5) жауап алу қиын немесе артық шығындармен байланысты болады деп пайымдауға негіз беретін себептер болған жағдайларда жүргізіледі.
2. Қашықтықтан жауап алуды жүргізу туралы шешімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өз бастамасымен немесе тараптың немесе қылмыстық процеске басқа да қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе прокурордың нұсқауы бойынша осы Кодекстің 188-бабында көзделген тәртіппен тапсырма жібере отырып, қабылдайды.
Қашықтықтан жауап алған кезде ғылыми-техникалық құралдар мен технологияларды пайдалану бейне мен дыбыстың тиісті сапасын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
3. Бейнебайланыс режимінде жүргізілген тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері осы Кодекстің 199-бабының талаптарына сәйкес тапсырманы орындайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жасайтын хаттамада көрсетіледі. Қашықтықтан жауап алу хаттамасында көмегі арқылы тергеу әрекеті жүргізілетін ғылыми-техникалық бейнежазба құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Жауап алынатын адамның хаттамаға толықтырулар мен нақтылаулар енгізу туралы талаптары міндетті түрде орындалуға жатады.
Хаттама оған қол қойылғаннан кейін істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында адамнан оның өтінішхаты бойынша оны тануды болдырмайтын сыртқы келбеті мен дауысы өзгертіле отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алынуы мүмкін.
214-бап. Куәдан және жәбiрленушiден жауап алудың ерекшелiктерi
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алу алдында куәнiң, жәбiрленушiнiң күдіктiге қандай қатысы бар екенiн анықтайды, оларға процестік құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, айғақтар беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi. Бұл ретте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәнің, жәбiрленушiнің өзiнiң, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін, сондай-ақ ал діни қызметшінің тәубеге келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi. Бұл құқықты пайдаланбаған куәге, жәбiрленушiге олардың көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледі.
2. Егер куә жауап алуға заң көмегін көрсету үшін шақырылған адвокатпен бірге келсе, онда адвокат жауап алу кезінде қатысады. Жауап алу аяқталғаннан кейін адвокат жауап алудың мәні бойынша ескертулер беруге және жауап алу хаттамасына енгізілуге тиіс өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
3. Қалған жағдайда куә мен жәбiрленушiден жауап алу осы Кодекстiң 210-бабының қағидалары бойынша жүргiзiледi.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 214-1-баппен толықтырылды
214-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу ерекшеліктері
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алуды бастаудың алдында қорғалуға құқығы бар куәға қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды көрсететін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың не куәлік айғақтардың мәнін хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәға оның айғақтар беруден бас тарту құқығын қоса алғанда, осы Кодекстің 65-1-бабының екінші бөлігінде көзделген құқықтарын түсіндіреді.
2. Қалған жағында қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
215-бап. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алу ерекшелiктерi
1. Он төрт жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алуға қатысу үшін, ал сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қалауы бойынша он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог және (немесе) психолог шақырылады. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкiлдерi қатысуға құқылы.
2. Он алты жасқа дейінгі куәлар мен жәбiрленушiлерге олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығы туралы ескертілмейді. Мұндай куәлар мен жәбiрленушiлерге процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіру кезінде оларға тек қана шындықты айту қажеттігі көрсетіледі. Кәмелетке толмаған куә мен жәбiрленушiге оның өзiнiң немесе жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тарту құқығы түсiндiріледі.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдардан жауап алу кезінде қатысып отырғандарға жауап алынып отырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық туралы, хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертулер жасау, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен жауап алынып отырған адамға сұрақ қою құқығы түсiндiрiледi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қойылған сұрақты қабылдамауға құқылы, бірақ оны хаттамаға енгізуге және қабылдамаудың себебiн көрсетуге тиіс.
216-бап. Күдіктiден жауап алу ерекшеліктері
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алудың алдында күдіктіге оның қандай қылмыстық жазаланатын әрекетті жасады деп күдік келтіріліп отырғанын хабарлайды, сондай-ақ оған айғақтар беруден бас тарту құқығын қоса алғанда, осы Кодекстің 64-бабында көзделген құқықтарды түсіндіреді.
2. Cотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге оған келтірілген күдіктің мәнін түсіндіре отырып, күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасауда өзін толық немесе ішінара кінәлі деп мойындайтынын не өз кінәсін мойындамайтынын анықтайды.
Күдіктінің жауап беруден бас тартуы оның өз кінәсін мойындамауы ретінде бағаланады.
3. Жауап алу күдіктiге келтірген күдік жөнінде және iс үшiн маңызы болуы мүмкін барлық басқа мән-жайлар бойынша айғақтар беруiн ұсынудан басталады.
4. Осы Кодекстің 67-бабында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 69-бабы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, қорғаушының қатысуы міндетті.
5. Қалған жағдайларда күдіктiден жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргiзiледi.
217-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою)
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Прокурор, тергеуші, анықтау органының бастығы, күдікті немесе оның іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокаты, сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат, егер жәбірленуші, куә болып табылатын адамнан сотқа дейінгі тергеп-тексеру не сот отырысы барысында неғұрлым кешірек жауап алу объективті себептерге (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұруы, шетелге шығуы, денсаулығының ауыр жағдайы, қауіпсіздік шараларын қолдану) байланысты мүмкін болмауы ықтимал деп пайымдауға негіз болған жағдайда, сондай-ақ психикасын жарақаттаушы әсер етуді болдырмау үшін кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілерден кейіннен жауап алуды болдырмау мақсатында тергеу судьясының олардан жауап алуы туралы өтінішхат беруге құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жолданымға қылмыстық істің жәбірленушінің, куәнің айғақтарын сақтауға қою қажеттігін растайтын материалдарын қоса береді.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік жаңа редакцияда; 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тергеу судьясы өтінішхатты алынған кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде қарайды және оның нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын тағайындайды, бұл туралы прокурорға, күдіктіге және оның іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатына, сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокатқа хабарланады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады және осы қаулы прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу үшін негіздердің бар екенін көрсететін мән-жайлар туындаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды. Кәмелетке толмағандардың айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат міндетті түрде қанағаттандыруға жатады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Тергеу судьясының жәбiрленушi мен куәдан жауап алуы прокурордың, күдіктінің (ол болған жағдайда), қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокатының, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың, ал қажет болған жағдайларда процеске басқа да қатысушылардың қатысуымен жүргiзiледi. Егер күдiктiнiң жауап алуға қатысуы жәбiрленушiнiң, куәнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, күдiктi жауап алуға шақырылмайды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде адамдардың сот отырысына қатысу үшiн келуiн қамтамасыз ету тергеу судьясына өтiнiш мәлімдеген адамдарға жүктеледi. Күдiктiнiң қорғаушысы адамды шақыру үшiн тергеу судьясына адамның жауап алуға келуiн қамтамасыз етуге көмек көрсету туралы өтiнiш мәлімдеуі мүмкiн.
Прокурордың, қорғаушының, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың, күдіктінің дәлелді себептер бойынша келмей қалуына байланысты жауап алуды жүргізу, егер осы баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында санамаланған мән-жайлар бұған кедергі келтірмесе, кейінге қалдырылуы мүмкін.
«2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 217-бабы үшінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 15-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз
4. Тергеу судьясының жауап алуы мен жауап алу хаттамасын жүргізуі осы Кодекстің 347, 369, 370, 371-баптарының қағидалары сақтала отырып жүргізіледі.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік жаңа редакцияда
5. Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тiркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қол қояды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде болған процеске қатысушылар сот отырысы хаттамасының көшiрмесiн алуға және оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде өз ескертулерін келтiруге құқылы. Тергеу судьясы хаттамаға ескертулерді келіп түскен күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан соң сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескертулер келтiрiлген болса, осы ескертулер және судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық iс материалдарына қосып тiгу үшiн сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жiберiледi.
218-бап. Беттестіру
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұрын жауап алынған екi адам арасында, егер олардың айғақтарында елеулi қайшылықтар болса, осы қайшылықтардың себептерін анықтау үшiн беттестіру жүргізуге құқылы.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда беттестiруге қорғаушы, педагог және (немесе) психолог, дәрiгер, аудармашы және жауап алынып отырған адамның заңды өкiлi қатыса алады.
3. Беттестiруді бастау алдында беттестiрiлiп отырған адамдардың бiрiн-бiрi бiлетiн-бiлмейтiндiгi және олардың арасында қандай қарым-қатынас бар екенi анықталады. Куә мен жәбiрленушiге олардың айғақтар беруден бас тартқаны, айғақтар беруден жалтарғаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi, сондай-ақ жауап алынатын адамдарға - олардың өзiне, жұбайына (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына қарсы, ал дiни қызметшiлерге - тәубеге келу үстiнде оларға сырын ашқан адамдарға қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiледi.
4. Беттестiруге шақырылған адамдарға анықтау үшiн беттестiру жүргiзiлiп отырған iстiң мән-жайлары туралы айғақтар беру кезек-кезегімен ұсынылады. Содан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сұрақтар қояды. Беттестiруге шақырылған адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен бiр-бiрiне сұрақтар қоя алады.
5. Беттестiру жүргізу кезiнде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам iске қоса берілген заттай дәлелдемелер мен құжаттарды көрсетуге құқылы.
6. Беттестiруге қатысқан адамдардың алдыңғы жауап алуда берген айғақтарын жариялауға олар беттестiруде айғақтар бергеннен және олар хаттамаға енгiзiлгеннен кейiн рұқсат етіледі.
7. Беттестiрудiң барысы мен нәтижелерi осы Кодекстiң 199-бабында көзделген қағидалар бойынша жасалатын хаттамада көрсетiледi.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам беттестiруге қатысқандарды хаттаманың мазмұнымен таныстырады. Жауап алынған адамдардың хаттамаға түзетулер мен толықтырулар енгiзудi талап етуге құқығы бар. Беттестiру хаттамасына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам және жауап алынған адамдар қол қояды. Әрбiр жауап алынған адам өз айғақтарына және хаттаманың әрбiр бетiне қол қояды.
27-тарау. ҚАРАП-ТЕКСЕРУ, КУӘЛАНДЫРУ
219-бап. Қарап-тексеру
Қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерiн және өзге де материалдық объектiлердi табу және анықтау, оқиғаның жағдайын анықтау және iс үшiн маңызы бар мән-жайларды айқындау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жергілікті жердi, үй-жайларды, нәрселерді, құжаттарды, тiрi адамдарды, мәйiттердi, жануарларды қарап-тексеруді жүргізеді. Қарап-тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқаулары осы тергеу әрекетiнің барлық қатысушылары үшiн мiндеттi.
220-бап. Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары
1. Қарап-тексеру бұған қажеттiлiк туындаған кезде, әдетте, кейiнге қалдырылмай жүргiзiледi.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар ала отырып, оқиға орнына дереу келуге және қарап-тексеру жүргiзуге міндетті.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның уақтылы келуі мүмкін болмаған жағдайда, қарап-тексеруді арыз немесе хабар келiп түскен анықтау органының анықтаушысы немесе өзге қызметкері жүргiзуге міндетті.
4. Анықтау органдарының қызметкерлерi қарап-тексеруді жүргiзу кезінде жәрдем көрсетуге және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасы бойынша оқиға орнын күзету, көзбен көргендерді анықтау және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды табу және ұстап алу, зардап шеккендердi көшiру, қаза болғандарды тасымалдау, жалғасып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қайталануының алдын алу және оқиғаның өзге салдарларын жою жөнiндегi қажеттi іс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
5. Қарап-тексеру оның барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып, ал осы баптың он үшінші және он төртінші бөліктерінде көзделген жағдайда куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі.
