2. Тапсырысты почта жөнелтiмiн почта операторы көрсетiлетiн қызмет үшiн алдын ала ақы алып қабылдайды және оған түбiртек бередi.
13-бап. Құндылығы жарияланған почта жөнелтiмдерi
1. Бағалы қағаздар, құжаттар немесе бағалы заттар бар почта жөнелтiмдерi құндылығы жарияланған тiркелетiн почта жөнелтiмдерiне жатады.
2. Пайдаланушылар құндылығы жарияланған почта жөнелтiміндегі салым құндылығының сомасын почта байланысының қызмет көрсетуiнiң ережелерiне сәйкес өздерi дербес айқындайды және буып-түю түрiн таңдап алады.
3. Жөнелтушi құндылығы жарияланған почта жөнелтiмiне ақыны почта операторының түбiртегiн ала отырып, алдын ала төлейдi.
14-бап. Почта жөнелтiмiн алғаны туралы хабарлама
1. Тапсырысты почта жөнелтiмiн немесе құндылығы жарияланған почта жөнелтiмiн жiберу кезiнде жөнелтушi адресаттың почта жөнелтiмiн алғаны туралы өзiне хабарлама жiберудi талап етуге құқылы.
2. Адресаттың почта жөнелтiмiн алғаны туралы хабарламаның тарифiн жөнелтушi почта операторының түбiртегiн ала отырып, алдын ала төлейдi.
15-бап. Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi
1. Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi почта операторының пайдаланушылардың почта жәшiктерiнен жиналған және (немесе) операциялық терезелерден қабылданған жай хаттарын, почта карточкаларын және бандерольдерiн жiберу жөніндегі қызмет көрсетуін бiлдiредi.
2. Почта жөнелтiмiнде почта төлемақысының немесе белгiленген тарифтiң iшiнара төленгенiнiң мемлекеттік белгiлерi болмаған жағдайда, почта операторы мұндай почта жөнелтiмiн жөнелтушiге қайтаруға құқылы. Жекелеген жағдайларда почта жөнелтiмi адресатқа жөнелтушiнiң жеткізу және (немесе) табыс ету кезiнде белгiленген тарифке дейiн жеткiзiп төлеудi жүзеге асыру ұсынысымен жеткiзiлуi мүмкiн.
16-бап. Почта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету
1. Жөнелтушi почта жөнелтiмi:
1) адресатқа берiлмеген;
2) тыйым салынған салымдар үшiн тәркiленбеген немесе жойылмаған;
3) жеткiзiлетiн елдiң заңдары негiзiнде алып қойылмаған жағдайларда почта операторына почта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету туралы талаппен жүгiнуге құқылы.
2. Почта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту және түзету жөнелтушi қосымша ақы төлеген кезде жүзеге асырылады.
17-бап. Почта қауiпсiздiгiнiң күзет бөлiмшелерi
Почта операторлары Қазақстан Республикасының күзет қызметi саласындағы заңдарына сәйкес почта операторына оның почта қызметiн жүзеге асыруына байланысты сенiп тапсырылатын почта жөнелтiмдерiнiң және почталық ақша аударымдарының сақталуын, жазысқан хаттардың, почта және өзге де хабарламалардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн, пайдаланушылар мен қызметкерлердiң, сондай-ақ почта операторы мүлкiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жағдай (режим) жасайтын почта қауiпсiздiгiнiң күзет бөлiмшелерiн құруға құқылы.
18-бап. Почта қызметiн көрсету кезiнде мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Почта операторы почта жөнелтiмiн қабылдап алған кезден бастап алушыға берген кезге дейiн оның сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Почта операторы:
1) салым жоғалған, жетiспеген немесе тiркелетiн почта жөнелтiмi зақымданған (бүлiнген);
2) почта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмдерi бұзылған жағдайларда жауапты болады.
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Жіберуге тыйым салынған және шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды почта арқылы жіберуге кінәлі почта байланысы қызметін пайдаланушылар, егер осылай жіберудің салдары қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылықта болады.
3. Салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе почта жөнелтiмінің зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн почта операторы мынадай мөлшерде:
1) құндылығы жарияланған почта жөнелтiмiнiң жоғалғаны немесе түгелдей зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жарияланған құндылығы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде;
2) салым тiзiмдемесiмен бiрге жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған почта жөнелтiмдерi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жөнелтушi тiзiмдемеде көрсеткен салымның жетiспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлiнген) бөлiгiнiң жарияланған құндылығы мөлшерiнде;
3) салым тiзiмдемесiз жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған почта жөнелтiмi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - салымның жетiспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлiнген) бөлiгi массасының, жiберiлген салым массасына (почта жөнелтiмi орамының массасынсыз) қатынасына барабар түрде оның нақты құнына қарамастан анықталатын почта жөнелтiмi бөлiгiнiң жарияланған құндылығы мөлшерiнде;
4) өзге де тiркелетiн почта жөнелтiмiн жоғалтқаны үшiн - төленген тарифтiң екi еселенген сомасы мөлшерiнде;
5) почталық ақша аударымын жоғалтқаны үшiн - почталық ақша аударымының сомасы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде жауапты болады.
4. Пайдаланушылардың почта жөнелтiмдерi мен почталық ақша аударымдарын жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн почта операторы кiдiртiлген әрбiр күн үшiн төленген тарифтiң үш процентi мөлшерiнде, бiрақ көрсетiлген қызмет үшiн төленген тариф сомасынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Почта жөнелтiмiн әуе көлiгiмен жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн почта операторы пайдаланушыға әуе және жер үстi көлiгiмен жiберу үшiн төленетiн ақы тарифтерiнiң арасындағы айырмашылықты төлейдi.
5. Егер мiндеттерiн орындамау немесе тиiсiнше орындамау ырық бермейтiн күштiң немесе почта жөнелтiміндегі салымның ерекше қасиеттерiнің салдарынан болғаны дәлелденсе, почта операторы салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе тiркелетiн почта жөнелтiмiнiң зақымданғаны (бүлiнгенi), почта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтан босатылады.
6. Почта операторы почта қызметiн көрсету жөніндегі мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде , осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
7. Пайдаланушылар:
1) ерекше қасиеттерiне орай почта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды почта жөнелтiмiне салудың салдарынан;
2) почта желiлерi арқылы жiберуге қабылданған салымның тиiсiнше буып-түйiлмеуi салдарынан туындап, почта операторына келтiрiлген зиян үшiн жауапты болады.
19-бап. Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының