2. Өздерiнiң кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бірдей дәрежеде қажеттi қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгiну мүмкiндiгi болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесiлi болады.
3. Қол сұғу сипаты мен дәрежесiне қорғанудың айқын сәйкес келмеуi, осының нәтижесiнде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтiру қажеттi қорғану шегiнен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Құқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдiң, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажеттi қорғаныс шегiнен асып кеткен адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс емес.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
39-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау
1. Құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде, бұл адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылықтар жасауын болдырмау үшiн, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Адамға қажеттіліктен асып, шектен тыс, жағдайдан туындамаған айқын зиян келтiрген кезде, олардың ұсталған адам жасаған қол сұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сәйкес келмеуi қол сұғушылық жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолданушылық деп танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Қол сұғушылықты жасаған адамды ұстау құқығына оған арнаулы уәкiлеттiгi бар адамдармен қатар жәбірленушiлер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.
40-бап. Аса қажеттілік
1. Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегiнен асуға жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Қатер төндiрген қауiптiң сипаты мен дәрежесiне және қауiп жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбірек зиян келтiрген, жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттілік шегiнен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтiрген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
41-бап. Негiздi тәуекел
1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшiн негiздi тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Егер тәуекелмен байланысты емес iс-әрекеттермен (әрекетсіздiкпен) аталған мақсатқа қол жеткізу мүмкiн болмағанда және тәуекел жасаған адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуiн болдырмау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел негiздi деп танылады.
3. Егер тәуекел адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрумен, экологиялық апатпен, қоғамдық жұтау немесе өзге де аса ауыр зардаптармен көрiнеу ұштасса, тәуекел негiздi деп танылмайды.
42-бап. Күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу
1. Егер мәжбүрлеу салдарынан адам өз iс-әрекеттерiн (әрекетсіздiгiн) басқара алмаса, күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесiнде, адам соның салдарынан өз iс-әрекеттерiн басқару мүмкiндiгiн сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлгендiгi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 40-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.
43-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау әкiмшiлiк жауаптылықты болдырмайды.
6-тарау.
Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
44-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары
1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.
2. Әкiмшiлiк жаза әлеуметтiк әдiлеттіліктi қалпына келтiру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершiлiк қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян тигiзудi мақсат тұтпайды.
3-1. Әкімшілік жаза мүліктік залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиянның орны осы Кодекстің 64-бабында көзделген тәртіппен толтырылады.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314- III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 174-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді
45-бап. Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн:
1) ескерту жасау;
2) әкiмшiлiк айыппұл салу;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркiлеу;
5) арнаулы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бір түрiне не белгiлi бір iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, оның ішінде тізілімнен алып тастау;
7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
8) заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
9) әкiмшiлiк қамауға алу;
10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 1)-6), 8) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314- III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 46-бап өзгертілді
46-бап. Негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалау шаралары
1. Ескерту, әкiмшiлiк айыппұл салу және әкiмшiлiк қамауға алу тек негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
2. Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсіпкерлік қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, тәркiлеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
47-бап. Ескерту
Ескерту әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 48-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 48 -бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314- III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертілді
48-бап. Әкімшілік айыппұл
1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi - айыппұл) - осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшеріне сай келетiн көлемде ақша өндіріп алу.
Осы бөлiмнiң ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшері:
қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының;
орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесі сомасының;
төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының;
аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналары сомасының;
заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құны сомасының;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиісті түрде есепке алынбаған соманың;
Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргізілген) мәміле (операция) сомасының;
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметті жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының;
құқық бұзушылық жасалған, бірақ бір жылдан аспайтын кезең үшін бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;
есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының пайызымен көрсетіледі.
Егер осы бөлiмнiң ерекше бөлімінің көзделген баптарында айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргізілген операция сомасының пайызымен көрсетілсе және мұндай операция шетел валютасымен жүргізілсе, айыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкімшілік жаза қолданылған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша жүзеге асырылады.
2. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмайды.
Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
3. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
4. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.
5. Осы Кодекстің 576-4-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, айыппұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады.
6. Заңды тұлғаларды шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді
49-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою, оны судья қаулысының негізінде мәжбүрлеп алып қоюдан және сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіппен кейіннен өткізуден тұрады. Осындай затты өткізуден түскен соманы сот орындаушысы оларды өткізу жөніндегі шығыстарды шегере отырып, меншік иесіне береді.
2. Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрiлерiн және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемiн төлеп алып қоюды аң аулау өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
3. Өтемiн төлеп алып қою осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда да, тек қасақана құқық бұзушылық үшiн ғана қолданылуы мүмкiн.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 50 -бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50-бап өзгертілді
50-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүліктi тәркілеу
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу оларды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз өндіріп алудан тұрады.
Меншік иесіне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның заңсыз иелігінен алып қою тәркілеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншігіне өндіріп алынуға немесе жойылуға тиіс.
2. Егер осы Кодекстің ерекше бөлігінде өзгеше көзделмесе, тәртiп бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тәркiленуге жатады.
3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрілерін және басқа да рұқсат етілген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркілеуді аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
4. Тәркілеуді судья қолданады және ол осы бөлімнің ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкін.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 51-бап өзгертілді
51-бап. Арнаулы құқықтан айыру
1. Нақты адамға берiлген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртібінiң өрескел немесе үнемi бұзылғаны үшiн қолданылады.
2. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады.
3. Көлік құралдарын жүргізу құқығын қоспағанда, арнаулы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс.
3-1. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі алты айдан екі жылға дейін болуы мүмкін.
3-2. Алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін құқықтан айыру мерзімі екі жылдан он жылға дейін болуы мүмкін.
4. Көлiк құралын масаң күйде жүргiзу, масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген ережелердi бұза отырып, өздерi қатысушысы болған жол-көлiк оқиғалары болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.
5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруларын, оның оқ-дәрілерін және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртібін үнемi бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 52-бап өзгертілді
52-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiктен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне не белгiлi бір iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын (оны) тоқтата тұру, оның ішінде тізілімнен алып тастау
1. Жеке тұлғаларды, дара кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгiлi бір қызмет түрiне не белгiлi бір iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған адамдардың қызметтi жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, біліктілік аттестатында (куәлiкте) көзделген белгiлi бір iс-әрекеттердi жасауы кезіндегі әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн.
2. Белгiлi бір қызмет түрiне не белгiлi бір iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiктен) уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
3. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Кредиттік бюроны қоспағанда, қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырады.
5. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тастауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-бап өзгертілді
53-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу
1. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) өтiнiшi бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргiзiледi.
2. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қою өтiнiшi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды.
3. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкiмшiлiк жазалау шарасы бұзушылықты жою үшiн сот белгiлеген мерзiмде қажеттi iс-әрекеттер (iс-шаралар) жүргiзу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.
4. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, сот шешiмiнсіз ерекше жағдайларда, талап қою өтiнiшiн сотқа белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзiмге жол берiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.
5. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
6. Жеке меншік тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 54 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
54-бап. Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау
Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды, осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда, судья тағайындайды.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 55-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 55-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
55-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу
1. Әкімшілік қамауға алуды судья ерекше жағдайларда осы бөлімнің ерекше бөлігінің баптарында көзделген шектерде қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге тағайындайды.
2. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға болмайды.