45) эпизоотия - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
45-1) эпизоотологиялық зерттеп қарау актісі - эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және мал ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жаңадан түскен малды оқшаулап ұстау кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор беретін құжат;
46) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
47) эпизоотия ошағы - инфекцияны қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай.
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3-бап. Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіру, сақтау және өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
2) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға;
4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге;
5) індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді, нормаларды және ветеринариялық нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;
6) ғылыми негіздемесі болған жағдайда, ветеринариялық іс-шаралар өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейіне жетуге;
7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өткізуде негізсіз шектеулерге жол бермеуге;
8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу тәртібін белгілеуге бағытталған.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыретіне:
1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе бекіту;
4) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
5) уәкілетті органның ұсынуы бойынша профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін бекіту;
6) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін бекіту;
7) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу тәртібі мен шарттарын белгілеу;
8) шетел мемлекеттерімен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық;
9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін бекіту;
9-1) процессингтік орталықтың қызмет ету қағидасын бекіту;
9-2) ауыл шаруашылығы жануарларын және оларды өндірушілерді бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, заттарды (құралдарды) және нысандарды тіркеу қағидасын бекіту;
10) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін бекіту;
11) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
12) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту;
13) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін айқындау;
14) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін бекіту;
15) сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету тәртібін бекіту;
16) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту;
17) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын бекіту;
18-1) жануарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту;
18-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындау (малды сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту;
18-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту;
18-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
18-5) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін бекіту;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-6) тармақшамен толықтырылды
18-6) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;
19) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
1-1) уәкілетті орган;
2) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
4) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кіреді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдары
1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдарына аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттері бар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын оның ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
2. Уәкілетті органның басшысы ведомствоның басшысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген арнайы атау беруге құқылы.
Ведомствоның басшысы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары» деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына «бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор» және «бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары» деген арнайы атаулар беруге құқылы.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ветеринария саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін әзірлеу;
5) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
10) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеу;
11) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау;
12) жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізу, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеу;
13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткiзудi, бақылауды, оларды тiркеу сынақтарын жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
14) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына қорытындылар беру;
15) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
17) басқа елдердің ветеринариялық-санитариялық шараларының, егер бұл шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы салауаттылықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын тану;
18) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда, халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісті ақпараттың негізінде уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізу;
19) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
20) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өміріне және денсаулығына тигізетін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетін ветеринариялық нормативтерді бекіту;
21) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау ережелерін әзірлеу;
22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;
24) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындау;
25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісу;
26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару тәртібі мен нормативін бекіту;
27) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және оларды есептен шығаруды ұйымдастыру;
28) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекіту;
29) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
30) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлеу;
31) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу және қадағалау туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығару;
32) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлеу және беру;
33) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушылары штаммдарының пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларын бекіту;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту;
36) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
37) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлеу;
38) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлеу;
38-1) процессингтік орталықтың қызмет ету қағидаларын әзірлеу;
38-2) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін құралдарды (заттарды) және нысандарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлеу;
39) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру ережелерін бекіту;
40) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
41) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат беру;
42) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
44) сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
45) сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету тәртібін әзірлеу;
46) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу тәртібін әзірлеп, бекіту және жүргізу;
46-1) малды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу;
46-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындау (малды сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу;
46-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу;
46-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;
46-5) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
46-6) жаңадан жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаларды келісу тәртібін әзірлеу және бекіту;
46-7) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
46-8) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлеу;
46-9) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
46-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін лицензиялау;
47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері
1. Мыналар:
1) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері;
2) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ деңгейіндегі бөлімшелерді қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері дербес бөлімшелер нысанында құрылады.
2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары бөлімшесінің басшысы Бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер болып табылады.
Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер болып табылады.
3. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар ветеринария саласындағы мынадай қызметті:
1) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасын, оларды емдеуді;
2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімшелер құра алады.
4. Мемлекеттік органдардың осы баптың 3-тармағында көрсетілген бөлімшелері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын басшылыққа алады.
5. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
4) ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
6) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;