418. Басқа мемлекеттердің аумағындағы әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиісті орталық мемлекеттік орган Комиссия ұсынымдарының негізінде Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді және заңнамада белгіленген тәртіппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
419. Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегi ақшалай немесе тауар нысанында ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 420-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
420. Қазақстан Республикасы ресми ізгілік көмекті ақшалай нысанда көрсеткен жағдайда, ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде алушы ел шот деректемелерін ресми ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 421-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
421. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуi үшiн ұсынылған тауарлардың құнын және оларды тасымалдау бойынша көліктік ұйымдардың шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде төтенше резервтен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 421-1-тармақпен толықтырылды
421-1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.02.04. № 306 Қаулысымен 421-2-тармақпен толықтырылды
421-2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде шұғыл шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.02.04. № 306 Қаулысымен 421-2-тармақпен толықтырылды
421-3. Броннан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 422-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 422-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1227 Қаулысымен 422-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
422. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен өзге көзделмеген шығындарға ақша қажеттілігі болған жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелер мен және есептеулермен бірге ақша бөлу туралы қолдаухат ұсынады. Бұл ретте тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бірлігінің құны негізделеді, ал күрделі (қалпына келтіру) жөндеу бойынша және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға мыналар:
1) жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы;
2) сметалық құн 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен және ағымдағы бағадан көп болған жағдайда жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысын бекіту туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бұйрығы;
3) тапсырыс беруші бекіткен және жобалаушы қол қойған жиынтық сметалық есептеулер, жұмыс түрлері бойынша желілік есептеулер;
4) және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттар міндетті түрде болуы қажет.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) ақша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен, есептеулермен, сондай-ақ бекітілген қаржы-экономикалық негіздемелер мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысымен бірге ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады.
Төмен тұрған деңгейдегі әкімдердің қолдаухаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат ағымдағы нысаналы трансферттер нысанында да, нысаналы даму трансферттері нысанында да жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан астам мерзіммен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың салдарларын жоюмен байланысты өзге іс-шаралар жүргізу үшін қосымша қаражат бөлу туралы келесі қаржы жылдарында шешім қабылдаған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге қосымша ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады, сондай-ақ орындалған жұмыстардың, қызметтердің (тауарлардың) көлемін көрсете отырып, өткен қаржы жылы үшін резервтен бөлінген қаражатты пайдалану туралы есеп береді.
Жоғарыда көрсетілген негіздемелер мен есептеулер болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолдаухатты қараусыз қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2011.27.07. № 866 Қаулысымен 422-1-тармақпен толықтырылды
422-1. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою мақсатында жүргізілген, көлік құралдарын тартумен байланысты орталық мемлекеттік органның шығыстары және/немесе орталық мемлекеттік органның өзінің теңгеріміндегі көлік құралдарын өзге мемлекеттік органға беру жөнінде келтірілген шығыстары кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен шұғыл шығындарға арналған резервтің қаражатынан өтеледі.
423. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерiнде көзделген шекте ақшаны бөлу қажеттiлiгi немесе бөлу мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 424-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
424. Мемлекеттік органның қолдаухатына оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен осы мемлекеттік орган дайындайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасына осы мемлекеттік орган ақша бөлу туралы оң қорытындының көшiрмесiн қоса бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен шұғыл шығындарға бөлінген қаражатты тиісті қаулыларда көрсетілген мақсаттарға пайдалану үшін, сондай-ақ түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес қаражат бөлінген мемлекеттік орган жауап береді.
425. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындауға арналған резервiнен қамтамасыз етiледi.
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1360 Қаулысымен 426-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
426. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер болған жағдайда, зиян келтірген, соттардың шешімдері бойынша төлемдер жасауға міндетті мемлекеттік органдар (ведомстволар) көрсетілген шешімдерге барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс.
Атқару құжаты түскен кезде одан әрі шағымдану үшін негіздемелер болмаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасын әзірлейді.
Сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы әзірленген қаулы жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі. Бұл ретте, қаулы жобасына атқару құжаттарының және барлық инстанциялардағы сот актілерінің көшірмелері қоса беріледі.
427. Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) заңсыз қабылдаған актілеріне, сондай-ақ, өздерінің лауазымы адамдарының заңсыз іс-әрекеттеріне әкімшілік басқару саласында оларға өздерін ұстауға бөлінген ақшамен жауап береді.
428. Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) қылмыстық іс жүргізетін органдардың лауазымды тұлғалары келтірген зиянды өтегеннен кейін, мұндай тұлғалардың кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленсе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу бойынша шегеру тәртібімен заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қолданады.
429. Соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервтерiнен қамтамасыз етiледi.
Соттардың шешiмдерi бойынша төлемдер жүргiзуге мiндеттi жергiлiктi атқарушы органдар төлемдердi жүргiзедi, ал қолданыстағы заңнамада көзделген негiздемелер болған жағдайда көрсетiлген шешiмдердi барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиiс.
430. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң заңсыз қабылданған актілері үшiн, сондай-ақ әкiмшiлiк басқару саласындағы лауазымды тұлғаларының заңсыз iс-әрекеттерi үшiн оларды ұстауға бөлiнген ақшамен жауап бередi.
431. Соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi атқарушы орган дайындайды.
Бұл ретте соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасына заңнамада белгіленген тәртіпте сот актілері мен атқару құжаттарының көшiрмелерiн қоса берілуі тиіс.
432. Ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда оны жабуға арналған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің резервi республикалық бюджетте тиiстi қаржы жылына, тиiстi қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда оларды кредиттеу үшін көзделеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады.
433. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осыған ұқсас мәселелерi бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiне және бұрын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берiлген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, егер ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн мыналар:
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлiнетiн ақшаның мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне ағымдағы түсімдермен қамтамасыз етілмеген облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шығыстарын қаржыландыруға және белгiлi бiр есептi кезеңде аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландыруға жiберiлуi;
3) жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
4) бөлінетін кредит сомасы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген жергілікті атқарушы органның берешегінің лимитінен аспауға әкеп соқтырмауы тиіс.
434. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылында ол болжамдалған жағдайда жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
435. Облыс, республикалық маңызы бар қал, астан әкімінiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгiзедi.
436. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервi ағымдағы қаржы жылында аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты бередi.
437. Бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде, сондай-ақ облыс әкімінің осыған ұқсас мәселелерi бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiне және төменде тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, егер ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн мыналар:
1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлiнетiн ақшаның мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне ағымдағы түсiмдермен қамтамасыз етілмеген шығыстарын қаржыландыруға және белгiлi бiр есептi кезеңде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландыруға жiберiлуi;
3) облыстық бюджеттен бұрын берiлген кредиттер бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi атқарушы органдар берешегiнiң болмауы мiндеттi шарттар болып табылады.
438. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылында ол болжамдалған жағдайда жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
439. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылы ол болжамданған жағдайда жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасын облыс әкімдігінің қарауына бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган енгiзедi.
440. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен бөлiнген ақшаны алушы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есептi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде беруi тиiс.
441. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Yкіметі резервiнiң ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
442. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға алушы елдiң Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмектi алғаны туралы тиiстi ақпаратты бередi.
443. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган тиісті жергiлiктi атқарушы органның тиісті өкілдігіне резервiнiң ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
444. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдарының резервтерiнен бөлiнетiн ақшаның бюджеттік және басқа да заңнамалар талаптарына сәйкес пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша алған бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жауап бередi.
445. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдары резервтерiнiң бюджеттік және басқа да заңнамалар талаптарына сәйкес пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 50-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-тарау. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 446-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
446. Осы тарау бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібін және оларды қаржыландыру рәсімдерін анықтайды.
Экономикалық сараптаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, ТЭН әзірлеу немесе түзету шеңберінде жобаның ерекшелігіне байланысты ТЭН қажетті сараптамаларын жүргізу қаржыландырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі - БИЖ) және концессиялық жобалардың ТЭН сараптамаларын қаржыландыру және өткізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар тізбесінің негізінде әр түрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлуге жатады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.
Егер жергілікті БИЖ-ды қаржыландыру жергілікті бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылса, ТЭН әзірлеуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен жүзеге асырылады.
Егер БИЖ-ды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асыру ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптамадан өткізуді салалық орталық мемлекеттік орган жүргізеді.
Егер БИЖ-ды жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, сондай-ақ республикалық бюджеттің нысаналы даму трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландыру жоспарланып отырған жобаларды жүзеге асыру ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптамадан өткізуді жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргізеді.
Бюджеттік инвестициялық жобаны және концессиялық жобаны республикалық не жергілікті ретінде бірлесіп қаржыландыру шартымен анықтау Бюджет кодексінің 151-бабында белгіленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
447. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру процесі мынадай негізгі сатыларды:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған өтінімдерді беруді;
2) бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру Тізбесін қалыптастыру және бекіту;
3) ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 448-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
448. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуді қаржыландыруға өтінімдер береді.
449. БИЖ-дың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізуді қаржыландыруға инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу сатысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.