Сапар бағдарламасында кездесулер мен әңгімелесулер өткізу, баспасөз конференциясы, ресми қабылдау ұйымдастыру (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), мейманның тілегі бойынша театрға, басқа да іс-шараларға бару көзделеді.
Әуежайда қарсы алу (шығарып салу) кезінде екі елдің мемлекеттік тулары тігіледі.
152. Қарсы алуға (шығарып салуға) Парламент Палатасы Төрағасының орынбасары, Парламент Палатасының Халықаралық істер комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасының мейман еліндегі Елшісі (тараптардың келісімі бойынша) қатысады.
Қонақүйдің (резиденцияның) үстінде мейман елінің мемлекеттік туы көтеріледі.
153. Сапар барысында мейманға және делегация мүшелеріне Парламенттің тиісті Палатасының протокол қызметі арқылы естелік сыйлықтар тапсыру көзделеді.
154. Мейман зайыбымен/жұбайымен бірге келген жағдайда, ол үшін елде болудың жеке бағдарламасы көзделеді.
155. Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелі қонақтардың қауіпсіздігін Президенттің Күзет қызметі қамтамасыз етуі мүмкін. Мұндай жағдайда бастамашы Президент Әкімшілігі Басшысының атына шетелдік делегация басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Президенттің Күзет қызметіне тапсыру туралы ұсыныспен хат жолдайды.
2-параграф. Шет мемлекеттердің мемлекеттік хатшыларының сапарлары
156. Мемлекеттік хатшылар қатысатын протоколдық іс-шаралар мемлекеттік хатшының шет мемлекеттің мемлекеттік құрылысындағы мәртебесіне байланысты жүргізіледі.
157. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттердің мемлекеттік хатшыларының сапарлары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығында бекітілген бағдарламаның негізінде жүзеге асырылады.
158. Бағдарламада, әдетте, тиісті кездесулер мен әңгімелесулер өткізу, қабылдау (түскі ас, таңғы ас) және басқа да іс-шаралар (мейманның тілегі бойынша) ұйымдастыру көзделеді.
159. Сапардың іс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасы ресми адамдарының құрамын Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығы айқындайды.
160. Делегацияны қабылдау және оған қызмет көрсету деңгейі шақырудың сипатына байланысты, сондай-ақ өзара сыйластық қағидатын ескере отырып айқындалады.
3-параграф. Шет мемлекеттердің үкімет басшылары орынбасарларының сапарлары
161. Үкіметтің шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттердің үкімет басшылары орынбасарларының сапарлары Премьер-Министрдің Кеңсесі бекіткен бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.
162. Бағдарламада тиісті кездесулер мен әңгімелесулер, баспасөз конференциясын өткізу, қабылдауды (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру көзделеді.
163. Сапардың іс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының ресми адамдарының құрамын Премьер-Министр Кеңсесі айқындайды.
164. Делегацияны қабылдау және оған қызмет көрсету деңгейі шақырудың сипатына байланысты және өзара сыйластық қағидатын ескере отырып айқындалады.
165. Қарсы алуға (шығарып салуға) Премьер-Министр Кеңсесімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының ресми адамдары, Қазақстан Республикасының мейман еліндегі Елшісі (тараптардың келісімі бойынша) қатысады.
4-параграф. Шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының сапарлары
166. Шет мемлекеттің сыртқы саясат ведомствосы басшысының ресми сапарлары кезінде мейманды әуежайда Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Қазақстан Республикасының мейман еліндегі Елшісі (келісім бойынша) қарсы алады/шығарып салады.
Әуежайда екі елдің мемлекеттік тулары тігіледі.
167. Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы әуежайдан қонақүйге (резиденцияға) дейін автомобильде мейманмен бірге жүреді. Автомобильге мейман елінің мемлекеттік туы орнатылады.
168. Егер мейман зайыбымен/жұбайымен бірге келсе, ол үшін жеке бағдарлама көзделеді.
