Хаттаманың тармақтарын бақылауға алу туралы Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы хаттаманың жобасын дайындау кезінде ЭҚАБЖ-да ресімделеді және орындау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
«ҚПҮ» белгісі бар хаттамалар БҚҚБ-ға қағаз түрінде және электрондық нысанда (электрондық жеткізгіштерде) ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-1-тармақ жаңа редакцияда
14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда
15. Шетелдік сапарлардың қорытындылары бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке берген тапсырмаларды үйлестіруді Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі жүзеге асырады.
Прокурорлық қадағалау актілерінің орындалуын мониторингілеуді Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі жүзеге асырады.
Мемлекет басшысының жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Үкіметке орындау үшін ұсынылған қаулыларының орындалуын үйлестіруді Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізуінде жүзеге асырылады.
17. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің Басшысымен келісім бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргізуге және бұзылуы анықталған фактілер туралы шешім қабылдау үшін Басшылыққа баяндауға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды
18-1. Бұрыштама соғар және қол қою алдында Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының атына орындалуы туралы жауаптардың жобаларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына нөмірге сілтеменің, құжат нөмірі мен тапсырма тармағының дұрыстығын тексеру үшін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды
18-2. Премьер-Министрде бақылау тәртібімен қаралатын тапсырмалар (Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрдегі кеңестердің хаттамалары) бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі апта сайын әр сенбіде сағат 11-ден кешіктірмей ақпаратты бақылаудағы әрбір тармағы бойынша бөлім меңгерушісінің, ал ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы тұлғаның қол қоюы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді. Мұндай тапсырмалардың тізбелерін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің атына Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі апта сайын әр бейсенбіде жібереді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 18-3-тармақпен толықтырылды
18-3. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай БҚҚБ-ға орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бақылаудағы тапсырмаларды орындауы туралы ақпаратты ұсынады.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда
19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрі сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдер жобаларының әзірленуіне, олардың Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрдің қарауына ұсынылуы үшін жауапкершілік орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жүктеледі. Бұл ретте, көрсетілген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлімшелер мен лауазымды адамдарды белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы үшін бақылауды мынадай лауазымды тұлғалар жүзеге асырады:
1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы және орындаушылық тәртіптің сақталуы үшін бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының жанында «(жинақтау)» немесе «(жинақ)» деген белгісі бар орган жауапты болып табылады.
Тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген жағдайда, яғни «(жинақтау)» немесе «(жинақ)» деген белгісі болмаса, тапсырмада тізбеленген органдардың барлығы өз жауаптарын тапсырма берушіге жібереді.
Тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган қажеттілік болған жағдайда, бірлесіп орындаушылармен бірге кеңес өткізеді.
Егер Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасында «өте шұғыл», «шұғыл» және «жеделдетілсін» белгілері бар болса, онда Премьер-Министрдің Кеңсесі дереу (сол күні) оларды орындаушы мемлекеттік органға (ұйымға) және бірлесіп, орындаушы мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар):
1) тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде - «өте шұғыл» белгісі бар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей - «шұғыл», «жеделдетілсін» белгісі бар, шұғыл бақылауға;
2) егер тиісті тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, қысқа мерзімді бақылауға;
3) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, тапсырманы белгіленген орындау мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей орта мерзімді бақылауға;
4) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей ұзақ мерзімді бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (ұйымға) өз ұсыныстарын енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар Үкімет және Кеңсе басшылығының атына енгізілгенге дейін олар ведомстволық бақылау қызметтерімен оларда Басшылық тапсырмаларына (Президент және Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшылығының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күніне және нақты тармағына әрі берілген деректемелерге мөр қойылуға тиіс) олардың ресімделуінің дұрыстығына сілтемелердің болуы, сондай-ақ Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының орындалу мерзімдерінде және олармен бекітілген іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктердің жоқтығы мәніне келісілуі (бұрыштама қойылуы) тиіс.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-2. Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды орындау туралы есептерді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оларды орындау мерзімдері аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал орындау мерзімі бес күннен кем тапсырмалар бойынша - тиісті хаттама келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде Кеңсеге ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 20-3-тармақпен толықтырылды
