4) сақтау шарттары және жарамдылық мерзімдері;
5) тамақ өнімдерінің дайындалған күні, айы, жылы;
6) құрамы туралы, соның ішінде тамақ қоспаларының, азықтардың және азық қоспаларының, тамаққа биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің болуы және олардың саны туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде мәліметтер көрсетілуге тиіс.
3. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі былайша көрсетіледі:
1) «дейін тұтынылсын»;
2) «дейін жарамды».
18-бап. Тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Тамақ өнімдерін сақтауға Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс арнайы жабдықталған үй-жайларда, ғимараттарда жол беріледі.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тамақ өнімдерін тасымалдау үшін арнайы осындай мақсаттарға арналған және (немесе) жабдықталған көлік құралдары пайдаланылады.
4. Егер тамақ өнімдерін сақтау және (немесе) тасымалдау кезінде олардың қауіпті сипатқа ие болуына алып келген жөнсіздікке жол берілген жағдайда, олар тиісті сараптамаға жіберіліп, оның нәтижелері бойынша кәдеге жаратылады немесе жойылады.
19-бап. Тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдерін өткізуге Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ішкі сауда объектілерінде ғана жол беріледі.
2. Егер тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпті сипат алуына әкелген жөнсіздікке жол берілсе, оларды өткізуге болмайды және тиісті сараптамаға жіберіліп, оның нәтижелері бойынша кәдеге жаратылады немесе жойылады.
3. Әкелінетін елдің заңнамасында, стандарттарында өзгеше талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан әкетілетін (экспортталатын) тамақ өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі куәландырылған құжаттары жоқ тамақ өнімдерін өткізуге тыйым салынады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының аумағына:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға олардың сәйкестігі куәландырылған құжаттары жоқ;
2) осы Заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген тамақ өнімдерінің әкелінуіне (импортталуына) тыйым салынады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде тамақ өнімдерін қарап-тексеруді, оның тауарға ілеспе құжаттарын тексеруді жүргізеді.
Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдері осы Заңның 12-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған лауазымды тұлғалар оларды әкелуді (импорттауды) уақытша тоқтата тұру және тиісті сараптамаға жіберу туралы шешім қабылдайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге (импорттауға) тыйым салады.
4. Субъект тиісті сараптама нәтижелері бойынша қауіпті деп танылған тамақ өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан үш күн ішінде тысқары әкетуге міндетті.
Егер қауіпті тамақ өнімдері осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылмаса, олар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.
21-бап. Қауіпті тамақ өнімдерін өндірудің (дайындаудың), айналымының немесе кәдеге жаратудың бір немесе бірнеше процестерін (сатыларын) тоқтатуға қойылатын талаптар
1. Субъект тамақ өнімдерінің осы Заңда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі анықталған кезден бастап немесе уәкілетті органның нұсқамасы негізінде қауіпті тамақ өнімдерін өндірудің (дайындаудың), айналымының немесе кәдеге жаратудың бір немесе бірнеше процестерін (сатыларын) тоқтатуға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қолданбау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
22-бап. Субъектілер персоналына қойылатын талаптар
Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) қатысатын субъектілер персоналы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден, сондай-ақ гигиеналық оқудан өтуге міндетті.
Алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтпеген, сондай-ақ әртүрлі аурудың көздері болып табылатын жұқпалы аурулармен ауырған субъектілер персоналын зертханалық зерттеулердің теріс нәтижелері алынғанға дейін тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберуге тыйым салынады.
23-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарға, материалдар мен бұйымдарға және тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар, материалдар мен бұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға;
2) мақсаты бойынша ғана пайдаланылуға тиіс.
Тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган берген, қауіпсіздігін куәландыратын құжат қоса тіркелуге тиіс.
2. Тамақ өнімдерімен байланысты тасымал сыйымдылықтарының (цистерналар, танкерлер және басқалары), құбырлардың, сорғылардың, шлангілердің, машиналардың, көлік құралдарының, жабдықтардың және аппаратуралардың барлық бөліктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалуға тиіс.
3. Тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігін куәландыратын құжатта:
1) химиялық, биологиялық және физикалық сипаттамаларын;
2) қолданылуын, пайдаланылу тәсілін;
3) шығу тегін және өндіріс әдісін;
4) беру, буып-түю әдістерін және сақтау шарттарын;
5) пайдалану алдындағы дайындығын;
6) қабылдау өлшемдерін қоса алғанда, қатерлерді сәйкестендіру және бағалау үшін қажетті деректер болуға тиіс.
24-бап. Тамақ өнімдерін қадағалауға қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдерін қадағалау оларды әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Тамақ өнімдерін қадағалау:
1) сәйкестендіру;
2) деректер жинау және жазу;
3) субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар туралы ақпарат;
4) деректер алмасу жолымен қамтамасыз етіледі.
3. Субъектілер тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде технологиялық паспорттар жасау арқылы тамақ өнімдерін қадағалауды қамтамасыз етеді, құжаттамада қажетті технологиялық және бақылау операцияларының жүргізілгені туралы белгі соғылып, анықталған ақаулар және оларды жою жөнінде қолданылған шаралар көрсетіледі.
Субъектілер тиісті таңбалаулар мен қолдарын қоя отырып, осы құжаттарды ресімдейді.
Тамақ өнімдерін қадағалау жөніндегі деректердің жазбасы олардың жарамдылық мерзімі біткен сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.
4. Өткізілуге тиісті тамақ өнімдері одан әрі қадағалану үшін сәйкестендірілуге және таңбалануға тиіс.
25-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылауға қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес субъектілер әзірлеген тәртіппен жүргізіледі.
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған және (немесе) аккредиттелген зертханалар (орталықтар) жүзеге асырады.
26-бап. Экологиялық таза тамақ өнімдеріне қойылатын арнайы талаптар
1. Экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), таңбалау экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіруді (дайындауды) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Экологиялық таза тамақ өнімдері осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар сақталғанда ғана экологиялық таза тамақ өнімдері белгісімен таңбаланады.
27-бап. Ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар
1. Ауыз су Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
2. Ауыз судың қауіпсіздігі бөлігінде су жинау құрылыстарының, су дайындау жөніндегі құрылыстардың, сорғы станцияларының, су құбырлары желілерінің, су сақтайтын сыйымдылықтардың, айналымдағы сумен жабдықтау құрылыстарының техникалық құрылғыларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасында белгіленеді.
3. Жерүсті және жерасты көздерінен шаруашылық-ауыз су қажетіне су беретін сумен жабдықтау көздерінің және су құбыры құрылыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес санитарлық қорғау аймағы болуға тиіс.
4. Су дайындау станциялары, бірінші көтеру және өңделмеген суды тарту сорғы станциялары үшін алаңдар, жерасты және жерүсті суын тарту құрылыстары, ұйымдардың, резервуарлардың және су айдау мұнараларының аумағында орналасқан шаруашылық-ауыз су құбыры құрылыстары үшін алаңдар таңдауға қойылатын талаптар, құрылыс қоршауларына жапсарластар Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасында белгіленеді.
5. Минералды табиғи суды пайдалануға оған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен курортология ғылыми орталықтарынан бальнеологиялық қорытынды алынғаннан кейін жол беріледі.
28-бап. Азықтардың және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар
1. Азықтар және азық қоспалары Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
2. Азықтар және азық қоспалары ветеринарлық-санитарлық тұрғыда қолайлы аумақтан алынуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) және одан әкетілетін (экспортталатын) азықтар және азық қоспалары аймақтың эпизоотиялық ахуалы мен олардың шыққан жерлері ескеріле отырып, тексеруден өткізілуге және оларға зертханалық сараптама жүргізілуге тиіс.
5-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ РӘСІМДЕР
29-бап. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің сәйкестігін растау
1. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар оларды Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде танылуы шартымен Қазақстан Республикасында жарамды болып есептеледі.
30-бап. Тамақ өнімдерін сәйкестендіру
1. Тамақ өнімдерін сәйкестендіру:
1) тамақ өнімдері партиясының мөлшерін айқындау;
2) сәйкестендіру әдістері (күнін белгілеу, тамақ өнімдері партиясын кодтау);
3) қайтар жолын қадағалау мақсаты үшін тиісті жазбалар жүргізу рәсімдері арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Тамақ өнімдерінде және (немесе) оның бумасында (ыдысында) мынадай деректерден тұратын анық және өшпейтін сәйкестендіру жазбасы болуға тиіс:
1) тамақ өнімдерінің атауы және (немесе) сериясының немесе түрінің белгіленуі, нөмірі;
2) өндірушінің (әзірлеушінің) атауы және оның заңды мекенжайы;
3) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде көзделген жағдайлардағы сәйкестік белгісі;
4) дайындалған күні және жарамдылық мерзімі.
Техникалық регламентпен айқындалған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінде және (немесе) оның бумасында (ыдысында) өндіру объектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін есептік нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.
3. Барлық ықтимал әсері бар қатерлер сәйкестендірілуге тиіс.
31-бап. Қатерлерді талдау, бағалау және басқару
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қолданылатын шаралар қатерді талдауға негізделуге тиіс.
2. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау кезінде қолдағы ғылыми деректер, өңдеудің және өндірудің (дайындаудың) тиісті әдістері, инспекциялау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеулер әдістері, нақты аурулардың таралу деңгейі, аурулардан ада аймақтардың болуы пайдаланылуға тиіс.
3. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау:
1) адам организміне және тамақ өндірісі үшін қажетті жануарларға зиянды әсер етуі мүмкін сипаттамаларды анықтау;
2) әрбір анықталған ықтимал әсері бар қауіптің адам организміне әсерін және олардың салдарын талдау;
3) анықталған қатерлерді шектеу шараларын айқындау жолымен жүзеге асырылады.
4. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау тамақ өнімдерін зертханалық зерттеу барысында қатерлерді кешенді бағалау ретінде жүзеге асырылады.
5. Тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қатерді бағалау және оны шектеу жөніндегі шаралар туралы мәліметтер нормативтік-техникалық құжаттамада болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қатерге талдау жүргізілмей, тамақ өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеуге (жасауға) жол берілмейді.
6. Қатерді басқару қатерді бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алу принципіне негізделуге тиіс.
32-бап. Адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алу
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсердің ықтималдығы сәйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дәрежесін айқындау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда уәкілетті органдар қатерді басқару жөнінде уақытша шаралар қолданады.
2. Қатерді басқару жөніндегі уақытша шаралар қатердің дәрежесін анықтайтын ғылыми деректер алу үшін қажетті ең аз уақыт кезеңі ішінде қайта қаралуға тиіс.
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
33-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
34-бап. Өтпелі кезеңде генетикалық түрлендірілген объектілері бар тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) ерекшеліктері
Тамақ өнімдеріндегі генетикалық түрлендірілген объектілер қауіпсіздігінің ғылыми негізделген расталуы белгіленгенге дейін олардың Еуропалық Одақ мемлекеттерінде белгіленгеннен аспайтын тамақ өнімдері құрамындағы деңгейі қабылданады.
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №6, 43-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.
№ 301-ІІІ ҚРЗ