16) республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органға береді.
Республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.»;
120) 558-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық органы салық төлеушiнiң тіркелген деректерінде көрсетілген, оның орналасқан жерiнде болмауын анықтаған салықтық актіні жасаған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, мұндай салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрiн, атауын немесе тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болса), салықтық тексеру актiсiн жүргiзу күнiн көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкiлеттi органның сайтына орналастырады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
121) 569-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы):»;
122) 577-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша» деген сөздер «салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жерi бойынша не тұрғылықты тұратын жерi бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша» деген сөздер «салық салу объектiсiнiң орналасқан жері бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.» деген сөздер «салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша ұсынуға мiндеттi.» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды осы Кодекстiң 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеушi деп таныған жағдайда мұндай төлеушiлер салық органына салық салу объектiсiнiң немесе салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi жер учаскесiн іс жүзінде иелену мен пайдалану құқығының туындауы негiзiнде құқық белгiлеу құжаттарының күшiне енген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға мiндеттi.»;
123) 581-баптың бірінші бөлігінің 1), 3) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Салық төлеушілер туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға олардың осы тармақшада және осы баптың 3), 4), 6), 9) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ұсынылады.
Техникалық проблемалар салдарынан көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы мұндай электрондық байланыс арналары арқылы хабардар ету мүмкін болмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;»;
«3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
Төлем құжатында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі уәкілетті мемлекеттік органның деректерімен сәйкес келмеген не ол болмаған жағдайда банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осындай төлем құжатының акцептінен бас тартады;»;
«13) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарын:
осы банкте ашық банк шоты бар, салық қызметінің органдары осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттары бойынша (мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған корреспонденттік және банк шоттарын қоспағанда) инкассолық өкім немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық төлеушіге;
уәкілетті органның сайтында өзі туралы ақпарат орналастырылған әрекетсіз салық төлеушіге ашудан бас тартуға міндетті.»;
124) 584-бапта:
1-тармақтың 124) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесімен салық есептілігін қабылдау және өңдеу кезінде оның толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын пішімді-логикалық бақылау жүргізіледі.»;
5-тармақта:
1) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың 124) тармақшасының алтыншы абзацы 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«1) осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган белгілеген салықтық нысандарға сәйкес келмесе, немесе»;
1-тармақтың 124) тармақшасының жетінші абзац 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«7) салық есептілігі түрлерінің электрондық пішім құрылымында пішімді-логикалық бақылау талаптары бұзылса;»;
мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салық есептілігін ұсыну тәсіліне қатысты осы Кодекстің 72-бабы 1-тармағының талаптары бұзылса;
1-тармақтың 124) тармақшасының оныншы абзац 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдерін қосылған құн салығы декларациясымен бірге бір мезгілде ұсынуға қатысты осы Кодекстің 270-бабы 2-тармағының талаптары бұзылса, салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.»;
125) 587-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:
тәуекелі жоғары деңгейдегі бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
тәуекелі орташа деңгейдегі бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.
Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде мәлімет үшін жіберіледі және оның орындалуы міндетті болып табылмайды.
Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекелі төмен деңгейдегі бұзушылықтарға қолданылмайды.»;
126) 598-бапта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғада салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы (болуы) туралы мәліметтер осы Кодекстің 37 және 37-1-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.»;
9-тармақ алып тасталсын;
1-тармақтың 127) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
127) 599-баптың 11-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
салықтар, төлемақылар, алым бойынша бересіні;
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлды;
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлды - өтеу есебіне;»;
128) 603-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтаруға жататын асып кеткен қосылған құн салығы салық органының асып кеткен қосылған құн салығын қайтаруға төлем құжатын жасау күнiне және кейiнгi салық кезеңдерi үшiн декларацияларда көрсетiлген, бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы шегерiле отырып қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетiлген декларацияда салық кезеңiнiң соңында, қосылған құн салығының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушiнiң дербес шоты бойынша артық төлем сомасынан асып кетпеуге тиiс.»;
129) 608-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.»;
130) 609-баптың 3-1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.»;
131) 614-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап қолданылмайды.»;
1-тармақтың 132) тармақшасы 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
132) 624-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2 - 5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.»;
133) 625-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың тәуекел деңгейін анықтау мақсатында пайдаланылады.