169. Жұмыс бабындағы сапарлар, жол-жөнекей сапарлар кезінде мейманды әуежайда Сыртқы істер министрлігі құрылымдық бөлімшесінің басшысы және Мемлекеттік протокол қызметінің қызметкері қарсы алады (шығарып салады).
170. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомствосы басшыларының елде болу уақытындағы қауіпсіздігін Президенттің Күзет қызметі қамтамасыз етеді.
171. Қазақстан Республикасында болған кезеңде жүретін бағыттары бойынша шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволары басшыларын жол полициясының бастап жүруін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қамтамасыз етеді.
172. Сапардың сипаты мен мақсатын ескере отырып, шет мемлекеттің сыртқы саясат ведомствосы басшысының елде болу бағдарламасында Президентпен, Премьер-Министрмен, Парламент палаталары төрағаларымен және Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдарымен кездесулер көзделуі мүмкін.
173. Шет мемлекеттің сыртқы саясат ведомствосының басшысы сапарының бағдарламасында келіссөздер, кездесулер мен әңгімелесулер, баспасөз конференциясы, ресми қабылдау (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), сондай-ақ мейманның тілегін ескере отырып, басқа да іс-шаралар ұйымдастыру көзделеді.
174. Сапардың іс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының ресми адамдарының құрамын Сыртқы істер министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшесі айқындайды және Сыртқы істер министрі бекітеді.
175. Ресми сапарлар кезінде, мейман қалауы бойынша, сапар бағдарламасында елді аралау көзделуі мүмкін. Сапарда шет мемлекеттің сыртқы саясат ведомствосының басшысымен мейман елінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері бірге жүреді. Жергілікті атқарушы органдар жәрдем көрсетеді.
176. Сапар кезінде мейманға және делегация мүшелеріне естелік сыйлықтар тапсыру көзделеді.
16-тарау. Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Мемлекеттік хатшысының, Сыртқы істер министрінің шетелдерге және ел ішіндегі сапарларын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық мәселелері
177. Шетелге және өңірлерге бара жатқан Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасының Төрағасын әуежайда Парламенттің тиісті Палатасы Төрағасының орынбасары, Парламенттің тиісті Палатасының Халықаралық істер комитетінің төрағасы, Парламенттің тиісті Палатасы аппаратының басшысы шығарып салады (қарсы алады). Жергілікті жерлерде облыс әкімі және облыстық маңызы бар қала әкімі қарсы алады (шығарып салады).
Парламент Палатасы Төрағасының шетелдік сапарының бағдарламасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жасалады.
Парламент палаталарының төрағалары қатысатын іс-шараларды, оның ішінде шет мемлекеттер өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесулері мен әңгімелесулерін Парламенттің тиісті палаталарының аппараттары белгіленген тәртіппен жоспарлайды, келіседі және қамтамасыз етеді.
178. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы шетелге/шетелден шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы хатшылығының тиісті қызметкері қатысады.
Сапар бағдарламасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жасалады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының ел ішіндегі жұмыс сапарлары кезінде Астана қаласында және жергілікті жерлерде шығарып салу (қарсы алу), болу бағдарламасын жасау сияқты бірқатар протоколдық іс-шараларды жүргізу және қамтамасыз ету көзделеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы жұмыс сапарларына (жұмыс сапарларынан) шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы хатшылығының тиісті қызметкері қатысады. Жергілікті жерлерде облыс әкімі және облыстық маңызы бар қала әкімі қарсы алады (шығарып салады).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қатысатын іс-шараларды, оның ішінде шет мемлекеттер өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесулері мен әңгімелесулерін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығы белгіленген тәртіппен жоспарлайды, келіседі және қамтамасыз етеді.
179. Сыртқы істер министрі ресми сапармен шетелге (шетелден) шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі қатысады. Сапар бағдарламасы Сыртқы істер министрінің мемлекеттік протокол қызметімен бірлесіп жасалады.
