15. Бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулының көшірмесін алған күннен бастап, осы баптың 14-тармағында аталған адамдар:
1) аталған қаулымен борышкердің шектелген құқықтарын іске асыруға бағытталған борышкердің талаптарын орындауға құқылы емес;
2) сот орындаушысының қаулысында аталған ақшаның мөлшерін негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының арнаулы шотындағы борышкердің ақшасымен және жеке шоттарындағы және депо шоттарындағы бағалы қағаздарымен операцияларын дереу тоқтата тұруға міндетті.
16. Номиналды ұстаушының клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу жүзеге асырылатын, номиналды ұстаушының банктік шоттарына номиналды ұстаушының міндеттемелері бойынша тыйым салына алмайды.
66-бап. Борышкер мүлкiнiң тiзiмдемесi
1. Сот орындаушысы өндiрiп алушыға берiлетiн соманы, орындау жөніндегі шығыстарды және жеке сот орындаушысының қызметтеріне төлейтін шығыстарды өтеуге қажеттi мөлшерде борышкер мүлкiнің тiзiмдемесін жүргізеді. Осы Заңның 55-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда, тізімделетін мүліктің құны атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алудың мөлшерiнен асып түсуi мүмкiн. Сот орындаушысының тiзiмдемеге түскен заттарға сүргi сала алады.
2. Мүлiкке тiзiмдеме жасау борышкердiң және куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс. Атқарушылық әрекеттер жасалатындығы туралы алдын ала хабардар етілген, борышкер болып табылатын жеке адам немесе заңды тұлғаның өкiлi болмаған жағдайда, тiзiмдеме куәгерлердiң қатысуымен жасалады.
3. Мүлiктер тiзiмдемесiне әр заттың атауы, оның ерекше белгiлерi (салмағы, метражы, тозу дәрежесi, бұйымның маркасы және өзге де өлшемдері), әр заттың жеке-жеке бағасы және барлық мүлiктiң құны енгiзiледi.
Тiзiмдемеге оны жасау кезiнде қатысқан адамдар қол қояды.
4. Сот орындаушысы тізімдемеге қатысушы маманның қорытындысы бойынша жылжымалы мүлікке тізімдеме жасамауға не маманның қорытындысы бойынша оны сату мүмкін болмаса немесе оны сатудан түскен сома орындау жөніндегі шығыстардан кем болатын болса, оны кейін тізімдемеден алып тастауға құқылы.
67-бап. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасы
1. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасында:
1) хаттама жасалған уақыт пен орны;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) хаттама жасаған сот орындаушысының, сондай-ақ хаттама жасалған кезде қатысқан адамдардың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
3) соттың немесе атқарушылық құжаты орындалатын басқа да органның атауы;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өндіріп алушының және борышкердің тектері, аттары және әкелерінің аттары (олар болған жағдайда);
5) мүлікке тізімдеме жасау жүргізілгені туралы сілтеме (тізімдемені кім жүргізді, тізімделген мүліктің жалпы құны);
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мүлік түрінің сипаты немесе мүліктің және оның сипаттамаларының тізбеленуі;
6) егер заттарға сүргі салу жүргізілген болса, оған сілтеме;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) мүлік сақтауға берілген жеке адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, егер мүлікті сақтау борышкердің өзіне жүктелмесе, мекенжайлары;
8) борышкерге және басқа да адамдарға сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау тәртібі мен мерзімінің түсіндірілгені, сондай-ақ борышкерге немесе мүлікті сақтаушыға олардың сақтауға берілген мүлікті сақтау жөніндегі міндеттері және оны талан-таражға салғаны, иеліктен шығарғаны немесе жасырғаны үшін жауапкершілігі жөнінде түсіндірілгені туралы белгі;
9) өндіріп алушының, борышкердің, тізімдеме жасау кезінде қатысқан адамдардың ескертпелері мен арыздары және сот орындаушысының солар бойынша өкімдері көрсетілуге тиіс.
2. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасына сот орындаушысы және оны толтыру кезінде қатысқан адамдар қол қояды.
3-параграф. Мүлікті бағалау және сақтау
68-бап. Борышкердің мүлкiн бағалау
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Борышкердің мүлкін бағалауды сот орындаушысы уәкілетті орган бекіткен борышкердің мүлкін бағалау әдістемесіне сәйкес оның нарықтық құны мен нақты тозуын ескере отырып жүргізеді. Бұл ретте өндіріп алушы мен борышкер арасында қол жеткізілген бағалау туралы келісім ескерілуі мүмкін.
