«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 Қаулысы
(2013.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Зейнетақы жарналарына, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерге есеп жүргізуді қамтамасыз ету, тиісті орталықтандырылған дерекқорларды қалыптастыру және қолдау, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеудің тиімді жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жедел басқару құқығындағы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпорынның тиісті саласының уәкілетті органы болып айқындалсын.
ҚР Үкіметінің 1999.24.07. № 1059 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.28.12. № 1298 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.11.12. № 1577 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкiметiнiң 2013.04.09. № 922 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорыннан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді төлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру;
3) салымшының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезінде нақты енгізген болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;
4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлын дербестендірілген есепке алу;
5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару;
6) жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агентке қайтару;
7) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өсімпұлды оның өтініші бойынша агентке қайтару;
8) агенттердiң Кәсіпорын шотына аударылған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) солардың өсімпұлдары бойынша төлем құжаттарының тiзілімдерін қалыптастыру және оларды салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсыну;
9) Кәсіпорыннан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның төлемдерді тағайындауы үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыру;
10) Кәсіпорыннан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру және оларды дербестендірілген есепке алу;
11) зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасау;
12) орталық атқарушы органның бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтiк, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, Кәсіпорынның автоматтандырылған, орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушы болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қолжетімділігін ұйымдастыру;
14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Кәсіпорынның қызмет түрлері бойынша ақпараттық қызметтер ұсыну;
15) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың міндетті әлеуметтiк аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алу және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру;
16) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру;
17) құжаттарды қабылдау, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындауға, қайта есептеуге арналған істер макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша әлеуметтiк төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара іс-қимыл жасау;
18) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорын қызметінің түрлеріне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық қызметтер ұсыну;
19) төлеушілерден түскен міндетті әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және олар бойынша өсімпұлды төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру;
20) әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру айынан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аудару;
21) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілерден түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың тізілімдерін ұсыну;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлері болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
бiр апта мерзiм iшiнде онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашуды көздеп Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен кәсiпорынды қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 1997.27.06. № 1030 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне Кәсiпорынның жарғылық қызметi үшiн 5 (бес) миллион теңге бөлсiн;
1997 жылдың iшiнде Кәсiпорынға қажеттi ресми трансферттердi уақытында және толық аударуды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Ә. Қажегельдин |