әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
422-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 423-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 423-бап жаңа редакцияда
423-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсiмiне сәйкес келмейтiн операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету, сол сияқты есеп жүргiзу және есептiлiктi ұсыну тәртiбiн және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген өзге де шектеулердi, кедендiк рәсiм талаптары мен шарттарын сақтамау -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 424-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 424-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 424-бап жаңа редакцияда
424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн сақтамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн бұза отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 425-бап жаңа редакцияда
425-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуi
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуi, оның iшiнде «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлiк құралдарын мiндеттi жазбаша декларациялау жөнiндегi талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесімен жөнелтілмейтін багажбен өткiзу тәртiбiн сақтамау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 425-1-баппен толықтырылды
425-1-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерінде өткізу тәртібін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық почта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге -жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 426-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 426-бап өзгертілді; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 426-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
426-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу, яғни, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындарынан тыс жерлерден немесе көрсетiлген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан жүз пайыз мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан екі жүз пайыз мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 427-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 427-бап өзгертілді; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 427-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
427-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендік бақылаудан жасыру
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендік бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану арқылы жасыру немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылған тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен заттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындарымен бірге тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 428-бап өзгертілді; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 428-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
428-бап. Құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды, анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ жасанды сәйкестендiру құралдарын не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты түпнұсқалық сәйкестендіру құралдарын пайдалану, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 429-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 429-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 429-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 429-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
429-бап. Тауарларды кедендік декларацияламау немесе жалған декларациялау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендік декларацияламау немесе жалған декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі немесе дұрыс емес мәліметтерді мәлiмдеуі немесе кедендік төлемдер мен салық төлеуден босату үшін немесе олардың мөлшерін төмендету үшін негіз болатын дұрыс емес мәліметтерді мәлімдеуі және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді мәлімдемеуі -
жеке тұлғаға - қырық, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жүз, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 430-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 430-бап өзгертілді
430-бап. Кеден одағының кеден аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету
1. Кеден одағының кеден аумағына кедендік бақылауға соқпай не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалана отырып әкелiнген не декларацияланбаған немесе анық декларацияланбаған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты кедендік төлемдер және салықтар бөлiгiнде кедендік жеңiлдiктер берiлген, осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және сатып алу -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 431-бап өзгертілді; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 431-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
431-бап. Пайдалануға және (немесе) билік етуге шек қойылған тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу
Пайдалануға және (немесе) билік етуге шек қойылған тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен өзге, оның ішінде оларға байланысты осындай жеңілдіктер берілген мақсаттарда пайдалану және (немесе) оларға билiк ету -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
432-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 433-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
433-бап. Төленген кедендiк төлемдер мен салықтарды тиiстi негiздерсіз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған iс-әрекеттер
Қазақстан Республикасының кеден органына - төленген кедендiк төлемдердi қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не тиiстi негiздемесіз толық көлемiнде қайтаруға құқық беретiн дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 434-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 434-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 434-бап жаңа редакцияда
434-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімдерін бұзу
Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар адамдардың кедендік төлемдерді және салықтарды белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатудың берілуіне байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдерді және салықтарды кезең-кезеңмен төлеуді көздейтін кедендік рәсімдерді жүргізуге тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны беру мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеуі, қылмыс белгілері болмаған кезде -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - кеден өкілдерінің немесе уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастай отырып, кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайыз мөлшерінде, бірақ барлық жағдайларда кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 434-1-баппен толықтырылды; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 434-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
434-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талаптарын орындамау
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған кезде төлеуші кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талабын орындамауы -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан қырық пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайыз мөлшерінде, бірақ, барлық жағдайларда кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 435-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
435-бап. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен төлемшiнiң кедендiк төлем шоттары бойынша кеден төлемдерiн, салықтарды және өсімпұлдарды өндiрiп алу немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 436-бап өзгертілді
436-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 437-бап өзгертілді
437-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 438-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
438-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын орындамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік декларациялауды, кедендік тексеріп қарауды, кеден декларацияларын тексеруді жүзеге асыру, тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және өзге де операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын, сондай-ақ кедендік бақылау үшін қажетті өзге де талаптарды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың орындамауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 26-тарау 438-1-баппен толықтырылды; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 438-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
438-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын орындамау
Адамдардың Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сол сияқты кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы талаптарын Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мерзімдерде орындамауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 27-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-тарау. Көлiктегі, жол шаруашылығындағы, байланыстағы және ақпараттандырудағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 439-бап өзгертілді
439-бап. Темір жол көлiгiнде қозғалыс қауiпсіздiгiн қамтамасыз ететiн ережелердi бұзу
1. Темір жол арқылы күш көлiгiмен өту, мал айдап өту, темір жолдарға арнап оқшауланған жерлерде мал жаю ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Темір жолды, отырғызылған қорғаныш ағаштарды, қар тоқтатқыш қоршауларды және басқа да жол объектілерін, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен қондырғыларын бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Темір жолдарға поездар қозғалысын бұзуы мүмкiн заттар төсеу, лақтыру немесе қалдыру, -
бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Белгiленбеген жерлерде темір жол арқылы өту, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бірi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Темiр жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — сегізден онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын жылжымалы теміржол құрамының қалпына келтіруге жатпайтын жағдайға дейін зақымдануына әкеп соққан бұзушылық -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын соның салдарынан жылжымалы құрамды ағыту және жөндеуге беру талап етілетін көлемде зақымдануына жол берілген бұзушылық -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға теміржолдарда жол берілген қауіпсіздікті бұзушылықтар туралы ақпаратты Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген мерзімдерде бермеуі -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 440-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
440-бап. Темір жол көлiгi құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу
1. Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсіз ретте поезды өз бетінше тоқтату, -
бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыстарды және өзге де заттарды тастау, поезд жүрiп бара жатқан кезде сыртқы есiктердi заңсыз ашу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бірiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 440-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
440-1-бап. Теміржол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану
1. Теміржол жылжымалы құрамын уәкілетті органда мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану, —
жеке тұлғаларға — екі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.