9А Жүйелер, жабдық және компоненттер
Айрықша ескерту: Нейтрондық немесе қысқа мерзімді ионизацияланған сәуле шығаруға қарсы жұмыс үшін әзірленген немесе жобаланған қозғаушы қондырғыларға қатысты Әскери тізімді қараңыз.
9А001 Жасалуы кезінде 9Е003.а тармағы бойынша бақыланатын «технологиялардың» кез келгені пайдаланылатын газтурбиналық авиациялық қозғағыштар, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А101-ді қараңыз.
а. Олар арналған белгілі бір «азаматтық ұшу аппараттары» үшін сертификатталмаған;
b. «қатысушы-мемлекеттердің» авиациялық ведомствосы азаматтық қолдану үшін сертификатталмаған;
с. М санымен отыз минуттан асатын уақыт ішінде кем дегенде 1.2 жылдамдықпен ұшуға арналған.
9А001 | 8411 11 000 0 8411 81 000 8411 82 |
9А002 ISO бойынша стандартты 24245 кВт немесе одан астам және 0,219 кг-кВтч-ден аспайтын отынның үлестік шығысы бар, 35-тен 100%-ке дейінгі қуат диапазонындағы қуаты бар және «теңіз газтурбина қозғағыштары» және мұндай қозғағыштар үшін арнайы әзірленген агрегаттар мен компоненттер.
Ескерту: «Теңіз газтурбина қозғағыштары» термині корабльдік электрогенераторлық немесе қозғағыштық қондырғыларда қолдануға лайықталған өнеркәсіптік немесе авиациялық газтурбиналық қозғағыштарды білдіреді.
9А002 | 8411 82 600 1 8411 82 600 9 8411 82 800 0 |
9А003 Жасалуы кезінде 9Е003.а. тармағы бойынша бақыланатын «технологиялар» пайдаланылатын, газтурбина қозғағыштары үшін арнайы әзірленген агрегаттар мен құрамдас бөліктер, олар мынадай:
а. 9А001 тармағы бойынша бақыланады;
b. Әзірленуінің немесе өндірілуінің не өндірушіге белгісіз болуы, не олардың келісімге «қатысушы мемлекеттер» болып табылмайтын мемлекеттерде әзірленуі мен өндірілу орны туралы.
9А004 Ракета тасығыштар мен «ғарыштық» аппараттар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А104-ті қараңыз.
1-ескерту: 9А004-тармағы бойынша пайдалы жүктелімдер бақыланбайды.
Ерекше ескерту: «Ғарыштық аппараттың» пайдалы жүктелімінің құрамына кіретін жабдықтың бақылау мәртебесін айқындау үшін тиісті санатқа қараңыз.
9А004 | 8802 60 100 0 8802 60 900 0 9306 90 |
9А005 9А006 тармағы бойынша бақыланатын жүйелердің немесе компоненттердің кез келгенінен тұратын сұйық ракеталық қозғағыштық қондырғылар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А105 пен 9А119-ды қараңыз
9А006 Сұйық ракеталық қозғағыштық қондырғыларға арналып арнайы әзірленген жүйелер мен компоненттер, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А106 мен 9А108-ді қараңыз.
а. Криогендік рефрижераторлар, Дюардың борт ыдыстары, криогендік жылу бөлу құбырлары немесе ғарыштық аппараттарда пайдалануға арналып арнайы әзірленген және криогендік ортаның (хладоагент) шығынын жылына 30%-тен аз қысқартуға қабілетті криогендік жүйелер;
b. «Ұшу аппараттары» үшін 100 К (-173oС) немесе одан төмен температураны қамтамасыз етуге қабілетті, ракета тасушылардың немесе «ғарыштық аппараттардың» 3М-нан асатын ұшу жылдамдығын ұстап отыруға қабілетті тұйық циклды криогендік контейнерлер немесе рефрижераторлы жүйелер;
с. Сұйық сутегіне арналған қойма немесе қайта айдау жүйелері;
d. Жоғары қысымды (17,5 МПа-дан асатын) турбосораптар, сораптардың құрамдас бөліктері немесе оларға біріктірілген газгенераторлары немесе газды турбинаға беруді басқаратын жүйелер;
е. Жоғары қысымды (10,6 МПа-дан асатын) жану камералары және оларға арналған шүмектер;
f. Тамшыны ұстап тұру немесе дәл беру (яғни итергіш жұмсақ көпіршікті) принциптерін пайдаланатын отынды сақтау жүйелері;
g. 0,381 мм немесе одан аз диаметрлі бірен-саран ғана калибрленген саңылаулы сұйық отын бүріккіштері;
h. Монолитті жану камералары немесе тығыздығы 1,4 г/см3 және үзілу беріктігі 48 МПа-дан асатын көміртегі-көміртегі материалынан жасалған соплоның конустық монолитті шығару саптамасы.
