Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 112-тармақ жаңа редакцияда
112. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада өтініш береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты жабу туралы жазбаша өтінішін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жапқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 112-1-тармақпен толықтырылды
112-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтату және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді 2 данада жібереді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтатуға және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабуға осы Ереженің 50-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жапқаннан кейін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі жабылғаны туралы белгісі бар өтінімнің бір данасын квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 113-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 113-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
113. Жабылатын ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотында, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотта, шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі жабылатын:
1) ақылы қызметтердің ҚБШ:
құқықтық мирасқордың ақылы қызметтердің ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелiк ету құқығы берiлсе);
мынадай жағдайларда:
құқықтық мирасқор болмаған;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берiлмеген құқықтық мирасқор анықталған;
құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) коды болмаған жағдайда тиiстi бюджет кiрiсiне;
2) демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ:
құқықтық мирасқордың демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ;
құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, салымшыға;
құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиiстi бюджеттiң кiрiсiне;
3) уақытша ақша орналастырудың ҚБШ:
салымшыға;
құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ;
4) шетел валютасындағы шотта - бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны демеушілік, қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру ҚБШ есептеумен;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:
құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;
квазимемлекеттiк сектор субъектiсi құрылтайшысының шотына;
6) жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ:
құқықтық мирасқордың жергілікті өзін-өзі басқарудың;
7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоты:
ақша ұлттық валютаға қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шетел валютасындағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, ақша қалдығын айырбастауды жүзеге асыру жолымен;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотына;
8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында:
қарыз берушіге мемлекеттік қарыз беру туралы халықаралық шарттың талаптарына сәйкес немесе донорға байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;
9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына берілген шотта:
сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, шетел валютасындағы ақша қалдығын валютаға қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен пайдаланылмаған ақша қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шот («Қазынашылық-клиент» АЖ-да электрондық бейне қалыптастырады), шетел валютасын қайта айырбастауға төлем тапсырмасын немесе өтінімді ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 113-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 113-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 113-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 113-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
113-1. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалық мөр жойыған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмау себебімен жабылатын ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары ақша қалдығын құқықтық мирасқордың тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шотына аудару үшін төлеуге арналған шотты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, осы Ереженің 113-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша, құқық мирасқоры қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемеге қызмет көрсеткен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары ақша қалдығын аудару туралы қолдаухат жібереді. Құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ақша қалдығын аударған жағдайда қолдаухатқа құқық мирасқорлығын растайтын құжаттар қосымша қоса беріледі.
Құқықтық мирасқордың қолдаухаты қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің деректемелерін: мемлекеттік мекеменің атауын, БСН, кодын, қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттары аударуға жататын ақша қалдығының сомасын және аудару үшін барлық қажетті деректемелерді қамтуы тиіс. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қолдаухатты алған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде осы Ереженің 113-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдығын аударуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 114-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ жаңа редакцияда
114. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларды жапқан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi тиiстi салық органдарына мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтарын және ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу туралы жазбаша хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 793 Қаулысымен Ереже «Құпия» 12-1-тараумен толықтырылады
13-тарау. Екінші деңгейдегі банктердегі немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу және жабу
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 115-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың және байланысты гранттың арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашу тәртібі банктік заңнамада белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 116-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
116. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қолдаухатының негізінде осы Ережеге 52-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға 3 данада рұқсат қалыптастырады, олардың екеуін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне, ол өз кезегінде бір данасын мемлекеттік мекемеге, екіншісін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға береді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 117-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
117. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттарды ашуға рұқсат қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне беріледі.
118. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға рұқсат бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңіне беріледі.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 119-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
119. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты қарыз туралы немесе байланысты грант туралы шарттың талаптарымен айқындалған шетел валютасында беріледі.
Сыртқы қарыздың және байланысты гранттың арнайы шотына шот қарыз туралы немесе грант туралы шарттың талаптарымен шетел валютасында беріледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты қарыз туралы немесе байланысты грант туралы шарттың талаптарымен айқындалған шетел валютасында беріледі.
120. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотына қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу есебінен төлем сомалары есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 121-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
121. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттан төлемдерді жүзеге асыру қарыз туралы немесе байланысты грант туралы шартта айтылған талаптар мен мақсаттарға сәйкес жүргізіледі.
122. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотынан қаражат алу кредит шартының ережелерінде көзделген кредиттік қаражатты беруге жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 123-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
123. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және оларды жаңарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үш күндік мерзімде шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хабарлайды.
124. Мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған шоттарын жабу шотты ашуға және рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты жүргізіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын қайтарып алу осы Ереженің 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Шоттарды жабу Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында және екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және мемлекеттік мекеме арасындағы банктік шот шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 125-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
125. Бюджетті атқару орталық (жергілікті) уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шот ашуына рұқсатын қайтарып алуы:
1) тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашуға рұқсатты кері қайтару үшін себептерін көрсете отырып, кері қайтару туралы жазбаша жүгінген;
2) ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) төлемдерді жүзеге асыру тәртібі бұзылған;
4) есеп айырысу кезінде корпоративтік төлем карточкаларын пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына өзгерістер енгізілген;
5) ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында корпоративтік төлем карточкаларын пайдалану рұқсат етілетін шығыстардың экономикалық сыныптамаларының ерекшеліктері болмаған;
6) карт-шоттарды ашуға арналған рұқсатта көзделмеген мақсаттарға карт-шотқа есептелген ақшаны пайдалану фактісі анықталған жағдайларда жүргізіледі.
