392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу
Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерiн бұзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
393-бап. Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу
Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелердi жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Алматы, 1997 жылғы шілденің 16-сы.
№ 167-I