2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында орналасқан қаржы құралдарына;
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге де активтерге инвестициялау жолымен оларға билік етуге құқылы.
6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
Ақшаны жария ету рәсімімен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету
1. Жария ету субъектісінің Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлкі (ақшадан басқа) мынадай:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен алымды төлеу;
2) жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру шарттарының жиынтығы сақталған кезде жария етуге жатады.
Бұл ретте төленген алым арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің құнынан есептелген алым мөлшеріне міндетті түрде сәйкес болуға тиіс.
2. Арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жария ету субъектісінің мүлікке не басқа тұлғаның мүлікті жария ету субъектісіне бергенге дейінгі оған меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) арнайы декларацияға қоса беріледі.
Бағалы қағаздарды, қатысу үлесін жария еткен жағдайда жария ету субъектісі меншік құқығын растайтын шет мемлекеттің тиісті органы немесе ұйымы берген өзге де құжатты ұсынуы мүмкін;
3) шет мемлекеттің қолданатын құқығына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған, басқа тұлғадан жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікке меншік құқығын өтеусіз немесе өзге де нысанда беру туралы шарттың немесе өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер арнайы декларацияға қоса беріледі.
Арнайы декларацияға қоса берілетін құжаттар және (немесе) мәліметтер қазақ немесе орыс тілінде ресімделген болуға немесе нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болуға тиіс.
3. Осы бапта көрсетілген мүлік жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілді деп саналады.
4. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.
2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету
1. Осы баптың қағидалары бойынша жария ету субъектісі басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыруы арқылы жүргізіледі.
3. Арнайы декларацияға арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
3) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер қоса беріледі.
4. Басқа тұлғаға ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке (ақшадан басқа) жария ету субъектісінің меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлік жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілді деп саналады.
6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария етудің рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.
2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Жария ету субъектісіне салықтық рақымшылық жасау
1. Салықтық рақымшылық жасау жария етілген ақшаны, жария етілген мүлікті (құрылысты) сатып алу үшін қаражатты қалыптастыру көзі болып табылатын жария ету субъектісінің кірісіне, сондай-ақ мүлікті жария еткенге дейін пайдаланудан (билік етуден) түскен кірістерге (бұдан әрі - жария ету субъектісінің кірісі) осы Заңда көзделген тәртіппен жария ету субъектісі мүлікті жария ету кезінде қолданылады.
2. Салықтық рақымшылық жасау деп осы Заңмен белгіленген тәртіппен мүлік пен ақшаны жария еткен жағдайда - жария ету субъектісінің 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде алған кірісі жөнінде жеке табыс салығы бойынша жария ету субъектісінің салық міндеттемесін тоқтату түсініледі.
3. Салықтық рақымшылық жасауға жататын жеке табыс салығының мөлшері:
1) өтініште немесе арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің (ақшадан басқа) құнының;
2) арнайы декларацияда көрсетілген ақша сомасының;
3) мүлікті жария еткенге дейін оны пайдаланудан (мүлікке билік етуден) алынған кіріс мөлшерінің он пайызы мөлшерінде айқындалады.
4. Жария ету субъектісінің салық міндеттемесі осы бапта белгіленген шарттар сақталған кезде тоқтатылуға жатады.
5. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
Салықтық рақымшылық жасау рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.
11-бап. 2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-бап. Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдаудың ерекшелiктерi
Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
13-бап. 2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. 2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Мүлікті репатриациялау
Осы Заңда көзделген кепілдіктерді беру, егер тиісті мүлік оны жария еткен күні:
1) ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымы орындалмайтын және (немесе) толық дәрежеде орындалмайтын;
2) салық салу мақсаттары үшін ақпарат алмасу жөніндегі нормаларды қамтитын халықаралық шарт жасалмаған мемлекетте (аумақта) орналасқан жағдайларды қоспағанда, арнайы декларацияда көрсетілген мүлікті Қазақстан Республикасының аумағына қайтару фактісіне байланысты болмайды.
2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Осы Заңда белгіленген талаптарды бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің осы Заңда белгіленген талаптар мен кепілдіктерді бұзуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығына әкеп соғады.
2. Жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген талаптар мен шарттарды бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлікті және (немесе) кірісті жария ету нәтижелерін жоюға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
16-бап. Комиссия қабылдаған шешімдерге қатысты құқық мирасқорлығы және өкілдік
Комиссияның мүдделерін, оның ішінде комиссия қызметінің тоқтатылған кезінен бастап мүдделерін білдіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Құқық мирасқорына мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы комиссия шешім шығарған мүлікке қатысты талапкер немесе жауапкер болу өкілеттіктері ауысады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Шағым жасау тәртібі
Комиссияның, мемлекеттік кіріс органының шешімдеріне, сондай-ақ мүлiктi жария етуді өткізу кезіндегі өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Арнайы ережелер
Осы Заңның ережелері, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жария етуге (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттемелерді, сондай-ақ «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының және оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актілердің ережелерін қоса алғанда, ешқандай түрде ешқандай да ерекшеліктерді көздемейді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген Қазақстан Республикасының міндеттемелерін қозғамайды және шектемейді.
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы маусымның 30-ы.
№ 213-V
«Қазақстан Республикасының
азаматтарына, оралмандарға және
Қазақстан Республикасында
тұруға ықтиярхаты бар адамдарға
олардың мүлікті жария етуіне байланысты
рақымшылық жасау туралы»
Қазақстан Республикасының
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 213-V Заңына 1-қосымша
__________________________
(өтініш берілетін орган)
Мүлікті жария етуді өткізуге арналған
ӨТІНІШ
(екі данада толтырылады)
Т.А.Ә. __________________________________________________________________________________________________
ЖСН___________________________________________________________________________________________________
Тұрғылықты жері ________________________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ___________________________, сериясы __________________________________
№ _________ берілген күні ____________________________________________________________берген.
Жария етілетін мүліктің тізбесі | Мүліктің құны (мың теңге) | Орналасқан мекен-жайы |
| | |
| | |
| | |
Мүліктің жиынтық құны | | |
Өтінішке мынадай құжаттарды (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) қоса беремін:
__________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________
(күні, айы, жылы) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________________________________________________
(өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы)
_________________________________________________________________________________________________________
(орган басшысының Т.А.Ә. және қолы)
М.О. Өтініш қабылдаған күн:
20 ___ жылғы «____» _________
2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының
азаматтарына, оралмандарға және
Қазақстан Республикасында
тұруға ықтиярхаты бар адамдарға
олардың мүлікті жария етуіне байланысты
рақымшылық жасау туралы»
Қазақстан Республикасының
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 213-V Заңына 2-қосымша
Жария ету үшін ағымдағы банктік шотқа ақша
енгізілгенін/аударылғанын растау туралы
АНЫҚТАМА
Анықтама берілген күн 20___жылғы «___»_________
Банк/Ұлттық пошта операторы ________________________________________________
___________________________________________________________________________
(банктің/Ұлттық пошта операторының толық атауы)
жария ету субъектісі _________________________________________________________
___________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжат
____________________________________________________________________________
(№, кім және қашан берген), тұрғылықты жері, ЖСН)
20____ жылғы «___»___________ағымдағы банктік шотқа__________________________
____________________________________________________________________________
(цифрлармен және толық жазылады, валютаның түрі)
сомасында ақша енгізгенін/аударғанын куәландырады.
Т.А.Ә./Қолы _________________________________________________________________
(Банктің/Ұлттық пошта операторының уәкілетті адамы)
Мөр бедері (болған жағдайда)___________________________________________________
(Банктің/Ұлттық пошта операторының)