6. Қажет болған кезде қарап-тексеру күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
7. Табылған iздердi және өзге де материалдық объектiлердi қарап-тексеру тергеу әрекетi жүргiзiлетiн жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеруге ұзақ уақыт талап етілсе немесе қылмыс анықталған жерде қарап-тексеру елеулi түрде қиын болса, объектiлер ол жерден алынып, қапталып, мөрленіп және бүлдірілмей, қарап-тексеруге ыңғайлы басқа жерге жеткiзiлуге тиiс.
8. Қарап-тексеру кезiнде табылғанның және алып қойылғанның барлығы куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
9. Іске қатысы бар объектiлер ғана алып қойылуға жатады. Алып қойылған объектiлер қапталады, мөрленеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның және куәгерлер тартылған кезде олардың қол қоюы арқылы расталады.
10. Қарап-тексеруге қатысатын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның назарын, өз пiкiрлерi бойынша, iстiң мән-жайларын анықтауға ықпал ететiннің барлығына аударуға құқылы.
11. Қарап-тексеру кезінде қажет болған жағдайларда қарап-тексерілетін объектiлерге өлшеу жүргiзiлiп, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiру және өзге де құралдармен түсіріп алу жүргiзiледi, бұл туралы хаттамада белгi жасалып, оған көрсетілген материалдар қоса тiркеледі.
12. Тірі адамды қарап-тексеру оның киген киімдерін және денесінің ашық бөліктерін көзбен шолу, сырттай қарап-тексеру нысанында жүргізіледі, оның барысы мен нәтижелері тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 13-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
13. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келiсуiмен немесе тергеу судьясының санкциясымен ғана жүргiзiледi. Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса немесе олардың психикалық немесе өзге де ауыр науқастардан зардап шегетiнi көрінеу белгiлi болса немесе олар қарап-тексеруге қарсы болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оған тергеу судьясынан санкция алынуға тиiс. Санкция беруден бас тартылған жағдайда, қарап-тексеру жүргiзiлмейдi.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 13-1-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 13-1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1. Тұрғын үй-жайды мәжбүрлеп қарап-тексеру жүргізу қажет болған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қарап-тексеру жүргізу туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің қарап-тексеру жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
13-2. 2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 13-3-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 13-3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-3. Материалдар сотқа келіп түскен соң тергеу судьясы қарап-тексеруді жүргізу туралы қаулыны дереу қарайды.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 13-4-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 13-4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 13-4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-4. Тергеу судьясы қаулыны және ұсынылған материалдарды қарап шығып, қарап-тексеруді санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады. Тергеу судьясының шешімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бөлік жаңа редакцияда
14. Егер тұрғын үй-жай оқиға орны болса және оны қарап-тексеруді кейiнге қалдыруға болмаса, онда тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кейiннен материалдарды бір тәуліктік мерзімде тергеу судьясына жібере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалына қоса тігіледі.
Жүргізілген қарап-тексерудің заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда, оның нәтижелері iс бойынша дәлелдемелер ретiнде жіберіле алмайды.
15. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кезiнде онда тұратын кәмелетке толған адамның қатысуы қамтамасыз етiлуге тиiс. Оның қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органның өкiлдерi шақырылады.
2021.02.07. № 62-VII ҚР Заңымен 16-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Ұйымдардың үй-жайлары мен аумағындағы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте не жеке практикамен айналысатын адамдар пайдаланатын үй-жайлар мен аумақтардағы қарап-тексеру олардың әкімшілігі өкілдерінің не үй-жайлар, аумақтар иелерінің, пайдаланушыларының немесе жалға алушыларының қатысуымен жүргізіледі. Олардың қатысуы мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілдері шақырылады.
2021.02.07. № 62-VII ҚР Заңымен 16-1-бөлікпен толықтырылды
16-1. Егер осы баптың он алтыншы бөлігінде аталған адамдар қарап-тексеруге қарсылық білдірсе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оны тергеу судьясы санкциялауға тиіс.
Санкция беруден бас тартылған жағдайда қарап-тексеру жүргізілмейді.
