Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 Қаулысы
(2013.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі бекітілсін.
2. «Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережелері мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 965 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 410-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.27.12. № 1425 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қаржыландыру» деген сөздің алдынан «шығындарды өтеу бойынша» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1702 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 14 Қаулысымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 2030 қаулысымен
бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мелемелерді қоспағанда, бюджет қаражатының есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі - ТМККК көрсететін ұйымдар) шығындарын өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жан басына шаққандағы кешенді тариф - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (бұдан әрі - ТМККК) қамтамасыз ету үшін бір адамға шыққандағы медициналық қызметтер кешенінің құны;
2) консультациялық-диагностикалық көмектің базалық тарифі - консультациялық-диагностикалық көмек нысанында көрсетілетін медициналық қызмет бірлігінің құны;
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша құрауыш - медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының қызметінде қол жеткізілген түпкілікті нәтижелер үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік;
4) бір онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф - (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) онкогематологиялық науқастарды қоспағанда, онкологиялық тіркелімде тіркелген, медициналық қызметтер кешенінің бір онкологиялық науқасқа шаққандағы құны;
5) емделіп шығу жағдайы - стационарда және стационарды алмастыратын жағдайларда пациентке түскен сәтінен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
6) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жан басына шыққандағы нормативі - әлеуметтік және психологиялық қызметтерді қосқанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанында ТМККК-мен қамтамасыз ету үшін бір адамға есептегендегі шығындар нормасы;
7) жынысы-жасы бойынша түзету коэффиценті - халықтың әртүрлі жыныс-жас санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылығы ескерілетін коэффицент;
8) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі - КШТ) - емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біркелкі топтары;
9) тариф - ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет бірлігінің құны;
10) шығын сыйымдылығы коэффициенті - медициналық қызметтің не консультациялық-диагностикалық көмектің базалық тарифінен не стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің базалық ставкасының құнынан қызметтерді топтастырудың шығындық дәрежесін айқындайтын коэффициент;
11) базалық ставка - медициналық көмектің бір есеп айырысу бірлігі;
12) базалық ставканың құны - медициналық көмектің бір есеп айырысу бірлігінің құны;
13) түзету коэффициенттері - уәкілетті орган айқындаған тәртіпте медициналық көмектің тарифін азайту немесе ұлғайту мақсатында, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепілдіктерді ескере отырып бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қолданатын коэффициенттер;
14) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары.
15) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
16) тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына (бұдан әрі - Қызметтер берушіні таңдау қағидалары), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті және тиісті облыстың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармасы;
17) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) - Қызметтер берушіні таңдау қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен ТМККК көрсететін ұйым арасында жасалған ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;
18) шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласы - медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін есепке ала отырып өтеуге ұсыну үшін шарт сомасының артуын есептеу қағидасы;
19) Қызметтерді төлеу бойынша комиссия - ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
20) шетел маманы - отандық медициналық үйымдар көрсетпейтін жоғары технологиялық көмек көрсету, оның ішінде мастер-кластар өткізу үшін Қазақстан Республикасына сапармен шақырылған және сертификатталған шетел маманы;
21) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республика азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу жөніндегі комиссиясы - құрамы мен қызметі туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Республика азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (бұдан әрі - шетелде емдеу жөніндегі комиссия);
22) шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық ұйымда емдеуге арналған шарт - уәкілетті орган мен отандық медициналық ұйымның арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне және Қазақстан Республикасы азаматтарының бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін жекелеген санаттарының тізбесіне (бұдан әрі - Аурулардың тізбесі мен Азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі) сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда емделуге үміткер пациентке медициналық көмек көрсетуге арналған шарт.
3. Әкімші Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекітілген ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесіне (бұдан әрі - Тарифтерді жасау әдістемесі) сәйкес тарифтерді, оның ішінде пилоттық жобалардың тарифтерін, базалық ставканың құнын және жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенттерін қоспағанда, түзету коэффиценттерін бекітеді.
4. Уәкілетті орган КШТ тізбесін, шығын сыйымдылығы коэффициентін, жынысы-жасы бойынша түзету коэффицентін, Аурулардың тізбесі мен Азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда отандық медициналық ұйым жағдайында емделуге үміткер пациентті емдеу тарифін бекітеді.
2. Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдардың шығындарын өтеу тәртібі
5. ТМККК көрсететін ұйымдардың шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың дәрігерді және ТМККК көрсететін ұйымдарды еркін таңдау құқығын есепке ала отырып, жүзеге асырылады.
Шығындарды өтеу Тарифтерді жасау әдістемесіне сәйкес ұсыну нысандары мен тәртіптерін уәкілетті орган бекіткен атқарылған жұмыстар (қызметтер) актілерінің негізінде тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
ТМККК көрсететін ұйымдардың шығындарын өтеу Әкімші бекіткен қаражат шегінде жасалған шарттың негізінде медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін есепке ала отырып жүзеге асырылады.
6. ТМККК көрсететін ұйымдарға күрделі шығыстарды қоспағанда, олардың ТМККК көрсету бойынша қызметіне байланысты шығындар (қаржылық лизинг жағдайында лизингілік төлемдерді төлеуге арналған шығыстардан басқа) өтеледі.
ТМККК көрсететін байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы ұйымдарға, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ еншілес ұйымдарына және дауыс беру акцияларының (жарғы капиталда қатысу үлесімен) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдарға және шаруашылық серіктестерге құны бес миллион теңгеден кем емес жабдықтарды сатып алуға күрделі шығыстар уәкілетті орган белгілеген тәртіпте тарифке енгізіледі. Бұл ретте күрделі шығыстар сомасы шарт сомасынан 1%-дан аспауы тиіс.
7. ТМККК көрсететін ұйымдардың тізбесін, тарифтерді жасау әдістемесін және шығындарды өтеу пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
8. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша құрауышты қаржыландыру көлемі мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
9. Жедел медициналық жәрдем шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
10. Шығындарды өтеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен нақты шығыстарды есепке ала отырып жүзеге асырылатын, уәкілетті орган айқындаған жағдайларды қоспағанда, санитариялық авиацияның шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.
11. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.
12. Амбулаториялық-емханалық көмек шығындарын өтеу бойынша қаржыландырудың көлемі бір адамға жан басына шаққандағы кешенді тариф бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған жан басына шаққандағы кешенді тарифке енгізілген ТМККК көрсету үшін қызметтердің тізбесі мен көлемін Әкімші айқындайды.
13. Стационарлық көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландырудың көлемі бір емделіп шығу жағдайы үшін тарифтер: есептік орташа құны бойынша, КШТ бойынша, төсек-күндері бойынша және шығындарды өтеу жүзеге асырылатын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен нақты шығыстарды есепке ала отырып уәкілетті орган айқындаған аурулардың, операциялардың және манипуляциялардың тізбесі бойынша айқындалады.
КШТ бойынша стационарлық көмектің бір емделіп шығу жағдайының құны осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Уәкілетті орган айқындаған аурулар тізбесі бойынша жағдайларды қоспағанда, күндізгі стационардың бір рет емделіп шығу жағдайының құны стационарлық көмек тарифінің 1/4-ін құрайды.
Уәкілетті орган айқындаған аурулардың тізбесі бойынша күндізгі стационардағы хирургиялық операциялар және манипуляциялар өткізілген бір рет емделіп шығу жағдайының құны стационарлық көмек тарифінің 3/4-ін құрайды.
Үйдегі стационардың бір емделіп шығу жағдайының құны стационарлық көмек тарифінің 1/6-ін құрайды.
14. Аурулардың тізбесі мен Азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық ұйымдардың жағдайында емдеу шығындарын өтеу бойынша қаржыландырудың көлемі бір емделіп шығу жағдайына арналған тариф бойынша және уәкілетті орган бекітетін тәртіппен айқындалады.
Шетелде емделуге үміткер пациентті емдеу отандық медициналық ұйымда, оның ішінде шетелдік мамандарды тарта отырып, шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық ұйымда емдеу шартының негізінде шетелде емдеу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте, тартылатын шетелдік мамандардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері отандық медициналық ұйым мен тартылатын шетелдік мамандардың арасындағы шартпен айқындалады.
15. Онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.
16. ТМККК көрсететін аудандық маңызы бар және ауыл ұйымдарына медициналық көмек көрсеткені үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес айқындалады.
