(h) Жеке құрам жүктерді тастау немесе «ұшу аппаратын» тежеу үшін пайдаланатын төменде көрсетілген парашюттер мен ілеспе жабдық:
1.(а) Арнайы мақсаттағы десантты нысаналы түсіруге;
(b) парашютисші-десантшыларды тастауға арналған парашюттер;
2. Жүктерді тастауға арналған парашюттер;
3. Тасталынатын объектілердің, мысалы, құтқару капсюлдерінің, катапульттік орындықтардың, бомбалардың кеңістіктік жағдайын тұрақтандыру мен басқаруға арналған парапландар, тежегішті қондыру парашюттері, тежегіш парашюттер;
4. Авариялық парашюттердің ашылу ретін және ауамен толықтырылуын реттеуге арналған катапульттік орындықтар жүйесінің тежегіш парашюттері;
5. Басқарылатын зымырандарға, ұшқышсыз ұшу аппараттарына немесе ғарыш кемелеріне арналған құтқару парашюттері;
6. Жақындату үшін пайдаланылатын парашюттер және тежегішті қондыру парашюттері;
7. Әскери мақсаттағы басқа да парашюттер;
8. Биіктіктегі парашютистер үшін арнайы құрастырылған жабдық, мысалы, арнайы шлемдер, тыныс алу жүйелері, навигациялық жабдық.
і. Парашюттерде жүктерді тастау үшін ұшырудың автоматты жүйесі; оттегілік жабдықты қоса алғанда, кез келген биіктікте парашюттерді басқарылатын ашумен секіру үшін әскери мақсатқа арнайы құрастырылған немесе модификацияланған жабдық.
1-ескерту: МL10 (b) әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған «ұшу аппараттарын» немесе «ұшу аппараттарының» түрлерін бақыламайды, бірақ:
(а) әскери мақсат үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған жабдықпен немесе құрылғылармен жарақтандырылмаған және әскери пайдалану үшін конфигурацияланбаған; және
(b) қатысушы елде азаматтық авиацияның құзіретті органының азаматтық пайдалану объектісі ретінде куәландырылған.
2-ескерту: МL10 (d) мыналарды бақыламайды:
(а) «Азаматтық ұшу аппараттарында» пайдалану мәніне қатысушы елдің азаматтық авиациясының құзіретті органы куәландырған әскери пайдалану үшін құрастырылған немесе модификацияланған авиация қозғалтқыштары немесе олар үшін арнайы әзірленген компоненттер;
(b) ұшқышсыз ұшу аппараттары үшін арнайы әзірленген осындайлардан басқа, поршендік қозғалтқыштар немесе олар үшін арнайы әзірленген компоненттер.
3-ескерту. Әскери пайдалану үшін модификацияланған әскери емес «ұшу аппараттары» немесе авиациялық қозғалтқыштар үшін арнайы әзірленген бұйымдар мен ілеспе жабдыққа арналған МL10 (b) және МL10 (d) тармақтары бойынша бақылау әскери пайдалану үшін модификациялауды тікелей талап ететін сол әскери компоненттер мен сол ілеспе әскери техникаға ғана қолданылуы тиіс.
ML10. | 8802 11 8802 11 000 0 8802 12 000 0 8802 20 000 0 8802 30 000 0 8802 40 000 9 8802 60 8803 10 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8803 20 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8803 30 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8803 90 (азаматтық авиациядан басқа) 8804 00 000 0 8412 10 000 9 9020 00 000 0 8805 (азаматтық авиациядан басқа) 8407 10 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8408 90 8409 10 000 0 8411 8412 (азаматтық авиациядан басқа) |
ML11 Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған электронды жабдық және олар үшін арнайы құрастырылған компоненттер.
Ескерту: ML11 ескертуі мынаны қамтиды:
(а) Радиотаратуларды басуға арналған және дауысты басуға қарсы жабдықты қоса, қарсы тұру және контр-қарсы тұру электрондық жабдығы (яғни, олардың қарсы тұру жабдығын қоса, қарсыластың электрондық қабылдағыштарын қабылдауға, жұмысына немесе тиімділігіне өзгеше кедергі келтіретін немесе радарға немесе байланысты радиоқабылдағыштарға бөгде немесе қате дабылдарды жіберу үшін құрастырылған жабдық);
(b) Жиіліктің маневрлі қайта құрумен зонды;
(с) Әскери барлау мақсатымен немесе қауіпсіздік мақсатымен немесе осындай бақылау не мониторингқа қарсы тұру мақсатымен электромагниттік спектрді аңдау және мониторинг үшін арнайы әзірленген электрондық жүйелер немесе жабдықтар;
(d) Радиотарату мен радиолокациялық қақпанның акустикалық және магниттік басуын қоса, жер асты қарсы тұруы, гидроакустикалық қабылдағышқа бөгде немесе қате дабылдарды жіберу үшін арнайы құрастырылған жабдық;
(е) Деректерді қорғауға арналған жабдық, деректерді қорғау мен беруге арналған жабдық және шифрлауды қолданатын дабыл желісін қорғауға арналған жабдық;
(f) Кілтті іске қосу және кілтті басқару үшін бірегейлендіру, сәйкестендіру және жабдық, кілтті шығару және тарату жөніндегі жабдық;
(g) Көздеу жүйесі мен навигациялық жабдық.
(h.) Сандық тропосфералық радиобайланысқа арналған өткізу құралдары;
(і.) Радиотехникалық барлау үшін арнайы құрастырылған сандық демодуляторлар;
(j.) «Басқару және бақылау автоматтандырылған жүйесі.
ML11.
ML12. Жоғары жылдамдықты кинетикалық энергияны пайдаланатын қару-жарақтардың мынадай жүйелері, ілеспе жабдық пен олар үшін арнайы құрастырылған компоненттер:
(а) Кинетикалық энергияны пайдаланатын, нысананы атып түсіруге немесе оның тапсырманы орындауына кедергілер жасау үшін оған әсер етуге арнайы құрастырылған қару-жарақтар жүйесі;
(b) Арнайы құрастырылған сынақ жасау және тест өткізу құралдары, сондай-ақ кинетикалық энергияны пайдаланатын снарядтар мен жүйелердің динамикалық сынақтарын жүргізуге арналған диагностикалық жабдық пен мақсаттарды қоса алғанда сынақ модельдері.
Ескерту: Калибрлі оқ-дәрілер немесе тек химиялық зымыран отыны пайдаланылатын қару-жарақтар жүйесіне, сондай-ақ оларға оқ-дәрілерге қатысты ML1-ден ML4-ке дейінгі тармақтарды қараңыз.
1-ескерту: ML12 кинетикалық энергияны пайдаланатын қару-жарақ жүйесі үшін арнайы құрастырылған мынадай жабдықты қамтиды:
(а) бір немесе жылдам ату режимінде сағатында 1,6 км асатын жылдамдыққа дейін 0,1 г-дан астам массаны жеделдетуге қабілетті іске қосу пропульсивтік қондырғылары;
(b) Негізгі энергоблоктар, қорғаудың электрондық құралдары, энергия шоғырландырушы жүйелер, жылуды басқару, тұрақтандыру, ауыстыру жүйелері немесе жылуды манипулизациялау жүйелері; және электр арқылы іске қосылатын мұнараның қоректендіру, зеңбірек және өзге де функцияларының көздері арасындағы коммуникациялар;
(с) Мақсатты табу, сүйемелдеу жүйелері, атысты басқару жүйелері немесе бүлінулерді бағалау жүйелері;
(d) Өздігінен көздеу, басқару жүйелері немесе снарядтар үшін ауытқыған тартқыштың (бұрыштық жеделдету) жүйелері.
