41-бап. Елді мекендерді жоспарлау шеңберінде жол пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету
1. Елді мекендердің жолдарын жоспарлау кезінде барлық жол пайдаланушылардың қажеттіліктері орнықты қалалық жоспарлау, көлік қызметтеріне сұранысты басқару және жер ресурстарын пайдалану шеңберінде:
1) қоғамдық көліктің басымдығы мен артықшылығын қамтамасыз ете отырып, халықтың жол жүруге сұранысын реттеу;
2) межелі орындарға апаратын көлік құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) елді мекендердің жолдары мен көшелерінде жол жүрісі қауіпсіздігін және олардың үздіксіз өткізу қабілетін қамтамасыз етуді ескере отырып, базарларды, адамдар жаппай жиналатын объектілерді жоспарлау мен орналастыру;
4) географиялық және демографиялық жағдайларды ескеру;
5) интеллектуалды көлік жүйесін енгізу;
6) елді мекендерді, көліктік инфрақұрылымды жоспарлау және елді мекендер жерлерін пайдалану жөніндегі функцияларға жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды енгізу негізінде қамтамасыз етіледі.
2. Елді мекендердің аумақтық-көліктік жоспарлау схемаларында, бас жоспарларында:
1) жол жүрісінің қауіпсіз және үздіксіз ұйымдастырылуы;
2) бекітілген техникалық сипаттамаларға сәйкес жол жүрісіне қатысушылардың жол-көлік оқиғаларының әсерінен жоғары қорғалу деңгейі;
3) жерасты және жерүсті жаяу жүргінші өткелдерін салу арқылы көлік және жаяу жүргінші ағындарын бөлу;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) орынтұрақтардың, паркингтердiң, велосипед жүретiн жолақтың не велосипед жолдарының, сондай-ақ қоғамдық көлiкке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке және жедел медициналық жәрдем және өртке қарсы қызмет ұйымдарының арнайы көлiк құралдарына арналған жүру жолағының болуы;
2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жол таңбасымен белгіленетін, оның ішінде автожанармай құю станцияларында арнайы бөлінген орындардың болуы;
5) көлік құралдарының қарсы ағындарын қарсы жүру жолағына шығып кетуді шектейтін жол қоршауларымен бөлу;
6) көлік құралдарының қиылысатын ағындарын әртүрлі деңгейлердегі көлік айрықтарымен бөлу;
7) көлік құралдарының, халық пен өндірістің шектен тыс шоғырлануын болғызбау;
8) көлік және инженерлік ифрақұрылымды қоса алғанда, елді мекеннің аумағын болжамды демографиялық, автомобиль, жол және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес келетін жол жүрісін ұйымдастыруды ескере отырып дамыту;
9) жолдардың өткізу қабілетінің, көлік айрықтарының, көлік құралдарының орынтұрақтары мен паркингтерінің көлік құралдары шоғырлануына және елді мекендер аумақтарының құрылысына арақатынасы;
10) елді мекендерді орнықты дамыту кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралар көзделуге тиіс.
