2.2.2. Шарттың 2.1.9-тармағында көзделген тәртiппен Алушыны хабардар ете отырып, Ереженi және тарифтердi бiр жақты тәртiппен өзгертуге.
2.2.3. Жұмыс берушiнi қоспағанда, Карточканың көмегiмен есеп айырысулар жүзеге асырғаны үшiн сол кезеңге Банктiң белгiлеген тарифтерi бойынша үшiншi тұлғалардың есепке жатқызған ақшасы үшiн Алушының келiсiмiнсiз сыйақыны ұстап қалуға құқылы.
3. Алушының құқықтары мен мiндеттерi
3.1. Алушы:
3.1.1. Шартты жасасу және төлем карточкаларын (бұдан әрi - карточкалар) шығаруға өтiнiшке қол қою сәтiнде Банкпен уағдаластық бойынша төлем карточкаларын жасаудың құнын төлеуге.
3.1.2. Шарттың талаптарын және Банктің қағидаларын сақтауға.
3.1.3. Карточканың сақталуын қамтамасыз етуге.
3.1.4. Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда Ережеде көзделген тәртiппен карточканы оқшаулау туралы ауызша немесе жазбаша талаппен Банкке дереу өтiнiш жасауға.
3.1.5. Өтiнiште көрсетiлген деректердiң өзгеруi туралы _______ банк күнi iшiнде Банктi жазбаша хабардар етуге.
3.1.6. Банктен тиiстi жазбаша хабарламаны алған кезде Карточканы пайдалануды тоқтатуға және осы хабарламаны алған күннен бастап _______ банк күнi iшiнде карточканы Банкке қайтаруға.
3.1.7. Банктен Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап _____ банк күнi iшiнде Шарт шеңберiнде Алушы үшiн шығарылған барлық Карточкаларды Банкке қайтаруға мiндеттi.
3.2. Алушы:
3.2.1. Ағымдағы шот бойынша үзiндi алуға.
3.2.2. Банктің қағидаларында көзделген тәртiппен Банкке Карточканы оқшаулауды немесе ашуды ауызша немесе жазбаша талап етуге.
3.2.3. Банк заңнамасына сәйкес ағымдағы шот бойынша лимит белгiлей отырып, олар бойынша сенiм бiлдiрiлген тұлғаларға қосымша Карточкалар ресiмдеуге.
3.2.4. Шоттағы ақша сомасын қолма-қол ақша түрiнде де, қолма-қол емес ақша (аударумен) нысанда да толықтыруға құқылы.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi
4.1. Банкпен оның қызметкерлерiне қызмет көрсету жөнiнде Шарт жасасқан жұмыс берушi аударған ақшаны уақтылы есептемегенi үшiн Алушының ағымдағы
4.2. Банк Алушының ағымдағы шотынан ақшаны заңсыз есептен шығарған жағдайда, Банк дұрыс есептен шығарылмаған соманы қалпына келтiредi, сондай-ақ мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн уақтылы есептелмеген соманың __%-ы есебiмен, Алушының пайдасына айыппұл төлейдi.
4.3. Алушының ақшаны ағымдағы шоттан ақшаны аудару туралы нұсқауларын тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін Банк келтірілген залалды өтейді, сондай-ақ аударылмаған не берілмеген соманы мынадай ___ %-ы мөлшерінде айыппұл төлейді.
5. Шарттың қолданылу мерзiмi
5.1. Шарт оған қол қойған күннен бастап күшiне енедi және ағымдағы шот жабылғанға дейiн қолданылады.
5.2. Шартты бұзғаннан кейiн бес күн мерзiмде Банк белгiленген тәртiппен Алушының ағымдағы шотын жабады. Алушының ағымдағы шотындағы ақша қалдығы Алушыға қолма-қол ақшамен берiледi немесе Банк оны Алушы алдын ала көрсеткен ағымдағы шотқа немесе жинақтаушы шотқа аударады.