17. Қаржылық лизинг жағдайындағы ТМККК көрсететін мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы ұйымдарға, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ еншілес ұйымдарына, дауыс беру акцияларының (жарғы капиталда қатысу үлесімен) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдарға және шаруашылық серіктестерге лизингілік төлемдерді өтеу бойынша қаржыландыру көлемі республикалық бюджет қаражаттарынан және облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінетін нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
ТМККК көрсететін мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы ұйымдарға, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ еншілес ұйымдарына, дауыс беру акцияларының (жарғы капиталда қатысу үлесімен) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдарға және шаруашылық серіктестерге қаржылық лизинг жағдайында денсаулық сақтау ұйымдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметінің мәні медициналық техниканы одан әрі қаржылық лизинг шартымен денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін оларды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу болып табылатын ұйыммен жасалған шарт бойынша қаржылық лизинг жағдайында алынған медициналық техникаға лизингілік төлемдер төлеуіне арналған шығыстар өтеледі.
ТМККК көрсететін ұйымдарға қаржылық лизинг жағдайында сатып алынған медициналық техникаға лизингілік төлемдерді есептеу әдістемесін және төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Лизинг бойынша сыйақы мөлшері қаржылық лизинг жағдайында сатып алынған медициналық техниканың құнынан жылына бес пайыздан аспайды.
3. Қорытынды ережелер
18. Бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
19. Республикалық бюджет есебінен ТМККК көрсететін ұйымдар медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылауды ескере отырып, шартпен көзделген айлық соманы арттырған жағдайда шығындарды өтеу уәкілетті орган бекіткен тәртіппен осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес шарттың орындалуын бағалаудың сызықтық шкаласын қолдана отырып, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
20. Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету кезіндегі шығындарды өтеу ТМККК көрсететін ұйымдарға сияқты осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
шығындарын бюджет қаражатының
есебінен өтеу қағидаларына
1-қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау
формуласы
Қарж. к. = (Хал.с. х Ж нор. х Кжт х Ктүз), мұндағы
Қарж. к. - Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
Хал. с - тіркелген халық саны;
Ж норм. - жан басына шаққандағы норматив;
Кжт - осы ТМККК көрсететін ұйымның жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенті;
Ктүз *- түзету коэффициенті.
Ескертпе: *бекітілген түзету коэффициенттері болмаған жағдайда, олардың мәні формулада 1,0-ге теңеседі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
шығындарын бюджет қаражатының
есебінен өтеу қағидаларына
2-қосымша
Жедел медициналық жәрдем шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
Қарж к. = Шт х Сс х Ктүз, мұндағы
Қарж к - жедел медициналық жәрдем шығындарын өтеу бойынша кезекті жоспарлы кезеңде қаржыландыру көлемі;
Шт - жедел медициналық жәрдемнің бір шақыру тарифі;
Сс - жедел медициналық жәрдемнің медициналық қызметтерінің саны;
Ктүз* - түзету коэффициенті.
Ескертпе: *бекітілген түзету коэффициенттері болмаған жағдайда, олардың мәні формулада 1,0-ге теңеседі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
шығындарын бюджет қаражатының
есебінен өтеу қағидаларына
3-қосымша
Санитариялық авиацияның шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау
формуласы
Қарж к. = Қарж к.мк + Қарж к. кқ, мұндағы
Қарж к. - санитариялық авиацияның шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
Қарж к. кқ - білікті мамандарды және (немесе) науқасты көліктің әртүрлі түрімен тасымалдауға байланысты шығындарды қамтитын және санитариялық авиацияның көліктік қызметтерін көрсетуге баға ұсыныстарының орташа құнын алғандағы тариф бойынша айқындалатын санитариялық авиацияның көліктік қызмет шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
Қарж к.мқ - санитариялық авиацияның медициналық қызмет шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
Қарж к.мк= Сса х Тш, мұндағы
Тш - бір сағатқа санитариялық авиацияның медициналық қызметінің тарифі;
Сса - санитариялық авиацияның медициналық қызмет көрсетуі сағаттарының саны.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
шығындарын бюджет қаражатының есебінен
өтеу қағидаларына
4-қосымша
Консультациялық-диагностикалық көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау
формуласы
Қарж. к = Сқызм х Кшс қызм х Бткдк х Ктүз, мұндағы
Қарж. к - консультациялық-диагностикалық көмек шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
Сқызм - консультациялық-диагностикалық қызметтердің саны;
Кшс қызм - консультациялық-диагностикалық көмек бойынша шығын сыйымдылығының коэффициенті;
Бткдк - консультациялық-диагностикалық көмектің базалық тарифі;
Ктүз *- түзету коэффициенті.
