524. Республикалық бюджеттiң болжамның негiзiнде анықталған бюджет ақшасы алдағы айға жеткiлiктi болған кезде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әрбiр айдың 25-i күнiне ҚР ҰБ-ға хат жiбередi, онда алдағы айға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң ақшасын аудару талап етiлмейтiндiгiн хабарлайды.
525. Келесi айларда тиiстi түзетумен белгiлi бiр айда кепiлдiк берiлген трансферттiң көлемiн түзетудi (азайтуды не арттыруды) талап ететiн факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсiмдерiнiң және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлуi мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 526-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 526-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
526. Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған сомадан артық емес көлемде өткен жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша орындалмаған шарттардың тізбесін; өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы, өткен қаржы жылы іс-шараларды толық орындамау себептерін көрсете отырып бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және инвестициялық жобалар бөлігінде даму бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар ақпаратты, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражаты, гранттар және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын даму бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, республикалық даму бюджеттік бағдарламалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде инвестициялық жобалар бойынша орындалмаған шарттар тізбесін береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 527-тармақтың бірінші абзацында мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады; ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 527-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
527. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан алынған ақпараттың негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
1) өткен қаржы жылында жасалған шарттар бойынша төленбеген мiндеттемелерi бар республикалық бюджеттік даму бағдарламалардың тiзбесiн;
2) өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепiлдiк берiлген трансферттiң сомасы туралы ақпаратты;
3) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi түзету жолымен төленбеген мiндеттемелер бөлiгiнде республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын ағымдағы қаржы жылында қаржыландыру жөніндегі ұсынысты бередi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 528-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 528-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
528. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кепілдендірілген трансферттер сомасы есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарын тағайындаулар арасындағы жобасын әзірлейді және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
529. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 526-528-тармақтарында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Ереженiң 6-тарауында анықталған тәртiппен түсiмдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi.
530. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет түсiмдерiнiң және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомасын оған өзгерістер енгiзiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ҚР ҰБ-ның қаперіне жеткізеді.
531. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 531-тармақпен толықтырылды
531. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға арналған нысаналы трансферттердің аударылуын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде Үкіметінің теңгелік шотында ақша жиналуына қарай, тиісті қаржы жылына арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен аспайтын көлемде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт беруге арналған өтінімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтінім осы Ереженің 102-қосымшасына сәйкес 2-37-нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жібереді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде, оны алған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотына нысаналы трансферттің мәлімделген сомасын аударады.
Өтінімді орындау үшін қажетті ақша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкімет шотында болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердің бөлігін қайта айырбастауды жүргізеді.
532. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшiн ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ақы төлеу үшiн шот-фактура жiбередi.
533. Шығыстарды жүзеге асыру үшiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және шығыстарды растау туралы хабарлама жiбередi.
534. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған сенімгерлiк басқару туралы шартта (бұдан әрi - Сенімгерлiк басқару туралы шарт) белгiленген мерзiмде ҚР ҰБ-ға бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы немесе бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы өкiлеттiк берген тұлға қол қойған осы Ереженің 103-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама» 2-36-нысаны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама жiбередi.
ҚР ҰБ ҚР Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарламаның негiзiнде ҚР ҰҚ басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкiметтiң теңгелiк шотынан есептен шығарады.
Хабарламаны орындау үшiн қажет ҚР Ұлттық қорының теңгедегi қаражатын есепке алу үшiн Үкiметтiң шотында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шотынан шетелдiк валютадағы ақшаның немесе активтердiң бөлiгiн ҚР ҰБ Басқармасы белгiлеген тәртiппен қайта айырбастауды жүргiзедi.
535. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган және ҚР ҰБ осы Ереженің 104-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ай сайын шетел валютасында түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн Үкiметтiң теңгелiк шоты және Үкiметтiң тиiстi шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексерудi жүзеге асырады.
56-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есептi жасаудың тәртібі мен нысандары
536. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы есептiлiк Бюджет кодексiне сәйкес жүргiзiледi.
537. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсiмдерi мен оның пайдаланылуы туралы есептi, тиiсiнше 1-шi және 15-шi күннiң жағдайы бойынша, есептiден кейiнгi айдың 5-шi және 20-шы күнi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жасайды.
538. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есептi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитiнiң нәтижелерiн енгiзе отырып есептiден кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн жыл сайын ҚР ҰБ-мен бiрлесiп жасайды.
539. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды қамтиды:
1) осы Ереженің 105-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚР Ұлттық қорының түсiмдерi мен оның пайдаланылуы туралы есеп;
2) ҚР ҰБ Басқармасының қаулысымен бекітілген нысандар бойынша теңгерiм мен есептерден тұратын ҚР Ұлттық қорын сенімді басқару жөніндегі ҚР ҰБ қызметі туралы есеп:
ҚР Ұлттық қорының активтерiн сенімгерлiк басқару жөніндегі ҚР ҰБ теңгерiмiн;
ҚР Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ кiрiстерi мен шығыстары туралы есепті;
ҚР Ұлттық қорының активтерiн сенімгерлiк басқару жөніндегі ҚР ҰБ ақша қозғалысы туралы есептерді;
ҚР ҰҚ-ның активтерiн сенімгерлiк басқару жөніндегі ҚР ҰБ таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептерді;
3) ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер.
ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану туралы есеп ҚР ҰБ-ның және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның есепке алудың түрлi әдiстерiн (есептеу және кассалық) қолдануға байланысты, сондай-ақ дөңгелектеу есебiнен есеп бойынша алшақтық сомасының айырмасы көрсетiлетiн жолды қамти алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Президентiне сыртқы аудиттi жүргiзудiң нәтижелерiн қоса беріп жылдық есептi бекітуге енгiзедi.
540.ҚР ҰБ және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР Ұлттық қорын сенімгерлiк басқару туралы шартта көзделген тәртiппен мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi.
11-бөлiм. Бюджеттік кредит беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.28.08. № 1280 Қаулысымен 57-тару өзгертілді (бұр.ред.қара)
57-тарау. Бюджеттік кредит беру жөніндегі қаржылық рәсiмдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесі
541. Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Мамандандырылған ұйымдар - банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер, ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын акцияларының бақылау пакеті мемлекетке не ұлттық холдингке не ұлттық басқару компаниясына тиесілі ұйымдар.
Бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқаруының құрамдас бөлiгi болып табылады және тиiстi бюджеттерден қарыз алушыларға бюджеттік кредит беру жолымен, оның iшiнде түпкi қарыз алушыларға кейiннен кредит беру үшiн жүзеге асырылады.
542. Бюджеттік кредиттер:
ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген республикалық бюджетте;
жергiлiктi бюджеттер мәслихаттарының шешiмдерiмен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген жергiлiктi бюджеттерде тиiстi бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде берiледi.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 543-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
543. Кредиттiк шарт заңнамада талап етiлетiн негiзгi шарттарды қамтуы тиiс. Сондай-ақ кредиттiк шарт бюджеттік кредиттi беруге, оны пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және өтеуге байланысты өзге де ережелердi қамтуы мүмкiн.
Бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеу кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
544. Кредиттiк шартқа қол қойған күннен бастап үш айдың iшiнде қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ететiн тиiстi шартқа қол қоюы тиiс.
545. Кредиттiк шарт ұлттық та, шетелдiк валютада да жасалады. Бюджеттік кредиттер өзгермелі де, тiркелген де сыйақы ставкасымен берiлуi мүмкiн.
546. Бюджеттік кредиттiң негiзгi борышын өтеу бойынша жеңiлдiктi кезеңнiң ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң тиiстi есептеулерiмен расталады.
Қаржы агенттiктерi үшiн бюджеттік кредиттiң негiзгi борышын өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең ұзақтығы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен анықталады. Бұл ретте жеңiлдiктi кезеңнiң ұзақтығы кредит мерзiмiнiң үштен бiрiнен аспауы тиiс.
547. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттік кредиттерi, бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, қаржы агенттiктерi бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкалары айналыс мерзiмi бюджеттік кредит мерзiмiне сәйкес келетiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық атқарушы орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелерi бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан тиiстi мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiң орта мөлшерлiк ставкасымен төмен болмай белгiленедi.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiң орта мөлшерлiк ставкасын анықтау тәртібі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 548-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
548. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы есептеу тиісті шартқа қол қойылған күннен бастап бюджеттік кредит қайта құрылымдалған кезде бюджеттік кредит қаражатын кредит берушінің шотынан қарыз алушының шотына аударған күннен бастап жүзеге асырылады. Бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлеуді жүзеге асыру бірінші күнтізбелік жылдан кешіктірмей басталады. Сыйақыны есептеу бюджеттік кредит бойынша негізгі борыштың қалдығына жүзеге асырылады. Бұл ретте негізгі борыш мерзімінен бұрын өтелген жағдайда сыйақыны қайта есептеу жүзеге асырылады.