126. Рұқсатты қайтарып алу екі данада екінші деңгейдегі банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) жіберіледі. Екінші деңгейдегі банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) мемлекеттік мекеменің шотын жабу жөніндегі рәсімдерді аяқтағаннан кейін шотты жабу туралы белгісі соғылған рұқсатты қайтарып алудың екінші данасын бюджетті атқару жөніндегі орталық (жергілікті) уәкілетті органға қайтарады.
127. Бюджетті атқару жөніндегі орталық (жергілікті) уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашуға рұқсатты қайтарып алған жағдайда екінші деңгейдегі банкте (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелерде) ашылған мемлекеттік мекеме шоттарының жабылуы туралы екінші деңгейдегі банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелердің) белгісі соғылған қайтарып алуды алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бұл туралы жазбаша құлақдар етеді.
5-бөлім. Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуы
14-тарау. Түсімдерді есептеу және бөлу
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 128-тармақ өзгертілді
128. Бюджет кодексiне, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне, республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекіту туралы мәслихаттардың шешiмдерiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілеріне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетiн түсiмдер ҚР ББС кiрiстер сыныптамасының кодтары бойынша БҚШ-ға есептеледi.
Төлем құжатының «Бюджеттік сыныптама кодтары» деген ашық жолақтағы деректемелер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес толтырылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік сыныптама кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚР ҰБ) назарына жеткізеді.
Түсімдердің жинақ шотына есептеу үшін төлем құжаты бенефициарының банктік деректемелерін салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы төлеушілерге одан әрі хабарлау үшін банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаперіне жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 129-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
129. Түсімдерді тиісті ҚБШ-да жинақтап, оларды кейіннен бөлу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын банкішілік транзиттік шот түсімдердің жинақ шоты болып табылады. Түсімдердің жинақ шотынан республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - ҚР Ұлттық қоры) арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке төленетін түсімдер сомасын қайтару, түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында немесе аумақтық салық қызметі органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті органдардың арасында артық (қате) төленген соманы есепке алу жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 130-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
130. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган күн сайын:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының (бұдан әрi - ҚБЕО) төлем жүйесi арқылы екiншi деңгейдегi банктерден немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан бюджетке түсетiн түсiмдер жөніндегі электрондық төлем құжаттарын заңнамада белгiленген тәртiппен қабылдауды жүзеге асырады;
2) электрондық төлем құжаттарының ресiмделу дұрыстығын және толықтығын тексерудi жүзеге асырады;
3) түскен электрондық төлем құжаттары негiзiнде Түсiмдердiң жинақ шотына түсiмдердің түсуiн есепке алуды жүргiзедi;
4) республикалық, жергілікті бюджеттер және Ұлттық қор арасындағы түсімдер сомасын бөлуді жүзеге асырады;
5) Ұлттық қорға жiберiлетiн бюджетке түсетiн түсiмдер сомасын осы Ереженің 514-тармағына сәйкес ҚР ҰБ-дағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударуды жүзеге асырады;
6) ҚР ҰБ ашылған Кеден одағына мүше мемлекеттердің шоттарына сомаларды аударуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 131-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
131. Төлем құжаттарын ЖСК, БСК, БСН бар-жоғына және сәйкестiгiне, ҚР ББС бюджеттiк сыныптама кодының бар-жоғына тексеру жүзеге асырылады.
Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тура салықтарды және мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерді, оның ішінде мұнай келісім-шарттарының ережелерін бұзғаны үшін түсімдерді тексеру төлеушінің мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкестігіне жүзеге асырылады.
Төлемнің мақсатын және/немесе аумақтық тиесілігін анықтауға мүмкіндік бермейтін электрондық төлем құжаттарында көрсетілген деректемелер болмаған немесе жалған болған, осы өңірге БСК қолдануға келмейтін және төлеушінің Мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкес келмеген кезде түсімдер сомасы «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шотына электрондық төлем құжаттарын қабылдау күні есептеледі. «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шоты - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында ашылатын қолма-қол ақшаның бақылау шоты.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 132-тармақ өзгертілді
132. Республикалық және жергілікті бюджеттердің, Ұлттық қордың арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін «Бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шоты арасындағы түсімдер сыныптамасының түсімдерін бөлу» кестесінің және орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымы тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің I сатысы).
Облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) арасындағы түсімдерді бөлу облыс мәслихатының шешімімен белгіленген облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің ІІ сатысы).
133. Төлем құжаттары қабылданғаннан және түсімдерді бөлгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің бөлінуіне және түсімдер бойынша операциялық күнді жабу рәсімдеріне бақылауды жүзеге асырады.
15-тарау. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 134-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
134. ҚР ББС бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды және (немесе) есептеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару және (немесе) есептеу салық органдарының:
1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзырет шегінде салықтық емес түсімдердің тізбесі бойынша салық органдарының қорытындылары негізінде;
2) салық органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, салықтық емес түсімдерді өндіріп алғаны үшін жауапты уәкілетті органның қорытындысы негізінде ұсынылған салық органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.
Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында, салық қызметі органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушілерге бюджеттен қайтару (бұдан әрі - қайтару және (немесе) есептеу) үшін салық органы аумақтық қазынашылық органына 2 данада: