Екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар болған кезде, олардың өтініштері бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны судья, қаулыны шығарған орган (лауазымды адам) екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдауды тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кейінге қалдыруы мүмкін.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 32-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 702-бап өзгертілді
702-бап. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам):
1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) егер әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің немесе әрекетті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саралау соған байланысты болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы осы істе қолданылуға жататын өзге де нормативтік құқықтық актінің оларды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп тануы салдарынан күші жойылған;
3) әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе ол заңда белгiленген тәртiппен өлдi деп хабарланған;
4) осы Кодекстің 703-бабында белгіленген салық салу саласында әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өткен жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады.
5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 703-бап өзгертілді
703-бап. Салық салу саласында әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіруі
1. Салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, орындауға жатпайды.
2. Қаулының орындалуы осы Кодекстiң 659-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескіру мерзiмiнiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Егер әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген ескіру мерзiмiнiң өтуi үзiледi. Бұл жағдайда ескіру мерзiмiн есептеу ол адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады.
4. Осы Кодекстiң 701-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейiнге қалдырылған жағдайда ескіру мерзiмiнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалуы созылған кезде ескіру мерзiмiнiң өтуi ұзарту мерзiмiне ұзартылады.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 704-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
704-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау жөнінде іс жүргізудің аяқталуы
1. Жаза толық жүргізілген қаулыны орындаған орган әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жаза туралы белгі соғып, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 705-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
705-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау
1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөніндегі әрекеттер жүзеге асырылатын күннен бастап он күн iшiнде қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) шағым бере алады.
2. Шағым жазбаша түрде берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
3. Шағым берген адамға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл орайда шағым берген адамның келмей қалуы оның қаралуына кедергi болмайды.
4. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде жiберiледi.
6. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөніндегі лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген ережелерге сәйкес өтелуге тиiс.
44-тарау. Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі
706-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы
Ескерту түріндегі әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 707-бап өзгертілді; 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 707-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 707-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау
1. Айыппұлды әкімшілік жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Айыппұлды осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру жағдайында әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды жеке немесе заңды тұлға, айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейіннен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке енгізеді немесе аударады.
2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 708-бап өзгертілді
708-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), айыппұлды өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарған сотқа, уәкілетті органға қайтарады.
4. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс істемесе немесе айыппұлды жалақысынан немесе басқа да себептер бойынша өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, қаулы шығарған уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жібереді.
5. Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 709-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 709-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 709-бап өзгертілді
709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемі және аударымы және атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғаның банктік шотынан оның келісімінсіз ақша алу үшін сот орындаушысына жібереді.
Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.
2. Банк немесе банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.
3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 709-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 709-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 709-1-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 709-1-бап өзгертілді
709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға жіберудің тәртібі
1. Айыппұл салу туралы қаулы сот орындаушыларына айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жіберіледі.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама сот орындаушысына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.
2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылады.
3. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы әкімшілік жаза қолданған органға қайтару олардың кемшіліктерін жоя отырып, қайтадан мәжбүрлеп орындатуға жіберу үшін кедергі болмайды.
710-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде алынатын айыппұл салу туралы қаулыны орындау
1. Жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл алу үшiн оған қатаң қаржылық есеп беру құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбіртек берiледi. Түбіртекте берiлген күнi, жаза қолданған лауазымды адамның қызметi, аты-жөнi, әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер, осы Кодекстiң аталған құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiгi көзделетiн бабы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыт, салынған әкiмшiлiк айыппұлдың сомасы көрсетiледi. Түбіртекке жаза қолданған лауазымды адам, ал түбіршiкке жаза қолданған лауазымды адам мен әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қол қояды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл төленбеген жағдайда iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 710-1-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметінің органы жіберген (тапсырған) салық органына келу туралы алынған хабардар ету және (немесе) хабарлама негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабардар ету немесе хабарлама алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде айыппұлды төлейді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар сонымен қатар олардың берілген күні, жаза қолданған лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметтерді, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, осы Кодекстің осы құқық бұзушылық үшін жауаптылық көздейтін бабы, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу уақыты мен орны, әкімшілік айыппұлдың сомасы, айыппұлды төлеу үшін деректемелер туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
711-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы бойынша iс жүргiзудiң аяқталуы
Айыппұл салу туралы айыппұл жазасы толық жүргiзiлген қаулы оның орындалғаны туралы белгi қойылып, қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 712-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
712-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алу туралы қаулының орындалуы
1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен сот орындаушысы, ал судьяның қару мен жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды және ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған өтемiн төлеп алынған затты сату заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Өтемiн төлеп алынған затты сатудан түскен сома осы Кодекстiң 49-бабына сәйкес бұрынғы меншiк иесiне алып қойылған затты сату жөніндегі шығындар шегерiлiп берiледi.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 713-бап өзгертілді
713-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаудың құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу туралы қаулының орындалуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақша мен бағалы қағаздарды тәркiлеу туралы судьяның қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен - сот орындаушысы, ал қаруды, жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын және есiрткi заттарын тәркiлеудi iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркiленген затты сату немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
714-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар
1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналарды, техниканың басқа да түрлерiн қоспағанда, судьяның көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулыны iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
2. Судьяның тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
3. Судьяның кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану ережелерiн сақтауға мемлекеттік қадағалау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
4. Судьяның радиоэлектронды және жоғары жиiлiктегi құралдарды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулысын байланысқа мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
5. Судьяның аң аулау құқығынан айыру туралы қаулысын аң аулау ережелерiн сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
6. Соттың қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
715-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Көлiк құралдарын, кемелердi немесе техниканың өзге де түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) және басқа да техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылған болса, тиiстi жүргiзушi куәлiгiн, кемелердi (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi) жүргiзуге құқық беретiн куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң), немесе өзге де техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылмаған болса, жүргiзушi куәлiгiнде шағын көлемдi кеменi жүргiзу құқығына куәлiкте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiнде оның көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң, өздiгiнен жүретiн құрылғылардың қай түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылғаны атап көрсетiледi.
3. Көлiк құралдарын немесе кеме жүргiзу құқығына куәлiктi алып қою тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Көлiк құралдарын, кеменi жүргiзу құқығынан не тракторды немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинаны басқару құқығынан айырылған жүргiзушi (кеме жүргiзушiсi) немесе тракторшы-машинист (тракторшы) жүргiзушi куәлiгiн, кеме жүргiзу құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн беруден жалтарған жағдайда iшкi iстер органдары, кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар, сондай-ақ өздiгiнен жүретiн машиналар мен басқа да техниканың техникалық жай-күйiне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiн, кеме жүргiзу құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қояды.
5. Әкiмшiлiк жазаның осы түрi қолданылған адамға арнаулы құқығынан айыру мерзiмi өткеннен кейiн алынған құжаттар белгiленген тәртiппен қайтарылады.
716-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулы аң аулау билетiн алып қою арқылы орындалады.
2. Аң аулау құқығынан айырылған адам аң аулау билетiн беруден жалтарған жағдайда аң аулау ережелерiн сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың аң аулау билетiн алып қоюы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 709-1-бап өзгертілді
717-бап. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған адам радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiленген тәртiппен радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алып қоюды жүзеге асырады.
3. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алу тәртібін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
718-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулының орындалуын iшкi iстер органдары заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi куәлiк пен қаруды алып қою арқылы жүзеге асырады.
719-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бір қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және лицензиялау туралы заңдарда. белгiленген тәртiппен орындалады.
720-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындайтын органдар
Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны лицензия, арнаулы рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.
721-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру туралы қаулы лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) алып қою арқылы орындалады.
2. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) тапсырудан жалтарған жағдайда лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) берген орган лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) алып қою немесе белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қолданады.
722-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу
1. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.