180. Осы тарауда көрсетілген лауазымды адамдардың шетелдік және ел ішіндегі сапарлары кезінде протоколдық іс-шараларды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін алдын ала жұмыс тобы жіберілуі мүмкін.
17-тарау. Конституциялық мәртебесі бар мемлекеттік орындардың басшылары, мемлекеттер басшыларына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, министрлер, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, ведомстволардың басшылары қатысатын іс-шараларды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық мәселелері
181. Қазақстан Республикасының тиісті органының шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттердің конституциялық мәртебесі бар мемлекеттікоргандары басшыларының, шет мемлекеттердің басшыларына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдары басшыларының, шет мемлекеттер министрлерінің, шет мемлекеттердің үкіметтерінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдары басшылары мен ведомстволары басшыларының Қазақстан Республикасына сапарлары осы орган пысықтаған, Сыртқы істер министрлігімен келісілген және тиісті органның басшысы бекіткен бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.
182. Бағдарламада тиісті кездесулер мен әңгімелесулер өткізу, түскі ас (таңғы ас) ұйымдастыру, тілегі бойынша театрға (концертке) бару, басқа да іс-шаралар көзделеді.
183. Сапардың іс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасы ресми адамдарының құрамын қабылдаушы орган Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша айқындайды.
184. Қазақстан Республикасына келетін делегацияны қабылдау және оған қызмет көрсету деңгейі шақырудың сипатына байланысты және өзара сыйластық қағидатын ескере отырып айқындалады.
185. Қарсы алуға (шығарып салуға) тараптардың болу бағдарламасында айқындалған ресми адамдар қатысады.
186. Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелі меймандардың қауіпсіздігін Президенттің Күзет қызметі қамтамасыз етуі мүмкін. Мұндай жағдайда, бастамашы Президент Әкімшілігі Басшысының атына шетелдік делегация басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Президенттің Күзет қызметіне тапсыру туралы ұсыныспен хат жолдайды.
187. Шетелге (шетелден) шыққан (келген) кезде әуежайда конституциялық мәртебесі бар мемлекеттік органдардың басшыларын, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын, министрлерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын, республикалық ведомстволардың басшыларын шығарып салуға (қарсы алуға) тиісті мемлекеттік органның осы адамдардың шетелдік сапарларын ұйымдастыруға жауапты өкілдері қатысады.
Шетелде болу бағдарламасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жасалады.
188. Конституциялық мәртебесі бар мемлекеттік органдардың басшылары, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, министрлер, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары қатысатын іс-шараларды, оның ішінде мемлекеттердің өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесулер мен әңгімелесулерді олардың аппараттары (хатшылықтары) Сыртқы істер министрлігінің тиісті құрылымдылық бөлімшесімен бірлесіп жоспарлайды, келіседі және өткізеді.
18-тарау. Мемлекеттер басшыларының және үкіметтер басшыларының арнаулы өкілдері қатысатын іс-шараларды протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету
189. Шет мемлекеттер басшыларының арнаулы өкілдері Президенттің қонақтары, ал шетелдік үкімет басшыларының арнаулы өкілдері Үкіметтің қонақтары ретінде қабылданады.
Осы санаттағы адамдар сапарларының форматы бөлек айқындалады, бұл ретте қарсы алу (шығарып салу), орналастыру, тамақтандыру, көлік қызметін көрсету мәселелері тиісті өкімдермен шешіледі.
Президенттің және Премьер-Министрдің арнаулы өкілдерін әуежайда шетелге (шетелден) шығарып салуға (қарсы алуға) шетелдік сапарды ұйымдастыруға жауапты адамдар қатысады.
Арнаулы өкілдің шет елде болу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жасалады.
19-тарау. Халықаралық ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының Қазақстан Республикасына сапарларын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету
190. Халықаралық ұйымдар басшылары (олардың орынбасарлары) Үкіметтің қонақтары ретінде қабылданады.