2-ескерту. ML12 тартқыштың мынадай әдістерінің кез келгенін пайдаланатын қару-жарақтың жүйелерін бақылайды:
(а) Электромагниттік;
(b) Электротермикалық;
(с) Плазмендік;
(d) Жеңіл газда; немесе
(e) Химиялық (жоғарыда көрсетілгендерден кез келгенімен бірлесе пайдаланылған жағдайда).
3-ескерту. ML12 азаматтық көлік құралдарындағы үздіксіз қозғалысқа жету үшін пайдаланылатын магниттік индукция «технологиясын» бақыламайды.
ML12.
ML13. Төменде көрсетілген бронды немесе қорғанышты жабдық конструкциялар мен компоненттер:
(а) Мынадай сауытты пластиналар:
1. Әскери стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес әзірленген; немесе
2. Әскери мақсатқа жарамды;
(b) Металлдан немесе металл емес материалдардан жасалған әскери жүйелерді баллистикалық қамтамасыз ету үшін арнайы құрастырылған конструкциялар немесе олардың комбинациялары;
(с) Әскери шлемдер;
(d) Әскери стандарттар немесе техникалық жағдайларға сәйкес немесе ұқсас бронежилеттер мен пластиналық қорғау костюмдер және олар үшін арнайы құрастырылған компоненттер;
Ерекше ескерту: Бронежилетті жасау үшін пайдаланылатын «талшықты немесе жіп тәрізді материалдар» үшін Қосарлама мақсат тізіміндегі 1С010 тарауын қараңыз.
1-ескерту: ML13 (b) реактивтік жарылғыш снарядтарға қарсы сауытты жасау немесе әскери пана жасау үшін арнайы әзірленген материалдарды қамтиды.
2-ескерту. ML13 (а) жарақтандыру үшін модификацияланбаған немесе құрастырылмаған және қосалқы құрылғылардың кез келген түрімен жабдықталмаған кәдімгі болат шлемдерді бақыламайды.
3-ескерту. ML13 (d) азаматтық тұтынушылар пайдаланатын жеке қорғауға арналған жеке костюмдерді немесе бронежилеттерді бақыламайды.
Ескерту: Қосарлама мақсат тізіміндегі 1А005 тарауын да қараңыз.
ML13.
ML 14. Әскери даярлыққа арналған немесе әскери сценарийлерді имитациялауға арналған мамандандырылған жабдық ML немесе ML2-тармақтарында көрсетілген қару-жарақты немесе атыс қаруын пайдалануда жаттығулар үшін арнайы құрастырылған имитациялық аппаратура және ол үшін арнайы құрастырылған компоненттер мен аксессуарлар.
Техникалық ескерту: »әскери дайындық үшін мамандандырылған жабдық» термині шабуылдарды пысықтау, әскери ұшулар, радиолокациялық мақсаттар бойынша әскери тренажерлерді және радиолокациялық құрылғыларға арналған мақсат генераторларын, артиллериялық дайындық үшін құралдарды, су асты қайықтарымен күрес жөніндегі оқытатын тренажерлерді, ұшудың стимуляторларын (ұшқыштарды/астронавтарды дайындау үшін адам басқаратын центрифугаларды қоса), аспаптар бойынша ұшуларға дайындау бойынша радарлық, навигациялық тренажерлерді, басқарылатын зымырандарды іске қосу тренажерлерін және мақсатпен жұмыс үшін жабдықты, ұшқышсыз «ұшу аппараттарын», «ұшу аппараттары» үшін ұшқышсыз артиллерия тренажерлерін және жылжымалы дайындық модулдерін және құрлықтық әскери операциялар үшін оқытатын жабдықты қамтиды.
1-ескерту: ML14 бейнелерді қалыптастыру жүйесін және әскери пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған симуляторлар үшін диалогтық жүйелерді қамтиды.
2-ескерту: ML14 аңшылық немесе спорт қаруынан атыста дайындау үшін арнайы әзірленген жабдықты бақыламайды.
ML14.
ML15. Әскери мақсатқа арнайы құрастырылған көру ақпаратын немесе қарсы әрекетті алуға арналған аппаратура және ол үшін арнайы құрастырылған компоненттер мен аксессуарлар:
(а) Бейнелерді өңдеуге арналған жазатын құрылғылар мен аппаратура;
(d) Камералар, фотографиялық жабдық пен таспаларды өңдеуге арналған жабдық;
(с) Электр оптикалық түрлендіргіштер;
(d) Инфрақызыл немесе жылулық көрінулер аппаратурасы;
(е) Радиолокациялық станциялар мен комплекстер;
(f) ML15 (а) - ML15(е)-тармақшаларына сәйкес бақылануға жататын жабдық үшін қарсы әрекет және қарсы әрекетпен күрес жабдығы.
Ескерту: ML15 (f) операцияларды орындаудың жағдайларын нашарлату үшін немесе бейнелерді қалыптастырудың әскери жүйелерінің тиімділігін төмендету үшін немесе жабдықтың жұмыс сипаттамаларын нашарлату жөніндегі осындай іс-әрекеттерді барынша азайту үшін құрастырылған аппаратураны қамтиды.
1-ескерту: «арнайы құрастырылған компоненттер» термині әскери мақсаттағы контексте пайдаланылған кезде мыналарды қамтиды:
(а) Инфрақызыл электрондық-оптикалық түрлендіргіштер;
(b) Электрондық-оптикалық түрлендіргіштер (бірінші буынға қарағанда ерекше);
(с) Микроарналы пластиналар;
(d) Төмен жарықтық үшін тарататын телевизор трубалары;
(е) Детекторлық решетка (электрондық қосылыстарды немесе есептеу жүйелерін қоса);
(f) Пироэлектрлік тарататын телевизиялық трубкалар;
(g) Бейнелерді қалыптастыру жүйелері үшін суыту жүйелері;
(h) жоғары жылдамдықты түсіру камерасының ажырамас бөлігі болып табылатын обтюраторларды қоспағанда, кемінде 100 us жылдамдығымен фотохромдық немесе электрооптикалық электрлік активтендірілетін обтюраторлар;
(і) Бейнелеудің талшықты-оптикалық инверторлары;
(j) й өткізгіш қосылғыштарының негізіндегі фотокатодтар.
2-ескерту: ML15 «бірінші буындағы электрондық-оптикалық түрлендіргіштерді» немесе «бірінші буындағы электрондық-оптикалық түрлендіргіштерді» ұстап түру үшін арнайы жобаланған жабдықты бақыламайды.
Ескерту: «Бірінші буындағы электрондық-оптикалық түрлендіргіштермен» жарақтандырылған қару-жарақ көздеуі үшін ML1, ML2 және ML5(а) бөлімдерін қараңыз.
Ескерту: Қосарлама мақсат тізіміндегі 6А002 (а) 2. және 6А002 (b) бөлімдерін де қараңыз.
ML15.
ML16. Шыңдамалар, құймалар және басқалар, ішінара өңделген өнімдер, бақылауға жататын бұйымдарда пайдалануында материалының құрамы, геометриясы немесе функциясы бойынша орнатылуы мүмкін және ML1 - ML4, ML6, ML9, ML10, ML12 немесе ML9-тармақтарына сәйкес бақылауға жататын қандай да бір болмасын бұйымдар үшін арнайы әзірленген.
ML16.
ML17. Төменде көрсетілген әртүрлі жабдық, материалдар, кітапханалар және олар үшін арнайы құрастырылған компоненттер:
(а) Суда сүңгу жұмыстары мен су астында жүзеге арналған мынадай дербес аппараттар:
1. Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған (мысалы, магнитті еместерден әзірленген) тұйық немесе жартылай тұйық тізбекті тыныс алу аппараттары (ауаны қайтадан пайдаланатын);
2. Әскери мақсат үшін тұйық тізбекті аппараттарды қайта бейімдеу мақсатында пайдалануға арналған арнайы құрастырылған компоненттер;
3. Тек суға сүңгу жұмыстары және су астында жүзуге арналған дербес аппараттармен әскери мақсат үшін арналған бұйымдар;
(b) Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған құрылыс жабдығы;
(с) Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған, бүркенішсіздік белгілерін басып тастауға арналған арматура, жабын және құралдар;
(d) Ұрыс қимылдары аймағында пайдалану үшін арнайы құрастырылған саперлік жабдық;
(а) «Роботтар», «роботтарды» бақылаушылар және кез келген мына сипаттамаларға ие «роботтардың» «манипуляторлары»:
1. Әскери мақсаттар үшін арнайы құрастырылған;
2. Гидравликалық желілерді баллистикалық жарқыншақтармен тыстан тесуден (мысалы, өздігінен тартатын желі) қорғау құралдарымен жарақталған және тұтану температурасы 839 К (566 oС) астам гирдавликалық сұйықтарды қолдануға арналған, немесе
3. Импульсті электрлік магниттік өріс жағдайындағы жұмысқа арнайы құрастырылған немесе соған есептелген;
(b) ЕО Әскери тізімі бақылайтын жабдықпен бірлесіп, әскери қолдану үшін арнайы әзірленген кітапханалар (техникалық параметрлердің деректер базасы);
(с) Ядролық энергетикалық қондырғылар немесе әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған «ядролық реакторларды» қоса алғанда атом күш қондырғылары және арнайы құрастырылған немесе әскери мақсат үшін модификацияланған оларға арналған компоненттер;
(d) Сипаттамасын жасыру үшін жабыны немесе арнайы өңдемесі бар, әскери мақсатқа арналып, арнайы құрастырылған, ЕО Әскери тізіміне көрсетілмеген жабдық пен материалдар;
(е) «Ядролық реакторлар» үшін арнайы құрастырылған симуляторлар;
(f) Әскери техникаға қызмет көрсету үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған ұтқыр жөндеу шеберханалары;
(g) Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған дала генераторлары;
(h) Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған контейнерлер.
(і) ЕО Әскери тізім бойынша бақыланатыннан ерекшелігі бар паромдар, әскери мақсат үшін арнайы жобаланған көпірлер мен понтондар;
(j) МL4, МL6, МL9 және МL10 бақылайтын бұйымдарды «әзірлеу» үшін арнайы құрастырылған сынақ моделдері.
Техникалық ескерту:
МL17 тармағындағы «кітапхана» (техникалық параметрлердің деректер қоры) термині деп пайдалануы әскери жабдықтар мен жүйелердің пайдалану сипаттамаларын жақсарта алатын әскери мақсаттағы техникалық ақпараттың жиынтығы түсініледі.
МL17 тармағындағы «модификацияланған» термині деп нәтижесінде әскери емес бұйым әскери қолдану үшін арнайы құрастырылған соған ұқсас қасиетке ие болатын кез келген құрылымдық, электрлік, механикалық немесе басқа да өзгеріс түсініледі.
МL17.
МL18. Әскери тізімде көрсетілген өнімдер өндірісіне арналған мына жабдық:
(а) Әскери тізімде көрсетілген бұйымдардың «өндірісі» үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған өндірістік жабдық және ол үшін арнайы құрастырылған компоненттер;
(b) Климаттық сынақтар үшін арнайы құрастырылған техникалық құралдар мен Әскери тізімге сәйкес бақылауға жататын бұйымдарды сертификаттау, сыныптау немесе тестілеу үшін арнайы құрастырылған жабдық;
Техникалық ескерту: Бұл тармақтағы «өнім» термині әзірлеуді, сараптауды, өндіруді, сынауды және тексеруді білдіреді.