Бұл ретте уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен критерийлерді қоспағанда, осы тармақтың 1) және 1-2) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлері құпия (қызметтік) ақпарат болып табылады;»;
134) 627-бапта:
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу туралы шешімді салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша салық органы шығарады.»;
9-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігінің отызыншы абзацындағы «негізінде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.» деген сөздер «негізінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз бірінші абзацпен толықтырылсын:
«осы бапта белгіленген жағдайларда салық органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша салық органы шешiмiнің негiзiнде:
салық органдарында тiркеу есебiне қою;
бақылау-касса машиналарының болуы;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының төлнұсқалы болуы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдері мен биоотынға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және төлнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы;
бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау;
лицензиялау қағидаларын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу жүзеге асырылады.»;
135) 631-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық қызметі органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:
1) резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына;
2) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;
3) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат қызметінің тоқтатылуына;
4) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүзеге асырылатын салықтық тексерулерді қоспағанда, жоспарлы кешенді және (немесе) жоспарлы тақырыптық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын, салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе тапсырады.»;
136) 645-баптың 1-тармағында:
екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мыналардың:
1-тармақтың 136) тармақшасының төртінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып қызметін жүзеге асыратын;
1-тармақтың 136) тармақшасының бесінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
ашық сауда нарықтары аумағында шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін;»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, бензинді (авиациалық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілердің осындай бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті 2014 жылғы 1 шілдеден бастап туындайды.»;
137) 666-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667 - 675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.»;
138) 667-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.»;
139) 671-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық қызметінің жоғары тұрған органы шағымды мәнi бойынша қарау аяқталған соң жазбаша түрде дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiбередi немесе қолын қойғызып тапсырады, ал көшiрмесiн салықтық тексеру жүргізген салық органына жібередi.»;
140) 677-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi (салық агенті) шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған күннен кейінгі күннен бастап не салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған кезде осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында көрсетілген мерзiм аяқталған соң отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына жіберуге тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органының шешімін салық төлеушіге (салық агентіне) қолын қойғызып тапсырған күн немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген кезде пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеушінің (салық агентінің) белгі қойған күні оны салық төлеуші (салық агенті) алған күн болып табылады.
Уәкілетті органға шағым беру күні оны беру тәсіліне қарай:
1) өзі келу тәртібімен - уәкілетті органның шағымды алған күні;
2) пошта арқылы - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгісі қойылған күн болып табылады.»;
141) 681-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган шағымды мәнi бойынша қарау аяқталған соң жазбаша түрде дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiбередi немесе қолын қойғызып тапсырады, ал көшiрмесiн салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібередi.».
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат):
3-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша есептеледі және төленеді.».
3. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
1) 8-баптың 4-тармағындағы «автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен» деген сөздер «Ұлттық оператормен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «Ұлттық оператор» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 26) тармақшасындағы «шартын жасасу жатады.» деген сөздер «шартын жасасу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы жол сервисі объектілерін дамытуды үйлестіру жатады.»;
4) 23-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «жол органымен» деген сөздер «Ұлттық оператормен» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат):
4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Халықаралық теміржол қатынасы кезінде құжаттарды ресімдеу халықаралық жолаушылар және жүк теміржол қатынастарында теміржол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес жүзеге асырылады.».
5. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат):
17-баптың 2-1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, салық органы төлеушінің банк шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Салық органдарының өкiмi бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төлеушiлердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды орындауға мiндеттi.
Салық органының банк шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiнің күшін осындай өкiм шығарған салық органы банк шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.»;
«4. Төлеушiнiң банк шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.».
6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат):