17. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді. Күзет іс-шараларына қатысу үшін тартылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарына басшылық етуді жүзеге асырады. Күзет іс-шараларын өткізу аймағының шекарасын, олардың басталу және аяқталу уақытын, күзет іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, оны өткізуге қатысу үшін тартылған күштер мен құралдардың құрамын, сондай-ақ күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта дыбысжазба, фото- және бейнетүсірілім жасау тәртібін айқындайды;
2) Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы айқындайтын тәртіппен күзетілетін объектілердің күзеті мен қорғанысын жүзеге асырады, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік кезекшілікті атқаруды ұйымдастырады;
3) жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын өткізеді, жүктелген міндеттерді орындау үшін ақпараттық-талдау жұмысын жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органдарын Мемлекеттік күзет қызметінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хабардар етеді;
5) Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы айқындайтын тәртіппен жұмылдыру, жауынгерлік және жедел әзірлігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде оқуларды, жаттығулар мен эксперименттерді өткізу арқылы іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
6) ведомствоның және құрылымдық бөлімшелердің жедел-қызметтік, жауынгерлік, жедел-іздестіру, қарсы барлау, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметін ведомстволық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы тексеру жүргізе отырып қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, тексеруді ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Мемлекеттік күзет қызметінің кадрлар қатарына қызметке алынатын кандидаттарды арнайы тексеруге Мемлекеттік күзет қызметіне жәрдем көрсетеді;
8) техникалық барлау құралдарына қарсы іс-қимылды, күзет іс-шараларын дайындау және өткізу кезінде ақпаратты техникалық қорғауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, сондай-ақ пилотсыз әуе кемелерінің күзет іс-шараларын өткізу аймағында және (немесе) күзетілетін объектілер аумағының үстінен рұқсатсыз ұшуын анықтайды, оның алдын алады және жолын кеседі;
9) Қазақстан Республикасының Президентін, өзге де күзетілетін және лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес президенттік байланыспен қамтамасыз етеді;
10) күзетілетін адамдардың барлық көлік түрінде және (немесе) көлік құралдарында жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Арнаулы трассаларды айқындайды, күзетілетін адамдардың жүріп-тұруы үшін бөлінетін көліктің және (немесе) көлік құралдарының жүру қауіпсіздігі саласында белгіленген қағидалардың, нормативтер мен стандарттардың сақталуын бақылайды. Күзетілетін адамдардың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Мемлекеттік күзет қызметінің, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалады;
11) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және аумақтық денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп күзетілетін адамдарға медициналық қызмет көрсетуге байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қатысады;
12) жедел есепке алуды және цифрлық жүйелерді құрады және пайдаланады;
13) өз өкілеттігі шегінде шифрлау жұмысын ұйымдастырады және орындайды;
14) күзет іс-шараларын өткізу кезінде радиоэфирге мониторинг жүргізеді;
15) күзетілетін объектілерде және күзет іс-шараларын өткізу аймағында белгіленген тәртіппен өткізу режимін жүзеге асырады;
16) күзетілетін объектілердің аумағында және күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда жарылғыш құрылғыларды, жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру және жою жөніндегі іс-шараларды, жарылғыш құрылғыларды қолдану арқылы құқыққа қайшы іс-әрекеттерді жасауға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
17) мемлекеттік органдармен бірлесіп, күзетілетін объектілерде, сондай-ақ күзетілетін адамдар баратын орындарда және оларға іргелес аумақта санитариялық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
18) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
19) күзетілетін объектілерде, оларды орналастыруға арналған режимдік аумақтар аймақтарында, арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда жөндеу, құрылыс-монтаждау және басқа да жұмыстардың барлық түрін жүргізуді келіседі;
20) Мемлекеттік күзет қызметін жауынгерлік, техникалық, материалдық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық және қамтамасыз етудің басқа да түрлерін, оның ішінде қызметкерлер мен әскери қызметшілерді тамақтандыруды, оның қарамағындағы ғимараттар мен құрылыстарды салуды, реконструкциялауды және жөндеуді, тұрғын үй және казармалық-тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады;
21) күзетілетін адамдардың қатысуымен өтетін іс-шараларға қатысушыларды аккредиттеуді өткізеді;
22) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операцияларға қатысады, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз етеді;
23) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асырады, рәсімдік және протоколдық іс-шараларды атқаруға қатысады;
24) Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелеріне басшылық етуді, үйлестіруді жүзеге асырады және олардың келісілген іс-әрекетін қамтамасыз етеді;
25) Мемлекеттік күзет қызметі бөлімшелерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін моральдық-психологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады, жеке құрам арасында тәртіпті және құқық тәртібін сақтау және нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтің қауіпсіздігіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тұжырымдайды және іске асырады;
26) күзет іс-шараларын өткізу орындарында күзетілетін адамдар мен объектілердің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін ведомствоаралық үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
27) Мемлекеттік күзет қызметінің жарағындағы арнаулы құралдар, қару-жарақ, жауынгерлік және өзге де техниканың тізбесін айқындайды;
28) Мемлекеттік күзет қызметінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекітеді және олардың санаттарына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша қойылатын талаптарды белгілейді;
29) Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысын және күзет іс-шараларын өткізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
30) Мемлекеттік күзет қызметінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін бекітеді;
31) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу тәртібін айқындайды;
32) отбасылық-мүліктік жағдайын тексеру актісінің үлгі нысанын бекітеді;
33) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін айқындайды;
34) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері пайдаланатын медициналық дәрі қобдишасының (жеке, топтық) құрамын бекітеді;
35) кәмелеттік жасқа толған әрекетке қабілетті адамдармен ынтымақтастық туралы келісімшарттың нысанын, оның қолданылу шарттары мен мерзімдерін айқындайды;
36) жедел есепке алу мен цифрлық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану, сондай-ақ жедел есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды;
37) жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметінің материалдарын сақтау мерзімдерін, сақтау және жою тәртібін айқындайды;
38) құпия көмекші қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге қатысуына байланысты қаза болған не мертіккен немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда біржолғы жәрдемақы төлеу тәртібін айқындайды;
39) келісімшарттың нысанын, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін бекітеді;
40) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
41) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
42) Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп тану туралы шешім қабылдайды;
43) оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады;
44) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;
45) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері және сатып алуға ұсынылатындары үшін тактикалық-техникалық сипаттамаларды айқындайды;
46) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты Мемлекеттік күзет қызметінің бюджетінде көзделген жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын оларға жеткізеді;
47) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1), 2), 3), 7) және 12) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
48) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
49) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілеріне мемлекеттік сынақтарды ұйымдастырады және жүргізеді, оларды қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттама дайындайды;
50) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттарды дайындауға, оларды сериялап өндіруге беру үшін конструкторлық, техникалық және өзге де құжаттаманы келісуге қатысады;
51) қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдап алуды жүзеге асырады;
52) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери ұлттық стандарттарды әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады;
53) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын жоспарлауға қатысады;
54) Мемлекеттік күзет қызметінің ақпараттық-талдау, құқықтық, құжаттамалық қызметін ұйымдастырады;
55) өз құзыреті шегінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
56) өз құзыреті шегінде цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
57) өз құзыреті шегінде жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
58) өз құзыреті шегінде жасанды интеллект моделін, платформалық бағдарламалық өнімді әзірлейді және (немесе) орналастырады;
59) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің құзыретті ұйымдарымен президенттік байланыс бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
60) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 2026.01.07. № 1337 Жарлығымен 3-тарау тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тарау. Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының, Мемлекеттік күзет қызметі Алқасының мәртебесі, өкілеттілігі