9А006 а. 9А006 b. 9А006 с. 9A006 d. 9A006 e. 9A006 f. 9A006 g. 9A006 h. | 8412 90 800 0 8412 90 800 0 7311 00 8413 19 000 0 8419 60 000 0 8413 19 000 0 8412 90 200 0 8412 90 800 0 8479 89 980 0 8412 29 890 9 8411 99 009 0 9306 90 900 0 8412 90 009 0 3801 8412 90 9306 90 |
9А007 Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие, қатты отынды ракеталық қозғағыштар:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А119-ды қараңыз.
а. 1,1 МН-дан асатын қосынды импульс;
b. Теңіз деңгейіндегі тиісті жағдайларға шығу жағдайлары кезіндегі 2,4 кНс/кг немесе одан көп үлес импульсі және жану камерасындағы қысым 7 МПа-ны құрайды;
с. Баспалдақ салмағындағы үлесі 88%-тен асып түседі және ракеталық қатты отынның жүктелімі баспалдақ салмағының 86%-нен көп;
d. 9А008-тармағы бойынша бақыланатын компоненттердің кез келгенін қамтиды; немесе
е. «Жоғары механикалық беріктікті» қамтамасыз ету үшін қозғағышпен біртұтас ретінде немесе оқшаулау материалына қатты отынның химиялық өнімдерінің (компоненттер) өзара өтіп кетуін болдырмау үшін тосқауыл ретінде орындалған оқшаулау жүйелері немесе отынды бекіту жүйелері.
Техникалық ескерту:
9А007.е тармағына қатысты «жоғары механикалық беріктік» отынның беріктігіне тепе-тең немесе одан асатын байланыс беріктігін білдіреді.
9А008 Қатты отын жағатын ракеталық қозғағыштар үшін арнайы әзірленген компоненттер, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А108-ді қараңыз.
а. Оқшаулау жүйелері немесе отынды бекіту жүйелері, «жоғары механикалық беріктікті» қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын немесе оқшаулау материалына қатты отынның өзара өтіп кетуін болдырмау үшін тосқауыл ретіндегі жапсырмалар;
Техникалық ескерту:
9А007.е.-тармағына қатысты «жоғары механикалық беріктік» отынның беріктігіне тепе-тең немесе одан асатын байланыс беріктігін білдіреді.
b. диаметрі 0,61 м-ден астам немесе «үлестік беріктігі» (PV/W өлшемдегі) 25 км-ден астам «композициялық» талшықты мата материалдарынан жасалған қозғағыш отсектер;
Техникалық ескерту:
Үлестік беріктігі (PV/W) - бұл жарылыс кернеуі, бұл отсектің (V) көлеміне көбейтілген және жоғары қысым (W) отсегінің жалпы салмағына бөлінген үзілу қысымы (Р).
с. 45 кН-нен асатын немесе шүмек аузы маңындағы эрозия жылдамдығы 0,075 мм/с-ден кем тарту деңгейі бар қозғағыштар шүмектері;
d. Мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие, айналмалы шүмек немесе қайталама сұйықтың инжекциясы негізіндегі тарту векторын басқару жүйелері:
1. Барлық осьтер бойынша +- 5 град.-тан жоғары диапазонда орын ауыстыру қабілеті;
2. Вектордың айналу жылдамдығы 20 град/с немесе одан жоғары; немесе
3. Вектордың айналу шапшаңдығы 40 град/с немесе одан жоғары.