6. Дауларды қарау тәртiбi
6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Тараптар уағдаластыққа кол жеткiзбеген келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелерi:
«Банк» «Алушы»
___________________ ____________________________
(Атауы)
___________________ ____________________________
(Мекенжайы)
___________________ Паспорты/жеке куәл. ________
БСН _______________ ЖСН ________________________
БСК _______________ Аудан ______________________
Коды ______________ Қызмет/үй тел. _____________
Тараптардың қолдары:
«Банк» «Алушы»
___________________ ____________________________
М.О.
ҚР Үкіметінің 16.10. № 1101 Қаулысымен 79-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне
79-қосымша
Банктік қызмет көрсету шарты
___________________ қала/ауыл | 20___ж. «___» _______________ |
Бұдан әрі «Мемлекеттік мекеме» деп аталатын, ___________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
атынан, 200__ж. «___» _____________ бекітілген Ереже негізінде әрекет ететін ______________________ басшысы, бір тараптан және бұдан әрі «___» _____________ бекітілген Жарғы және 200__ж. «___» __________ № ____ сенімхат негізінде әрекет ететін ________________ екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес төмендегі туралы осы Банктік қызмет көрсету шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Шартта көзделген жағдайларда Мемлекеттік мекеме ұсынған тізімдер негізінде Меммекеме қызметкерлері мен стипендиаттарға (бұдан әрі - алушылар) тиесілі ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерін есептеуді Меммекеме өз қызметкерлерінің өтініштері негізінде тапсырады, ал Банк жүзеге асырады.
1.2. Ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия есептеудің тәртібі, Мемлекеттік мекеменің Банкпен өзара іс-қимыл жасасуы, нақты есептелген ақша үшін қаржылық қызметтер үшін ақы төлем мөлшері және мерзімі, олардың кезектілігі Шартпен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
1.3. Алушыларға Банк ақша салымдары бойынша жинақ шоттарынан немесе ағымдағы шоттарынан жалақы және стипендия есептеуді жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру шарттары алушы мен Банк арасында қызмет көрсету шарттарын жасасқан кезде айтылады.
2. Тараптардың міндеттемелері
2.1. Банк:
2.1.1. Келесі банктік күннен кешіктірмей Банктің корреспонденттік шотына Мемлекеттік мекеме аударған қаражат шегінде ақша салымы бойынша жинақ шоттарына және ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерінің сомасын есептеуді және алушы мен Банк арасында жасалған шартта белгіленген мерзімде алушылардың бірінші талабы бойынша оларды қолма-қол ақшамен төлеуге;
2.1.2. Алушылардың шоттарындағы ақша қалдығына сыйақыны алушының ақша салымдары бойынша жинақ шотына және/немесе ағымдағы шотына ақша есептеу сәтінде әрекет ететін Банк тарифтеріне сәйкес мерзімде және ставкалар бойынша есептеуге;
2.1.3. Алушының шартында көзделген тәртіппен алушыға көшірме ұсынуға;
2.1.4. Алушылардың ақша салымдары және ағымдағы шоттары жөніндегі жинақ шоттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттың әрекет ету мерзіміне қарамастан, олар бойынша жасалатын операциялар бойынша банктік құпияны сақтауға кепілдік беруге міндеттенеді.