42-бап. Жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оны ұстап тұруды және жетілдіруді қамтамасыз ету
1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жол иелері мыналардың негізінде қолда бар жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оны ұстап тұруды және жақсартуды қамтамасыз етуге міндетті:
1) жол пайдаланушыларды санаттары бойынша бөле отырып, зардабы ауыр жол-көлік оқиғаларының санын, сондай-ақ пайдаланушылардың әрбір тобы үшін көліктік инфрақұрылымның тәуекелге әсер ететін негізгі факторларын анықтау;
2) жол-көлік оқиғаларының саны немесе ауырлығы шектен тыс болатын қауіпті жерлерді немесе жол учаскелерін анықтау және тиісті түзету шараларын қолдану;
3) қолда бар жол инфрақұрылымының қауіпсіздігіне бағалау жүргізу және қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту үшін өзін-өзі ақтаған инженерлік тәсілдерді пайдалану;
4) жол желісін жобалау және пайдалану кезеңінде көлік құралдары қозғалысының есепті жылдамдығын реттеуді жүзеге асыру. Көлік құралдары қозғалысының сағатына бір жүз километрден асатын есепті жылдамдығы әрбір бағытта көлік құралдарының жол жүрісі үшін жолдың бөлек жүру бөліктері болған кезде және әртүрлі деңгейлердегі жолдардың қиылыстары жайластырылған жағдайда ғана белгіленеді;
5) қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын жобалау, қауіпсіздікті тексеру және жолдарды бағалау процесінде жол жүрісі қауіпсіздігі саласында кадрларды қайта даярлауға және оқытуға жәрдемдесу;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) адам факторлары мен көлік құралдарының конструкциясын ескеріп және интеграциялай отырып, қауіпсіз жолдарды жобалау мен пайдалануға қатысты ұлттық стандарттарды әзірлеу және пайдалануға жәрдемдесу;
7) жол жұмыстары жүргізілетін жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оны ұстап тұруды және жақсартуды қамтамасыз ету жолдардағы авариялық-қауіпті жерлер мен учаскелерді жою жөніндегі іс-шараларды орындау негізінде жүзеге асырылады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 42-1-баппен толықтырылды
42-1-бап. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою
1. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайды.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұраққа қою көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін тарифтеуге сәйкес жүзеге асырылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда ақысыз орынтұраққа қоюға, осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде және көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.
Тиісті растаушы құжаттың негізінде:
1) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, еңбек ардагерлерінің;
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар баланың заңды өкілдерінің;
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І немесе ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналардың;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың;
5) электрмобильдер иелерінің көлік құралдары осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орын тұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады.
Жедел және арнаулы қызметтердің көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяктары қосылған көлік құралдары да осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады.
5. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 42-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
42-2-бап. Электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұру
1. Электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарын жүргізушілер электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтап тұруды электрқуаттау станцияларының көмегімен оларды қуаттау үшін жүзеге асырады.
2. Көлік құралдарын жүргізушілердің электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда оларды қуаттамай тоқтап тұруды жүзеге асыруына тыйым салынады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жолтаңбасымен белгіленетін арнайы бөлінген орындарды ұйымдастыруға міндетті.
43-бап. Жол пайдаланушылардың ұтқырлыққа және қолжетімділікке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қауіпсіз жол инфрақұрылымын әзірлеу
Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жол иелері жол пайдаланушылардың ұтқырлыққа және қолжетімділікке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қауіпсіз жол инфрақұрылымын:
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жаңа инфрақұрылымды салу кезiнде көлiк құралдарының барлық түрлерiн есепке алу, оның iшiнде жолдар мен көшелердi интеллектуалды көлiк жүйелерiмен, велосипед жүретiн жолақтармен не велосипед жолдарымен, қоғамдық көлiкке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке арналған жүру жолақтарымен қамтамасыз ету;
2) жаңа жобалардың техникалық сипаттамаларында барлық жол пайдаланушылардың жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қажеттіліктерінің көрініс табуын қамтамасыз ететін жаңа жобалар мен жолдарға салынатын инвестициялар үшін ең төменгі қауіпсіздік рейтингілерін белгілеу және бекіту негізінде әзірлеуге міндетті.
44-бап. Жолдарда жол сервисі объектілерін жайластыру
1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жол иелері жолдарды жобалау, реконструкциялау, салу және пайдалану кезеңінде:
1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын және мүгедектігі бар адамдарға келуіне басқа азаматтармен тең жағдайлар жасайтын арнайы техникалық құралдармен, бейімдемелермен жабдықтауды ескере отырып, жол сервисі объектілерін жобалау нормаларына, салу жоспарларына және оларды орналастырудың бас схемаларына сәйкес жолдарды көрсетілген объектілермен жайластыруды қамтамасыз етеді;
2) жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, жол сервисі объектілерінің жұмысын ұйымдастырады;
3) жол жүрісіне қатысушыларға жол сервисі объектілерінің бар-жоғы және жақын жерде денсаулық сақтау және байланыс ұйымдарының орналасуы туралы ақпарат, сол сияқты тиісті жол учаскелерінде жүрудің қауіпсіз жағдайлары туралы ақпарат береді.
2. Жол сервисінің объектілері мен инженерлік коммуникацияларды жолдардың және жол құрылыстарының шегінде орналастыру жолдағы көру мүмкіндігін және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында көзделген жол жүрісі қауіпсіздігінің басқа да жағдайларын нашарлатпауға тиіс.
45-бап. Жол жүрісі қағидаларына оқыту
1. Жол жүрісі қағидаларына оқыту үлгілік бағдарламалар мен әдістемелік ұсынымдардың негізінде жүргізіледі.
2. Жол жүрісі қағидаларын оқыту меншік нысанына қарамастан, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
46-бап. Қауіпсіз жолдар және ұтқырлықты қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулер және әзірлемелер
Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жол иелері қауіпсіз жолдарды және ұтқырлықты қамтамасыз ету мақсатында:
1) қауіпсіз жолдар және ұтқырлықты қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және әзірлемелер үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) неғұрлым қауіпсіз жол инфрақұрылымының әзірлемесіне енгізу және қажетті инвестицияларды бөлу үшін ғылыми зерттеулердің экономикалық негіздемелері негізінде олардың нәтижелеріне қол жеткізу;
3) қауіпсіздікті, әсіресе осал жол пайдаланушылар үшін арттыру саласындағы инновацияларды бағалау бойынша көрсетілімдік жобаларды жүзеге асыру арқылы жобалау мен құрылыс салудың қазіргі заманғы инновациялық технологияларын енгізеді.
7-тарау. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН
ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
47-бап. Көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жол жүрісі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық шарттардың талаптары негізінде жүзеге асырылады.
2. Тұтынушылар үшін көлік құралдарының қауіпсіздік көрсеткіштері туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган жыл сайын жаңа көлік құралдарының бәсең және белсенді қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық рейтингтік жүйелеріне мониторинг жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын жобалау және жасау Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптар ескеріле отырып жүргізіледі.
48-бап. Көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдар және өзге де тұлғаларға қойылатын негізгі талаптар
Көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға және өзге де тұлғаларға:
1) ақауларының болуынан пайдалануға тыйым салынған немесе тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе міндетті техникалық қарап тексеруден өтпеген, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған иелердің көлік құралдарын желіге шығаруына;
2) көлік құралдарын басқаруға:
масаң күйдегі (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық);
реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсеріндегі;
жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйдегі;
осы санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушілерге рұқсат беруіне;
3) шынжыр табанды тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды асфальтты- және цемент-бетонды жабын жолдармен жүруге жіберуіне тыйым салынады.
49-бап. Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар
1. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі және жабдықталуы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
2. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарын техникалық жарамды күйде ұстау жөніндегі міндет көлік құралдарының иелеріне жүктеледі.
3. Егер көлік құралы үшін рұқсат етілген ең жоғары масса белгіленсе, онда көлік құралының жүктемесімен қоса массасы рұқсат етілген ең жоғары массадан аспауға тиіс.
4. Кез келген жүк:
1) адамдарға қауіп төндірмейтіндей және мемлекеттік және жеке меншікке залал келтірмейтіндей;
2) көруді және шолуды шектемейтіндей, көлік құралының орнықтылығын бұзбайтындай және оны басқаруды қиындатпайтындай;
3) көлік құралында болуға тиіс тоқтау сигналы мен бұрылу нұсқағыштарын, жарық шағылыстыратын бейімдемелерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін және тіркеу мемлекетінің айырым белгісін қоса алғанда, сыртқы жарық беру аспаптарын көлегейлемейтіндей немесе қолмен берілетін сигналдарды көлегейлемейтіндей;
4) алдын алуға болатын қолайсыздықтар жасамайтындай етіп көлік құралында орналастырылуға және қажет болған жағдайда бекітілуге тиіс.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тіркелген көлік құралының конструкциясына, оның ішінде оның құрамдас бөліктерінің конструкциясына, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін қосымша жабдықтау заттарына, қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті қайта растауды жүргізу қажет.
6. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйі және жабдығы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын мынадай негізгі талаптарға сай келуге тиіс:
1) көлік құралында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тежегіш жүйесінің, рульмен басқарудың, артқы көрініс айналарының, дыбыс сигналының, шассидің, жарық беру аспаптарының болуы;
2) көлік құралын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін жеткілікті түрде шолуды және көруді қамтамасыз ету;
3) көлік құралының адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелін болғызбайтын механизмдерінің, қосымша жабдықтау заттары мен бейімдемелердің болуы;
4) жол-көлік оқиғасы жағдайында жолаушылар және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін қауіптілікті азайтуды қамтамасыз ету.
7. Көлік құралдарын пайдалану кезінде олардың қоршаған ортаға шығаратын шығарындылары қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген жол берілетін деңгейден аспауға тиіс.
50-бап. Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар
1. Көлік құралдарын жарамды күйде күтіп-ұстау мақсатында оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
2. Көлік құралдарын жасаушы зауыттар көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу нормаларын, қағидаларын және рәсімдерін оларды пайдалану шарттарын ескере отырып, белгілейді.
3. Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер оларды көлік құралдарын жасаушы зауыттар белгілеген нормалар мен қағидаларға, дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттердің талаптарына және көлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттары шығарындыларына қойылатын талаптарға сәйкес жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
4. Техникалық қызмет көрсетуден және жөндеуден өткен көлік құралдары жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын бөлікте жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен жабдықталуын регламенттейтін талаптарға сай болуға тиіс.
5. Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетудің және оларды жөндеудің жүргізілу фактісі аталған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындаушының қолымен және мөрімен, сондай-ақ:
1) көлік құралының сервистік кітапшасына атқарылған жұмыс және көлік құралының құрамдас бөліктерінің ауыстырылғаны туралы;
2) көлік құралының иесіне берілетін, көлік құралына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жүргізілгені туралы кепілдік талонға;
3) көлік құралын кепілдік есепке қою туралы белгі қоя отырып, көлік құралына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жүргізілген күні қойылып куәландырылады.
6. Көлік құралы иесінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен кепілдіктің жалпы мерзімі ішінде кепілдікпен қызмет көрсетілуіне және жөндетуге құқығы бар.
7. Егер көлік құралының ақауы жасаушы зауыттың не жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындаушының кінәсінен туындаса, көлік құралына кепілдікпен қызмет көрсету және оны жөндеу жүргізіледі.
8. Кепілдік міндеттемелер көлік құралына, оның құрамдас бөліктеріне көлік құралының иесі және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындаушының арасындағы шартта ескеріліп жүргізілген жұмыстар шегінде қолданылады.
51-бап. Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу негіздері және тәртібі
1. Мынадай:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қатер төндіретін, тізбесін уәкілетті орган бекітетін техникалық ақаулар мен жағдайлар болған;
2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) көлік құралына орнатылған тораптар мен агрегаттардың нөмірлері көлік құралының тіркеу құжаттарындағы енгізілген деректерге сәйкес келмеген, сондай-ақ егер көлік құралына орнатылған тораптар мен агрегаттарда жасырын, қолдан жасалған және өзгертілген нөмірлер болған;
4) тіркеу құжаттары болмаған;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген;
6) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар белгіленген талаптарға және тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген;
7) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасасылмаған;
8) 2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) егер олардың техникалық жай-күйі мен жабдықталуы уәкілетті орган бекіткен көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар мен жағдайлар тізбесінің талаптарына сай болмаған;
10) өзімен бір құрамда жүруге арналмаған тіркемелері бар автомобильдерді басқарған;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) рельстік көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық ақаулары болған, сондай-ақ, егер олардың техникалық жай-күйі мен жабдықталуы көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сай болмаған;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) уәкілетті орган бекіткен, көлігі арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнаулы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердің тізбесіне кірмейтін көлік құралдары арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған және арнаулы түсті-графикалық схемалармен боялған;
13) көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасының талаптарында көзделмеген орындарға орнатылған;
14) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының алдыңғы және артқы жақтарында «Қауіпті жүк» белгісі болмаған жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.