32. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Нәтижелерді бағалау жүргізілген жағдайда Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.
33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының болжамды көлемі осы Ереженің 29-тармағында айтылған шығыстарды шегере отырып, базалық шығыстарға және жаңа бастамалар шығыстарына бөлінеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бірлесіп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасып жатқан) бюджеттік иннестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге және де жергілікті атқарушы органның басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
1) кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;
2) макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
34. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының көлемі базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның ұсыныстары негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлінеді.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде есептелген кезекті жоспарлы кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды көлемдерді қоса отырып ағымдағы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары шығыстарының бекітілген көлемі негізінде анықталады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірдің даму басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып бөлінуге жатады.
35. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебі сияқты бұған дейінгі жоспарлы кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.
36. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бұған дейінгі жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) шығыстарының түрлері бойынша есептер жасалмайды.
Осы бағдарламалар шығыстарының түрлері бойынша есептер тек қана үшінші жылға жасалады.
Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бұған дейінгі жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгеретін болса, онда осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстар түрлері бойынша есептер жоспарланған жоспарлы кезеңнің жылдары бөлінісінде жасалады және беріледі.
37. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басым бюджеттік инвестициялары бойынша стратегиялық жоспарлар мен ұсыныстар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары түскен күннен бастап оларды он бес жұмыс күні ішінде қарайды және және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізу үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.
38. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамына мемлекеттік қызметтің қолданылып жүрген заттай нормалары мен стандарттарына сәйкестігі мәніне қарайды;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларында берілген нәтиже мен тиімділік көрсеткіштерін олардың функцияларына, өкілеттіктеріне, бюджеттік бағдарлама әкімшісі қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;
3) басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамына Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.
39. Қайтарылған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды пысықтайды және қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.
40. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастырады және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің шығыстар бойынша қорытындысын қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзірлейді.
41. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде пысықталған бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
42. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы негізінде жоспарлы кезеңге арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасын қарау және анықтау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей аяқталады.
43. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетінің жобасы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлейді және оны ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
44. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 73-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзірленеді.
45. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетінің жобасын жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
3) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын нақтылайтын ақпаратты және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.