Егер жекелеген заттарды бағалау қиындық тудырса не борышкер немесе өндіріп алушы сот орындаушысының жүргізген бағалауына қарсылық білдірсе, сот орындаушысы мүлік құнын анықтау үшін маман тағайындайды. Маманның бағалауына келіспейтін атқарушылық іс жүргізу тарабы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен танысқан (көшірмесін, хабарламасын алған) кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде оған дауласуға құқылы.
Жүргізілген бағалаумен келіспеген жағдайда, сот орындаушысы қайта бағалауды тағайындайды, бұл ретте, қайта бағалау жөніндегі маманға ақы төлеуді атқарушылық іс жүргізудің бағалаумен келіспеген тарабы жүргізеді.
Валюталық құндылықтар, қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар, антиквариат, кескіндеме және мүсін өнері туындылары, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік міндетті түрде мамандардың қатысуымен бағаланады.
2. Мүлікті бағалауды тағайындау туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмелері қаулы шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей атқарушылық іс жүргізу тараптарына жіберіледі.
69-бап. Мүлiкті сақтау
1. Сот орындаушысы сақтаушыдан сақтау қолхатын алу арқылы сақтау шарты негiзiнде тыйым салынған мүлiктi сақтауға берудi жүзеге асырады.
2. Тыйым салынған мүлiктi сақтаудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және басқа да нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
3. Егер мүлiктi пайдалану оның ерекшеліктері бойынша мүлiктiң жойылуына немесе оның құндылығының кемуiне әкеп соқпаса, сақтаушы бұл мүлiктi сот орындаушысының рұқсатымен пайдалана алады.
4. Борышкер немесе оның отбасының мүшесi сақтаушы болып табылмаса, ол сақтағаны үшiн сыйақы алады.
5. Мүлiктi сақтау жөнiнде жұмсалған қажеттi шығыстар сақтаушыға осы мүлiктi пайдаланудан iс жүзiнде алынған пайда шегерiле отырып өтеледi.
6. Мүлiктi сақтауға байланысты жұмсалған шығындар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
70-бап. Мүлiктi сақтаушының жауапкершiлiгi
Сақтауға берілген тыйым салынған мүлікті талан-таражға салған, иеліктен шығарған немесе жасырған жағдайда сақтаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
71-бап. Борышкерден алып қойылған құндылықтарды сақтау
1. Борышкерден ақшаны, бағалы қағаздарды, валюталық құндылықтарды, зергерлiк және қымбат металдардан, асыл тастардан және iнжуден жасалған басқа да бұйымдарды, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтарын алып қойған кезде сот орындаушысы екі дана етіп алып қою актісін жасайды.
2. Борышкерден алып қойылған бағалы қағаздарды, валюталық құндылықтарды, зергерлiк және қымбат металдардан, асыл тастардан және iнжуден жасалған басқа да бұйымдарды, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтарын сот орындаушысы банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға шарт негiзiнде жүзеге асырылатын сақтауға өткiзедi.
3. Өндiрiп алушыға берілген сомаларды және атқару жөніндегі шығыстарды өтеу үшiн қажеттi, борышкерден алынған ақша сомаларын сот орындаушысы жиырма төрт сағат ішінде аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгiзедi. Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотындағы ақша сомаларын есепке алу, сақтау және беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
4. Борышкерден ақшаны алып қою кезінде борышкерге алып қою актісінен бөлек түбіртек беріледі, ал алып қойылған ақша аумақтық органың қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізіледі.
8-тарау. БОРЫШКЕРДІҢ МҮЛКIН ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
1-параграф. Өткізудің жалпы қағидалары
72-бап. Борышкердің мүлкiн өткізудің кезектiлiгi
Борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алу кезiнде бұл мүлiктi өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бірінші кезекте борышкердің іс жүргізуге тікелей қатысы жоқ мүлкі, оның ішінде бағалы қағаздары, валюталық құндылықтары, қымбат бағалы металдары мен асыл тастары, зергерлік бұйымдары, көлік құралдары өткізіледі;
2) екiншi кезекте - дайын өнiм (тауарлар), сондай-ақ іс жүргізуге тiкелей қатыспайтын және іс жүргізуге тiкелей қатысуға арналмаған өзге де материалдық құндылықтар;
3) үшiншi кезекте - жылжымайтын мүлiк объектiлерi, сондай-ақ шикiзат пен материалдар, станоктар, құрал-жабдықтар, іс жүргізуге тiкелей қатысуға арналған басқа да негiзгi құралдар;
4) төртiншi кезекте - жалға беру (мүлiктi жалдау), заем, прокат шарты бойынша немесе өзге де шарттар бойынша басқа адамдарға берілген мүлiк.