9А008 а. 9А008 b. 9А008 с. 9A008 d. | 8412 90 200 0 8803 90 900 0 4016 10 900 0 4016 99 880 9 4017 00 900 0 9306 90 8803 90 900 0 9306 90 8803 90 900 0 8412 90 200 0 9306 90 |
9А009 Мынадай сипаттамалары бар гибридті ракета қозғағыштары:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А109 бен 9А119-ды қараңыз.
а. Қосынды импульсі 1,1 МНс-тен асады; немесе
b. Тарту күшімен шығардағы вакуум жағдайларында 220 кН-нан жоғары.
9А009 | 8412 10 000 9 8412 90 200 0 |
9А010 Ракета тасығыштар, ракета тасығыштар мен космостық аппараттардың қозғағыштық құрылғылары үшін арнайы әзірленген компоненттер, жүйелер немесе құрылымдар, мыналар секілді:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А002 мен 9А110-ды қараңыз.
а. Әрқайсысының салмағы 10 кг-ден астам, ракета тасығыштардың қозғағыш құрылғылары үшін арнайы әзірленген, 1С007 немесе 1С010 тармақтары бойынша бақыланатын металл «матрицаларын», «композициялық материалдарды», органикалық «композициялық материалдарды», қыш «матрицаларын» немесе армирленген интерметалдық материалдарды пайдалана отырып жасаған компоненттер мен құрылғылар;
Ескерту: Салмағы бойынша шектеудің сүйір ұшына қатысы жоқ.
b. 9А005-тен бастап 9А009-ды қоса алғандағы тармақтар бойынша бақыланатын ракета тасығыштардың қозғағыш құрылғылары үшін арнайы әзірленген, 1С007 немесе 1С010-тармақтары бойынша бақыланатын металл матрицаларын, композициялық материалдарды, органикалық композициялық материалдарды, қыш матрицаларын немесе армирленген интерметалдық материалдарды пайдалана отырып жасалған компоненттер мен құрылымдар;
с. Динамикалық сезімталдықты немесе «ғарыштық аппараттардың» құрылымының деформацияларын белсенді басқару үшін арнайы әзірленген құрылымдық компоненттер мен оқшаулау жүйелері;
d. Қозғағыштың салмағына тарту күшінің арақатысы 1 кН/кг тепе-тең немесе көп және 30 мс-тан кем емес әсер ету уақыты болатын (қосылған сәттен бастап 90%-тік толық номиналдық тарту күшіне жету үшін қажет уақыт) импульстік сұйық ракета қозғағышы.
9А010 а 9A010 b. 9А010 c. 9A010 d. | 2804 50 100 0 2818 20 000 0 2849 20 000 0 3801 3926 90 980 2 6815 99 100 0 6903 10 000 0 7019 19 7019 11 000 0 7019 12 000 0 7019 40 000 0 7019 51 000 0 7019 52 000 0 7019 59 000 0 8101 99 100 0 8102 95 000 0 8108 90 300 0 8108 90 600 0 8108 90 500 0 8412 90 8803 90 900 0 9306 90 2804 50 100 0 2818 20 000 0 2849 20 000 0 3801 3926 90 980 2 6815 99 100 0 6903 10 000 0 7019 11 000 0 7019 12 000 0 7019 19 7019 40 000 0 7019 51 000 0 7019 52 000 0 7019 59 000 0 8101 99 100 0 8102 95 000 0 8108 90 300 0 8108 90 500 0 8108 90 600 0 8412 90 8803 90 900 0 9306 90 8803 90 900 0 9306 90 8412 10 000 9 |
9А011 Тікелей дәлдіктегі әуе-ракеталық қозғағыштар, жұмыс үстіндегі әуе-ракеталық қозғағыштар немесе аралас цикл қозғағыштары және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А11 мен 9А118-ді қараңыз.
9А012 Келесі сипаттамаларға ие, ұшқыш басқармайтын әуе көлік құралдары:
а. Ұшуды автономды басқаратын және навигациялық мүмкіндігі бар (инерциялық навигациялық жүйелі автоұшқыш секілді); немесе
b. Көріну шегінен тысқары ұшу операторының (диспетчер қызметі) бақылау мүмкіндігі (мысалы, телебасқару).