1-ескерту: МL18 (а) және МL18 (b) мына жабдықтарды қамтиды:
(а) Үздіксіз нитрирлеуге арналған аппараттар;
(b) Орталықтан тепкіш сынау аппараты немесе кез келген мынадай сипаттамасы бар жабдық:
1. 298 кВт (400 лс) астам жалпы атаулы ат қуаты бар қозғалтқышпен немесе қозғалтқыштермен қозғалысқа түсетін;
2. Пайдалы жүк көтергіштігі 113 кг немесе одан астам; немесе
3. 91 кг немесе одан да астам пайдалы жүктемеде 8 г немесе одан астам орталықтан тепкіш жылдамдығын дамытуға қабілетті;
(с) Дегидрирлеуші пресстер;
(d) Әскери жарылғыш заттардың экструзиясы үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған иретпе экструдерлер;
(е) Экструдирленген зымыран отынын шлихталауға арналған металл кескіш станоктар;
(f) Диаметрі 1,85 м немесе одан көп, 227 кг асатын сыйымдылығы бар еңіс барабандар (тумблерлер);
(g) Қатты зымыран отыны үшін үздіксіз әрекет ету араластырғышы;
(h) Әскери жарылғыш заттардың компоненттерін ұсақтау немесе ұнтауға арналған желілік диірмен;
(і) МL8 (с) 8 көрсетілген ұнтақ металдағы бөліктердің сфералығын және біртектес шамасына қол жеткізуге арналған жабдық;
(j) МL8 (с) 3 көрсетілген материалдарды түрлендіру үшін конвекциондық тоқты түрлендіргіштер.
2-ескерту:
(а) «Әскери тізімде аталған бұйым» термині мыналарды қамтиды:
1. Мыналар сияқты:
(а) Гидразин (МL8 (с) 4.қара);
(b) «жарылғыш заттар» (МL8 қара) қоспаларын көрсететін салыстырма кезінде белгіленген шағын сан себебі бойынша бақыланбайтын бұйым.
2. Олар белгілеген техникалық шектеулерге жетпеуі себебі бойынша бақыланбайтын бұйымдар (мысалы, Қосарлы мақсаттағы тізімнің 1С005 тармағымен бақыланбайтын шамадан тыс өткізгіш материалдар; Қосарлы мақсаттағы тізімнің 3А001(е) 3 тармағымен бақыланбайтын шамадан тыс өткізгіш электр магниттер; МL20 (b) сәйкес бақылаудан босатылған шамадан тыс өткізгіш электр жабдықтары).
3. Металл отындар және қатпарлы нысанда отырғызылған бу кезеңі оксиданттары (МL8 (с) 5 қара;)
(b) «Әскери тізімде аталған бұйымдар» термині мыналарды қамтымайды:
1. Зымыран қозғағыштар (МL2 (b) қара);
2. МL7-ге 2-ескертуге сәйкес бақылаудан босатылған заттар;
3. Жеке радиациялық дозиметрлер (МL7 (f) қара) және өнеркәсіп қауіпі кезінде пайдаланылатын қорғау бет бүркегіші, Қосарлы мақсат тізімін қара;
4. Дифторамин (difluoroamine) және калийдің ұнтақ нитраты калия (МL8-ге 6-ескертпесін қара);
5. МL10 сәйкес бақылаудан босатылған авиациялық қозғалытқыштар;
6. Жабдықталмаған, модификацияланбаған немесе жарақтандыру үшін көмекші құралдың кез келген түрімен құрастырылмаған кәдуілгі болат дулығалар (МL13-ге 2-ескертпе).
7. Тізімде көрсетілмеген жабындарды түсіруге арналған агрегаттар сияқты бақыланбайтын өнеркәсіп агрегаттарымен жарақталған жабдық және пластмасса құюға арналған жабдық;
8. 1938 жылға дейін дайындалған мушкеттер, винтовкалар мен карабиндер, түпнұсқалары 1890 жылға дейін дайындалған мушкеттердің, винтовкалардың және карабиндерлің бөліктері, 1890 жылға дейін дайындалған револьверлер, пистолеттер мен пулеметтер және олардың бөліктері;
3-ескерту: МL18 2 (b) 8 ескертпесі, егер тіптен ол көне атыс қаруының бөлігін өндіруге қолданса да көне емес қару өндірісіне арналған өндірістік жабдықты бақылаудан босатпайды.