20-3. Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы өткізген кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы есептер берген кезде жинақтауға жауапты орындаушы мемлекеттік орган хатпен әрбір тармақ бойынша атқарылған жұмыс және орындау туралы жиынтық ақпарат, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелерін береді.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда
21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
22. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
23. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
24. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
25. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 26-тармақпен толықтырылды
26. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ депутаттық сауалдарды, Парламенттің хаттары мен Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобаларына қорытындыларды алған кезде Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал «өте шұғыл» белгісі бар тапсырманы - дереу, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырма дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 27-тармақпен толықтырылды
27. Орындалу мерзімі ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан келер жылғы 5 қаңтарға дейінгі кезеңді қоса алғанда аяқталатын бақылаудағы құжаттарды орындау бойынша ақпараттар, есептер жыл сайын ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне берілуге тиіс
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 28-тармақпен толықтырылды
28. Президент, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Үкімет, Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының актілері мен тапсырмаларын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың орындау сапасына бақылау жүргізуге, сондай-ақ Президент Әкімшілігі бекітетін жыл сайынғы кестеге сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлігіне қорытындыларды беруге Премьер-Министр Кеңсесінің мынадай құрылымдық бөлімшелері жауапты болып табылады:
1) орталық мемлекеттік органдар бойынша - Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі;
2) жергілікті арқарушы органдар бойынша - Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік хат-хабар секторында», «қызметтік хат-хабар секторы», «қызметтік хат-хабар секторының» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторында», «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және
олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Кеңсе) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін регламенттейді.
2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Кеңсеге келіп түскен күні БҚҚБ-да және ЭҚАБЖ-да тіркеледі.
Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі автор тегінің бастапқы әрпінен, тіркеу-бақылау нысанындағы (бұдан әрі - ТБН) реттік нөмірден және «ЖТ» әріптік индексінен тұрады.
Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі өтінішке қол қойған лауазымды адам тегінің бастапқы әрпінен, ТБН-дегі реттік нөмірден және «ЗТ» әріптік индексінен тұрады.
Иесі бүркемеленген өтініштің тіркеу нөмірі «АНМ» әріптік индексінен және ТБН-дегі реттік нөмірден тұрады.
Бір күнтізбелік жыл ішінде өтініш қайта түскен кезде «екінші», «үшінші» және одан әрі реті көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал ТБН-де бірінші құжаттың нөмірі көрсетіледі. Қайталама өтініштің бірінші парағының үстіңгі оң жақ бұрышында және ТБН-де «Қайталама» деген белгі қойылады. Қайталама өтініштерге алдыңғы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.
Бір адамнан бір мәселе бойынша кемінде екі рет түскен, онда:
1) алдыңғы өтініш бойынша қабылданған шешімге шағымданатын;
2) бұрын жіберген өтініші түскен уақыттан бері қарау мерзімі өткен, бірақ өтініш иесі жауап алмаған болса, оның уақтылы қаралмағаны туралы хабарланатын;
3) алдыңғы өтінішті қарау және шешу кезінде жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетілетін өтініш қайталама өтініш болып есептеледі.
Бір адамның бір мәселе бойынша әртүрлі адресаттарға жіберілген және қарау үшін бір ұйымға келіп түскен өтініштері бірінші өтініштің тіркеу нөмірімен, қисық сызық (бөлшек) арқылы қойылатын реттік нөмірді қоса отырып, есепке алынады.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері өтініш беруші ЭЦҚ-сының тұтастығы мен дұрыстығы тексерілгеннен кейін тіркеуге жатады.
Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол қисынды, қысқа, өтініштің (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті қарауға жіберудің атаулығын негіздеуі қажет.
Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.
Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізушінің түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.
Өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, іс жүргізу және мұрағат секторының өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған талон (1а-қосымша) беріледі.
