13-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайда, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде, жазалау осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімдерде қолданылады.».
21. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; №13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат, № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
18-7-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына береді;».
22-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
22. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат):
22-баптың 1-тармағындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат):
1) 2-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) тергеу изоляторы - өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстар орындау үшін қалдырылған не түзеу мекемесінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жіберілген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабында көзделген тәртіппен ауыстырылған сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;»;
2) 5-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алынғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстап алу хаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолының болмауы салдарынан тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған күдіктіні өмір сүру және тәрбиелену жағдайы бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыру мүмкін болмаған жағдайларда, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 540-бабында көзделген тәртіппен заңға сәйкес бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы мүмкін;»;
3) 7-баптың 3-тармағындағы «Қылмыс» деген сөз «Қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер және айыпталушылар, заңнамада көзделген негіздер бойынша сараптама тағайындау қажет болған жағдайда, сондай-ақ оларға медициналық көмек көрсету жағдайында осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен медициналық мекемелерге орналастырылады.»;
5) 15-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) күдіктілер мен айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;»;
6) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтері бар, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға қатысты осы Заңның 19-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады.»;
7) 33-баптың 7-тармағындағы «жедел-іздестіру шаралары» деген сөздер «жедел-іздестіру іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын.
24-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
24. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 7) тармақ-шасының екінші бөлігіндегі «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, күзетілуге жататын өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операциялар өткізіледі;»;
3) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінiң бастығы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетiлуге жататын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткiзу кезiнде республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.
Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан тағайындайды.»;
4) 15-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 10-баптың 4-тармағында:
мынадай мазмұндағы 6-4) тармақшамен толықтырылсын:
«6-4) өзіне қатысты мемлекеттік қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
7-1) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
«9) қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған;
қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды қабылдауға болмайды.»;
2) 26-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Мыналар:
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан шығарылған адамды, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік қызметке қабылдау;
қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік қызметке қабылдау мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.»;
3) 27-баптың 1-тармағының 7-2) және 7-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан шығарылған адамды, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы;»;
4) 28-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру не қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, бірақ адамның іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде, тәртіптік жаза сотқа дейінгі тергеп-тексеруді не қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.»;
26. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат, 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Осы Заңның 2-бабында көрсетілген органдар Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, өз құзыреті шегінде осы Заңның негізінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.»;
2) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстардың алдын алуға немесе оларды ашуға ықпал ететін адамдарға қатысты зорлық-зомбылық немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекеттер жасалуының нақты қатері болған кезде, оларға қатысты да мемлекеттік қорғау шаралары қолданылуы мүмкін.»;
3) 23-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Соттан басқа, қылмыстық процесті жүргізетін орган қауіпсіздік шараларының қабылдануына қарамастан, қылмыстық процеске қатысушы адамға қатысты қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттің жасалу қатерінің анықталуына негіздер болған кезде осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге міндетті.».
27. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 6-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
2) 15-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың басшылары, жұмыскерлері, жеке тұлғалар психикалық ауруына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтын, заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы жоқ не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.».
28. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат, 2010 ж., № 24, 143-құжат, 2013 ж., № 14, 75-құжат):
9-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қабылданбайды.».
29. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат, № 8, 64-құжат, 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жедел-iздестiру іс-шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге, олардың нәтижелерiн қылмыстық процесте пайдалану үшiн тiркеуге, қылмыстарды ашуға, іс жүргізуіндегі қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын және прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;»;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның сауалдары бойынша тексерулер жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты басталған, іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша мәліметтерді және құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;
12) уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының сауалдары бойынша оңалту немесе банкроттық рәсімін жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты басталған, іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша мәліметтерді және құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.»;
2) 9-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) сотқа дейінгі іс жүргізуде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қажетті зерттеулерді жүргізуге;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға, сотқа дейінгі іс жүргізуде ғылыми-техникалық зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге;».
30. «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; №17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат, № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжат, № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат, 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
63-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласында немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымдар қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыстарды жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған, сондай-ақ көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған қоғамның лауазымды адамдары заңда белгіленген тәртіппен сотталғандығы жойылған немесе алынған не қылмыстық жауаптылықтан босатылған күннен бастап бес жыл бойы қоғамның лауазымды адамдары, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілі міндеттерін орындай алмайды.».
31. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):