73-бап. Борышкердің жылжымайтын мүлкін кейіннен аукционда сату үшін оған құқықтарды тіркеу ерекшеліктері
1. Меншік құқығы (шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген борышкердің жылжымайтын мүлкінен өндіріліп алынған жағдайда, сондай-ақ жылжымайтын объектінің кадастрлық және техникалық есепке алу (түгендеу) жөніндегі жұмыстары жүргізілмесе немесе аяқталмаса, сот орындаушысы борышкерге аталған әрекеттерді жүргізуге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды кадастрлық, техникалық есепке алу мен мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттарды табыс ету міндеттерін жүктеу туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді.
2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді кадастрлық және техникалық есепке алу мен мемлекеттік тіркеу бойынша шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
74-бап. Тыйым салынған мүлiктi өткізу
74-баптың 1-тармағы 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздеріне және мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті өткізуді комиссиялық негіздерде сауда ұйымдары арқылы, сондай-ақ аукцион нысанындағы сауда-саттықта жүргізеді. Аукцион нысанындағы сауда-саттықты жеке сот орындаушысы - дербес, ал мемлекеттік сот орындаушысы мамандандырылған сауда ұйымы арқылы жүргізеді.
Аукцион нысанындағы сауда-саттық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық аукцион арқылы жүргізілуі мүмкін.
74-баптың 2-тармағы 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мүлікті өткізу нысанын таңдауды сот орындаушысы мүлік түрін ескере отырып айқындайды.
Мынадай:
жылжымайтын мүлікті қоспағанда, құны үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік комиссиялық негіздерде өткізіледі;
құны үш жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізіледі.
Электрондык аукционда мемлекеттік тіркелуге жататын және (немесе) құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлік өткізіледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Борышкер сот орындаушысы мүлікке тыйым салып, оны бағалауды жүргізгеннен кейін және мүлік алып қойылғанға немесе өткізілгенге дейін сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген мерзімде тыйым салынған мүлікті бағалау құнынан төмен болмайтын құны бойынша өткізуге құқылы.
Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы атқарушылық іс-әрекеттерді, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мүлікті сауда-саттыққа шығару бойынша жүзеге асырмауына негіз болып табылмайды. Мүлікке салынған тыйым борышкер мен сатып алушың сатып алу-сату шартына қол қойғаннан және сатып алушы мүліктің бүкіл сатып алу құнын аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізгеннен кейін ғана алынады.
4. Егер тыйым салынған мүлікті өткізу туралы шешім қабылдау кезінде борышкердің дәрменсіздігі (банкрот болуы) туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалса, онда мүлікті өткізу аталған мәселе мәні бойынша қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.
5. Тыйым салынған мүлікті өткізудің осы Заңмен реттелмеген мәселелері уәкілетті орган бекітетін қағидаларымен айқындалады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 74-1-баппен толықтырылды
74-1-бап. Сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті есепке алуы
Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тыйым салынған мүліктің есепке алынуын қамтамасыз етеді.
75-бап. Мемлекетке берiлетiн мүлiктi өткізу
Мүлiктi тәркiлеу бөлiгiндегі қылмыстық iс бойынша сот үкімі негiзiнде не мүлiктi мемлекетке беру туралы шешiм негiзiнде тыйым салынған мүлiк Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өткізіледі немесе пайдаланылады.
76-бап. Құндылықтарды өткізу
Борышкерден алып қойылған әрі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға сақтауға берiлген бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, зергерлiк және қымбат металдардан, асыл тастар мен iнжуден жасалған басқа да бұйымдар, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтары мен антиквариат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн қағидаларға сәйкес өткізіледі.
77-бап. Тыйым салынған мүлiктi өткізу тәртібі
1. Борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
77-баптың 2-тармағы 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Борышкердің тыйым салынған мүлкін өткізу, осы Заңның 75 және 76-баптарында көрсетілген мүлікті қоспағанда, аукцион нысанындағы сауда-саттықта, оның ішінде электрондық аукцион арқылы, сондай-ақ комиссия шарты негізінде сауда ұйымдары арқылы сату жолымен жүзеге асырылады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тез бұзылатын мүлікті, оған тыйым салынып, тізімдеме жасалғаннан кейін атқарушылық іс жүргізу тараптарының білдірген еркіне қарамастан, сот орындаушысы комиссия шарты бойынша дереу сатуға тапсырады.
4. Борышкердің мүлкін мамандандырылған ұйымға өткізу үшін беруді сот орындаушысы қабылдау-өткізу актісі бойынша жүзеге асырады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер маман тыйым салынған мүлік сату кезінде құнды болып табылмайды және өтімді емес деген қорытынды шығарса, бұл мүлік өткізуге берілмейді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Құрамы жағынан біртектес мүлікті өткізу кезінде ол сот орындаушысының қаулысы бойынша бірыңғай лотпен сатылуы мүмкін.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік сот орындаушысы оның атқарушылық округінің (атқарушылық учаскесінің) аумағындағы мүлікті ғана өткізеді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Жеке сот орындаушысы жылжымайтын мүлікті оның тіркелген жері бойынша өткізеді, ал өзге мүлікті оның орналаскан жері бойынша өткізеді.
78-бап. Мүлiктi комиссиялық сату ерекшеліктері
1. Тыйым салынған жылжымалы мүлікті сату мамандандырылған дүкенде (сауда алаңында) ашық сатуға қою жолымен комиссиялық негізде және оны адамдардың белгісіз тобының сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Борышкердің мүлкін өткізуге беруді мемлекеттік сот орындаушысы мамандандырылған сауда ұйымы арқылы кабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады.
Жеке сот орындаушысы комиссиялык сауданы жүзеге асыратын ұйымдармен шарттарды дербес жасайды.
3. Егер борышкердің мүлкі осы баптың 2-тармағында аталған ұйымдарға өткізуге тапсырған күннен бастап бір ай мерзімде өтпесе, сот орындаушысы комиссионердің өкілімен бірлесіп, бұл мүлікті қайта бағалауды жүргізеді, бірақ ол бастапқы бағасының елу пайызынан кем болмауы керек.
Сот орындаушысы борышкердің мүлкін қайта бағалау туралы қаулы шығарады, оның көшірмесі қаулы шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей атқарушылық іс жүргізу тараптары мен аталған мүлікті өткізетін ұйымға жіберіледі.
4. Борышкердің мүлкі мүлікті қайта бағалау жүргізілген күннен бастап бір айдың ішінде өтпесе, сот орындаушысы өндіріп алушыға борышкердің өтпеген мүлкін оның соңғы бағасына сәйкес құны бойынша өзінде қалдыруды ұсынады. Өндіріп алушы аталған ұсынысты алған кезден бастап бес күн мерзімде өзінің шешімі туралы сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.
Сот орындаушысы борышкердің мүлкін өндіріп алушыға беру туралы қаулы шығарады. Борышкердің мүлкін өндіріп алушыға беру қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді. Мүлікті беру туралы қаулының көшірмесі ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей атқарушылық іс жүргізу тараптарына жіберіледі.
5. Өндіріп алушы аталған мүлікті алудан бас тартқан жағдайда (сонымен бірге өндіріп алушыдан жауап болмағанда) ол борышкерге қайтарылады.
6. Осы баптың 4-тармағына сәйкес борышкердің өндіріп алушыға берілген мүлкінің құны мүлікті қайта бағалау кезінде айқындалған баға бойынша атқарушылық құжатты орындау есебіне жазылады, бұл туралы сот орындаушысы атқарушылық құжатқа тиісті белгі қояды.
7. Сауда ұйымдарының тауарларды өткізуден алған сомасы үш күн мерзімде аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына сақтауға тапсырылады.
2-параграф. Аукцион өткізудің ерекшеліктері
79-бап. Алдағы аукцион туралы хабарлау
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Борышкердің мүлкі аукционда өткізілетін кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын, ресми хабарларды жариялауға құқығы бар мерзімді баспасөз басылымдарында аукцион өткізілгенге дейін кемінде он күннен кешіктірмей, қазақ және орыс тілдерінде алдағы аукцион туралы хабарлайды. Кепілге салынған мүліктің аукцион нысанындағы сауда-саттықта сатылатын уақыты мен орны туралы сот орындаушысы кепіл ұстаушыға хабарлайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Борышкердің мүлкі аукционда өткізілген кезде мемлекеттік сот орындаушысы мүлік тізімін - аумақтық органның интернет-ресурсында, ал жеке сот орындаушысы - жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының интернет-ресурсында жариялайды.
3. Атқарушылық іс жүргізу тараптары хабарландырудың мазмұнын сот орындаушысымен алдын ала келісіп, аукцион өткізу туралы хабарландыруды басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында өз есебінен жариялауға құқылы.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 80-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
80-бап. Аукцион өткізудің жалпы шарттары
1. Аукционға қатысуға тілек білдіруші адамдар аукционға қатысуға өтінім және өздерінің оған қатысуына кедергілердің жоқ екендігі туралы қолхат беруге және өндіріп алушыны қоспағанда, аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына мүліктің бастапқы құнының бес пайызы мөлшерінде кепілдік жарна салуға міндетті. Аукционды ұйымдастырушының не жеке сот орындаушысының аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдауы аукцион басталғанға дейін бір тәулік бүрын аяқталады. Аукционда ұтқан адам енгізген сома сатып алу бағасының есебіне жатқызылады. Аукционның қалған қатысушылары енгізген кепілдік жарна оларға аукцион аяқталганнан кейін бес күн ішінде қайтарылады.