Әуежайда Сыртқы істер министрінің орынбасары (Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы) және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы қарсы алады (шығарып салады).
Мейманның автомобиліне халықаралық ұйымның туы орнатылады.
191. Сапардың сипатын және мақсатын ескере отырып, халықаралық ұйым басшысының болу бағдарламасында Президентпен, Премьер-Министрмен, Парламент палаталарының төрағаларымен және Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдарымен кездесулер көзделуі мүмкін.
20-тарау. Бұрынғы мемлекет басшыларының, үкімет басшыларының және сыртқы істер министрлерінің сапарлары
192. Бұрынғы мемлекет басшыларының, үкімет басшыларының және сыртқы істер министрлерінің сапарларын дайындау мен өткізуге қатысты ұйымдастыру мәселелерін оларды шақырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша жүзеге асырады.
21-тарау. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысатын іс-шараларды протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету
193. Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі Қазақстан тарапының тиісті келісімін (агреман) алғаннан кейін жаңадан тағайындалған дипломатиялық өкілдік басшысының (бұдан әрі - Елші) Қазақстан Республикасына келетін күні мен уақыты туралы Сыртқы істер министрлігіне хабарлайды.
194. Астанаға/Астанадан келген (кеткен) кезде Елшіні Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің қызметкері қарсы алады (шығарып салады) және Елші мен оның отбасы мүшелері үшін әуежайдың VІР-залының қызметтерін төлемақысыз қамтамасыз етеді.
195. Дипломатиялық өкілдік Сыртқы істер министрлігіне Елшінің сенім грамоталарын тапсыруға әзір екендігі туралы ноталық тәртіппен хабарлайды, сондай-ақ сенім грамоталарының көшірмелерін тапсыру үшін және сенім грамоталарын тапсыру рәсімімен танысу үшін Сыртқы істер министрлігінде кездесуді сұрайды.
196. Қазақстан Республикасындағы миссиясы аяқталғаннан кейін дипломатиялық өкілдік Сыртқы істер министрлігіне Елшінің Қазақстан Республикасынан кететін күні мен уақытын алдын ала хабарлайды. Елшінің қалауы бойынша мемлекет, Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен және басқа да ресми адамдармен кездесу көзделеді.
197. Елшінің түпкілікті кетуіне орай Сыртқы істер министрінің атынан естелік сыйлық тапсырылады және түскі ас ұйымдастырылады. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Елшіні Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен және алғыс грамоталарымен марапаттау және өзге де протоколдық іс-шаралар да көзделеді.
1-параграф. Сенім грамоталарын тапсыру
198. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары (бұдан әрі - шет мемлекеттердің елшілері) белгіленген уақытта Қазақстан Республикасы Елші болып тағайындалуына келісім берген (бұдан әрі - агреман) күніне сәйкес кезекпен Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің қызметкерлерімен бірге Президент Сарайының орталық кіреберісіне Қазақстан тарапы берген өкілдік деңгейіндегі автомобильмен келеді.
199. Орталық кіре берісте меймандарды Президент протоколының қызметкері қарсы алады және Президент Сарайына шақырады.
200. Шет мемлекеттердің елшілері салтанатты рәсімдер залында кілемше бойымен арнайы белгіленген орынға (кілемге) өтеді. Президент Сарайының коменданты сәлемдік баянат береді. Республикалық ұланның оркестрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.
Содан кейін шет мемлекеттердің елшілері кезекпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына келіп, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдіреді. Бұдан әрі мәртебелі меймандар және олармен бірге жүретін адамдар үшінші қабатқа көтеріліп, күту залына өтеді.
201. Белгіленген уақытта Президент протоколының қызметкері шет мемлекеттердің елшілерін залға өтуге шақырады.
202. Президент залға кіріп, ортасына тоқтайды. Елшілер кезекпен залдың ортасына бет алады және Президенттің қарсы алдына келіп тоқтайды, қысқаша сәлемдеседі және сенім грамоталарын тапсырады. Қол алысады және суретке түседі.