ҚР Президентінің 2026.01.07. № 1337 Жарлығымен 18-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18. Мемлекеттік күзет қызметіне басшылықты Бастық жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жеке басының қауіпсіздігіне, Мемлекеттік күзет қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің өкілеттілігін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
ҚР Президентінің 2026.01.07. № 1337 Жарлығымен 19-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
ҚР Президентінің 2026.01.07. № 1337 Жарлығымен 20-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20. Мемлекеттік күзет қызметі Бастығынның орынбасарлары болады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті оларды Мемлекеттік күзет қызметі Бастығынның ұсынуы бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
ҚР Президентінің 2024.19.02. № 483 Жарлығымен (2024 ж. 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.18.06. № 574 Жарлығымен (2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.09. № 992 Жарлығымен (2025 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2026.01.07. № 1337 Жарлығымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.21.09. № 1472 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 21-тармақ өзгертілді
21. Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының өкілеттілігі:
1) Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысын ұйымдастырады, Мемлекеттік күзет қызметін дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды;
2) күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабқа басшылық етеді. Күзет іс-шараларын келтіру жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың жедел штабының басшыларын айқындайды;
3) күзет іс-шаралары өткізіле бастағаннан бастап аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған барлық әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандарына басшылық жасайды;
4) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операцияларды өткізу, оларды өткізу кезеңінде терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
5) Мемлекеттік күзет қызметі өткізетін күзет іс-шараларының ауқымын олардың қауіпсіздігіне төнетін қатердің сипаты мен шынайылығына қарай айқындайды;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін бекітеді;
7) күзет іс-шараларын өткізу кезінде радиоэфир мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;
8) Мемлекеттік күзет қызметінің барлық қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар, өкімдер шығарады, нұсқаулар береді;
9) Мемлекеттік күзет қызметінің ведомствосы мен құрылымдық бөлімшелерінің күзетілетін адамдар мен объектілердің, Мемлекеттік күзет қызметі объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілігін ұйымдастыру және атқару тәртібін айқындайды;
10) күзетілетін объектілерде және күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда санитариялық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
11) күзетілетін объектілерде және күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда жарғыш қондырғыларды, жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру мен жою тәртібін айқындайды;
12) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану тәртібін айқындайды;
13) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене шынықтыру, арнаулы және жауынгерлік даярлау бағдарламасын бекітеді;
14) Мемлекеттік күзет қызметінде арнаулы құралдарды, қару-жарақты, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
15) Мемлекеттік күзет қызметі жедел қамтамасыз етуді жүзеге асыратын объектілер мен арнаулы трассалар учаскелерінің тізбесін, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметі жедел қамтамасыз ететін объектілерде және күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын өткізуді келісу тәртібін айқындайды;
16) Мемлекеттік күзет қызметі ведомствосының, құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерінің ережелерін (жарғыларын), құрылымы мен штатын бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны мен осы мақсат үшін бөлінген қаражат шегінде қолданыстағы резерв қызметкерлерінің санын айқындайды;
18) ұйымдық, кадрлық, құрылымдық-штаттық, қаржылық, өндірістік-шаруашылық және өзге мәселелерді шешуде Мемлекеттік күзет қызметі ведомствосы мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен лауазымды адамдарының өкілеттіктерін айқындайды;
19) Айрықша мақсаттағы күштерді әскери қызметшілермен жасақтау тәртібі мен жоспарын айқындайды;
20) Мемлекеттік күзет қызметінің киберқауіпсіздігі жөніндегі техникалық құжаттаманы бекітеді;
21) Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерін орналастыру (қайта орналастыру) туралы шешімді белгіленген тәртіппен қабылдайды;
22) Мемлекеттік күзет қызметінің нақты және шартты атауын қолдану тәртібін айқындайды;
23) Мемлекеттік күзет қызметінің лауазымдар санатына қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды;
24) қызметке кандидаттарды іріктеу, тексеру және қабылдау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру тәртібін және өткізу әдістемесін, қажетті құжаттар тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, қызметке кандидаттарға тексеру жүргізу мерзімдерін, олардың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене шынықтыру дайындығы және денсаулық жағдайы бойынша талаптарды айқындайды;
25) психологиялық-әлеуметтанушылық және полиграфологиялық зерттеулер, сондай-ақ психофизиологиялық куәландыру жүргізу тәртібін айқындайды;
26) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін, сондай-ақ қызметке қабылданатын кандидаттарды қызметке жарамдылық санатын айқындау үшін әскери-дәрігерлік комиссияға жіберу тәртібін айқындайды;
27) Қазақстан Республикасының азаматтарын жалпы әскери есептен шығарып, Мемлекеттік күзет қызметіне қызметке қабылдайды, оларға полковникті қоса алғанда, оған дейінгі арнаулы және әскери атақтарды береді. Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарына олардың қызметке қабылданғанға дейінгі еңбек қызметіндегі өтілін өзі белгілеген тәртіппен еңбек сіңірген жылдарына есептеуі мүмкін;
28) қызмет өткеру жөнінде келісімшарт жасасу, қызметкерлерді ауыстыру, босату, қызметтен шығару, лауазымынан шеттету, оларға арнаулы атақ беру, төмендету, одан айыру, оны қалпына келтіру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтарды шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың (уәкілетті жетекшілердің) тізбесін айқындайды;
29) ауысу тәртібімен Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке тұрған құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қайта аттестаттаудан өткізу және оларға арнаулы атақ беру, сондай-ақ қайта аттестаттау тәртібімен әскери атақ беру тәртібін айқындайды;
31) Мемлекеттік күзет қызметінде құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін бекітеді;
32) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға жіберу бойынша мәселелерді шешеді;
33) Мемлекеттік күзет қызметінің қолданыстағы резервіне қызметкерлерді қабылдау және олардың қызмет өткеру тәртібін айқындайды;
34) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін, әскери қызметшілерін, жұмыскерлерін марапаттайды, көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады. Бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында айқындалған құқықтарды толық көлемде пайдаланады;
35) ҚР Президентінің 2024.19.02. № 483 Жарлығымен алып тасталды (2024 ж. 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36) бейбіт уақытта, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің күштері мен құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды;
37) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, ар-намысына, қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғатын құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы нұсқамалар енгізу тәртібін айқындайды;
38) күзетілетін адамдардың қатысуымен өтетін, аккредиттеуге жататын іс-шараларға қатысушыларды аккредиттеу тәртібін айқындайды, сондай-ақ күзетілетін адамдар қатысатын іс-шараларға қатысушылардың тізбесін бекітеді;
39) жоғары офицерлік құрамға арнаулы және әскери атақтар беру және қызметкерлерді, әскери қызметшілерді, жұмыскерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау, сондай-ақ құрметті атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізеді;
40) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің арнаулы киім нысанын киіп жүру тәртібін айқындайды, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің әскери киім нысанының жекелеген заттары мен айырым белгілерін тағу ерекшеліктерін белгілейді;
41) Мемлекеттік күзет қызметіне тиістілігін білдіретін қару-жарақта, әскери және арнаулы техникада орналастырылатын ерекшелік белгілерін, айырым белгілерін және бөлімшелердің эмблемаларын, айрықша белгілерді, сондай-ақ оларды киіп жүру және орналастыру тәртібін бекітеді;
42) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін, жетондарын беру, пайдалану, қайтару, сақтау, есепке алу және жою тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамасы мен үлгілерін айқындайды;
43) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне сыныптық біліктілік беру, Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің сыныптық біліктілігін көтеру, растау, сақтау, төмендету және алу тәртібін айқындайды;
44) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен қызметкерлерге, әскери қызметшілерге, жұмыскерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлықақыларына үстемеақы белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды;
45) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге жіберу, сондай-ақ олардың шығыстарын өтеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
46) ведомстволық бюджет комиссиясын құрады, оның жұмыс органын айқындайды және ол туралы ережені, құзыреті мен құрамын бекітеді;
47) Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкіне және бюджет қаражатына билік етеді;
48) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерін, оның ішінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз ету және олардың лауазымдық айлықақысы мен сауықтыру жәрдемақысын есептеу үшін қызмет (жұмыс) өтілін анықтау тәртібін айқындайды;