МL18.
МL19. Бағытталған энергетикалық шоқтарды пайдаланатын төменде көрсетілген қару-жарақтар жүйесі, ілеспе жабдық, қарсы әрекет жабдығы, эксперименталды моделдер және оларға арналған арнайы құрастырылған компоненттер:
(а) Нысананы жою немесе оған оның тапсырмасын орындауына кедергі жасауға ету үшін арнайы құрастырылған лазерлік жүйелер;
(b) Бөлшектердің ағынын пайдаланатын, нысананы жоюға немесе оған оның тапсырмасын орындауына кедергі жасауға әсер етуге қабілетті жүйелер;
(с) Нысананы жоюға немесе оған оның тапсырмасын орындауына кедергі жасауға әсер етуге қабілетті жоғары қуатты радиожиіліктегі жүйелер;
(d) МL 19(а) - МL (с) тармақтарға сәйкес жүйелерді табу, бірдейлендіру немесе одан қорғау үшін арнайы құрастырылған жабдық;
(е) МL 19-тармаққа сәйкес бақылануға жататын жүйелерді, жабдықтар мен компоненттер үшін физикалық қасиеттерді сынауға және тиісті сынақтардың нәтижелеріне арналған моделдер.
(f) көзі қорғалмағандар үшін яғни қаруланбаған көз үшін немесе көзбен бақылаудың түзету құрылғысын пайдаланатын көз үшін көрмей қалушылыққа әкелетін үздіксіз генерация немесе импульсті лазер жүйелері.
1-ескерту: МL19 тармағымен бақыланатын бағытталатын энергетикалық сәулені пайдаланатын қару-жарақ жүйесі мына құралдарды қолдануды бақылауға негізделген жүйелерді қамтиды:
(а) Нысаналарды және қарапайым әскери құралдарды жоюға қабілетті жеткілікті үздіксіз генерациялы немесе импульсті қуатты «лазерлер»;
(b) Қиратпа қуаты бар зарядталған сәулелерді немесе бейтарап бөліктерді жобалаушы партидинтік жеделдеткіштер;
(с) Қашықтағы нысанада электрондық жүйелерді істен шығару үшін жеткілікті, алқапты генерациялауға қабілетті жоғары импульсті қуатты немесе жоғары радио жиілікті сәуле генераторлары.
2-ескерту: Бағытталған энергетикалық сәуле пайдаланылатын жүйелер үшін арнайы құрастырылған бұйымдар мәтінінде МL19 мыналарды қамтиды:
(а) Энергияны шоғырландыру, қайта қосу, тұрақтандыру немесе отынды манипулияциялауға арналған негізгі энергия блоктарының жабдығы;
(b) Нысаналарды табу және алып жүру жүйесі;
(с) Нысаналардың зақымдануын, оның жойылуын бағалауға немесе оның міндетті орындауға кедергі жасауы үшін әсер етуді бағалауға қабілетті жүйелері;
(d) Сәулелік басқару, тарату немесе көздеуге арналған жабдық;
(е) Топтық нысаналарға әсер ету үшін сәулені тез ауыстыруға қабілетті жабдық;
(f) Өздігінен күйі келетін оптика және фазалық кернеуге арналған құрылғы;
(g) Теріс зарядталған сутегі-ионды сәулелерге арналған тоқ инжекторлары;
(h) «Ғарышта қолдану үшін жарамды» жеделдеткіштердің компоненттері;
(і) Аниондық сәуле шоғырына арналған жабдық;
(j) Жоғары энергетикалық ион сәулесін бақылау және ауыстыру жабдығы;
(k) Теріс зарядталған сутегі-изотопты сәулелерді бейтараптандыруға пайдаланылатын «Ғарышта қолдануға жарамды» фольга.
МL19.
МL20. Төменде көрсетілген криогенді және «аса өткізгіш» жабдық және ол үшін арнайы құрастырылған компоненттер мен аксессуарлар:
(а) Жер бетіндегі, теңіздегі, әуе немесе ғарыш көлігі құралында орнатуға арнайы құрастырылған немесе конфигурацияланған, қозғалыс уақытында жұмыс істеуге қабілетті және 103 К (-170 С) төмен температура жасауға немесе ұстап тұруға қабілетті жабдық;
Ескерту: МL20 (а) пластмасса, эпокси-сіңірілген материалдар сияқты металл емес немесе электр өткізбейтін материалдардан дайындалған аксессуарлар немесе компоненттермен жарақталған немесе оларды пайдаланатын ұтқыр жүйелерді қамтиды;
(b) Әскери мақсаттағы жер бетіндегі, теңіздегі, әуе немесе ғарыш көлігі құралында орнатуға арнайы құрастырылған немесе конфигурацияланған, қозғалыс уақытында жұмыс істеуге қабілетті «аса өткізгіш» электр жабдығы (айналдыру тетіктері мен трансформаторлар);
Ескерту: МL20 (b) орамалар генераторлардағы жалғыз аса өткізгіш компоненттер болуы шартымен аса өткізгіш орамалармен генерацияланатын магниттік өрісте айналатын қалыпты бір белдеулі металл зәкірі бар тұрақты тоқтың будан униполярлы генераторларды бақыламайды.
МL20.
МL21. Мына «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
(а) Әскери тізімге сәйкес бақылануға жататын жабдықтарды немесе материалдарды «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
(b). Айрықша «бағдарламалық қамтамасыз ету».
1. Мыналар үшін арнайы құрастырылған «қамтамасыз ету»:
(а) Қару-жарақ жүйелерін моделдеу, имитациялау немесе бағалау;
(b) Қару-жарақ жүйелерінің бір бөлігі болып табылатын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеу», мониторингі, техникалық қызмет көрсету немесе жаңалау;
(с) МL 14-тармақта көрсетілмеген әскери операцияларды жүргізу сценарийлерін моделдеу немесе имитациялау;
(d) Басқару, байланыс, бақылау және барлау жүйелерінде пайдалану.
2. Кәдімгі, химиялық және биологиялық қару-жарақтардың пәрменділігін айқындауға арналған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
3. МL 21 (а), (b)1 немесе (b)2 бақыланбайтын бағдарламалық
қамтамасыз ету, ЕО Әскери тізімі бойынша қайта салалану үшін арнайы
әзірленген немесе модификацияланған, МL5, МL7(f), МL9(с), МL9(е),
МL10(е), МL11, МL14, МL15, МL17(і) немесе МL18 сәйкес бақыланатын әскери соған ұқсас функцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық.
МL21.
МL22. Мына «технологиялар»:
а. Әскери тізімнің технологиясы бойынша жалпы ескертулерге сәйкес, МL 7-тармағына сәйкес бақыланатын «технологияларды» қоспағанда, Әскери тізімде көрсетілген бұйымдарды «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «қолдануға» арналған «технологиялар».
b. Тіптен, егер мұндай өнеркәсіптік қондырғылардың компонеттері бақылауға жатпайтын болса да Әскери тізімде көрсетілген бұйымдарға арналған аяқталған өнеркәсіптік қондырғыларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеуге арналған компоненттерді әзірлеу, және жинақтау сипатындағы «технологиялар»
1-ескерту:
(а) «Әскери тізімде аталған бұйым» термині мыналарды қамтиды:
1. Мыналар сияқты
(а) Гидразин (МL8 (с) 4. қара);
(b) «жарылғыш заттар» (МL8 қара) қоспаларын көрсететін салыстырма кезінде белгіленген шағын сан себебі бойынша бақыланбайтын бұйым.