9А012 | 8802 20 000 0 8802 30 000 0 8802 40 000 9 9306 90 |
9А101 9А001 тармағы бойынша бақыланатындардан басқа, «ракеталарда» қолдану мүмкіндігі бар салмағы жеңілдетілген турбореактивті және турбожелдеткішті қозғағыштар, олар мынадай:
а. Төменде көрсетілген сипаттамалардың екеуіне де ие қозғағыштар:
1. Азаматтық қолдану үшін сертификатталған тарту күшінің ең үлкен маңызы 8890 Н-нан (сынақтар кезінде қол жеткен) жоғары қозғағыштарды қоспағанда,, тарту күшінің ең үлкен мәні 400 Н-нан (сынақтар кезінде қол жеткен) көп;
2. Отынды пайдалану үлесі 0,15 кг/Н/сағ.-тан аспайтын немесе аз (теңіз деңгейінің жағдайларына сәйкес және стандарттық жағдайлар кезінде);
b. «Ракеталарда» қолдану үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған қозғағыштар.
9А101 а. 9А101 b. | 8411 11 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8411 11 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
9А104 Кем дегенде 300 км. ресурсы бар ракеталар-зондтар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А004-ті қараңыз.
9А104 | 8802 60 100 0 9306 90 8802 60 900 0 |
9А105 Сұйық отынмен жұмыс істейтін ракета қозғағыштары, мыналар секілді:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А119-ды қараңыз
а. 9А005 тармағында көрсетілгеннен басқа, 1.1 МНс-қа тең немесе одан асатын жиынтық импульсі бар «ракеталарда» пайдаланылатын, сұйық отынмен жұмыс істейтін ракета қозғағыштары;
b. 9А005 немесе 9А105.а. тармақтарында айқындалғаннан басқа, 0. МНс-қа тең немесе одан асатын жиынтық импульсі бар күрделі «ракеталық» жүйелерде немесе ұшқыш басқармайтын әуе көлігі құралдарында пайдаланылатын, 300 км ресурсты сұйық отынмен жұмыс істейтін ракета қозғағыштары.
9А006 9А006 тармағы бойынша бақыланатыннан басқа, «ракеталарда» пайдаланылатын, сұйық отынға арнап ракетаның қозғаушы жүйелері үшін арнайы әзірленген жүйелер немесе компоненттер, мыналар секілді:
а. Абляциялық төсемдер немесе тарту күшіне немесе жану камерасына арналған қаптама;
b. Ракета шүмегі;
с. Тарту күші векторын басқарудың кіші жүйелері;
Техникалық ескерту:
9А106.c. тармағына қатысты тартқыш векторын басқару әдістерінің мысалдары;
1. Жылжымалы шүмек;
2. Қайталап тазаланған сұйықтың немесе газдың инжекциясы;
3. Жылжымалы қозғағыш немесе шүмек;
4. Жанудан шығатын газдың ауытқуы (реактивті қалақтар немесе саптамалар);
5. Тартқыштың триммерлері.
d. Сұйық ракеталық отынның және гидроқоспалардың (шламдардың) (қышқылдарды қоса) сапасын бақылау жүйелері және олар үшін арнайы әзірленген, 20 Гц-ден 2000 Гц-ге дейінгі диапазондағы 10 g-тен көп тербеліс жағдайларындағы жұмыстар үшін әзірленген немесе модификацияланған компоненттер.
Ескерту: 9А106.d. тармағы сервомоторлар мен сораптардың тек мыналар секілді қақпақтарын бақылайды:
а. 100 мс-дан кемге келтіретін позицияланған уақыты бар 7 МПа-ға тең немесе одан асатын абсолюттік қысым кезіндегі минутына 24 литр немесе одан үлкен тасқынды жылдамдыққа арналған сервомотордың қақпақтары;
b. Вал айналымының жылдамдығы минутына 8000 айналымнан асатын немесе 7 МПа-ға тең немесе одан асатын босату қысымы бар сұйық ракета отынына арналған сораптар.
