67) авариялық жағдайларды және көлік оқиғаларын, су көлігін пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
68) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
69) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру;
70) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат беру;
71) бербоут-чартер шартымен жалға алынған шет мемлекеттің кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік беру;
72) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару;
73) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
74) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
75) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бланк өнімін өткізу қызметтері үшін бюджет кірісіне түсетін төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;
76) шағын кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
77) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
78) көліктің жұмыс істеу тәртібін, олардың бұзушылықтарын анықтауды және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
79) көлік қызметтерін тұтынушылар құқықтарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
80) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
81) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау кезінде сапаны талап ететін жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;
82) ақылы автомобиль жолдарын құру мен пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;
83) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін жолдың көліктік-пайдаланылу сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзімді жер пайдалануға беру;
84) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
85) жолаушылар мен багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарына рұқсат құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асыру және жолаушылар мен багаждың тұрақты емес халықаралық автомобильдер тасымалдары кезінде қозғалыс бағыты мен кестесінің сақталуын, сондай-ақ жолаушылар тізімінің болуын бақылау;
86) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік тасымалдаушылардың каботаждық тасымалдауын анықтау және жолын кесуді жүзеге асыру;
87) шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кіру фактілерін анықтау;
88) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
89) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
90) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;
91) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
92) жүргізушілердің белгіленген еңбек және тынығу режимін сақтауы, оның ішінде тахографтармен жабдықталуға тиіс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тасымал түрлерін жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның ішінде мамандандырылған (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын бақылауды жүзеге асыру;
93) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;
94) жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
95) автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
96) автокөлік құралын жарақтандырудың, автокөлік құралында тахографтың болуы және жарамдылығы бөлігінде халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
97) Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекеттер тасымалдаушыларының автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
98) қозғалыс қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жай-күйі жауап бермейтін магистральдық темір жол объектілерін, темір жолдар мен жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұру және тоқтатуды жүзеге асыру;
99) тасымалдаушылардың халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыру;
100) тасымалдаушылардың жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
101) темір жол көлігіндегі, соның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
102) жылжымалы темір жол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;
103) магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыру;
104) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшудың негізгі қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелермен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
105) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдың кәсіби дайындығы мен денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
106) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларын қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
107) азаматтық, эксперименттік авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігінің және авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін және азаматтық және эксперименттік авиацияның өзге де қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
108) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеуді жүзеге асыру;
109) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауын мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
110) әуе кемесі, оның компоненттері, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
111) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру;
112) басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
113) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
114) әуеайлақ (тікұшақ айлақ) объектілерінің, қону алаңқайларының күтіп-ұсталуын және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 1-тармағының 1)-7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген әуежай қызметінің сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
115) азаматтық авиация әуеайлағы ауданында объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
116) халықаралық әуе тасымалдарын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
117) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
118) азаматтық әуе кемесі данасы конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру;
119) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
120) порттық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
121) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асыру;
122) кемелерді, салдарды және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзбелі объектілерді және құрылыстарды олардың қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігіне қарап тексеруді жүргізу;
123) кемелермен, соның ішінде шағын көлемді кемелермен ішкі су жолдарында болған көлік оқиғаларын тергеуді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу;
124) алкогольден, есірткіден және уытқұмарлықтан мас күйдегі шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан шеттету және оларды медициналық тексеруге жіберу;
125) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргізуді жүзеге асыру;
126) порттың теңіз әкімшілігі жүргізетін теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тергеуді және есепке алуды бақылауды жүзеге асыру;
127) жеке және заңды тұлғалардың Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;
128) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
129) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, ішкі су көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
130) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
131) кемелерде техникалық пайдалану қағидаларының, қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
132) ішкі су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеме иелерінің, кеме экипажы мүшелерінің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
133) кемені пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін кемелерді (соның ішінде шағын көлемді), салдар мен өзге де жүзу объектілерін ұстауды жүзеге асыру;
134) кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қауіп болған кезде кемелердің (соның ішінде шағын көлемді), салдар мен өзге де жүзу құрылыстарының қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салуды жүзеге асыру;
135) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз кемелерін және шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды, теңіз кемелерінде және шағын көлемді кемелерде тексеру жүргізуді жүзеге асыру;
136) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті қарау, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
137) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
138) қысқы тұрақта тұратын, пайдаланудағы теңіз кемелеріне уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің байқау жүргізуін бақылауды жүзеге асыру;
139) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
140) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру;
141) кеме қатынасы су жолдарының және навигациялық жабдық құралдарының тиісті күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асыру;
142) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
143) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
144) ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
145) сервис орталықтарын (шеберханаларды) бақылауды жүзеге асыру;
146) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру;
147) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау және қадағалау, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;
148) өз құзыретінің шегінде тексерулер нәтижелері бойынша актілер жасау және су көлігінің қызмет ету тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарымдар енгізу;
149) кемеде кеме құжаттарының бар болуын тексеруді жүзеге асыру;
150) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
151) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) бекіту;
152) азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру;
153) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру;
154) теңгерімінде жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару;
155) техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
156) міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
157) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
158) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
159) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
160) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
161) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
162) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
163) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
164) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
165) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
166) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
167) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
168) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
169) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
170) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
171) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
172) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
173) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
174) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
175) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
176) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
177) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
178) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
179) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
180) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
181) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
182) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
183) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
184) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
185) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
186) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
187) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
188) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
189) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
190) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
191) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
192) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеу;
193) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
194) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
195) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
196) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
197) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
198) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
199) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
200) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
201) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
202) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
203) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
204) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
206) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
207) азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), бірлесе пайдалану және бірлесіп орналасу әуеайлақтарын есепке алуды жүзеге асыру;
208) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексерулер ұйымдастыру жөніндегі сертификатын беру;
209) авиациялық оқу орталығының сертификатын беру;
210) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру;
211) әуежайдың және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері мен Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларын келісу;
212) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізу;
213) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
214) мүдделі мемлекеттік органдар арасында авиациялық қауіпсіздік саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асыру, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерін тексеруде мемлекеттік органдарға жәрдемдесу, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
215) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
216) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
217) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
218) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
219) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
220) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
221) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
222) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шаралар қабылдау;
223) сертификаттауды және әуе қозғалысына қызмет көрсететін органның және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беруді жүзеге асыру;
224) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы ұшудың іздестіру-құтқарушылық және апаттық-құтқарумен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
225) авиациялық оқыту орталықтары және азаматтық авиация ұйымдары әзірлеген авиациялық персоналды кәсіптік даярлау бағдарламаларын келісу;
226) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес астананың және астаналық әуежайдың үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін белгілеу;
227) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін тұрақты қадағалауды жүзеге асыру;
228) қызметі сертификатталуға жатпайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
229) тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы бағдарламаны қабылдау;
230) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының негізінде әзірленген шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерудің тексеру парақтарының нысанын бекіту;
231) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
232) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
233) теңіз көлігі аясындағы навигация және байланыс саласындағы қызметтерді ұсыну жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;
234) шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуы, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтарын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін ашылған әуежайларды айқындау;
235) азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайы туралы ақпараттың нысанын бекіту;
236) шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесін перрондық және жоспардан тыс перрондық тексеруді жүзеге асыру;
237) метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және техникалық құралдардың күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Құқықтары мен міндеттері:
Министрліктің:
1) бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартуға;
2) өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті нұсқаулар беруге және нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;