2.2. Мемлекеттік мекеме:
2.2.1. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарының немесе карточкалық базадағы ағымдағы шоттарының нөмірлерін тіркейтін, төлемдер аударудың тізімін жасайтын, алушыларға қызмет көрсетуге байланысты Банктің ағымдағы жұмысын жүзеге асыратын жауапты тұлғаны айқындауға;
2.2.2. Мемлекеттік мекеме мен қызметкер арасында жасалған жеке еңбек шартында белгіленген мерзімде алушылардың пайдасына Банкке ақша аударуды жүзеге асыруға;
2.2.3. Алушыларды ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына түсетін ақша сомалары туралы ақпараттандыруға;
2.2.4. Алушы Мемлекеттік мекемеден жұмыстан босатылған немесе алушы Мемлекеттік мекемемен еңбек қатынастарын бұзған жағдайда бес күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Банкке жазбаша хабарлауға;
2.2.5. Банкке тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен немесе нотариалды куәландырылған екі данада қол қою үлгілері және мөр бедері:бар құжатты беруге;
2.2.6. Мөртаңба жоғалған және құжаттардағы қол қою үлгілері өзгерген жағдайда келесі күннен кешіктірмей Банкке хабарлауға;
2.2.7. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шотына немесе ағымдағы шотына есептелетін жалақы, стипендия және басқа да ақша төлемдерінің аударылатын сомасының %-ы ______ есебімен айырысудан аударған күні Банкке қаржылық қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Тараптардың құқықтары
3.1. Банк:
3.1.1. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзғаны туралы айғақтайтын фактілердің болуы, сондай-ақ, егер төлем құжатында көрсетілген сома тізімде көрсетілген сомадан асып кеткен жағдайда алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерін есептеу бойынша операциялар жасаудан бас тартуға;
3.1.2. Мемлекеттік мекеменің ұсынылған төлем құжатына және тізіміне сәйкес жүргізілген алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына есептеудің күшін жоюға арналған сұрауынан бас тартуға құқылы.
3.2. Мемлекеттік мекеме:
3.2.1. Тозу немесе мөрлердің жоғалуы туралы, сондай-ақ атауы өзгерген жағдайда өтініш негізінде мөр әзірлегенге дейін қол қою үлгілері бар кұжатта көрсетілген қолдары болған кезде мөрдің жоқтығы туралы белгі қойып, төлем құжаты арқылы қызмет көрсетілуге құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына уақтылы жалақы, стипендия және басқа да ақша төлемдерін есептемегені үшін, сондай-ақ ақшаны заңсыз есептен шығарғаны, алушының өтінішін тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін Банк Шартқа сәйкес алушының пайдасына айыппұл төлейді.
4.2. Төлем құжаттарында көрсетілген деректемелердің толықтығына және дұрыстығына, сондай-ақ Банкке электронды және қағаз нысандарында ұсынылған тізімдердегі ақпараттың анықтығы үшін оларды ұсынған Мемлекеттік мекеме жауап береді.
5. Шарттың қолдану мерзімі және оны өзгерту және бұзу тәртібі
5.1. Шарт әрбір Тарап үшін бір-бір данадан екі тілде мемлекеттік және орыс тілдерінде заң күші бірдей 2 (екі) данада жасалды. Шарт ол аумақтық қазынашылық бөлімшесінде _____ тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді. Бюджеттік шығыстар сыныптамасының __________ коды бойынша міндеттемелер сомасы __________ теңгені құрайды.
5.2. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделген және оларға екі Тараптың да уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады, одан әрі олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Шарт бойынша жұмыстардың (қызметтердің) құнына байланысты өзгерістер олар _________________________ аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеген кезде күші бар.
5.3. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапты бұл туралы жазбаша нысанда оны бұзу ұйғарылып отырған күнге дейін кемінде он күн ішінде хабарлап, Шартты бұзуға құқылы.
6. Дауларды шешу
6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа келмеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
6.2. Тараптар Шарт бойынша барлық мүмкін болатын талаптарды Тараптардың оларды алған сәттен бастап он күн ішінде қарауы тиіс деп белгілейді.
7. Форс-мажор
7.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара және толық орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық мынадай жағдайлардың себебі болып табылса: Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен қауіпті табиғи жағдайлар, өрт, су тасқыны, зілзала, індеттер, соғыс қимылдары, уақытша электр энергиясының және телекоммуникациялық байланыстың болмауы және т.с.с. жауапкершіліктен босатылады.
7.2. Тараптар бір-біріне деректемелерінің (заңды мекенжайы: шот нөмірі және т.б.) өзгергені туралы дереу хабарлайды.