9А106 а. 9А106 b. 9А106 с. 9A106 d, a 9A106 d, b | 8412 90 200 0 8803 90 900 0 9306 90 9306 90 8803 90 900 0 8412 90 200 0 8481 10 990 0 9026 90 000 0 9032 81 000 9 8413 19 000 0 8413 30 200 9 8413 30 800 9 |
9А107 9А007 тармақта айқындалғаннан басқа, 0.841 МНс-қа тең немесе одан асатын жиынтық импульсті, 300 км ресурсті, күрделі ракеталық жүйелерде немесе ұшқыш басқармайтын ұшу аппараттарында пайданылатын, сұйық отынмен жұмыс істейтін ракета қозғағыштары.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А119-ды қараңыз.
9А108 9А008 тармақта айқындалғаннан басқа, қатты отынмен жұмыс істейтін ракета қондырғыларының қозғағыштарына арнап арнайы әзірленген, «ракеталарда» пайдаланылатын компоненттер, олар мынадай:
а. Ракета қозғағышының корпусы, олардың «ішкі қаптауы» және оларға арналған «оқшаулағыш»;
b. Ракета шүмегі;
с. Тартқыш векторын басқарудың кіші жүйелері.
Техникалық ескерту:
9А108.c тармағына қатысты, тартқыш векторын басқару әдістерінің мысалдары:
1. Жылжымалы шүмек;
2. Қайталап тазаланған сұйықтың немесе газдың инжекциясы;
3. Жылжымалы қозғағыш немесе шүмек;
4. Жанудан шығатын газдың ауытқуы (қалақтар немесе саптамалар);
5. Тартқыштың триммерлері.
9А108 а, b, с. | 8412 90 200 0 8803 90 900 0 9306 90 8412 90 200 0 |
9А109 9А009 тармағында көрсетілгеннен басқа, «ракеталарда» пайдаланылатын гибридті ракета қозғағыштары және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А119-ды қараңыз.
9А109 | 8412 10 000 9 8412 90 200 0 |
9А110 9А010 тармағында айқындалғаннан басқа, 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарға немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарға немесе оларға арналған, 9А005, 9А007, 9А105.а, 9А106-дан бастап 9А108-ға дейінгі, 9А116 немесе 9А119 тармақтарда мазмұндалған оларға арналған кіші жүйелер үшін әдейі арналған композициялық құрылымдар, ламинаттар мен олардан жасалған бұйымдар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А002-ні қараңыз.
9А110 | 2804 50 100 0 2818 20 000 0 3801 3926 90 980 9 6815 99 100 0 6903 10 000 0 8108 90 600 0 (азаматтық авиацияда қолданудан басқа) 8102 95 000 0 8108 90 300 0 8108 90 600 0 (азаматтық авиацияда қолданудан басқа) 7019 39 000 |
9А111 «Ракеталарда» пайдаланылатын импульсті турбореактивті қозғағыштар және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А011 мен 9А118-ді қараңыз.
9А115 Ұшыру үшін ілеспе жабдық, ол мынадай:
а. 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда, 9А012 тармағы бойынша бақыланатын автоматты басқарылатын аппараттарда немесе 9А104-тармағы бойынша басқарылатын ракета-зондтарда пайдалану үшін әдейі арналған немесе модификацияланған ұшыруға дайындау, бақылау, активациялау немесе ұшыру аппаратурасы немесе жабдықтар;
b. 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе 9А104-тармағы бойынша басқарылатын ракета-зондтарда пайдалану үшін әдейі арналған немесе модификацияланған тасымалдау, ұшыруға дайындау, бақылау, активациялау немесе ұшыру аппаратурасы немесе жабдықтар;
9А115 а. 9А115 b. | 8479 89 970 9 9031 20 000 0 9031 80 980 0 9031 80 980 0 |
9А116 «Ракеталарда» пайдаланылатын қайтарылатын аппараттар және олар үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған жабдықтар, олар мынадай:
а. Қайтарылатын аппараттар;
b. Жылу сақтайтын экрандар және оларға арналып қыштан немесе абляциялық материалдардан жасалған компоненттер;
с. Радиаторлар және оларға арналып жылу сыйымдылығы жоғары жеңіл материалдардан жасалған компоненттер;
d. Қайтарылатын аппараттар үшін әдейі арналған электрондық жабдық.