Кредиттік шартқа сәйкес Қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша сыйақының сомасын тиісті бюджеттің кірісіне төлейді.
ҚР Үкіметінің 2010.23.02. № 119 Қаулысымен 549-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
549. Қарыз алушы банк белгiлеген түпкi қарыз алушыға арналған сыйақы ставкасының мөлшерi агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын қоспағанда, осы Ереженiң 547-тармағына сәйкес белгiленген екi еселенген сыйақы ставкасынан аспауы тиiс.
550. Егер бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган эмитенттеген бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргiзiлмеген жағдайда, сыйақы ставкасы өткен кезеңнiң тиiстi валютасындағы сыйақы ставкасына тең белгiленедi.
551. Жасалған кредит шарттары жасасқан күннен бастап үш күннiң iшiнде:
республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен бюджеттік кредиттер бойынша Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттік кредиттер бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың тiркеуiне жатады.
552. Жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттік кредит беру тиiстi мәслихаттардың шешiмi болған кезде ғана жүзеге асырылады. Кредиттiк шарт бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы органның арасында жасалады.
553.Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит берген кезде кредиттiк шарт кредит берушiнiң тапсырмасы бойынша сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) мен жеке тұлғаның арасында жасалады.
Сенім бiлдiрiлген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшiн сыйақы төлеудi тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жүзеге асырады.
554. Қарыз алушы қайтыс болған не оны қаза болған деп жариялаған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттiк кредиттер бойынша талаптарды тоқтатуды нотариалды расталған қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесiн ұсынған кезде сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 555-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
555. Республикалық және жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен берілген бюджеттік кредит қарыз алушы негізгі борыш сомасын қайтарған және толық көлемде сыйақыны және басқа да бюджеттік кредитпен байланысты ілеспе төлемдерді төлеген кезде өтелген болып саналады.
Кредитті өтеу мерзімі басталған кезде кредит беруші қарыз алушыға кредитті өтеу мерзімі басталғаны туралы хат жібереді. Хат қарыз алушыға кредиттік шартта көрсетілген мерзімде, төлеу күніне дейін жіберіледі. Хатта төлеуге жататын сома, кредит берушінің банктік деректемелері, ББС түсімдер сыныптауышының коды көрсетіледі.
Қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалану мен өтеу шартын бұзған жағдайда, Кредит беруші кредиттік шартты мерзімінен бұрын бұзуды және бюджеттік кредиттің іс жүзінде ұсынылған сомасын, есептелген сыйақыны және өзге де тиесілі төлемдерді қайтаруды жүзеге асыра алады.
556. Бюджеттік кредиттi мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кредит берушi немесе сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) қарыз алушыдан кредиттік шартта беліленген мөлшерде айыппұлды өндіре отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндіріп алады. Мақсатқа сай пайдаланылмаған кредит сомасына сол сияқты кредиттiк шартта анықталған бюджеттік кредиттi игеру кезеңiнен кейiн қарыз алушы пайдаланған сома жатады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 557-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
557. Кредиттік шартта анықталған бюджеттік кредитті игеру кезеңінде қарыз алушы пайдаланбаған кредит сомасы ББС-ның түсімдер ыныптамасының тиісті кодына игеру кезеңі аяқталған күннен бастап 3 күннің ішінде тиісті бюджетке қайтаруға жатады. Бұл ретте, Қарыз алушы кредит сомасын қайтаруды жоспарлап отырғаны туралы Кредит берушіні кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 557-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 557-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
557-1. Осы Ереженің 556 және 557-тармақтарында көзделген жағдайларда кредит сомасын қайтару, кредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады. Кредит берушімен немесе оның сенім білдірілген адамымен (агентімен) келісу бойынша Негізгі борышты өтеу кестесіне тиісті өзгерістерді енгізеді.
558. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек қалыптасқан және кредиттiк шарттың ережелерiнде анықталған мерзiм iшiнде оны өтемеген кезде кредит берушi әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн қайтаруға жататын соманың оннан бiр бүтiн пайызы мөлшерiнде өсiмақы есептейдi.