7.3. Тараптардың бірі қайта ұйымдастырылған кезде Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттемелер Тараптардың құқықтық мирасқорларына ауысады.
8. Тараптардың заңды мекенжайы мен деректемелері
Тараптардың қолы:
Банк ________________ ________________ М.О. | Мемлекеттік мекеме __________________ __________________ М.О. |
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 80-қосымша жаңа редакцияда
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне 80-қосымша
5-15-А-нысаны
Есеп жүргізілді _____
___ тен ___ бет
Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме (мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне
жалақы мен басқа да ақшалай төлемдер, стипендиялар, төлемдерді жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе
ақша алушылардың және әлеуметтік аударымдардың жинақ шоттарына аудару бойынша)
Өңір ____________________________________________________________
Бюджет түрі _____________________________________________________
Қаржыландыру көзі: ______________________________________________
Мемлекеттік мекеме ______________________________________________
Төлем түрі _______________________________________________________
Кезең ___________________________________________________________
Өлшем бірлігі: ___________________________________________________
№ | Тегі | Аты | Әкесінің аты | ЖСН | Ағымдағы шот № | Сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Сомасы | |
| |
БАРЛЫҒЫ | |
Жауапты орындаушы ______________________________
(қолы)
М.О.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 80-1-қосымшамен толықтырылды
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 80-1 қосымша
5-56-нысан
Жалақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп
Есеп қалыптастырылды: хх.хх.хххх
Мем. мекеменің коды
Мем. мекеменің атауы
Қайтару күні
Беті х-тан х
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Карточканың немесе жеке шоттың № | Сомасы |
Жиыны
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 80-2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 80-2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 80-2 қосымша
5-57-нысан
Зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі есеп
Есеп қалыптастырылды: хх.хх.хххх.
Беті х-тан х
Мем. Мекеменің коды
Мем. Мекеменің атауы
Қайтару күні
Тегі | Аты | Әкесінің аты | ЖСН | Қайтару себептері | Сомасы |
| | | | | |
| | | Жиыны | | |
Жауапты орындаушы ______________________________________
(қолы)
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 81-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 81-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 81-қосымша
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім
1. Шот нөмірі __________________________________________________________________________________________
Астана қаласының Қазынашылық департаменті
2. Өтінім нөмірі ________________________________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________________________ төлеуіңізді сұраймыз
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома санмен және жазбаша)
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алу туралы өтініммен жүгінеміз және өзіміздің мыналармен келісетінімізді растаймыз:
А. Осы өтінімде қамтылатын тауарлар мен қызметтер қарыз туралы шартқа (байланысты грантқа) сәйкес сатып алынды немесе сатып алынып жатыр.
Б. Шығыстар келісімшарттарда немесе басқа да құжаттарда аталған тауарларға немесе қызметтерге байланысты ғана жүргізілді немесе қазірге кезде жүргізілуде.