Бұдан кейін Президент сөз сөйлейді. Сөз сөйлеп болғаннан кейін Президент бейресми әңгімелесу үшін шет мемлекеттер елшілерінің қасына келеді. Мәртебелі меймандарға шампан бокалы ұсынылады. Әңгімелесуден кейін кейін меймандар залдан шығады.
203. Рәсімге Президент Әкімшілігінің Басшысы, Сыртқы істер министрі және Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қатысады.
204. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына сенім грамоталарын тапсыру кезінде шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында қоса атқарушы болып аккредиттелген елшілері Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің қызметкерлерімен бірге агреман берілген күніне сәйкес кезекпен Президент Сарайының орталық кіреберісіне келеді.
205. Шет мемлекеттердің елшілері салтанатты рәсімдер залында кілемше бойымен арнайы белгіленген орынға (кілемге) өтеді. Президент Сарайының коменданты сәлемдік баянат береді.
Содан кейін шет мемлекеттердің елшілері кезекпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына келіп, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдіреді. Бұдан әрі мәртебелі меймандар және олармен бірге жүретін адамдар үшінші қабатқа көтеріліп, күту залына өтеді.
206. Белгіленген уақытта шет мемлекеттердің елшілері кезекпен «Өрнекті холға» өтуге шақырылады.
207. Мемлекеттік хатшы «Өрнекті холға» кіреді және ортаға келіп тоқтайды. Шет мемлекеттің елшісі залдың ортасына бет алады және Мемлекеттік хатшының қарсы алдына кепіл тоқтайды, қысқаша сәлемдеседі және сенім грамоталарын тапсырады. Қол алысады және суретке түседі.
208. Сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін Мемлекеттік хатшы мен шет мемлекеттің Елшісі қысқаша әнгімелесу үшін қонақтар бөлмесіне өтеді.
209. Рәсімге Сыртқы істер министрінің орынбасары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы хатшылығының тиісті қызметкері қатысады.
2-параграф. Шет мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне орай мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріндегі іс-шаралар
210. Ұлттық мерекелерге орай шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріндегі қабылдауларға: Сыртқы істер министрлігінің басшылығы, Парламент депутаттары, үкіметаралық комиссияның тең төрағасы (екіжақты үкіметаралық комиссия болған жағдайда). Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысады. Бас мейман сол елмен қарым-қатынастың сипаты ескеріле отырып, Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша айқындалады.
3-параграф. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері басшыларының ел басшылығына протоколдық сапарлары
211. Сыртқы істер министрлігі Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, Парламент палаталары аппараттарымен бірлесіп, шет мемлекеттердің елшілері аккредиттелгеннен кейін, Қазақстан Республикасының жоғары лауазымды адамдарының тиісті елдерге шетелдік сапарлары қарсаңында, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты олардың ел басшылығына протоколдық сапарларын ұйымдастырады.
4-параграф. Президенттің дипломатиялық миссиялар басшыларымен жыл сайынғы кездесуі
212. Сыртқы істер министрлігі Президент Әкімшілігімен бірлесіп, Президенттің шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында тұрақты резиденциялары бар дипломатиялық өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен жыл сайынғы кездесуін ұйымдастырады. Кездесу аяқталғаннан кейін қабылдау (фуршет) өткізілуі мүмкін.
22-тарау. Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне, басқа да оқиғаларға байланысты іс-шаралар
213. Тәуелсіздік күнін (16 желтоқсан) мерекелеуге байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың құрметіне Үкімет атынан қабылдау (фуршет) және ұлттық мерекеге байланысты басқа да іс-шаралар өткізеді.
214. Дипломатиялық қатынастар орнатылған шет мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне байланысты осы мемлекеттердің басшыларына Президенттің атынан құттықтау хаттар жолданады.
