Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi татуластыру комиссиясының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.
3. Татуластыру комиссиясы қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешiктiрілмейтін мерзімде қарайды. Татуластыру комиссиясының талаптарды қарау тәртiбi, қараудың көрсетiлген мерзiмiн ұзарту тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.
4. Татуластыру рәсiмі процесінде татуластыру комиссиясы қызметкерлермен (олардың өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлердің бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi тұлғалармен консультациялар жүргiзедi.
5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi, тараптар үшiн мiндеттi күшi болады және татуластыру комиссиясының шешімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындалады.
6. Татуластыру комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде оның жұмысы тоқтатылады, ал дауларды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады.»;
29) 295-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың (медиатордың) қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген барлық жағдайларда, аяқталмаған татуластыру рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келiсiмнiң шарттары дауды шешудiң шарттары деп есептеледi.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткiзген келiсiмдер жазбаша нысанда ресiмделедi.»;
30) 297-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұжымдық еңбек дауындағы реттелмеген келiспеушiлiктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткiзiлуге тиiс.»;
31) 319-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«319-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк актiлердi қабылдау
1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк актiлер қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсiмдер мен нормативтердi белгiлейдi.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді, бекітуді және қайта қарауды жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
32) 328-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодексте белгіленген тәртіппен және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп бекітетін критерийлер негізінде жүзеге асырылады.»;
33) мынадай мазмұндағы 328-1 және 328-2-баптармен толықтырылсын:
«328-1-бап. Бақылау субъектісіне бару
1. Бақылау субъектісіне барған кезде жұмыс берушіні алдын ала хабардар ету және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторы бақылау субъектісіне барған кезде:
1) қызметтік куәлігін;
2) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажетті болатын медициналық рұқсатты көрсетуге міндетті.
3. Бақылау субъектілері мемлекеттік еңбек инспекторы барған кезінде:
1) мемлекеттік еңбек инспекторының баратын бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, барудың міндеттері мен нысанасына сәйкес болу нәтижелері туралы актіге қоса беру үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге;
3) болу нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі соғуға;
4) объектіде болу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес әсер етудің зиянды және қауіпті өндірістік факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторының кіруіне кедергі келтірілген жағдайда, болуды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторы және бақылау субъектісінің уәкілетті адамы қол қоятын хаттама жасалады.
5. Болу ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидаларында белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
6. Бақылау субъектісінде болу мерзімі бір күннен аспауға тиіс.
7. Бақылау субъектісінде болу нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ бақылау субъектісіне болу нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, болу нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.
Болу нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау органының атауы;
3) болуды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) баратын бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), болған кезде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) болу күні, орны және кезеңі;
6) болу нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
7) баратын бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ болу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы;
8) болуды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының қолы көрсетіледі.
8. Болу нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы не олардың өкілдері оларды жазбаша түрде береді.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болу нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі соғылады.
9. Болу нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да әрекеттер жасау үшін жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның басшысына не олардың өкілдеріне тапсырылады.
10. Болу нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау субъектісі қарсылықтар болмаған кезде, болу нәтижелері туралы актіні алған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерілетін субъектілерге бару мен тексеруді есепке алу кітабында тегін, лауазымын және актіде жазылған деректерді көрсете отырып, жүргізілетін әрекеттер туралы жазба жасауға міндетті.
12. Болу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, болу нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
328-2-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, бақылау субъектілеріне барудың міндетті ведомстволық есептілігінің нысандарын әзірлейді және бекітеді.
2. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция тұрақты және үздіксіз негізде бақылау субъектілеріне барудың саны мен қолданылған шаралардың ведомстволық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
Бақылау субъектілеріне барудың ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекцияның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
34) 340-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жұмыс берушілер анықталған бұзушылықтарды жою туралы талапты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторға осы талапты қарау нәтижелері және қолданылған шаралар туралы хабарлауға міндетті.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор осы Кодекстің 341-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманмен), мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара іс-қимыл жасайды.»;
35) 341-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, қызметкерлердің жұмыс орындарына кiруге;».
3-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«Еңбек» (Труд).»;
2) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. «Еңбек» орденiмен азаматтар елеулі еңбек үлесі, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға және өнімнің сапасын жақсартуға ықпал ететін өндірістегі аса жоғары көрсеткіштері үшін наградталады.».
4. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 10-бапта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.
Жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференцияны, жиналысты) шақыратын жеке тұлғалар және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары - жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәсіптік одақ кәсіптік одақтың құрылтайшысы болып табылуы мүмкін.»;
2) 11-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа, қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында оларға шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелiгi (қатысуы) көзделуi мүмкiн.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтардың мүшелері (қатысушылары) болып табылуы мүмкін.».
5. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53 құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат):
19-баптың 2-тармағында:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.
Жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференцияны, жиналысты) шақыратын жеке тұлғалар және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктің құрылтайшылары - жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтың құрылтайшылары болып табылуы мүмкін.».
6. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-кұжат; 2014 ж., № 2, 10-кұжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
«30) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.».
7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген;»;
2) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын үстеме тексерулердi қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркеледi.
Тексерулердi тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдердi басқарудың ведомстволық жүйелерiн қалыптастыру мен жетiлдiру үшiн пайдаланылады.
Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеудің болуы осындай тексерудiң заңдылығына дәлелдеме болып табылмайды.
Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, салық қызметi органдары жүзеге асыратын үстеме тексерулердi тағайындау туралы актiлер жөніндегі жалпы мәлiметтер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бөлінісінде тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.».
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 4) тармақшасының жетінші абзацын, 19) және 20) тармақшаларын;
2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы маусымның 27-і.
№ 212-V