24) 51-баптың 6-тармағындағы «негiзгi» деген сөз алып тасталсын;
25) 73-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн беру бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының, бұрынғы кастодиан-банктің, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, Орталықтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған зейнетақы активтерi мен мiндеттемелердi қабылдау-тапсыру актiлерiмен ресiмделедi.».
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
2-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «31-тармағының 1) және 2) тармақшаларын» деген сөздер «31-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірінші жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 31-тармағының 1) тармақшасының бірінші - алтыншы абзацтарын және 2) тармақшасын;»;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап екi айдың iшiнде» деген сөздер «2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Инвестициялық портфельді басқарушының акционері болып табылатын және осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейінгі күні «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сай келетін тұлға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 8-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушылары және инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алу үшін өтініш білдірген зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органнан келісім алу талап етілмейді.»;
«8. Заңды тұлғалардың өз атауларында «жинақтаушы зейнетақы қоры», «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» деген сөздерді қандай тілде болсын толық түрде пайдалануына тыйым салынады.
Бұл талап зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймаған жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.».
2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қаңтардың 10-ы.
№ 156-V