____________________________________________________________________________________________________
Шығыстар сипаттамасы: 4. Мердігердің/өнім берушінің атауы және мекенжайы. | Төлем нұсқаулығы 8. Ақша алушының атауы мен мекенжайы |
5. Өнім беру деректемелері: 1) шарттың (келісімшарттың) немесе жеткізуге тапсырыстың нөмірі мен күні (немесе келісімшарттық құжатқа басқа сілтемелері) | 9. Қаражатты алушы банктің атауы мен деректемелері және шот нөмірі |
2) Шарттың (келісімшарттың) (Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бекітуіне жататын шарттарға (келісімшарттарға қатысты толтыру) мақұлданған күні | 10. Төлемді алушы банк-корреспонденттің атауы мен деректемелері |
3) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қысқаша сипаттамасы | 11. Арнайы төлем нұсқаулықтары, шот-фактура туралы ақпарат |
4) шарттың (келісімшарттың) валютасы және жалпы құны | 12. ______________________________________________________ (бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолы) |
5) өтінімде қамтылған шот-фактуралардың жалпы сомасы (ұстап қалулардың және басқа да ұстап қалуларды есептемегенде) | |
6. Алуға қабылданған қаражат ерекшелігі | 13. _____________________________________________________ (қол қойылған күні және жауапты орындаушы мөртабанының бедері) |
7. _______________________________________________________ М.О. (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің уәкілетті өкілінің лауазымы, Т.А.Ә) және қолы) | |
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 81-1-қосымшамен толықтырылды
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне
81-1-қосымша
Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттан
Үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қаражатын
алуға арналған
өтінім
1. Шот нөмірі ____________________________________________________________________________________________
Астана қаласының Қазынашылық департаменті
2. Өтінім нөмірі ___________________________________________________________________________________________
3. _____________________________________________________________________________________ төлеуіңізді сұраймыз
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома, санмен және жазбаша)
Үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражаттарын алу туралы өтініммен жүгінеміз және осымен өзіміздің мыналармен келісетінімізді растаймыз:
А. Осы өтінімде қамтылатын тауарлар мен қызметтер қарыз туралы шартқа (байланысты грантқа) сәйкес сатып алынған немесе сатып алынып жатыр.
Б. Шығыстар келісімшарттарда немесе басқа да құжаттарда аталған тауарларға немесе қызметтерге қатысты ғана жүргізілді немесе қазіргі кезде жүргізілуде.
_________________________________________________________________________________________________________
Шығыстар сипаттамасы: 4. Мердігердің/өнім берушінің атауы және мекенжайы. | Төлем нұсқаулығы 8. Төлем алушының атауы мен мекенжайы |
5. Өнім беру деректемелері: 1) шарттың (келісімшарттың) немесе беруге тапсырыстың нөмірі мен күні (немесе келісімшарттық құжатқа басқа сілтемелер) | 9. Қаражатты алушы банктің атауы мен деректемелері және шот нөмірі |
2) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қысқаша сипаттамасы | 10. Төлемді алушы банк-корреспонденттің атауы мен деректемелері |
3) шарттың (келісімшарттың) валютасы және жалпы құны | 11. Арнайы төлем нұсқаулықтары, шот-фактура туралы ақпарат |
4) өтінімде қамтылған шот-фактураның жалпы сомасы (ұстап қалулардың және басқа да ұстап қалуларды есептемегенде) | 12. _____________________________________ (бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолы) |
6. Алуға қабылданған қаражаттар ерекшелігі | 13. _____________________________________ (қол қойылған күні және жауапты орындаушы мөртабанының бедері) |
7. _______________________________ М.О. (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің уәкілетті өкілінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы) | |
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 82-қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Бюджеттік бағдарламаның атауы
____жылы жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды
тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайту арқылы бюджеттік
инвестицияларды іске асыру жөнінде ақпарат
№ | Инвестициялық жобалардың атауы | Оның ішінде: | Инвестициялық жоба шеңберінде іс-шараларды іске асыруға арналған сома, барлығы, мың теңге | олардың ішінде: | Ескертпе |
