Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 321-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы № 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 317-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.08.05. № 589 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда(бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 шілдедегі
№ 1061 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу үдерісі:
1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауын;
2) атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемі, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар стратегиялық жоспарлар, бюджеттік өтінімдер әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын;
3) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуді қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдеріне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
2. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлеу, стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік өтінімдерін әзірлеу
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
Нәтижелерді бағалау жүргізілген жағдайда, Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.
11. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары әр үш жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде бес жылдық кезеңге әзірленеді.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бірлесіп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және жергілікті атқарушы органның басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
1) кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;
2) макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
13. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының көлемін базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның ұсыныстары негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөледі.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде есептелген кезекті жоспарлы кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды көлемдерді қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары шығыстарының бекітілген көлемі негізінде айқындалады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірдің даму басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептерді, нәтижелерді бағалауды ескере отырып бөлінуге тиіс.
14. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, алдыңғы жоспарлы кезеңде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.
15. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) шығыстарының түрлері бойынша есептеулер жасалмайды.
Осы бағдарламалар шығыстарының түрлері бойынша есептеулер үшінші жылға ғана жасалады.
Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгеретін болса, онда шығыстар түрлері бойынша есептер осы бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жоспарланатын жоспарлы кезең жылдары бөлінісінде жасалады және ұсынылады.
16. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:
1) стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлар жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан;
3) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларында ұсынылған нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
17-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы туралы есептерді және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу бөлігінде бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін;
3) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепке облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары берген қорытындылары мен ұсынымдарын ескереді;
4) жаңа бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобаның өтімділігі, жоба аяқталғаннан кейін оны ұстауға арналған шығыстардың негіздемесі, жалғасатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша - бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мониторингінің нәтижелері қаралады;
5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарының орындалуы және бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескеріледі;
6) нысаналы трансферттер бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі, олардың шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісім жобаларында көзделген нысаналы трансферттер бөлінеді.
Бюджеттік өтінімнің жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қайтарылған жағдайда пысықтайды және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қараудың қорытындысы бойынша келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы 17 және 18-тармақтарда көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
20. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.
4. Мәслихаттың облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы шешімінің жобасын әзірлеу
21. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының негізінде облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей аяқталады.
22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстары негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын әзірлейді және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
23. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 72-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзірленеді.
24. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.
5. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 6-бөлім атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын әзірлеу және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін әзірлеу
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Нәтижелерге бағалау жүргізілген жағдайда, аталған Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бірлесіп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасып жатқан) бюджеттік иннестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге және де жергілікті атқарушы органның басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
1) кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;
2) макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
34. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының көлемі базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның ұсыныстары негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлінеді.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде есептелген кезекті жоспарлы кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды көлемдерді қоса отырып ағымдағы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары шығыстарының бекітілген көлемі негізінде анықталады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірдің даму басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып бөлінуге жатады.
35. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебі сияқты бұған дейінгі жоспарлы кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.
36. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бұған дейінгі жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) шығыстарының түрлері бойынша есептер жасалмайды.
Осы бағдарламалар шығыстарының түрлері бойынша есептер тек қана үшінші жылға жасалады.
Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бұған дейінгі жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгеретін болса, онда осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстар түрлері бойынша есептер жоспарланған жоспарлы кезеңнің жылдары бөлінісінде жасалады және беріледі.
37. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 38-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыcтағы заттай нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 38-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
38-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебіне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескереді;
3) жаңа бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобаның өтімділігі, жоба аяқталғаннан кейін оны ұстауға арналған шығыстар негіздемесі, жалғасатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша - бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мониторингінің нәтижелері қаралады;
4) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарын орындау және нысаналы мақсат бойынша бюджеттік кредитті пайдалану ескеріледі;
Бюджеттік өтінім оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 39-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39. Қайтарылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді пысықтайды және қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.