактісін айқындау;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша кiруiн тiркеу;
14) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсаттар беру;
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру;
16) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп-тұруына арнайы рұқсат беру;
17) 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) транзиттік әлеуетті қолдану туралы ақпаратты жинау, автокөлік құралдары жүрісінің жиілігін есепке алу, белгіленген нысандағы есеп беру құжаттары түрінде жинақталған ақпаратты беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен автомобиль көліктерінде және автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) сервис орталықтарын (шеберханаларды) бақылау.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 15), 20) және 21) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы осы баптың бірінші бөлігінің 2), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртібi
1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу), халықаралық қатынастағы жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті рұқсат беру құжаты - жүруге берілген рұқсат негізінде жүргізіледі.
2. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Үшінші елдің аумағындағы шығу пунктінен Қазақстан Республикасының аумағындағы бару пунктіне дейін немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы шығу пунктінен үшінші елдің аумағындағы бару пунктіне дейін жолаушыларды және (немесе) жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру құжаты - шетелдік тасымалдаушылардың үшінші елден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елге тасымалдауды орындауға берілген рұқсат негізінде жол беріледі.
4. Уәкілетті орган шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкілерімен тепе-тең айырбас жүргізуі мүмкін.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүріп өтуі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше келісілмесе, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуге арналған қосымша рұқсат болған кезде ғана рұқсат етіледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік автокөлік құралдарының жүріп-түру тәртібi
1. Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттер арасындағы жүктердің, жолаушылардың және багаждың халықаралық автомобиль тасымалы халықаралық автомобиль өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат беру және басқа да құжаттар Қазақстан Республикасында халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес ресімделуге және автокөлік құралдарының жүргізушілерінде болуға және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетілуге тиіс.
2. Шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі пункт арасында жолаушылар мен жүктерді тасуына жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсіруді жүргізуге тыйым салынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетінің тіркеу және айыру белгілері бар автокөлік құралдарын пайдалануы тиіс.
Бұл ретте тіркемелерде немесе жартылай тіркемелерде басқа мемлекеттік тіркеу және айырма белгісі болуы мүмкін.
19-10-бап. Отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу және оларға шетелдік рұқсаттарды беру тәртібi
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Отандық автокөлік құралдары рұқсат беру бланкілерімен алмасу жүргізілген шетелдік мемлекеттерге барған жағдайда тасымалдаушы бұрын берілген өтінімдер негізінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұрғаны үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін тиісті шетелдік рұқсат беру құжаттарын ала алады.
Әрбір автокөлік құралына жеке рұқсат беру құжаты беріледі.
2. Пайдаланылған шетелдік рұқсат беру құжаттары бұрын оларды берген органға қайтарылуға жатады.
3. Тасымалдаушының оған берілген шетелдік рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.
Егер бөлінген шетелдік рұқсат беру құжаттарының саны тасымалдаушылар берген өтінімдердің жалпы санынан аз болған жағдайда шетелдік рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Отандық тасымалдаушыларға мәлімденгеннен тыс шетелдік рұқсат беру құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздері мәлімдеген шетелдік рұқсат беру құжаттарының осы түрінен бас тартқан жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Отандық тасымалдаушылардың жолаушыларды және багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат беру құжаттарын беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 19-9-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды беру тәртібi
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретін параметрлерінен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша артық, жүгi бар немесе жүксiз, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуі рұқсат беру құжатының - ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсаттың (бұдан әрi - арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Арнайы рұқсатты қозғалыс маршруты белгіленгеннен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган немесе кеден органдары береді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-2-тараумен толықтырылды
2-2-тарау. Автомобиль көлігі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-12-бап. Жалпы ережелер
1. Автомобиль көлігі саласындағы техникалық реттеу объектілері:
автомобиль көлігі болып табылады, оған:
1) автобустар;
2) шағын автобустар;
3) жеңіл автомобильдер;
4) жүк автомобильдері;
4-1) троллейбустар;
5) автомобиль тіркемелері;
6) ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелер;
7) арнайы бейімделген автомобильдер (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған);
8) арнаулы автомобильдер (әр түрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындайтын);
9) автомобиль көлігін жобалау;
10) автомобиль көлігін шығару (жөндеу);
11) автомобиль көлігін тасымалдау және сақтау;
12) автомобиль көлігін кәдеге жарату және жою кіреді.
2. Автокөлік құралдары адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін болса немесе оларды тиісті дәрежеде орнату, қызмет көрсету және пайдалану кезінде солардың қауіпсіздігі мен функционалдық мақсатына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын болса, нарықта сатылмауға және пайдаланылмауға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының нарығында сәйкестігі расталуға тиіс автомобиль көлігін орналастыратын тұлға осы Заңның және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау үшін шаралар қабылдауға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының нарығында автомобиль көлігін орналастыратын тұлға:
1) тұтынушының ықтимал тәуекелдерді бағалауы және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті пайдалану құжаттамасын және басқа да ақпаратты мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынуға;
2) автомобиль көлігін сату кезінде таңдау бақылауын жүргізуге, тұтынушылардың шағымдарын тексеруге;
3) автомобиль көлігінің адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіру тәуекелі болғанда, пайдаланушыны уақтылы және тиімді ескерту, сондай-ақ автомобиль көлігін қайтарып жіберетіндей қажетті іс-шаралар жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
4) таратылып қойған автомобиль көлігінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы туралы және мұндай бұзушылықтарды жою жөніндегі өзі қабылдаған шаралар туралы тиісті мемлекеттік бақылау органдарына дереу хабарлауға;
5) шығарушыдан, уәкілетті өкілден, импорттаушыдан, пайдаланушыдан немесе мемлекеттік бақылау органдарынан автомобиль көлігінің осы Заңның және техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпарат алынған болса, автомобиль көлігін сатпауға міндетті.
5. Автомобиль көлігінде қажетті ескерту жазбалары немесе қауіптілік және қауіпсіз пайдалану шарттары туралы белгілер болуға тиіс.
6. Пайдалану құжаттамасындағы қауіпсіздік талаптары осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген талаптардан төмен болмауға тиіс.
19-13-бап. Автокөлік құралдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Автокөлік құралдарын жобалау кезінде өмірлік циклдің барлық сатыларындағы, оның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар (бұзылулар мен сыртқы әсерлер), персоналдың болжамды қателері және пайдалануға болмайтын кезіндегі бүкіл ықтимал қауіптер сәйкестендірілуге тиіс.
2. Пайдалану (қолдану) жөніндегі нұсқауды (нұсқаманы) және паспортты (немесе формулярды) әзірлеу автокөлік құралдарын жобалаудың ажырамас бөлігі болып табылады.
19-14-бап. Автокөлік құралдарын шығару кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Шығару кезінде автокөлік құралдарының дайындалуы жобалық құжаттаманың, осы Заңның, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуі қажет.
2. Автокөлік құралдарын шығару кезінде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шаралар кешенін орындауға және қауіпсіздікке байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер автокөлік құралдарын дайындау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.
4. Автокөлік құралдарын шығару кезінде жобалық құжаттамадан ауытқу жобалаушымен келісіледі және ол техникалық регламенттерде белгіленген жол берілетін тәуекелден аспауға тиіс.
19-15-бап. Автокөлік құралдарын тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Автокөлік құралдарын тасымалдау және сақтау процесінде олардың сақталуын, олардың қауіпсіздігі көзделетін техникалық сипаттамаларды сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын барлық қажетті талаптар, оның ішінде консервациялауға, тасымалдау және сақтау жағдайларына қойылатын талаптар, белгіленген сақтау мерзімдері, жай-күйін қайта куәландыру, сақтау мерзімі аяқталған жеке элементтерді, бөлшектерді, тораптарды ауыстыру мерзімдері бойынша нұсқаулар автокөлік құралдарына арналған техникалық құжаттамада жазылуға тиіс.
2. Автокөлік құралдарын, олардың тораптары мен бөлшектерін тасымалдау және сақтау жобалаушы қарастырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.
3. Консервациялау үшін қолданылатын материалдар мен заттар қауіпсіз болуға тиіс.
19-16-бап. Автокөлік құралдарын кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Жеке және заңды тұлғалар автокөлік құралдарын кәдеге жаратуды, жоюды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптардың сақталуын ескере отырып қамтамасыз етеді:
1) автокөлік құралдарын пайдалану тоқтатылғаннан кейін оларды пайдалану мүмкіндігін болдырмау шаралары қабылдануға тиіс;
2) пайдалану процесінде уытты заттармен, радиоактивті аэрозольдармен ластанған автокөлік құралдары оларды кәдеге жарату, жою кезінде қолданылатын зиянды заттардың уыттылығына, физика-химиялық қасиеттеріне қарай арнайы ерітінділермен (әдістермен) залалсыздандыру жөніндегі міндетті өңдеуден өткізілуге тиіс;
3) автокөлік құралдарын кәдеге жаратудың және жоюдың барлық кезеңін өткізетін персоналдың қажетті біліктілігі болуға, олар тиісті оқудан өтуге және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға тиіс.
3-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Жолаушының:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген тәртiппен кез келген автобуспен, троллейбуспен және таксимен жол жүруді жүзеге асыруға;
2) жол жүру құжатын (билетiн) сатып алуға;
3) сатып алған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын алуға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) егер ол жеке орын алмаса, өзiмен бірге жеті жасқа дейiнгi бір баланы тегін, не таксиден басқа көлікте, он бес жасқа дейiнгi балаларды оларға жеке орын беріп, елу пайыз мөлшерде жол ақысын төлеп, алып жүруге;
5) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жүзеге асыратын халықаралық тасымалдарда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;
6) 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;
7) егер тасымалдаушы кестеде көзделген автобустың орнына жүру ақысы қымбаттау басқа автобус ұсынса, үстемеақы төлемей, сатып алынған жол жүру құжаты (билетi) бойынша жол жүруге;