215. Дипломатиялық қатынастар орнатылған шет мемлекеттердің мемлекет, үкімет және сыртқы саясат ведомствосы басшыларының қызметке кірісуіне орай - тиісінше Президент, Премьер-Министр және Сыртқы істер министрі қол қоятын құттықтау хаттары жолданады.
216. Құттықтау хаттарын жіберу, сондай-ақ шарттар жасасудың жылдығына, екіжақты қатынастарға қатысты мерейтой күндері мен жылдар толуына орай да жолдануы мүмкін.
217. Құттықтау хаттары тиісті елдердегі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы жолданады.
218. Құттықтау хаттарының жобаларын Сыртқы істер министрлігі әзірлейді және белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Ұлттық мереке болып табылмайтын мейрамдарға (Жаңа жыл, діни мейрамдар) байланысты құттықтаулар бастама түрінде жіберіледі.
219. Шет мемлекеттің басшысы, үкімет басшысы, парламент басшысы қайтыс болған жағдайда - тиісінше Президент, Премьер-Министр, Парламент палаталарының төрағалары, Сыртқы істер министрі, әдетте, шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігіне келіп, көңіл айту кітабына қол қояды.
220. Азалы іс-шараларға қатысу үшін шет мемлекеттерге:
мемлекет басшысының қайтыс болуына байланысты - Президент немесе Президенттің өкілі, Президент Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары;
үкімет басшысының қайтыс болуына байланысты - Премьер-Министр немесе оның өкілі, Премьер-Министр Кеңесімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары;
парламент басшысының қайтыс болуына байланысты - Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірінің төрағасы, Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары барады.
221. Делегация құрамына Қазақстан Республикасының тиісті елдегі елшісі қосылады.
Сыртқы істер министрлігі көңіл айту хаттарының (жеделхаттарының) жобаларын әзірлейді, оларға Қазақстан Республикасының тиісті басшысы қол қояды.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 12 қазандағы
№ 201 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік протоколына
1-ҚОСЫМША
Мемлекетішілік іс-шараларды өткізу кезіндегі
Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының
ПРОТОКОЛДЫҚ ҮЛКЕНДІГІ
1. Президент
2. Премьер-Министр
3. Парламент Сенатының Төрағасы
4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы
5. Мемлекеттік хатшы
6. Президент Әкімшілігінің Басшысы
7. Конституциялық Кеңестің Төрағасы
8. Жоғарғы Сот Төрағасы
9. Ұлттық Банк Төрағасы
10. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
11. Премьер-Министрдің орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
12. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма Төрағасы
13. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
14. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
15. Президент Кеңсесінің бастығы
16. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
17. Бас прокурор
18. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
19. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы
20. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары
21. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары
22. Президенттің Іс басқарушысы
23. Президенттің көмекшілері
24. Президенттің Күзет қызметінің бастығы
25. Президенттің кеңесшілері
26. Президент Протоколының бастығы
27. Президенттің Баспасөз хатшысы
28. Президентке бағынатын және есеп беретін агенттіктердің басшылары (агенттіктердің мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен)
29. Сыртқы істер министрі
30. Қорғаныс министрі
31. Ішкі істер министрі
32. Әділет министрі
33. Министрлер (министрліктердің мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен).
34. «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры
35. Республикалық ұланның қолбасшысы
36. Астананың, Алматы қаласының және облыстардың әкімдері (облыстардың мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен)
37. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
38. Парламент Сенаты және Мәжілісі комитеттерінің төрағалары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
39. Парламент депутаттары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
40. Төтенше және өкілетті елшілер (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
41. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
42. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
43. Конституциялық Кеңестің мүшелері (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
44. Жоғарғы Соттың судьялары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
45. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бас муфтиі және Астана мен Алматы архиепископы
46. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары (мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен)
47. Ұлттық компаниялардың басшылары
48. Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарлары
49. Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары
50. Министрлердің орынбасарлары, вице-министрлер және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері
51. Парламент палаталары аппараттарының басшылары