2. Аукционға сот орындаушылары және осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жүбайы (зайыбы), борышкер сатып алушы ретінде қатыса алмайды.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 81-бап өзгертілді; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 81-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81-бап. Аукцион өткізудің тәртібі
1. Аукцион басталар алдында қатысушылар сауда-саттықты ұйымдастырушыға немесе жеке сот орындаушысына жеке тұлға үшін - жеке басты куәландыратын құжаттарды не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкілдің сенімхатын ұсынады. Аталған құжаттардың көшірмелері атқарушылық іс жүргізу материалдарына тігіліп қойылады.
2. Аукцион басталғанда сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы оны өткізу қағидаларын, сатылатын мүліктің атауын, бастапқы бағасын және мүліктің бастапқы бағасының бір пайызынан кем болмайтын бағаны өзгерту қадамын жариялайды.
Бұдан кейін сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы аукционға қатысушылардан мүліктің бастапқы бағасына қарағанда көбірек құн төлеуге кімнің дайын екендігін анықтайды.
3. Аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген мүліктің бағалау кұнынан басталады. Сатып алу бағасын ұлғайту қатысушының өзіне берілген тіркеу нөмірі бар карточканы көтеруі және бастапқы кұнын бір қадамға немесе бірнеше қадамға ұлғайту туралы хабарлау арқылы жүзеге асырылады.
4. Мүліктің кұнын әрбір ұлғайтудан кейін сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы мүлік құнының ұлғайтылғаны туралы хабарлайды және аукционды өткізу хаттамасына бағаны көтерген қатысушының деректерін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді, одан кейін басқа қатысушыдан (қатысушылардан) бағаны соңғы көтерген қатысушыға қарағанда көбірек құн төлеуге кімнің дайын екендігін анықтайды.
5. Аукциондағы зат қатысушылардың бірі ұсынған және сауда-саттықты ұйымдастырушы үш рет қатарынан жариялаған соңғы баға бойынша сатылды деп есептеледі. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаны үшінші рет жариялағанға дейін аукционға басқа қатысушылардан оны көтеруге ұсыныстар түспесе, ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болады.
6. Сатып алушы аукцион аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде аукцион басталар алдында енгізілген кепілдік жарнаны есепке жатқыза отырып, өзі сатып алған мүлік үшін толық соманы енгізуге міндетті. Сатып алушы бүкіл сатып алу сомасын белгіленген мерзімде енгізбеген кезде аукцион басталар алдында енгізілген кепілдік жарна оған қайтарылмайды және мемлекет кірісіне немесе жеке сот орындаушысының кірісіне түседі. Егер сатып алушының аукционға катысуға құқығы болмағаны анықталған жағдайда да кепілдік жарна қайтарылмайды.
Өндіріп алушы сауда-саттық жеңімпазы болып жарияланған кезде және егер мүлік сатып алынған сома борыш сомасынан асып кетсе, өндіріп алушы борыш сомасы мен сатылған мүліктің құны арасындағы айырманы енгізеді.
7. Егер аукционда мүлікті сатып алушы осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде сатып алу бағасын енгізбеген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы үш жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазынан кейін ең жоғары баға ұсынған аукционның келесі қатысушысына мүлікті жеңімпаз ұсынған бағадан бір қадам төмендетілген баға бойынша оның сатып алуы туралы өтініш беру құқығы туралы хабарлайды. Аукционның аталған қатысушысы мүндай өтінішті хабарлама алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыға беруге құқылы. Сатып алу бағасын аукционның аталған қатысушысы сауда-саттықты ұйымдастырушының, жеке сот орындаушысының хабарламасын алғаннан кейін бес күн ішінде енгізеді.
8. Егер сатылған мүліктен түскен түсім өндіріп алушының талаптарын қанағаттандыру, мәжбүрлеп орындату, атқарушылық санкциясы бойынша шығыстарды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу үшін жеткілікті сомаға жететін болса, сауда-саттықты ұйымдастырушы аукционды тоқтатады.
82-бап. Аукцион нәтижелерін бекіту
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1 Аукционды ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы мынадай мәліметтерді:
1) аукционның күнін және орнын;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мүлікті сауда-саттыққа қоятын сот орындаушысының тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мүлікке тыйым салынған атқарушылық құжатты және тыйым салу туралы қаулыны;