Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 771 Қаулысы
(2009.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында (бұдан әрi - Мемлекеттік шекара):
1) Қытай Халық Республикасымен:
шекара маңындағы аудандардың, қалалардың, ауылдық (селолық) округтердiң, теміржол станцияларының, әуежайлардың және өзен айлақтарының аумағы шегінде шекара белдеуi;
Мемлекеттік шекараға жанасатын жерлердiң 2000 метрлiк белдеуi шегiнде шекара белдеуi;
шекара белдеуi шегінде Мемлекеттік шекара сызығы бойында енi 500 метрлiк карантиндiк белдеу;
2) Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түркiменстанмен Мемлекеттік шекара сызығының бойында енi 50 метрге дейiнгі карантиндiк белдеу орнатылсын.
2. Инженерлiк-техникалық құрылыстар мен қоршауларды, шекара белгiлерiн, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiн жайғастыру мен күтiп-ұстау үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне тұрақты жер пайдалануға:
1) Қытай Халық Республикасымен шекарада - бұрын бөлiнiп берiлген жерлер, шекара белдеуіндегі де, оның шегiнен тысқары жерлеріндегі де енi 30-50 метр жер телiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы бойындағы бес метрлiк белдеу;
ҚР Үкіметінің 2009.09.12. № 2056 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түркiменстанмен шекарада - Мемлекеттік шекара сызығына тiкелей жанасатын, енi 30-дан 100 метрге дейiнгi жер телiмдерi берiлсiн.
Мемлекеттік шекара сызығы маусымдық (тасқындық) өзгерістерге түсетін өзеннің су ағысы бойымен өтетін жағдайда Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен шекараларда Мемлекеттік шекара сызығына тікелей түйісетін жер учаскелеріне қосымша - ені 30-дан 50 метрге дейін түпкі жағаға (өзен алабына түйісетін және оның үстінен көтерілетін өзенаралық су айырық кеңістігінің бір бөлігі) жапсарлас жатқан жер телімдері.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы сызығына тiкелей жанасатын жер телiмдерiн тұрақты жер пайдалану құқығында алғаны үшiн ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджетке өтеуден босатылсын.
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 маусымдағы № 552 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 25, 306-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
2-тармақ алынып тасталсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |