13) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк және моральдық-адамгершілік қасиетін қалыптастыру мақсатында әскерлерді моральдық-психологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
15) әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсiздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі iс-шараларды жүргізедi;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдану және оны басқару, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылды жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы соғыс уақытында Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасының жұмыс органы болып табылады.
24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi
1. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
2) ұсынылған демеушілік, қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алуға және пайдалануға құқылы.
2. Қарулы Күштердiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсатына сәйкес келетін және негізгі қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын тәртіппен пайдалануға құқылы.
25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы
1. Қарулы Күштердiң орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қарулы Күштерге пайдалануға берiлген аумақтар шегіндегі құрамалардың, әскери бөлiмдердiң қайта орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президенті бекiткен жоспарға сәйкес Қорғаныс министрінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
3. Қарулы Күштердiң құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастырылуына Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негізiнде жол берiледi.
26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар
1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқару және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қорғаныс мақсатында:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қарулы Күштерді қолдану жоспарын әзірлеуге қатысады;
2) Қарулы Күштермен бiрлескен iс-қимылдарға даярлықты ұйымдастырады;
3) азаматтарды әскери қызметке даярлауға қатысады;
4) аумақты қорғанысқа жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі нұсқауларын орындайды;
6) Қарулы Күштермен бiрге жедел және жұмылдыру даярлығына тартылады.
3. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді құқықтық қорғау
1. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты әскери прокурорлар жүзеге асырады.
2. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметшілердi құқықтық қорғауды, азаматтық және қылмыстық iстердi қарауды соттар жүзеге асырады.
3. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқық тәртібін қамтамасыз етудi, алдын ала анықтау бойынша iс жүргізудi Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өз құзыреті шегінде әскери полиция жүзеге асырады.
2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-тарау. СОҒЫС КЕЗI. СОҒЫС ЖАҒДАЙЫ. ЖҰМЫЛДЫРУ.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС.
Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан
28-бап. Соғыс кезi
1. Соғыс кезін Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы) қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Парламентi жариялайды.
2. Соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бiрақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру
1. Соғыс жағдайы режимi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық актілерiмен айқындалады.
2. Соғыс жағдайы кезеңінде Қарулы Күштер, сондай-ақ оның құрамына кiретін Ішкi iстер министрлiгінің ішкi әскерлерi, Ұлттық қауіпсіздiк комитетiнiң Шекара қызметі, Республикалық ұлан, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерi және арнаулы құралымдар соғыс кезiнiң жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнiнде ұрыс қимылдары мен өзге де ic-қимылдарды жүргізе бередi.
30-бап. Азаматтық қорғаныс
1. Азаматтық қорғаныс халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және ел аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында ұйымдастырылады.
2. Азаматтық қорғаныстың міндеттерi және оны ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Аумақтық қорғаныс
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықты, объектiлер мен коммуникацияларды қарсы жақтың iс-қимылынан, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимін енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі аумақтық қорғанысты ұйымдастырады.
2. Аумақтық қорғаныстың жалпы міндеттерін және оны ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін жергілікті атқарушы органдар аумақтық қорғаныс құралымдарын құрады.
2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан
1. Тыйым салынған аймақ тыйым салынған ауданның бір бөлігі болып табылады және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, жеке адамдардың болуына, құрылыс салуға және қандай да болсын жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
2. Тыйым салынған аудан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруының барлық түрінен оқ атуға, пиротехникалық құрылғыларды пайдалануға, сондай-ақ атыс тирлерін, стендтері мен атыс орындарын орнатуға жол берілмейді.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
1. Қазақстан Республикасының агрессиядан бiрлесіп қорғануды қамтамасыз ету, бейбiтшілiкті қолдау және қауіпсiздiк жөніндегі басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.
2-тармақ 2003 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енді
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституцияға сәйкес қабылдаған шешiмi негізінде бейбiтшiлiкті қолдау және қауіпсiздік жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындайды.
3-тармақ 2003 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енді
3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде бейбітшiлiкті қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегі халықаралық міндеттемелердi орындауға тiкелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерiнiң осындай қатысу кезеңi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2003 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізiлетін 15-баптың 4-тармағын, 32-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 202-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; № 20, 120-құжат; № 22, 136-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 233-құжат; 2002 ж., № 3, 22-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 203-құжат).
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2005 жылғы қаңтардың 7-сі. № 29-III ҚРЗ