5. Егер бірінші өтінішті тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлі мәселелер бойынша өтініштері бастапқы болып саналады.
Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш ретінде қаралады.
Олар бойынша авторға толымды жауап берілген сол бір мәселе бойынша көп мәрте келген өтініштер қайталама болып саналмайды және қаралмайды.
Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне «екінші», «үшінші» деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.
Кеңсенің іс жүргізу және мұрағат секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде толымды жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері қосымша қарауға жатпайды, өтініш берушіге үш күн мерзімде бұл туралы хабарланады.
6. Өтініштер мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрі - Басшылық) баяндалады немесе Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне береді не олардың құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жолдайды.
Өтініштерді Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп карточкасында тиісті белгі жасалып, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелеріне беріледі. Бұл үшін мынадай тіркеу, бақылау карточкалары (бұдан әрі -карточкалар) екі данада басылады: карточканың бір данасы құжаттармен қоса Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне одан әрі жөнелту үшін беріледі, қойылған қолы, күні бар екінші карточка қажеттілік болғанда -құжаттың алынған уақытынан бастап іс жүргізу және мұрағат секторының ағымдағы картотекасында сақталады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Жеке тұлғалардың өтініштері орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қол қойған ілеспе хатпен бірге дереу жіберіледі, бұл туралы белгіленген тәртіппен өтініш берушіге жазбаша хабарланады.
8. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторы Басшылықтың жеке тұлғалардың өтініштері бойынша Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететін «баяндалсын», «хабарласын» деген және басқа да нақты мерзімдері көрсетілген белгісі бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте өтініштер мен карточкаларға «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» («Взято на контроль») және «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауаппен бірге қайтарылуға жатады» («Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом») деген мөртабандар қойылады.
9. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледі.
Егер жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарау Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылса, онда қарарда бірінші көрсетілген не атауының тұсында «(жинақтау)» деген белгі тұрған бөлімше орындалуын бақылау үшін жауапты болып табылады.
10. Басшылықтың нұсқауы бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хаттың есеп карточкасының тыс жағына іс жүргізу және мұрағат секторы бұл туралы белгі қояды, тиісті түзету енгізіледі және электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына тиісті есепті деректер енгізіледі.
11. Жеке тұлғалардың өтініштеріне Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын, ал қосымша зерделеуді және тексеру жүргізуді талап етпейтіндер 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын болып белгіленеді және оларды Кеңсеге тіркеген күннен бастап есептеледі.
Егер оған жауапта өтініштерде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, өтінішті қарауды аяқталды деп санауға болмайды.
Өтініштерді қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда оларды қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспай ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Өтініштердің нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) өтініштерді толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) мұндай шешім қабылдаудың негізділігімен өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) өтініштің мән-жайы бойынша түсініктеме беру туралы;
4) өтінішті қарауды тоқтату туралы.
12. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады. Бұл ретте оның тиісті қарары өтінішті бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.
Бақылаудағы өтініштерге жауаптар түскен кезде Кеңсенің олардың орындалуы үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері өтініштерде қойылған мәселелерді шешудің сапасы мен толықтығын зерделейді және Басшылыққа қарау нәтижелері туралы бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе басқа да іс-әрекеттер туралы ұсыныспен бірге баяндайды. Жеке және заңды тұлғалардың бақылаудан алынған өтініштері бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылар есеп карточкасындағы тиісті бағанды толтырады, одан кейін өтініштер мен оларға материалдар құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатына есеп карточкаларымен бірге тапсырылады.
13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған, почталық мекен-жайы көрсетілмеген өтініштері жасырын өтініштер деп саналады және оған мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда іс жүргізу және мұрағат секторы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.
Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен оларға барлық материалдар іске түзіледі және мұрағатқа тапсырылады.
Бүркеншік өтініштер іс жүргізу және мұрағат секторында зерттеледі және бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.
15. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлеріне Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана беріледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, азаматтардың өтініштерін қарау туралы статистикалық деректер есепті кезеңдерде белгіленген тәртіппен ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)