уәкілетті органның жобаны жарғылық құжаттарға сәйкес мақұлдаған күні | Жобаны іске асыру орны | Жобаны іске асыру мерзімі | Жауапты орындау шының және бірлесіп орындау шылардың (еншілес ұйымдар, аффилиирленген заңды тұлғалар және т.б.) атауы | Инвестиция-лық жоба шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың атауы | Инвестициялық жоба шеңберінде іске асырылатын іс-шараларды қаржыландыру көздері (жеке қаражат, бюджеттік инвестициялар, тартылған қаражат) | Іс-шараларды іске асыру мерзімі | бюджеттік инвестициялардың есебінен, мың теңге |
жос-пар | іс жүзінде | жос-пар | іс жүз-інде | жос-пар | іс жүз-інде |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | |
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген
тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері
жүктелген лауазымды тұлға)/мемлекеттік мекеменің басшысы
__________ _____________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 83-қосымша өзгертілді
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 83-қосымша
Кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт
_______________ 20__ж. «__»__________
қала/ауыл
Бұдан әрі «Меммекеме» деп аталатын,______________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
20__ж.»__»__________ бекітілген Ереже негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________________ қатысуы бар __________ Басшы
(аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы)
___________ бір тараптан, бұдан әрі «КАБ» деп аталатын,______________
атынан, 20__ж.»__»__________ №____ бекітілген Ереже негізінде әрекет ететін ____________________ екінші тараптан, және бұдан әрі «Банк» деп аталатын, ________________________________________________________________________________________
(Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)
_________________ атынан, Жарғының және 20__ж.»__»__________ №____ негізінде әрекет ететін Басшы_____________ екінші тараптан және бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар кассалық қызмет көрсетуге төмендегілер туралы осы үш жақты шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Шарт негізінде КАБ тапсырады, ал Банк Шартта көзделген жағдайларда шоттарға есептеу үшін меммекемелердің өкілдерінен чектерді төлеу бойынша және қолма-қол ақша қабылдау жөніндегі
_______________________________________________________________________________________________
(республикалық немесе жергілікті бюджет)
қаражат есебінен қаржыландыратын меммекемемен операцияны жүзеге асырады.
1.2. Меммекеме қолма-қол ақша алу, меммекеме өкілінің атына ресімделген чектерді төлеу, шоттарға есептеу үшін меммекеме өкілінің қолма-қол ақшасын беру, Банктің банктік қызметтеріне ақы төлеу мерзімінің тәртібі осы Шартпен, сондай-ақ бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және банктік заңнамамен реттеледі.
2. Тараптардың міндеттемелері
2.1. Мем.мекеме:
2.1.1. Қолма-қол ақшаны алған күнге дейін алдын ала ҚАБ банктің кассасынан қолма-қол ақша алуға күтілетін сомаға чекті белгіленген тәртіппен ресімделген және алынған соманың _____ %-ы есебімен Банктің банктік қызметтерін төлеуге арналған төлем шотын қоса бере отырып, жекелей әрбір шығыстар ерекшелігі бойынша төлем шотын ұсынуға;
2.1.2. Банктiң қызметiн төлеудi шотқа есепке жатқызу үшін қолма-қол ақшаны тапсырған күннен кешіктірмей тапсырылатын соманың _______________ % есебінде жүргізуге мiндеттенедi.
2.2. Банк:
2.1.1. Чек бойынша операцияларды есепке алу үшін N_____ ішкі банктік шот ашуға;
2.2.2. Мемлекеттік мекемеге бір данасы үшін ________ теңгеден бойынша (ҚҚС-ты қоса алғанда) ақша чек кітапшасын сатуға;
2.2.3. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақша алуына арналған чектер және белгіленген тәртіппен ресімделген чек тізілімдерінің атқарылуын қабылдауға;
Мемлекеттік мекемелердің төлемге ұсынатын қолма-қол ақша алуға арналған чектер тізілімдері екі данада жасалады және оларға АҚБ уәкілетті өкілдері қол кояды;
2.2.4. Ұсынылған чектердің төлемін жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қамтамасыз етуге;
2.2.5. АҚБ төленген чектердің тізілімдерін жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-ға дейін қамтамасыз етуге;
2.2.6. Меммекеменің өкілінен қолма-қол ақшаны жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін шотқа есептеу үшін қабылдауға және қолма-қол ақшаның қабылданған барлық сомасын сол күні тиісті шоттарға есептеу үшін Бірыңғай қазынашылық шотына аударуға міндеттенеді.
2.3. АҚБ:
2.3.1. Банкке банктің кассасынан қолма-қол ақша алуға екі данада АҚБ-ның қол кою үлгілері және мөртаңбасы бар құжаттарын ұсынуға;