Ескертпе: * бекітілген түзету коэффициенттері болмаған жағдайда, олардың мәні формулада 1,0-ге теңеседі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
шығындарын бюджет қаражатының
есебінен өтеу қағидаларына
5-қосымша
Амбулаториялық - емханалық көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау
формуласы
Қарж. к. = Хал.с. х ЖКТ аек х Кжт х Ктүз , мұндағы
Қарж. к. - амбулаториялық - емханалық көмекті көрсетуге шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
Хал. с - тіркелген халық саны;
ЖКТ аек - Әкімші белгілеген тәртіппен айқындалатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек нысандары бойынша ТМККК-мен қамтамасыз ету үшін тіркелген бір адамға есептегенде амбулаториялық-емханалық көмектің кешенді жан басына шаққандағы тарифі;
Кжт - осы ТМККК көрсететін ұйымның жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенті;
Ктүз *- түзету коэффициенті.
Ескертпе: *бекітілген түзету коэффициенттері болмаған жағдайда, олардың мәні формулада 1,0-ге теңеседі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
шығындарын бюджет қаражатының
есебінен өтеу қағидаларына
6-қосымша
КШТ бойынша стационарлық көмектің бір емделіп шығу жағдайы үшін құнын айқындау
формуласы
Қкшт = Қб х Кшкшт х Ктүз, мұндағы
Қкшт - КШТ бойынша стационарлық көмектің бір емделіп шығу жағдайы үшін құны;
Кшкшт - КШТ бойынша шығын сыйымдылығының коэффициенті;
Ктүз* - түзету коэффициенті;
Қбс - бір базалық ставканың құны, мынадай формула бойынша анықталады:
Қбс = Қарж к. / (Сеж х Кшкшт), мұндағы
Қарж к. - кезекті жоспарлы кезеңге арналған ТМККК шеңберінде стационарлық көмек көрсету үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
Сеж - кезекті жоспарлы кезеңге емделіп шығу жағдайларының саны;
Кш.кшт -шығын сыйымдылығының коэффициенті.
Ескертпе: *бекітілген түзету коэффициенттері болмаған жағдайда, олардың мәні формулада 1,0-ге теңеседі.
ТМККК көрсететін ұйымдар медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылауды ескере отырып, шартпен көзделген айлық соманы арттырған жағдайда шарттың орындалуын бағалаудың сызықтық шкаласын қолдану кезінде бір емделіп шығу жағдайы үшін құнын арттыру сомасы пайда болған сәтінен бастап түзету коэффициентінің мәні формулада 1,0-ге теңеседі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен өтеу қағидаларына
7-қосымша
Онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
Қарж. к. онко = С онко х Кт онко х Ктүз, мұндағы
Қарж. к. онко - онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге шығындарды өтеу бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру көлемі;
С онко - онкологиялық тіркелімде тіркелген лимфомамен ауыратын науқастардан басқа, онкогемотологиялық науқастарды қоспағанда онкологиялық науқастардың саны;
Кт онко - бір онкологиялық науқасқа кешенді тариф уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады;
Ктүз *- түзету коэффициенті.
Ескертпе: *бекітілген түзету коэффициенттері болмаған жағдайда, олардың мәні формулада 1,0-ге теңеседі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
шығындарын бюджет қаражатының
есебінен өтеу қағидаларына
8-қосымша
Аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық көмек көрсеткені үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау
формуласы
Оауыл. қарж. = Ктауыл х Сауыл х К түзету, мұндағы
Оауыл. қарж. - ТМККК көрсететін аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық көмек көрсеткені үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
Кауыл - аудандағы (ауылдағы) тіркелген халық саны;
Ктауыл - аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуінің нысандарының тізімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын ТМККК-мен қамтамасыз ету үшін бір адамға есептелген кешендік жан басына шаққандағы тариф;
К түзету *- түзету коэффициенті.
Ескертпе: *бекітілген түзету коэффициенттері болмаған жағдайда, олардың мәні формулада 1,0-ге теңеседі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
шығындарын бюджет қаражаты