559. Бюджеттік кредиттердi қайта құрылымдау тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе әкiмдiктер шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
560. Республикалық бюджет қаражаты есебінен берiлген бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына сәйкес құрылған Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекеттік кепiлдiк берiлген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
561. Жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен берiлген бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы органның жанындағы консультативтiк-кеңес органының оң қорытындысы негiзiнде жергiлiктi атқарушы орган қабылдайды.
562. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдаған кезде кредит берушiнiң, бағдарлама әкiмшiсiнiң және қарыз алушының арасында қайта құрылымдау туралы кредиттiк шартқа қосымша келісім жасалады.
563. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау кезiнде кредит берушi сыйақы есептеудi жүргiзедi. Бұл ретте бюджеттік кредиттi немесе кезектi төлемдердi өтеу мерзiмдерiнiң, кредит валютасының өзгеруi, сондай-ақ сыйақы ставкалары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң мөлшерiне әсер етпеуi тиiс.
564. Республикалық бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша Үкімет талаптарын және сыртқы қарыздар есебінен тартылған қаражатты есепке алуды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жергілікті бюджет қаражатынан берілген кредиттер бйынша талаптарды есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттік кредиттердi тiркеудi, есепке алуды және мониторингiн жүзеге асырады, қарыз алушылар, сенім бiлдiрiлген өкілдер (агенттер), түпкi қарыз алушылар мiндеттi тәртiппен берген ақпараттың негiзiнде жобалардың iске асырылуын бақылайды. Ақпарат беру нысандары мен мерзiмдерiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
565. Бюджет кредитінiң нысаналы пайдаланылуын бақылауды мемлекеттік қаржылық бақылау органы, бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi, кредит беруші және/немесе сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.28.08. № 1280 Қаулысымен 565-1-тармақпен толықтырылды
565-1. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы жеке тұлғаның мынадай құжаттарды беруі талап етіледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
3) бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы құжат;
4) ұйғарылатын кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат.
ҚР Үкіметінің 2009.28.08. № 1280 Қаулысымен 565-2-тармақпен толықтырылды
565-2. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы мамандандырылған ұйымдардың мынадай құжаттарды беруі талап етіледі:
1) таратып жазуды, оның ішінде дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазуды қоса бере отырып, алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша бухгалтерлік теңгерім;
2) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
3) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша табыстар мен шығындар туралы есеп;
4) тәуелсіз аудитордың алдыңғы қаржы жылындағы қорытындысы;
5) ұйғарылатын кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат;
6) тиісті салық органының салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
7) түпкілікті қарыз алушыға бюджеттік кредит беру кезінде алынатын маржа туралы құжат;
8) құрылтай құжаттары;
9) кредит саясаты туралы құжат.
58-тарау. Қарыз алушының кредиттiк қабiлетiнiң өлшемдерi
566. Қарыз алушы банктiң кредиттiк қабiлетiнiң негiзгi өлшемдерi:
бұрын республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң болмауы;
салықтық берешектiң болмауы;
конкурсты өткізу күнiнiң алдындағы соңғы үш айдың iшiнде банк заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердi сақтауы;
меншiк капиталы бюджеттік кредит сомасынан кемiнде екi есе аспауы тиiс;
бюджеттік кредиттердi уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз етудiң болуы; қажет болған кезде филиалдық желiнiң және/немесе корреспонденттiк желiнiң болуы болып табылады.
567. Жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттiк қабiлетiнiң негiзгi өлшемi бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң болмауы болып табылады.
568. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит берген кезде кредиттiк қабiлетiн сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) анықтайды.
569. Бюджеттік кредиттi алуға үмiткер шетел мемлекетiнiң кредиттiк қабiлетiн жетекшi халықаралық рейтингтiк агенттiктер берген рейтингтерге сәйкес анықталады.
570. Сол сияқты кредит берушi қарыз алушының кредиттiк қабiлетiн анықтау үшiн қосымша талаптар белгiлеуi мүмкiн.
59-тарау. Мамандандырылған ұйымдарды iрiктеу тәртібі
571. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi тиiстi бюджеттердi қабылдағаннан кейiн бiр айдан аспайтын мерзiмде мамандандырылған ұйымдарды анықтауға үмiткерлерге (бұдан әрi - үмiткерлер) қойылатын талаптар анықталады.
572. Осы Ереженiң 571-тармағын орындағаннан кейiн бағдарламаның әкiмшiсi үш жұмыс күнi iшiнде кредит берушiмен келiсуге конкурстық құжаттаманы жiбередi.