шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - акредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
219-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу
1. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - алты, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - он екі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
219-10-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын орындамау немесе толық көлемде орындамау
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын орындамау немесе толық көлемде орындамау, -
жеке тұлғаларға - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 17-тараудың тақырыбы өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр және атом энергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 220-бап өзгертілді
220-бап. Жарылғыш материалдарды, радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану ережелерiн бұзу
1. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және қадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлердегi өзге де экологиялық қауiптi заттар мен қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге асыру, тасымалдау немесе өзгедей айналысу ережелерiн бұзу, қылмыс белгілері болмаған кезде, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, арнаулы ядролық емес материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қосарлы мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, пайдаланудың, кәдеге асырудың, тасымалдаудың немесе өзге де айналысудың белгiленген ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 221-бап өзгертілді
221-бап. Жұмыстарды қауiпсіз жүргiзу жөніндегі ережелердi бұзу
Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдардың және басқа да мемлекеттік қадағалау органының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсіз жүргiзу жөнiнде белгiленген ережелердi бұзу, егер бұл адам денсаулығына абайсыздықтан ауыр және орташа ауырлықта зиян келтiруге әкеп соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 222-бап өзгертілді
222-бап. Ядролық, радиациялық және техникалық қауiпсіздiктiң белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзу
1. Ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен айналысу кезінде ядролық, радиациялық және техникалық қауiпсіздiктiң белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзу; атом энергиясын пайдалану объектілерін орналастыру, осы объект жобасында көзделген барлық құрылыстарды iске қоспай тұрып атом энергиясын пайдалану объектiсiн iске қосуға қабылдаудың талаптарын сақтамау; атом энергиясын пайдалану жабдықтары мен объектілерін жеткізу, монтаждау, сынақтан өткізу, iске қосудың, сондай-ақ пайдаланудан алудың белгiленген талаптарын бұзу, егер бұл әрекеттер адам өлiмiне немесе қоршаған ортаны радиоактивтiк зақымдауға әкеп соқтырмаса, -
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнайы рұқсатсыз, лицензиясыз атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен айналысу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 223-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 223-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
223-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу
Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін тудыратын немесе қызмет көрсетушi адамның өмiрiне қауiптi жай-күйге әкеп соқтырған электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) ажыратуға әкеп соқтырған энергия тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу, -
жеке адамдарға - он бес, лауазымды адамдарға - жиырма бес, дара кәсiпкерлерге - жетпіс бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 223-1-баппен толықтырылды
223-1-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуі үшін әзірлік паспортын алу мерзімін бұзуы, -
дара кәсiпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
дара кәсiпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 224-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 224-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
224-бап. Электр желiлерiн бүлдiру
1. Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кабель желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру -
жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кернеуі 1000 вольттан асатын электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кабель желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - жиырма бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - отыз, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - қырық, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен 224-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 224-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
224-1-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы заңнамалық актісінде белгiленген, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндiрушi ұйымдар өндiретiн электр, жылу энергиясын сатып алу мiндетiн орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтаудың және оларды қосудың тәртібі мен мерзімін бұзу түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу, —
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 225-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
225-бап. Жылу желiлерiн бүлдiру
Жылу желiлерiн (құбырлар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу камераларын, сорап станцияларын) бүлдiру, егер бұл әрекет адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiрудiң нақты қатерiне соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 225-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 225-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 225-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
225-1-бап. Электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу
Қарамағында электр немесе жылу желiлерi не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр мен жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаж, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың құрылысына байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды қоймаға жинау, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау мен төгу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 226-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
226-бап. Газ пайдалану жөніндегі талаптарды, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдаланудың қауіпсіздігін бұзу
1. Тұтынушылардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетіге дейiнгi, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетіден онға дейiнгi, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше қайта қосу -
жеке тұлғаларға - он, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тұтынушылардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалануды қоспағанда, газбен жабдықтау жүйесі объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуы, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
227-бап. 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 228-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
228-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар шiн көзделген резервтiкi отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету шараларын қолданбау немесе өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін резервке қойылған отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 229-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 229-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
229-бап. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану ережелерін аварияға себеп болуы мүмкін өзге де бұзушылықтар, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 230-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
230-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде аумақтарды бүлдiру
Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн тәртiпке келтiруге шаралар қолданбау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.06.01. № 529-ІV Заңымен 17-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
17-1-тарау. Ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
230-1-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын:
1) ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысы жоқ ғарыш қызметі саласындағы жобаны іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш объектісін ұшыру туралы оң шешімінсіз ғарыш объектісін Қазақстан Республикасының аумағынан ұшыру, сондай-ақ оны ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушы жүзеге асырған жағдайда, одан тыс жерде ұшыру;
3) ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеуден жалтару түрінде жасалған бұзу - ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) - лицензиядан айыруға әкеп соғады.
230-2-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,
- ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін жоймау -
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
18-тарау. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 231-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 231-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
231-бап. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама мен мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын шығару мен қолдану