2021.02.07. № 62-VII ҚР Заңымен 16-2-бөлікпен толықтырылды
16-2. Тергеу судьясының осы баптың он алтыншы бөлігінде көрсетілген үй-жайлар мен аумақтарды мәжбүрлеп қарап-тексеруді санкциялау тәртібі осы баптың 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
2021.02.07. № 62-VII ҚР Заңымен 16-3-бөлікпен толықтырылды
16-3. Ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте не жеке практикамен айналысатын адамдар пайдаланатын үй-жай немесе аумақ оқиға орны болып табылған жағдайларда, оларды қарап-тексеруге тергеу судьясының санкциясы талап етілмейді.
17. Дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан үй-жайлардағы, сол сияқты дипломатиялық өкiлдiктердiң мүшелерi мен олардың отбасылары тұратын үй-жайларды қарап-тексеру тек дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның өтiнiшi бойынша немесе оның келiсуiмен және қатысуымен ғана жүргiзiледi. Дипломатиялық өкiлдiң келiсiмi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұратылады. Қарап-тексеру жүргiзiлген кезде прокурордың және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.
18. Егер бiрiншi қарап-тексеру кезінде объектiнiң бөлшектерi қандай да бiр себептер бойынша зерттелмеген болса, оларды қосымша қарап-тексеру жүргiзiледі.
19. Нақ сол объектіні қайтадан қарап-тексеру:
1) бастапқы қарап-тексеру жағдайлары объектінің тиімді қабылдануы үшін қолайлы болмаған ретте;
2) егер бастапқы қарап-тексеруден кейін жаңа мәліметтер алынуы мүмкін болса;
3) егер бастапқы қарап-тексеру сапалы жүргізілмеген жағдайда, өткізілуі мүмкін.
221-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру және сақтау
1. Оқиға орнын, жергілікті жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезiнде табылған, тiнту, алу, тергеу экспериментi немесе басқа тергеу әрекеттерiн жүргізу кезiнде алынған не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның талап етуi бойынша ұйымдар және азаматтар ұсынған нәрселер осы Кодекстiң 220-бабының қағидалары бойынша қарап-тексерілуге жатады.
2. Көрсетілген нәрселер қарап-тексерілгеннен кейiн осы Кодекстiң 118-бабының қағидаларына сәйкес заттай дәлелдемелер деп танылуы мүмкiн. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәрсені заттай дәлелдеме ретiнде тану және оны iске қоса тiркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелдеменi iспен бiрге қалдыру немесе оны иесiне немесе өзге адамдарға немесе ұйымдарға сақтауға өткiзу туралы мәселе шешiлуге тиiс.
3. Егер нәрселерді ауқымды болуына немесе өзге де себептерге байланысты қылмыстық iспен бiрге сақтау мүмкін болмаса, олар фото- немесе бейнетүсіру құралдарымен түсiрiп алынуға, мүмкiндiгiнше мөрленуге және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам көрсеткен орында сақталуға тиiс. Iске заттай дәлелдеменің үлгiсi қоса тiркелуi мүмкiн. Істе заттай дәлелдеменің табылған жерi туралы тиiстi анықтама болуға тиiс.
Заттай дәлелдемелерді алып қою, сақтау, беру және жою, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны сақтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкін болмаса, жергілікті атқарушы орган айқындайтын тиiстi ұйымдарға мақсатына сай пайдалану не алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзетін органның депозитiне сала отырып, өткізу үшін тапсырылады. Сақталуы елеулі материалдық шығындарды талап ететiн заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкiн болмаса, не олардың иесі анықталмаған жағдайда, өткізіледі. Заттай дәлелдемелер алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның депозитiне сала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткізіледі. Негiздер болған кезде пайдаланылған немесе өткізілген заттай дәлелдемелер иесіне сондай түрдегі және сападағы нәрселермен өтеледі немесе соңғысына соттың шешімі бойынша мемлекеттік бюджет есебінен олардың құны төленедi.