9А116 а. 9A116 b. 9А116 с. 9A116 d. | 8803 90 900 0 9306 90 8803 90 900 0 9306 90 8803 90 900 0 9306 90 9014 20 800 0 9306 90 8541 10 000 9 |
9А117 «Ракеталарда» пайдаланылатын баспалдақтарды біріктіруге, ажыратуға және олардың өзара әрекеттесуіне арналған тетіктер.
9А117 | 8803 90 900 0 9306 90 |
9А118 9А011 немесе 9А111 тармақтары бойынша бақыланатын, «ракеталарда» пайдаланылатын, қозғағыштардағы жану процесін реттейтін құрылғылар.
9А119 9А005, 9А007, 9А009, 9А105, 9А107 және 9А109 тармақтарда көрсетілгендерден басқа, 300 км ресурсты, күрделі ракета жүйелерінде немесе ұшқыш басқармайтын әуе көлігі құралдарында пайдаланылатын ракета баспалдақтары.
9В Сынау, бақылау және өндіріс құралдары
9В001 Газ турбиналары күректерін, қалақ тақтайшаларын немесе жылу сақтау қақпақтары құймаларын жасау немесе олардың өлшемдерін өлшеу үшін арнайы әзірленген, төменде аталған жабдықтар, құрал-саймандар немесе бейім жабдықтар:
а. Бағытталған кристалдандыруға немесе монокристал өндіруге арналған жабдық;
b. Қыш өзекшелері немесе корпусы;
9В001 а. 9В001 b. | 8411 99 009 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8479 89 600 6903 90 900 0 |
9В002 9Е003.а тармағы бойынша бақыланатын «технологияны» қоса алғанда, газ турбиналық қозғағыштар, тораптар мен компоненттер үшін әдейі арналған, ақпарат жинауға және оны өңдеуге арналған уақыттың нақты шамасында жұмыс жасайтын бақылау жүйелері, бақылау-өлшеу аспаптары (бергішті қоса алғанда) немесе автоматты жабдық.
9B002 | 9031 80 910 0 8537 10 100 0 8537 10 910 9032 89 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
9В003 Күректің ұшындағы жылдамдық 335 м/с-дан асқан және 773 К (500oС)-тен жоғары жағдайда жұмыс істеу үшін әзірленген, газ турбиналарының шеткілерін бекіткіштерді «жасау» немесе сынақтан өткізуге арнайы әзірленген жабдық және оларға арнап арнайы әзірленген компоненттер немесе бейім жабдықтар.
9B003 | 8459 61 8459 69 9024 10 9031 20 000 0 |
9В004 Суперқұймаларды, титан құймаларын немесе 9Е003.а.3 немесе 9Е003.а.6 тармақтарда көрсетілген газ турбиналарына арналған күрек-дискінің интерметалдық комбинацияларын біріктіруге арналған құралдар, штамптар немесе бейім жабдықтар.
9B004 | 8515 80 110 0 8515 90 000 0 8515 80 190 0 8466 |
9B005 Келесі аэродинамикалық құбырлардың немесе құрылғылардың кез келгенімен пайдалануға әдейі арналған, ақпарат жинауға және оны өңдеуге арналған уақыттың нақты шамасында жұмыс жасайтын бақылау жүйелері, бақылау-өлшеу аспаптары (бергішті қоса алғанда) немесе автоматты жабдық.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9В105-ті қараңыз.
а. Сынау мақсаттары үшін арнайы әзірленген және көлемі 250 мм-ден аз сынау камерасы (ұзына бойы өлшенген) бар аэродинамикалық құбырларды қоспағанда, 1,2 М немесе одан көп жылдамдыққа арнап әзірленген аэродинамикалық құбырлар;
Техникалық ескерту:
«Сынау камерасының көлемі» 9В005.а тармақта шеңбердің диаметрі, ең үлкен кесіндімен бірге өлшенген шаршы жағы немесе ең үлкен тік бұрыш жағы бойынша айқындалады.
b. 5 М-нан асатын жылдамдықтағы орау жағдайларын, жылу, плазмалық-доға тәрізді, импульсті және екпінді аэродинамикалық құбырларды қоса алғанда, үлгілеуге арналған құрылғылар, сондай-ақ аэродинамикалық қондырғылар мен газ зеңбіректері; немесе
с. 25 х 106-дан асатын тасқынды Рейнольдстың санымен иммитациялау мүмкіндігіне ие, қос өлшемнен айырмашылығы бар аэродинамикалық құбырлар немесе қондырғылар.
