2) 14-1-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының отызыншы - отыз жетінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармағын, 4-тармағы 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 6) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтарын және 7) тармақшасының он алтыншы абзацын;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының он үшінші абзацын, 4-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын және 7) тармақшасының он жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын және тоқтата тұру кезеңiнде бұл абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;».
3. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларының қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын және тоқтата тұру кезеңiнде бұл тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«5) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 570-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «163 (бірінші, екінші, бесінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 576-1-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «163 (бірінші, екінші, бесінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
жиырма төртінші абзацтағы «163» деген цифрлар «163 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз екінші абзацтағы «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз үшінші абзацтағы «163 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші және жетінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз төртінші абзацтағы «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын»;».
4. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 11) тармақшасының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарының қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiнгі кезеңге тоқтатыла тұрсын және тоқтата тұру кезеңiнде бұл абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органдары алкоголь өнімін және этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциз бекеттерін орнатады.»;»;
5. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 6) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарының қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын және тоқтата тұру кезеңiнде:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн бұл абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн бұл абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде отыз пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы маусымның 18-і.
№ 210-V