5. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің атқару округі аумағында орналасқан жері өзгерген кезде ол осы баптың 4-тармағында көрсетілген органдарға үш күн мерзімде хабарлауға, сондай-ақ сол баспасөз басылымдарында жариялауды жүргізуге міндетті.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалған адамдар басқа атқару округінде жеке сот орындаушысының бос лауазымы конкурсына жалпы негізде қатысуға құқылы.
146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттары
1. Жеке сот орындаушысы, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Жеке сот орындаушысы, егер өндіріп алу сомасы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сомасының мөлшерінен асатын болса, атқарушылық әрекеттерді жасауға құқылы емес.
Егер жеке сот орындаушысы тиісті атқарушылық әрекеттер жасауды қаласа, бірақ азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері өндіріп алатын сомадан аз болса, ол жетіспейтін сомаға азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
3. Егер келтірілген зиянның мөлшері жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, төлемдер Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жалпы сақтандыру шарты бойынша жүргізіледі.
4. Егер келтірілген зиянның мөлшері Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жалпы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, жеке сот орындаушысы оларға келтірілген зиянды жеке өзіне тиесілі мүлікпен және ақшамен қайтарады.
5. Өтелуге тиіс зиян келтіру фактісі мүдделі тараптардың келісімімен белгіленеді, ал дау болған жағдайда оны сот белгілейді.
6. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-параграф. Жеке сот орындаушыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
147-бап. Жеке сот орындаушысының құқықтары
Жеке сот орындаушысы:
1) осы Заңда көзделген атқарушылық әрекеттерді өзіне өтініш жасаған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сай жасауға;
2) кез келген банкте банктік шоттар, оның ішінде валюталық шот ашуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттерінің болуына, кеңсе қызметкерлерін жалдауға және жұмыстан босатуға, түскен кірістерге билік етуге, сотта өз атынан сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да әрекеттер жасауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің қызметін пайдалануға;
4) мемлекеттік тіркеу органдарының және өзге де ұйымдардың электрондық деректер базасынан мәліметтер алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
148-бап. Жеке сот орындаушысының міндеттері
1. Жеке сот орындаушысы:
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органда есептік тіркелгеннен кейін тіркелу үшін үш жұмыс күні ішінде салық органына өтініш беруге;
2) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сот орындаушысының қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға;
3) өзінің кәсіби міндеттерін адал орындауға, жеке адамдардың жеке өмірінің мән-жайларына қатысты құпияны сақтауға, қызметінің нәтижесінде өзіне белгілі болған коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге жол бермеуге міндетті.
Аталған міндет жеке сот орындаушысының өкілеттігін тоқтатқаннан кейін де күшінде қалады. Құпияны сақтау туралы талапты жеке сот орындаушысы кеңсесінің қызметкерлері мен аталған мәліметтерге қолжетімді басқа адамдар да сақтауға міндетті;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде атқарушылық іс жүргізуді, атқарушылық іс-әрекеттерді уақтылы тіркеуді және мүлікті есепке алуды жүзеге асыруға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін сақтауға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға уақтылы және тиісінше ақпарат ұсынуға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) тоқсан сайын міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;
6) кеңсесінің болуына;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) заңмен көзделген жағдайларда жасалған атқарылған әрекеттер туралы мәліметтерді, құжаттардың өзге де көшірмелерін, қажет болған жағдайда - түсініктемелер, оның ішінде Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтамау мәселелері бойынша жеке түсініктемелер беруге;
8) негіздер болған кезде аумақтық органға (бөлімге) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін материалдарды жіберуге;
9) өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғаннан кейін бір жылдың ішінде атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша оқудан (біліктілігін арттырудан) өтуге, кейіннен үш жылда бір рет өтіп тұруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке сот орындаушысы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына және уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға өзінің қызметі туралы ақпарат береді, оның нысаны мен мерзімін уәкілетті орган бекітеді.
149-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін шектеу
Жеке сот орындаушысы ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақылы қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға құқылы емес.
150-бап. Жеке сот орындаушысының жауапкершілігі
1. Жеке сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттер мен лауазымдық өкілеттіктерді орындамауы не тиісінше орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларға және басқа да адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін атқарушылық әрекеттерді жасау салдарынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.
151-бап. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-параграф. Жеке сот орындаушысының қызметін ұйымдастыру
152-бап. Атқару округі және учаскесі (жеке сот орындаушысы қызметінің аумағы)
1. Атқару округі (жеке сот орындаушысы қызметінің аумағы) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес белгіленеді.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жеке сот орындаушысы қызметінің аумағын, сондай-ақ атқару округі шегіндегі жеке сот орындаушыларының санын уәкілетті орган айқындайды.