9В005 а. 9В005 b. 9В005 с. | 9031 20 000 0 9031 20 000 0 9031 20 000 0 |
9В006 160 дБ және одан көп дыбыстық қысым деңгейі(20 ТПа кезінде), 4 кВт немесе одан көп есептік қуаты, камерада 1273 К (1 000oС) жұмыс температурасы бар тербелмелі-акустикалық сынақтарға арнап арнайы әзірленген жабдық және ол үшін арнайы әзірленген кварцты жылытқыштар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9В106-ны қараңыз.
9B007 Бақылауды бұзбайтын техникаларды (ББТ) пайдалана отырып, жазық рентгендік сәуледен немесе стандартты физикалық немесе химиялық талдаудан ерекшеленетін, ракета қозғағыштарының тұтастығын тексеру үшін арнайы әзірленген жабдық.
9B007 | 9022 90 9024 10 9031 |
9B008 Тежеу температурасы 833 К (560oС)-тен жоғары ағындағы қабырға үстіндегі үйкелісті тікелей өлшеу үшін арнайы әзірленген беру құралдары.
9B008 | 9025 19 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9027 80 970 0 |
9В009 Шекті беріктігі 60% деңгейде немесе одан көп қысым кезінде созуға арналған, металл температурасы 873 К (600oС) немесе одан көп кезде жұмыс істеуге қабілетті қозғағыштар турбинасы роторларының элементтерін ұнтақ металлургия әдісімен өндіруге арналған жарақтау жабдықтары.
9B105 «Ракеталар» және олардың қосымша жүйелері үшін пайдаланылатын 0,9 немесе одан жоғары жылдамдықты аэродинамикалық құбырлар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9В005-ті қараңыз.
9B106 Қоршаған ортаны моделдеу камералары және сурдокамералар, олар мыналар секілді:
а. Ұшудың мынадай жағдайларын моделдеуге қабілетті қоршаған ортаны моделдеу камералары:
1. 20 Гц-ден 2000 Гц-ге дейінгі жиілік диапазонда 10 g немесе одан жоғары ортадағы тербелісті және 5 кН немесе одан көп күш түсіретін; және
2. 15000 м немесе одан жоғары биіктікті; немесе
3. Температура интервалы - кем дегенде 223 К (-500С)-тан 398 К (+1250С)-қа дейін.
b. Ұшудың мынадай жағдайларын моделдеуге қабілетті сурдокамералар:
1. 140 децибел немесе одан көп (20 ТПа-ға қатысты) немесе 4 кW немесе одан көп есепті қуаттағы дыбыс қысымының жиынтық деңгейіне арналған акустикалық қоршауы; және
2. 15000 м немесе одан жоғары биіктікті; немесе
3. Температура интервалы - кем дегенде 223 К (-500С)-тан 398 К
(+1250С)-қа дейін.
9В106 а. 9В106 b. | 9031 20 000 0 9031 20 000 0 |
9В115 9А005-тен 9А009-ға дейінгі, 9А011, 9А101, 9А105-тен 9А109-ға дейінгі, 9А111, 9А116-дан 9А119-ға дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын жүйелерге, кіші жүйелерге және компоненттерге арналып арнайы әзірленген «өндірістік жабдық».
9В116 9А004-тармағы бойынша бақыланатын космостық аппараттарға арналған немесе 9А005-тен 9А009-ға дейінгі, 9А011, 9А101, 9А104-тен 9А109-ға дейінгі, 9А111 немесе 9А116-дан 9А119-ға дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын жүйелерге, кіші жүйелерге және компоненттерге арналып арнайы әзірленген «өндірістік қондырғылар».
9В117 Қатты отынды немесе сұйық отын пайдаланатын ракета қозғағыштарына арналған сынау станоктары мен стендтері, мынадай сипаттамалардың біреуін иеленеді:
а. 90 кН-нан жоғары тарту күші бар сынауға қабілетті қозғағыштар; немесе
b. Бір мезгілде үш тәуелсіз ось бойынша тарту күшінің векторын өлшеуге қабілетті.
9С Материалдар
Органикалық матрицалармен, не металл матрицалармен жасалған, 7,62 х 104-тен жоғары «созуға үлесті беріктігі» және 3,18 х 106 м-ден жоғары серпімділіктің «үлес модулі» бар талшықты немесе жіп тәрізді материалдармен бекемдендірілген, 9А110 тармақта көрсетілген композициялық құрылымдарға, ламинаттарға және бұйымдарға арналған, шайырмен импрегнирленген талшықты препрегтер және оларға арналған металпрокатты талшықты брикеттер.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 1С010-ды және 1С210-ды қараңыз.
Ескерту: 9С110 тармағы бойынша тек ASTM D4065-мен немесе сол тәрізді стандарттармен айқындалғандай шыныға ауысу (Тg) температурасы 418 К (145oС)-тан асатын шайырды пайдаланатын, шайырмен импрегнирленген талшықты препрегтер бақыланады.
9С110 | 3921 90 190 9 3921 90 300 0 3921 90 550 0 3926 90 980 9 6815 10 100 0 6815 99 100 0 6903 10 000 0 7019 8101 96 000 0 8101 99 8104 90 000 0 8108 90 900 0 |
9D Бағдарламалық қамтамасыз ету
9D001 9А, 9В немесе 9Е003 тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды немесе «технологияны» «әзірлеу» үшін қажет «бағдарламалық қамтамасыз ету».
9D001
9D002 9А немесе 9В тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды «өндіру» үшін қажет «бағдарламалық қамтамасыз ету».
9D002
9D003 9А тармағы бойынша бақыланатын (ФАДЕК) қозғағыштарды басқарудың өз алдына электрондық-сандық жүйелерін немесе 9В тармағы бойынша бақыланатын жабдықтарды толық «пайдалану» кезінде қажет «бағдарламалық қамтамасыз ету», олар мыналар секілді:
а. Қозғағыш жүйелерді, аэроғарыштық сынақ қондырғыларын немесе авиациялық қозғағыштарды сынауға арналған ауа үрлегіш қондырғыларды электронды-сандық бақылаушыларға арналған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. «ФАДЕК»-те пайдаланылатын істен шығудан төзімді «бағдарламалық қамтамасыз ету» және тиісті тест қондырғылары.
9D003
9D004 Басқа «бағдарламалық қамтамасыз ету», олар мынадай:
а. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» аэродинамикалық құбырлардағы екі немесе үш өлшемді байлам ағысын моделдендіруге арналған немесе қозғаушы ішіндегі тасқынды жете моделдендіруге мүмкіндік беретін ұшу сынақтарының деректерін өңдеуге арналған;
b. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» әуе газ турбиналық қозғағыштарды, құрастырмаларды немесе құрамдас бөліктерді сынақтан өткізуге арналған, уақыттың нақты шамасындағы деректерді қорыту, қайта жасау және талдау үшін арнайы әзірленген және сыналып отырған бұйымдарды немесе сынақ барысындағы сынақтардың талаптарын динамикалық құруды қоса, кері байланысты қамтамасыз етуге қабілетті;
d. Ротор қалақтарының клиренсін бақылауға арналған белсенді компенсациялық жүйелерді пайдалану үшін талап етілетін «Бағдарламалық тест», «объектінің коды» немесе машина коды түріндегі «Бағдарламалық қамтамасыз ету».
Ескерту: 9D004-тармағы бойынша бақыланбайтын немесе клиренстің белсенді компенсациясымен басқарылатын жүйелерді калибрлеу, жөндеу немесе жаңартуға байланысты техникалық қызмет көрсету үшін талап етілетін жабдықтардың құрамына кіретін «бағдарламалық қамтамасыз ету» бақыланбайды.