28-3) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
28-4) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;»;
6) 48-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы «тұлғалардың» деген сөзден кейін «, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік критерийлерін сақтауын қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 49-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;»;
3-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық cалауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкiлеттi органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар:»;
8) 54-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы және 5-тармағы алып тасталсын;
9) 55-баптың 2-тармағындағы «қайта жаңғырту», «жаңарту», «тарату», «зерделеу», «санитарлық», «өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы» деген сөздер тиісінше «реконструкциялау», «жаңғырту», «жою», «зерттеу», «санитариялық», «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 72-бапта:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;»;
16) тармақшадағы «төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 84-баптың 1-тармағындағы «санитарлық», «зерделеу», «өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм» деген сөздер тиісінше «санитариялық», «зерттеу», «азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 104-баптың 1-тармағындағы «төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келiсiм» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық нұсқағыштары) таңдауды, оны жайластыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоятын шарттарды сақтай отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жүзеге асыруға тиiс.»;
14) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 111-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды бөгеттердің қауіпсіздігі декларациялаусыз пайдалануға тыйым салынады.
4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі - декларация) әзірлеуді бөгетті пайдаланатын ұйым дербес не оның қаражаты есебінен бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
5. Декларация бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өтініш беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өткізілуге тиіс.
6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші уәкілетті органға электрондық құжаттар нысанындағы өтініш пен декларацияны сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге ұсынады.
Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды береді.
Уәкілетті орган тіркеген декларация уәкілетті органда электрондық құжат нысанында сақталады.
7. Бөгеттер және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
8. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда декларация өзгертілуге жатады.
Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оған қайта сараптама жүргізілуге және ол тіркелуге тиіс.»;
15) 116-баптың 2-тармағындағы «санитарлық», «төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер тиісінше «санитариялық», «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 120-баптың 5-тармағындағы «кен», «зерделеу», «санитарлық», «өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы» деген сөздер тиісінше «тау-кен» «зерттеу», «санитариялық», «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 122-баптың 1-тармағындағы «санитарлық», «аймақтарда - төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келісім» деген сөздер тиісінше «санитариялық», «өңірлерде - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 125-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы», «жүретін» деген сөздер тиісінше «азаматтық қорғау саласындағы», «қатынайтын» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат):
1) 18-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ветеринария, өсiмдiктер карантинi, атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, азаматтық қорғау, өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасында белгiленедi.»;
2) 112-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;»;
3) 145-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет азаматтық қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрамына кіреді және өз қызметін төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
4) 174-баптың 3-тармағындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салаларындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 199-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «санитарлық», «, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы» деген сөздер тиісінше «санитариялық», «саласындағы, азаматтық қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 238-баптағы «орган мен өртке қарсы күрес қызметi органдарының» деген сөздер «органның» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 268-баптың 6-тармағының бірінші сөйлеміндегі «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптамадан және Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен» деген сөздер «өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 289-бапта:
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар;»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қауіпті қалдықтар паспортында қауіпті қалдықпен байланысты, оның ішінде тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу уақытындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі қажетті шаралар көрсетіледі.».
5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
1) 256-баптың 1-тармағында:
«төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«азаматтық қорғанысты басқару органдары мен» деген сөздер «азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 322-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 323-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;»;
4) 325-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан үш адамға дейін қайтыс болған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.»;
8-тармақтағы «нәтижесінде», «авариялық-құтқару бөлімшесі» деген сөздер тиісінше «салдарынан», «авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 326-баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде:
«өнеркәсіп объектілерінде» деген сөздер «өндірістік объектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі» деген сөздер «өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 19-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв;»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын, тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актілерімен ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлем шегінде жүзеге асырылады.»;
2) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв төтенше жағдайлар аймақтарында, эвакуациялау маршруттарында және эвакуацияланатын адамдар орналасқан жерлерде адамдардың өмірін сақтауға және денсаулығын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.»;
3) 53-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық қорғау және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметті ұйымдастыру;
жаһандық, өңірлік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;»;
4) 54-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;»;
5) 55-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;»;
6) 56-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;»;
7) 79-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің жалпы сомасын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен резерв түрлері бойынша бөлу;»;
8) 111-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтері қаражатының жалпы көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттарын ұлғайту үшін резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған;».
7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11,15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 66-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сатып алушылар бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;»;
2) 256-баптың 2-тармағы 11) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттарында көрсетілген;»;
3) 270-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы құрылымдық бөлімшесі өзінің мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша табыс етеді.»;
4) 278-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 279-бабы бірінші бөлігінің 5) - 7) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын салуды және шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.».
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар, № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
2) 33-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 2, 8-құжат; № 14, 72-құжат):
1) 2-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын» деген сөздер «төтенше жағдайларды (дүлей зілзалаларды, ірі авариялар мен апаттарды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың екінші абзацындағы «төтенше жағдайлардың зардаптарын» деген сөздер «төтенше жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 21-баптың 2) тармақшасындағы «төтенше жағдайлардың зардаптарын» және 9) тармақшасындағы «дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың зардаптарын» деген сөздер тиісінше «төтенше жағдайларды», «дүлей зiлзалаларды, iрi авариялар мен апаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 28-баптың бірінші бөлігіндегі «төтенше жағдайлардың зардаптарын» деген сөздер «төтенше жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
«39-1-бап. Ішкі әскерлерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері
Ішкі әскерлер мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.».
10. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 22-№ 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат):
22-баптың үшінші бөлігіндегі «авариялық-қалпына келтіру жұмыстары» деген сөздер «авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат):
мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
«19-1-бап. Республикалық ұланды мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері
Республикалық ұлан мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.».
12. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-баптың жетінші абзацындағы «әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қолдану, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын» деген сөздер «төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;