Астана және Алматы қалаларындағы жеке сот орындаушысы қызметiнiң аумағы Астана және Алматы қалаларының бүкiл аумағын қамтиды. Атқару округтерi болып табылатын облыс орталықтарының және облыс аудандарының шектерiндегi жеке сот орындаушысы қызметiнiң аумағы облыстың бүкiл аумағын қамтиды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Жеке сот орындаушысы осы Заңның 153-бабының 1-тармағында айқындалған өзінің жұмыс орнынан тыс жерде, осы Заңның 161-бабының 2-тармағына сәйкес өзі мүшесі болып табылатын жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы шегінен тыс жерде атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асырған кезде, ол атқарушылық іс-әрекеттер жасалған жер бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасын хабардар етуге міндетті.
3. Кез келген жеке немесе заңды тұлға атқарушылық құжатты орындауды жүзеге асыру үшін, егер борышкер оның қызмет аумағында тұратын болса (заңды тұлғалар үшін - заңды мекенжайы), оның мүлкі не жұмыс орны орналасқан болса, атқарылатын жері бойынша атқару округінің аумағындағы кез келген жеке сот орындаушысына өтініш жасауға құқылы.
153-бап. Жеке сот орындаушысының кеңсесі
1. Жеке сот орындаушысының кеңсесі жеке сот орындаушысының жұмыс орны болып табылады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жері мен жабдықталуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жеке сот орындаушыларының ортақ кеңсесі болуы мүмкін. Ортақ кеңсені күтіп ұстаған жағдайда әрбір жеке сот орындаушысы өзінің өкілеттіктерін өз атынан жүзеге асырады және оларды жасағаны үшін жеке жауаптылықта болады.
4. Жеке сот орындаушысы жұмыс күндерінде аптасына кемінде екі рет, ұзақтығы төрт сағаттық жеке қабылдау уақытын белгілеуге тиіс. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің жұмыс уақыты мен қабылдау сағаттары жалпы жұрттың назарына жеткізілуге тиіс.
5. Жеке сот орындаушылары дара кәсіпкерлер үшін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген қағидаларға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 154-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
154-бап. Жеке сот орындаушысының куәлігі, жеке мөрі, мөртабандары және бланкілері
Жеке сот орындаушысының өзінің тегі, аты мен әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының, атқарушылық округтің атаулары, жеке сот орындаушысы лицензиясының нөмірі көрсетілген куәлігі, жеке мөрі, сондай-ақ мөртабандары мен жеке бланкілері болады. Куәліктің және жеке мөрдің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді. Куәлік пен жеке мөрді дайындауды және беруді жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы ұйымдастырады.
155-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі іс жүргізу
1. Жеке сот орындаушысының кеңсесіндегі іс жүргізуді жеке сот орындаушылары уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізеді.
2. Жеке сот орындаушыларының іс жүргізу ережелерін орындауын бақылауды жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып аумақтық органдар жүзеге асырады.
156-бап. Жеке сот орындаушысының көмекшілері мен тағылымдамашылары
1. Жеке сот орындаушысы өзінің көмекшілері мен тағылымдамашыларының болуына құқылы.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам жеке сот орындаушысының көмекшісі, тағылымдамашысы бола алмайды.
2. Жеке сот орындаушысының лицензиясы бар Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысының көмекшісі бола алады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жоғары заңгерлік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары сот орындаушысының тағылымдамашылары бола алады. Тағылымдамашылар кемінде үш жыл сот орындаушысының жұмыс өтілі бар жеке сот орындаушыларында тағылымдамадан өтеді.
4. Жеке сот орындаушылары тағылымдамашыларының тағылымдамадан өтуінің тәртібі, мерзімдері мен шарттары Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен келiсу бойынша уәкілетті орган бекітетін жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеде айқындалады.
5. Жеке сот орындаушысының тағылымдамашысы мен көмекшісінің құқықтары және міндеттері еңбек шартында айқындалады.
4-параграф. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-параграф. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары.
Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы
161-бап. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы жеке сот орындаушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ олардың атқарушылық әрекеттер жасауы кезінде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру үшін құрылған кәсіптік бірлестікті білдіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Жеке сот орындаушысы жеке сот орындаушыларының бір өңірлік алқасында ғана бола алады.
3. Әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Қазақстан Республикасы астанасының аумағында жеке сот орындаушыларының бір өңірлік алқасы құрылады.
4. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен реттеледі. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы заңды тұлға болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы өз қызметін өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру принциптерінде ұйымдастырады.
5. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының лауазымды адамдары атқарушылық әрекеттерді жасау құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жария еткені және жеке сот орындаушысына залал келтіргені үшін, оның ішінде жеке сот орындаушысының тарапынан өзге адамдарға келтірілген залалдың орнын толтыру қажеттігіне әкеп соққан кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
162-бап. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының өкілеттіктері
1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы:
1) мемлекеттік органдарда жеке сот орындаушыларының мүдделерін білдіреді және қорғайды;
2) оларға атқарушылық құжаттарды орындау жөнінде көмек көрсетеді және қызметін дамытуға жәрдемдеседі;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерді жасауы кезінде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының сақталуына кәсіптік бақылауды жүзеге асырады;
4) түскен шағымдарға және мүдделі адамдардың өзге де өтініштеріне байланысты жеке сот орындаушысынан жасалған атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтерді, оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты өзге де құжаттарды, жеке түсініктемелерді, оның ішінде кәсіби әдепті сақтамауы мәселелері жөніндегі жеке түсініктемелерді талап етеді;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға үміткер адамдардың тағылымдамасын және жеке сот орындаушыларының кәсіби даярлығын арттыруды ұйымдастырады;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларын оқудан (біліктілігін арттырудан) өткізеді, оның нәтижелері бойынша растайтын құжат береді;
6) тәртіптік комиссияның қарауына жеке сот орындаушыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) өзінің интернет-ресурсында борышкердің аукционда өткізілетін мүлкінің тізімін жариялайды;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындау үшін кандидаттарға арналған ұсынысты енгізеді;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін сақтау мәселелері бойынша комиссия құрады және оның жұмысын ұйымдастырады;
8) 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) жеке сот орындаушысының өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде келтірген зиянды өтеуі жөніндегі міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
10) жеке сот орындаушыларының өздерінің атқару округінің аумағында жүргізген атқарушылық іс жүргізулерінің тізілімін жасайды;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) аумақтық органдарды жеке сот орындаушыларының міндеттерін тиісінше жүзеге асырмауы, атап айтқанда, жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы, жеке сот орындаушыларын қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тарту жағдайлары туралы және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын бұзушылықтар туралы хабардар етіп отырады;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтайды және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады;
14) талдамалық және зерттеу жұмысын жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасына және аумақтық органға өз қызметі туралы ақпарат беріп отырады. Ақпарат берудің нысаны мен мерзімін уәкілетті орган бекітеді.
163-бап. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы
1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларының кәсіптік бірлестігін білдіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы мемлекеттік тіркелуге жатады.
2. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен реттеледі.
3. Жеке сот орындаушыларының әрбір өңірлік алқасы Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының жарғысында көзделген тәртіппен Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының құрамына өкілдерін сайлайды.
4. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының жарғысын жеке сот орындаушылары өңірлік алқалары өкілдерінің жиналысы қабылдайды.
5. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жалпы сақтандыру шартын жасайды.
164-бап. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының қызметін қаржыландыру
Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының қызметін қаржыландыру жеке сот орындаушылары жарналарының кемінде жиырма бес пайызы мөлшерінде жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары аударатын міндетті жарналардың есебінен жүзеге асырылады.
165-бап. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының өкілеттіктері
1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы:
1) жеке сот орындаушылары өңірлік алқаларының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларының және жеке сот орындаушыларының мүдделерін білдіреді;
3) жеке атқарушылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша Сот орындаушылары мен қызметшілерінің халықаралық одағының, басқа да халықаралық және шетелдік ұйымдардың жұмысына қатысады;
4) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша және жеке атқарушылық қызметке байланысты уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдардың норма шығарушылық және сарапшылық қызметіне қатысады;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларымен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларын оқытуды (біліктілігін арттыруды) ұйымдастырады;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға үміткер жеке тұлғаларды тағылымдамадан өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;
6) жеке сот орындаушысының өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде келтірген зиянды өтеуі жөніндегі міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді;
7) жеке практикамен айналысатын сот орындаушыларының әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
8) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларының қызметін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтайды және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады;
10) талдамалық және ғылыми жұмысты жүзеге асырады;
11) Жеке сот орындаушыларының кәсіби ар-намыс кодексін қабылдайды;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы осы Заңда және оның Жарғысында айқындалған өзінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін басқа да коммерциялық емес ұйымдар құруға құқылы.
3. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы уәкілетті органға жыл сайын жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындауы жөнінде ақпарат беріп отырады.
6-параграф. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау
және олардың тәртіптік жауаптылығы
166-бап. Жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерді жасауын соттың бақылауы
Атқарушылық әрекеттерді жасаудан бас тартуға немесе атқарушылық әрекеттерді дұрыс жасамауға сот тәртібімен шағым жасалады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 167-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
167-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттейді және бақылайды;
2) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін әзірлейді және оны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
3) жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс ұйымдастырады;
4) конкурстың қорытындылары бойынша азаматтарды жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындайды;
5) республика бойынша және әрбір өңір бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекітеді;
6) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;
7) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
8) осы Заңның 143 және 144-баптарының 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды;
9) осы Заңның 144-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы сотқа қуыным береді;
10) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және электрондық дерекқорға қосу туралы шарттар жасасады;
11) мыналарды:
жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін;
тәртіптік комиссия туралы ережені;
біліктілік емтихандары туралы ережені;
біліктілік комиссиясы туралы ережені;
жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс өткізу тәртібін;
жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды;
жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін;
іс қағаздарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының зандарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 168-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
168-бап. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі аумақтық органның құзыреті
1. Аумақтық орган:
1) жеке сот орындаушыларының осы Заңды сақтауын және өздерінің міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастырады;
2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
3) тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізеді;
4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аумақтық орган жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып:
1) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын жинақтап қорытады;
3) осы Заңның 148-бабының 2-тармағына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асырады;
4) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдарын қарайды;
5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарды жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;